Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
02:45, 10 июня 2012

Мэлс Елеусизовты қолдаймын!

Бүгін nur.kz сайтында шыққан "Елеусизов: Нельзя строить АЭС на беспокойном Западе Казахстана" (http://news.nur.kz/220350.html) мақаласы жөнінде өз ойымды айтқым келіп отыр. Осындай мақалаларды оқыған кезде, онда жазылған пікірлерді оқыған кезде іште туатын ойларды, қынжылысты ашып жазуға, жеке көзқарасыңды ашып жазуға мүмкіндік беретін интернеттің бары қандай жақсы еді!

Сол негізгі алаңдайтын мәселе әрине бұл қоршаған ортаның мәселесі. Ядролық отын банкі мен АЭС айтпаган күннің өзінде біздің Өскемен және Ақтау қалаларында шешімін таппаған экологиялық мәселелер бастан асып жатқан жоқ па?! Мысал келтірер болсақ, Маңғыстау, Атырау, Батыс қазақстан облыстарынан тонналап алынып жатқан мұнай, оны алу процесінде тонналап ауаға бөлініп жатқан улы газдар және осының салдарынан жер қойнауында болып жатқан өзгерістер. Соңғы уақыттарда аталмыш аймақтарда жиілеп бара жатқан 2-3 балдық жер сілкіністерінің бірден бір себебі дәл осы әрекеттер екендігі бәрімізге мәлім болар деп ойлаймын. Ал енді осындай аймаққа АЭС саламыз деп отырмыз. Жарайды, адами факторды ескермей қоя тұралық, тіпті неше жерден автоматтандырып, неше жерден қауіпсіз қылып салған күннің өзінде сондай бір жер сілкінісі кезінде істен шықпасына кім кепіл? Ауаға радиация тарап онсыз да халі мүшкіл болып жатқан халықтың жағдайын тас талқан етпесіне кім кепіл? Әрине осындай жағдайларда бар зардапты шегетін кім - ол қарапайым халық. Сондықтан да мен Мэлс ағамыз халықтың сөзін сөйлеп отыр деп білемін. Таң қалғаным, болашақта тек қана қазақ халқын емес бүткіл адамзатты құтқаратын альтернативті энергия көздері жөнінде әңгіме қозғап отырған, Мэлс ағамызға оқырмандар теріс пікірлерін білдіріп те үлгеріпті. Сондағы  келтірген аргументтері "біздің мемлекетке, аймаққа даму үшін энергия жекілікті мөлшерде қажет", тіпті кейбіреулері "тоғымызды жиі айырады, үйімізде тұрақты тоқ болу үшін АЭС керек" дегендей мағынамен де өз пікірлерін білдіріпті. Біз неге тек қана бүгін  мен ертеңді ғана көреміз, неге бүгін мен ертең не керек екенін ғана ойлаймыз. Бәрін қазір көріп, бәрін қазір ішіп жеп кететін болсақ, сонда болашақ ұрпаққа не қалдырмақпыз?! Неге соншама кең ҚР территориясына АЭСтің энергиясындай энергия беретін күн, жел станцияларын салмасқа, тіпті он, жиырма есе үлкейтіп салсақ та. Мэлс ағамыз айтпақшы бізде күн де, жер де, жел де жетеді емес пе?! Сондықтан да мен еліміздің басты экологінің айтқан пікірін дұрыс деп ойлаймын және қолдаймын. Әттең бәріміз бүкіл халық болып, бір ойдан шығып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып әрекет ететін болсақ, бұл ойларды да нақты істерге айналдыруға болады деп сенемін!

 
0
198
0