Тікелей эфир

Барселона — аспан астындағы мұражай

Бір орында тұрмайтын, шулы Мадридтен кейін, Барселона бізге тып-тыныш, өзіндік жайлы атмосферасы бар қала болып көрінді. Алайда ол тек алғашқы әсер екен. Оның метросы Мадридтегідей «жайнап» тұрған жоқ, адамдары да өзгеше. Бірақ оның тар көшелері, жағымды ауасы қалаға басқаша түсте, шығармашылық реңкте қарауға мәжбүрлейтіндей.

Ұзыннан-ұзақ созылған мына көше бізді қаланың басты паркі – Гуэль паркіне әкетіп барады.

Жалпы Барселонаға барар болсаңыз, міндетті түрде Гауди жайлы біліп алғаныңыз жөн. Өйткені оның аты бұл қалада әр бұрыштан естіледі, көлеңкесі қаланы кезіп жүретіндей. Гауди – XIX ғ. атақты каталондық архитекторы, Барселонаны басынан аяқ «тұрғызған» адам. Қалаға қайран қаларлық, фантастикалық келбет берген де осы архитектура генийі. Ал Гуэль болса, өз кезегінде Гаудиге көптеген тапсырыстар берген білімді, әрі қарапайым өнеркәсіп иесі, меценат, саясаткер. Сондықтан Барселонада шығармашылық рух, әсемдікке, өнерге деген өзгеше көзқарас бірден көзге ұрады. Табиғаттың өзі де оған себепші болғандай. Аумағы 100,4 км² тұратын қаланың оңтүстігін Кольсерола тауы қоршап жатса, солтүстік-шығысында Жерорта теңізі шайылып жатыр. Бүкіл қала төбеде орналасқан.

Паркке көшенің өзінде тұрғызылған эскалатормен көтеріліп, әрең жеттік. Ең бірінші көзіме түскені:

Ал мына көріністің әдемілігін сурет те дұрыс жеткізіп тұрған жоқ:

17,18 га-дан тұратын парктің қай жағынан қарамасаң да, көркем суретке тап боласың:

Гауди табиғатынан ерекше, өзгеше адам. Ол шабытын табиғаттан алған. Туындыларының көбісі еш шеге, металсыз, тек табиғи материалдардан жасалған. Мысалы, мына алаң тек жергілікті тастан жасалған, «Құстар ұясы» деп аталып кеткен.

Менің артымдағы мозаикалық қатарды да алғаш ойлап тапқан Гауди.

Мына қызықты үйлер – Гаудидің нағыз қолтаңбасы. Ол ешқашанда үшкір бұрыштарды, тік түзулерді ұнатпаған. Оның иірімдері жұмсақ, байсалды жалғасады.

Мына мозаикалық шегіртке парктің ғана емес, Барселонаның символына айналып кеткен. Тағы да Гауди туындыларының табиғатпен тығыздылығын көреміз.

Күзетшілер үйі болады деп салынған үй ішінен көрініс:

Гуэльдегі тағы да бір Гаудидің ғимараты, парк әкімшілігі отыратын жер ретінде салынған, қазірде онда сувенирлер мен түрлі кітапшалар сатылады.

Мен Алматыны «жасыл қала» деп жүрсем, Барселонаның жасылы одан да көп екен.

Паркте адам көп: әлемнің түкпір-түкпірінен келіп жатқан туристер, жергілікті тұрғындар да артып жетіледі. Парк ішіндегі кафеде бір шеф-полицей келіп, түскі ас ішті. Айқайлап сөйлеседі ғой өздері, кезексіз алды бәрін. Тамақ ішіп шыққанша, жаңбыр жауып үлгерді. Зонтиксіз қалай қайтамыз деп тұрғанда, басылып, артынша әдемі кемпірсоқ шықты.

Паркте неше түрлі көркем өсімдіктер бар, бәрін бір жерге үйіп-төге салмай, жақсы талғаммен үйлестірген екен.

Ал мынау парк ішіндегі Гаудидің бұрынғы үйі, ол 1963 жылы мұражай ретінде ашылған:

Үйінің жан-жағы

Бұл үйде Гауди 1906-1926 жылға дейін тұрған. 1900 жылдан бастап ол осы парктің жобасына кірісті, сол аралықта осы үйде тұрақтаған.

Мынау оның жатар бөлмесі:

Ол үйленбеген, өмір бойы жалғыз өткен. Кішкентайынан ревматизммен ауырып, басқалар сияқты асыр-салып ойнаудың орнына, жалғыз жүріп, тыныстағанды жақсы көріпті. Ауру салдары оны көп қимылдатпаса да, байқампаздығын күшейткен. Осылайша болашақ архитектор табиғатқа етене жақындап, өзінің болашақ жұмыстарына шабыт алып отырған.

Жастайынан екі ағасы мерт болады. Үшіншісі 1876 жылы қайтыс болады да, артынша анасы көз жұмады. 1879 жылы әпкесі қайтыс болып, бір қызын қалдырып кетеді. Әкесі, әпкесінің қызы үшеуі Барселонаға көшіп келеді. 1906 жылы әкесі о дүниеге аттанып, алты жылдан соң денсаулығы нашар қыз да қайтыс болады.

Кешкіқұрым Барселонаға мен ғашық болып қалдым. Мұндай сұлулықты көрмегеніме көп болды.

Жан-жақта сенімен еріп жүретін испан гитарасының үні де саяхатымыздың әсерлі лейтмотивіне айналды.

Ал мынау Барселонаның ең атақты әрі үлкен көшесі – Ла Рамбла.

Таныс испандықтар бізге Гуэльді аралауға түгел бір күн кетеді деп ескертіп еді. Дәл солай болып шықты, кешке тек Ла Рамбланы аралап, үйге қайттық.

P.S. Келесі постта Саграда Фамилиа мен кешкі Барселонаның жағажайын аралаймыз.

Айжан Кәрібаева

Алия Arsik
4 қараша 2012, 5:48
3956

Loading...

Пікірлер

Менің де барғым келеді...Испанияға
барар болсаңыз, міндетті түрде испанша кем дегенде ауыз-екі сөйлеуді үйреніп алыңыз, өйткені онда көбісі ағылшынша сөйлемейді)
Vocе еi tao bonita. Деген сөздерді білем :)
Бара алмайтын шығармын...келесіде мені де Испанияға ала кетші, сұлуым.
чұлуым ай, чұлуым:))) есіме түсіп кетті:) :)
ия, өте әдемі фотолар. жалпы өзің барар болсаң, турфирмасыз, қымбатқа түсер ме екен? барғандар не айтасыздар?
бұл пост негізі yvision.kz мына посттың жалғасы:) осы жерде турфирмасыз саяхаттауға байланысты бірнеше кеңестер айтылған, оқып көріңіз, керек нәрсе болып қалар.
Ал жалпы турфирмамен барған меніңше қымбат болады, өйткені олар өз қызметтеріне ақша алады.
Егер жақсы компания болса қасыңызда, ағылшынша жақсы сөйлесеңіз, шытырман оқиғалардан қорықпасаңыз әрине өз бетінше барған дұрыс:) :)
Ал керісінше, ештеңеге бас ауыртпай, тек дем алып келгіңіз келсе, онда турфирма жақсырақ болар
эх демеуші болса шіркін :)
Әдемі шығармашыл адамның шабытын шалықтатын шығар)
оте керемет, мынау жаксы болды гой
курбыммен 10 шiлдеде жолга шыгамыз
да?) күштііі....тағы да екінші бөлімі бар, басқа да ғимараттар жайлы))
күн салқын ба не? адамдар үстеріне жылы киініпті
бұл қыс мезгілі, қаңтардың басы
Керемет қала екен! Суреттерің де кербез екен, рахмет.
Иә, қала өте керемет, таза екен. Өзінің ұлттық архитектурасымен ерекше екен....!
Aдамдардын кингенине караганда Барселонада ауа райы салкын сиякты коринди
жоғарыдағы жауапты қараңыз) әрине бізбен салыстырғанда ол жақ ыстығырақ, қыста бізде қар борап жатса, оларда суреттегідей көктем сияқты, ал жаз қандайын елестете беріңіз
Aizhan, Sagrada de Familia, turli tusti fantan dy tusirmedinizba???
Саграда Фамилиа келесі бөлімде болады:) бәрі бір постқа сыймады
Berrus
0
0
bir apta byryn Barcelonadan keldim, keremet kala, keremet park, endigi zhosparym- Granda, Sivilla siyakty kalalardy koru, ol kalalarda bolsyn ba?
Сивилияда болдым, бірақ тек шоппинг үшін:) аралауға уақыт болмады
Барселонаның Алматы қаласымен ұқсастығы бар екенін байқадыныз ба?
тауы мен жасылдығы жағынан ұқсайды:)

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

История о том, как Народный провайдер наваривается на своих клиентах, намерено не отключая услуги, и беря лишние деньги за ненужные и не оказываемые услуги.
ligaspravedlivosti
17 нояб. 2017 / 19:12
  • 33881
  • 194
Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

В Казахстане введен институт упрощенного (письменного) судопроизводства, который позволяет повысить доступность правосудия и сократить сроки рассмотрения дел.
mark_iceberg
20 нояб. 2017 / 15:49
  • 15515
  • 3
Новшества на орбите уголовного правосудия

Новшества на орбите уголовного правосудия

Недавно я приняла участие в международной конференции по модернизации уголовного процесса, прошедшей в Бурабае. В чем значимость данных реформ для обычного казахстанца?
mirabeisenova
20 нояб. 2017 / 16:22
  • 12356
  • 3
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
17 нояб. 2017 / 11:00
  • 12129
  • 60
О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

В объективности выводов швейцарского банка Credit Suisse усомниться трудно – его экономические рейтинги относятся к самым авторитетным и их явно трудно упрекнуть в предвзятости
openqazaqstan
18 нояб. 2017 / 17:21
  • 7849
  • 87
Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

На своей итоговой пресс-конференции в понедельник уходящий кыргызский президент говорил не об итогах своей деятельности, а о «плохом» Казахстане.
openqazaqstan
21 нояб. 2017 / 18:36
«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

Жизнь в Алматы не всегда сладкая, как сахарная вата и мультики субботним утром. В этой ироничной статье автор блога «Almaty — My First Love» расскажет о семи причинах не любить Алматы.
AlmatyMyLove
20 нояб. 2017 / 13:12
  • 2744
  • 70
В Кызылорде нет Детского дома: мы построили 8 коттеджей для детей

В Кызылорде нет Детского дома: мы построили 8 коттеджей для детей

Тут живут будущие повара, актрисы, журналисты, боксеры, баскетболисты, певцы, поэты и многие другие талантливые дети!
socium_kzo
вчера / 14:49
  • 1626
  • 0
«Полет ради полета»: знакомство с калужской авиацией изнутри

«Полет ради полета»: знакомство с калужской авиацией изнутри

В прошлом году на мероприятии "Слет Авиатора" я выиграла подарок - экскурсию на командно-диспетчерский пункт (КДП). Но тогда я даже не ожидала, что эта экскурсия выльется в такое интересное...
Aleksandra747
20 нояб. 2017 / 9:00
  • 1551
  • 6