Тікелей эфир

Жетістік бекеті

«Сәлеметсіз бе, бұл "Махаббат" бекеті ме?

Менің атым Гүлнәз».

Осы сөздер мен композитор Төлеген Мұхамеджановтың әсерлі де нәзік әуенін естісек болды, бір сағат бойы, қанша көрсе де ескірмейтін, Талғат Теменовтың 1993 жылы түсірілген «Махаббат бекеті» фильміне отыра қаламыз. Фильмнен кейін біреу бұрынғы махаббатын есіне алса, енді біреулер жаңа махаббатын армандайды, тәтті сезімдерге беріледі. Ең бастысы, бұл фильм әр адамның жүрегінде нәзік сезімді, жақсыға деген құштарлықты оята алады.

Мәскеудегі атақты режиссер Сергей Соловьевтың шеберханасын, ұстазы Ролан Быковтың тағылымын көрген Талғат Досымғалиұлы көптеген фильмдеріне сценарийді өзі жазады. Мысалы, ең алғашқы толық метражды «Адамдар арасындағы бөлтірік» (1988), ВГИК-тағы дипломдық жұмысы болған қысқа метражды «Торо» (1986) немесе соңғы түсірген «Менің күнәлі періштем» болсын — режиссер сценарий авторы болып өзі шығады.

«Махаббат бекеті» болса, 1986 жылы «Жалын» баспасында жарық көрген Талғат Теменовтың «Гүлнәз» атты повесінің желісімен түсірілген. Ал «Фара» (1999) фильмінің, «Перекресток» (1996), «Жаным» (2010), «Астана — махаббатым менің» (2010), «Откройте дверь, я — счастье!» (2009) сериалдарының режиссері болып, сценаристі Лейла Ахинжанова болды.

Махаббат туралы картинасына оралатын болсақ, басты кейіпкерлер — Гүлнәздің рөлін Баян Есентаева, Оралдың рөлін Құбанышбек Адылов, Жеңістің рөлін Бөпеш Жандаевтар сомдап шықты. Қазірде танымал продюсер, тележүргізуші Баян Есентаева (ол кезде Мұхитденова) 18 жаста, театр институты кинофакультетінің студенті еді. Қазір өзі де кино түсіруге кіріскен Баян дәл осы фильмнен кейін «жұлдызды» өмірі басталғаны жайында айтады.

Ал Құбанышбек Адылов болса, «Махаббат бекетінен» кейін Қырғызстан режиссері Эрнест Абдыжаппаровтың «Влюбленный вор», т.б. 5-6 фильмдерге, Ресейдің «Гаишники» атты сериалына түскен. «Сезам» қуыршақтар театрында, Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында, Болат Атабаевтың «Ақсарай» театрларында жұмыс істеген. «31 арнада» авторлық әзіл-оспақ телебағдарламасының жүргізушісі болған. 2004 жылы Неміс драма театрының сол кезде бас режиссері болған Болат Атабаев оны жұмысқа шақырады. Содан бері Құбанышбек Неміс театрының актеры болып қызмет істеп жүр. Оралдың дауысын үндеген Жан Байжанбаев та «Қазақфильм» киностудиясының атақты актерларының бірі.

Орал мен Гүлнәздің махаббатына кедергі жасаған өзімшіл Жеңістің рөлін сомдаған Бөпеш Жандаев та кинодан алыстаған жоқ. Ол 1996 жылы Абай Қарпықовтың «Тот, кто нежнее» және 1998 жылы шыққан «Фара» фильмдеріне, Вячеслав Матухиннің 12 сериялы «Откройте дверь, я — счастье» (2008) сериалына, Ақан Сатаевтың «Ликвидатор» фильміне түскен. «Дорогие мои дети/Ойпырмай» фильмінің продюсері, «Астана — махаббатым менің», «Рэкетир», «Последние каникулы» фильмдерінің суретшісі болды. Болашақта Бөпеш Жандаевты Қазақстан мен Ресейдің бірігіп түсірген, 2012 жылы шығатын «Нереальная любовь» комедиялық мелодрамасынан көретін боламыз.

«Махаббат бекеті» — отандық режиссерлердің «жаңа толқыны» жемісті туындыларды шығарып жатқан шағы еді, жалпы қазақстандық кинематографияның дәуірлеген кезінде пайда болған картина. Ол Берлин, Сингапур, Франция, Филиппинде өткен кинофестивальдарға қатысты. «Көшпенділер» фильмінің режиссері Талғат Теменов өзінің жаңа туындысы «Менің күнәлі періштемді» өткен жылдарға деген сағыныш сарынымен түсірілген мелодрама дейді. Фильм «Махаббат бекетінің» тағдырын қайталамаса да, өз көрерменін тапты.

Материалды дайындаған Айжан Кәрібаева

kerbez_

Алия Arsik
3 қараша 2012, 15:20
8036

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

красивая женщина)))идеал женской красоты))))предел мечтании))очень уважаю эту женщину))))))
Жастық энтузиазм, қарапайым сюжет пен түсірілу әдісі, көрікті актерлар, Төлеген Мұхамеджановтың керемет музыкасы, замандастарға сол 90-шы жылдарға деген ностальгия - бұл фильмді жетістікке алып шыққан басты себепкерлер
Zere
2
0
Махаббаттағы үшеудің оқиғасы әрдайым сәтті бола бермек. Корей сериалдарының 99%-ы осындай желімен түсіріледі.
Прайм таймда көрсетілетін кәріс пен түрік сериалдары - нағыз қоқыс!
Сен де қоймайды екенсін, өзіңнің кәріс сериалдарымен...
Zere
1
0
Қоймайм! Өле қал! )
Arsik
0
0
корей сериалдарының Қазақстандағы эксперті Ақзере қателеспейді :)

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 3658
  • 58
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 3375
  • 32
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 3068
  • 10
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2724
  • 2
Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

За день до своей гибели прямо около памятника жертвам политических репрессий 1937-го Жампозов сказал жене, что он – жертва точно таких же репрессий.
openqazaqstan
вчера / 10:18
  • 2255
  • 7
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2329
  • 18
Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Минувшие выходные для казахстанских туристов, рвущихся от алматинской жары к иссык-кульской прохладе, снова обернулись настоящим кошмаром.
caravan_kz
19 июля 2017 / 18:39
  • 1802
  • 4
Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Решили сделать топ-5 красивых актрис Казахстана. Очень долго спорили о первых трех местах и даже чуть не подрались. Было очень тяжело выбирать.
asdbqwe
20 июля 2017 / 14:24
  • 1790
  • 41
Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Самое грустное, что, как и всегда в таких случаях, скоро на Честера начнут изливаться потоки грязи - что он был наркоманом, или что-то подобное (как в случае со многими знаменитостями).
demonica
21 июля 2017 / 15:13
  • 1811
  • 49