Түріктің белгілі актері Бурак Хаккы тағы да бізбен!!

Арай Сайранканова 2012 M06 15
649
1
0
0

 "Сезім сыңғыры" телехикаясында Хусейн Кенанның рөлін сомдап, көрермен көңілін тапқан Бурак Хаккы тағы да экранда! Дарынды актерді 31 арнада 25 маусымнан басталатын түріктің отбасылық драмасында...

  "Сезім сыңғыры" телехикаясында Хусейн Кенанның рөлін сомдап, көрермен көңілін тапқан Бурак Хаккы тағы да экранда! Дарынды актерді 31 арнада 25 маусымнан басталатын түріктің отбасылық драмасында басты рөлдердің бірінде көреміз.

Түрік актерінің қызмет тізімінде оннан астам телехикаялар бар, оның әрбір рөлі табынушыларын ықылассыз қалдырмайды. 31 арнада 25 маусымнана басталатын түріктің жаңа "Қызым қайда?" телехикаясында Бурак Түркиядағы белгілі іскердің жоғалған қызы туралы істі жүргізетін Каан  атты полиция қызметкерін ойнайды. "Қызым қайда?" мелодрамасына дейін үнемі романтикалық телехикаяларда түскен Бурак Хаккыға шытырман оқиғалы мелодрамадағы детектив рөлі басқа жағынан ашылуға мүмкіндік берді. Осында да романтикалық қарым-қатынас айналып өтпей, ол мақсатты және сатылмайтын полиция қызметкерін ойнады.  Бұл түрік мелодрамасында кездесетін заңды құбылыс!  Актердің есте жақсы сақталатын бет әлпеті бұлжерде де ескерусіз қалмады. "Қызым қайда?" телехикаясында оның меруерт көздері басты кейіпкерлердің бірін жаулап алады...Мезгілден бұрын алға шықпай, тек шыырман оқиғалы мелодрамадағы әрекеттер тез өрбитінін, ал, детективті сюжет пен режиссерлік жақсы жұмыс көрермендер арасында көптеген мақтауларға жеткенін айтамыз.

Бурак Хаккы 1972 жылы 23 мамырда Стамбулда туып, экономика саласында білім алған. Жұрт алдындағы жұмысын моделдік бизнестен бастаған, "Best Model" сыйлығын алып, маңызды жетістіктерге жеткен. 2002 жылдан бастап "Балмаскарад", "Семум" атты телехикаялар мен киноларға түскен, ал 2007 жылы Бурак үшін жұлдызды болды- оның "Сезім сыңғыры" телехикаясындағы Хусейн Кеннің рөлі дүниежүзілік атақты әкелді.

Белгілі түрік актері, Сема Шимшек актрисасымен отау құрып, ортақ ұлдарын тәрбиелеуде.

25 маусымнан 31арнадан "Қызым қайда?" телехикаясын көріңіздер!!

 

Оцените пост

0

Комментарии

Дальше