Тікелей эфир

Мен жазушы болсам...

Әдеби әлемнің танымал туындылары оқырманына дәуірдің тыныс-тіршілігі мен тарихи кезеңдері, әлеуметтік теңсіздік пен қоғамдық құндылықтар, сондай-ақ автордың тебіреністері жайында сыр шертеді. Абайдың ұлы поэзиясы, Толстойдың тарихи прозасы, Ибсенның новаторлық драматургиясы біз үшін өткен күндердің картинасын құруға және де сол заманның әлеуметтік санасына кіріп кетуге мүмкіндік береді. Әрине, бұның барлығы да әдебиеттің құдіретті күші. Ол бізге шетел асып, шекараны бұзуға көмектеседі: түрік әлеміне жақын боламын десең, Памуктың романдары, ал үндістердің өмірімен танысамын десең, Рушдидың прозасы бар. Алайда, жазушы болу — үлкен жауапкершілік, әрі кез келгеннің қолынан келе бермейтін өнер. Содан болар, қазіргі жазушылардың көтерген әдеби жүктерінің ауырлығы соншалық, посткеңестік кеңістікте ұлттық проза кенжелеп, жазушы деген атақ құнсызданып бара жатқандай...

Бүгінгі материалымыздың кейіпкерлері жазушы емес — оқырман, бірақ 5 минутқа жазушы образына кіріп, болашақ кітабының сценариын дайындауға әзір. Сонымен, бүгінгі проза жанрының тақырыптар сұранысын білу үшін жастардан: «Жазушы болсаңыз, не жайында жазар едіңіз?» — деген сұраққа төмендегідей жауаптар алдық.


Еркебұлан, блогшы

Мен жазушы болсам, еліміздің аймақ тұрғындарының бет-бейнесі туралы жазар едім. Өйткені Қазақстанның он төрт облыс адамдарының он төрт түрлі мінезі, өзіндік түсінігі, менталитеті бар.

Өзім осы Алматыға келіп, еліміздің түкпір-түкпірінен келген адамдармен танысып, араласып олардың сөйлеу мәнері, ойлау жүйесі, дәстүрі жайында аз да болса, хабардармын. Бір елде тұрсақ та, ондай айырмашылықтарды біле бермейтіндер бар ғой... Жазушы болып кітап жазатын болсам, алғашқы еңбегімді осы Қазақстанда тұрса да, ойы басқа, салты басқа, ділі басқа қазақтардың барлығы жайында жазып, барлығына ортақ бір қазақтың картинасын шығарғым келеді.

Салтанат, журналист

Болашақ кішкентай бүлдіршіндерден басталады ғой. Сол үшін егер де жазушы болсам, балалар әдебиетіне көп көңіл бөлер едім. Келешегіміздің тәрбиелі, әдепті де ибалы, ата салтын сақтайтын, ұлттық болмысымызды жерге таптамайтын ұрпақ болып өсуі үшін осы бағытта еңбектенер едім деп ойлаймын.

Елдос, болашақ мұнай-газ инженері

Егер мен жазушы болсам, халықтың қамын ойлап жүрген адамдар жайында жазар едім. Олар көп, бірақ оларды білмейтіндер көп қой. Сондықтан менің кітаптарым да осы көпшілік тани бермейтін белгілі бір адамдардың білінбей, көрінбей жүрген еңбектеріне арналған болар еді.

Мөлдір, студент, мамандығы техник-механик

Егер жазушы болсам, бүгінгі өмір жайында жазар едім. Бұрынғы мен бүгінгі ХХІ ғасыр жастарының айырмашылығы жер мен көктей ғой. Әсіресе өмір салты, тыныс-тіршілігі, түсінігі...

Соның ішіндегі махаббат тақырыбына көп көңіл бөлер едім. Себебі бұрынғы Қозы мен Баян, Еңлік пен Кебектің махаббаттары қандай еді... Қазір ондай жүректі өртер ыстық махаббат, ынтық сезімдер жоқ деп есептеймін. Сондықтан да кітап жазатын болсам, өз кітабымды өмір мен махаббатқа арнар едім.

Жансая, редактор-аудармашы

Мен жазушы болсам, психологиялық жанрдағы әңгімелер мен пайдасы тиеді-ау деген оқиғалар жайлы жазар едім. Өйткені, меніңше, қазақ әдебиетінде қазір дәл осы тұс қаралмай келе жатыр. Оқырманды психологиялық тұрғыдан жаңа даму сатысына жетелейтін, рухани азық бола алатын кітаптар жоқтың қасы. Әрине, қазақша кітаптар жайлы айтып отырмын. Өйткені түрлі рухани білім беретін батыстың, Ресейдің кітаптары дүкен сөрелерінде толып тұр, ал мұндай саланың қазақ тілінде басылмауы толғандырады.

Гүлжанат, блогшы

С. Асфендияров атындағы медициналық университеттің баспасөз хатшылығында жұмыс істегенім бар. Қазақстанның медицинасы стереотиптерге толы өте консервативті сфера десе болады. Оның осы заман талабына бейімделуі деген сияқты үлкен тақырыптан бастап, қатардағы дәрігердің жұмыс күніне дейін қызықты фактілерге толы екенін көрдім. Өмірін медицинамен байланыстырмаған адамдардың 99 %-ы теледидар мен газеттен көрген ақпараттан басқаны білмейді, білуге қызықпайды да. Мен де солардың қатарында едім. Ал енді Университетте, үлкен ғылымның шет-жағасында ғана жүрсем де, көрген-білгендерім бей-жай қалдырған жоқ. Біріне қайран қалсам, біріне күйіндім дегендей. Соны жеткізер едім, жазушы болсам. Одан кейін жазар тақырып — мектеп өмірі. Мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық қарым-қатынасты суреттеп, үлкен тәрбиелік мәні бар, мейірімді роман жазса ғой осы тақырыпта. Махаббат туралы да жазатын едім. Үлкееен махаббат драмасын. Бірақ хэппи эндімен! Алайда, меніңше, оны алдымен өз басыңнан өткізуің керек.

Руслан, журналист

Бұрындары мектеп қабырғасында әдебиет сабағынан «Мен президент болсам» деген аты көңілге қонымды тақырып төңірегінде біраз тебіреніп, тер төгіп шығарма жазатын едік. Ал қазір тақырып тым бөлек. Арасы жер мен көктей. Президент пен публицист. Екеуі де тоғыз әріп, екеуінің де бас әрпі «п» болғанымен, мәні мен мағынасы, ұғымы мен түсінігі бөлек дүние. Президент болу турасында сан рет көсілсек те, сіздердің сұрақтарыңыз жайлы жазу былай тұрсын, ойланбаппыз да. Осы сәтті пайдалана тұра, ойлануға мұрша берсеңіздер. (Арада 10 минут өтті). Жауап: «Сатира - күштілер қаруы» дейді ғой атам қазақ. Тілінде уытты әзіл, оралымды оспақ болса, бұл фәниде осал болмайтының анық. Сол себепті, қаламым қарымды сатирик болсам, құба-құп болар еді. Бұқара халықтың санасында сергелдең болған проблемаларды шымшып жазып, оқырманның айызын қандыру — жазушының жанғаны. Түйін: мен жазушы болсам, жанатындай, жазатындай жазушы болуға тырысып бағар едім.

Сұхбаттасқан: Айжан Кәрібаева,

Айнұр Ракишева

Фото: Игорь Заритовский

__________________________________________________________________________

Құрметті оқырман, ал сіз бұл сұраққа қалай жауап берер едіңіз?

Алия Arsik
3 қараша 2012, 10:17
25965

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Жалпы, қызықты тақырып екен. Егерде өзім жазушы болсам, қиын екен елестету.
Жазушы болудан гөрі аудармашы болған дұрыс сияқты, егер тек пайдалы жағын айтсақ. Мыңдаған тілдерде неше түрлі пайдалы заттар бар, техникалық әдебиет, психологиялық әдебиет, түрлі түрлі пайдалы оқулықтар көп, өте көп. Соларды неге аудармасқа?
Тақырыптан алшақтап кеткен сияқтымын. Иә, егерде жазушы болсам қазақша тарихи-фэнтази-аңыздарды жазушы едім, әрине алдымен оларды зерттеп алып, немесе өзім ойдан шығарып жазар едім. Сонымен бірге, қазақтар жайлы: қазақтың ХIX мен XX ғасырлардағы өмірлері жайлы жазар едім.
Қызықты ойлар, таныс есімдер.
Күшті идея.
""Сатира - күштілер қару", - дейді ғой атам қазақ!" - мынауың уже сатира ғой)))
Жазушы болу қиын іс қой:)
...Егер де мен жазушы болсааам, өмірдегі құбылыстарды тек шынайы жазушы едім. Бұрнадағыдай өмірде жоқ , кітаптағы кейіпкерлермен оқырман басын ауыртып, құрғақ қиялға ерік бергізбейтіндей жазатын едім:) Бірақ жазушы бола қоюым екі талай зат, әншейін ойым ғой...)
Мент әжейді басты кейіпкер етер ме едің?
Охо, ескі жараның аузын аштыңдар:)))
Мен жазушы болсам, Жалғастың бәсекелесі болар едім, фэнтези жазар едім. Сосын хард-әдебиет стиліндегі (а-ля Сатыбалды) дүниелер жазу ұнайды, мықтап қолға алып көру керек деп жүрмін. Әзиз Несиннің шығармалары да жақсы, сол бағыт та тартады.
Қазақ киносы мен қазақ әдебиеті қатар жүріп отыратын сияқты. Қайбір жылдары арт-хаус дамып кетіп еді (не көріп, не оқып отырғаныңды ұғып болмайтын), қазір экшн дендеп келе жатқан сияқты. Осы тенденцияны (егер, ол бар болса) тоқтатып алмай, шайқай беру керек, кім біледі, май түсіп қалар:)))
Жазушы болсам, үй алсам, Волга мінсем, сосын Төлебаев көшесінде екі қолды артқа салып алып, аппақ костюм мен аппақ қалпақ киіп, қара көзілдіріктің үстінен маңғаздана көз тастап жүрсем дейсіңдер ғой... Дұрыс, дұрыс:))))
>>>>>Жазушы болсам, үй алсам, Волга мінсем, сосын Төлебаев көшесінде екі қолды артқа салып алып, аппақ костюм мен аппақ қалпақ киіп, қара көзілдіріктің үстінен маңғаздана көз тастап жүрсем дейсіңдер ғой...
Жалғасын оқығым келіп кетті :)
Қисық, маған да Азиз Несиннің шығармалары ұнайды. Күлдіріп тұрып жылата біледі. Мектепте жүргенде, "Футболь королі"н қызығып оқып едім.
Zere
2
0
Мен де қазіргі жастар және олардың өмірі жайлы жазар едім, өте қарапайым адамдардың өмірі жайлы.
өте қарапайым адамдардың өмірлері қызықты бола бермейді ғой ))
Aikona
1
0
Әлем қарапайым адамдардан құралады!
меніңше қызықтың көкесі соларда, тек соны бақылай білу керек.
әрине, оларға рахмет сол үшін. бірақ әлемді құрағанмен жеке өмірлері қызықты бола бермейді
Менің басымда болашақ романдарымның 2-3 сценарийі бар, тек соларды жаза алсам ғой:)
Мен жазушы болсам, өз өмірімді, көрген-білгенімді жазар едім. Себебі адам өз көзімен көргенде ғана, оның туындысы шынайы жеткізе алады. Ал қиялдан тоқылған нәрсе жасанды екені белгілі болып тұрады. Мысалы: соғыс туралы жазған жазушылар көп шығар, бірақ қазақта Бауыржан Момышұлы, әлемде Эрнест Хемингуэй сияқты жаза алғандар өте аз. Олар қанды соғыстарды өз көздерімен көріп жазған соң, шығармалары шедеврге айналған.
Менің де жазушы болғым келіп кетті ғой... Жазушы болсам, мистика немесе детектив жанрында ғана жазар едім.
Уақыт өз арнасымен зымырап ағуда. Жазатын дүния да көбейген секілді
Жазушы болсам тарихи тақырыптармен қатар, қазіргі өмірде болып жатқан оқиғаларды жазар едім. Қазіргі аға жазушылар ұнамайды. Қиналып жазып жатқан ешбірі жоқ, тіпті жазбайды да, себебі кітапты басып шығару қиын екен, тарату қиын екен....Кітап жазып, оны интернетпен тегін тарату, өзіне жеке сайт ашып оқырман жинау, пиар технологиялар....т.б. айтпай ақ қояйық....түк хабары жоқ... Ешбірі әлемдік танымалдылыққа жеткен жоқ. Өзіміз де сосын қарық қылып оқымаймыз )) Мен Достоевскийдің фанатымын. Ол тойғанынан емес тоңғанынан жазған орыс жазушыларының бірі. Оның әлемге танылуының сыры оқырманға кейіпкерінің психологиялық жан дүниесін толық ашып береді. Көзі тірісінде атағы жер жарған жазушыға айналды, саяси көзқарасы үшін каторгаға айдалды. Еуропаны кезіп қаңғыбас болып жүрді. Соған қарамастан жазды. Әлемдік классиктердің қатарына қосылды.
Ал біздің жазушылар не? Барлығы сарай жазушысы, сарай ақыны болғысы келеді. Презиктің қолынан жылда премия, орден алғысы келеді.
Мен қазіргі өмір, бүгінгі жастар өмірі мен психологиялық кітаптар жазар едім. :)
Жазушы емеспін жазуға тура келеді, себебі қазір не оқытқыз, айт айтпа құлақтары бітеу, көбісінің білгендері іште (колледждегі студенттер 14-19 жас аралығы). Ойларын тыңдап түңілесіңде, кім әңгіме тыңдағысы келеді деп жалғастыра бересің, мүмкін біреуінің жүрегіне жол табармын. Ең өкініштісі болашақ өзіміздіккі деп өздерін буындырғаны
Еркебұлан бауырым "төрткөз" жазушы болып кетіпті ғой)
Мен жазушы болсам, жазушы болсам бар ғой, жазушы болсам... Жоқ, бұл сұрақ мен үшін қиынға соғады. Шынын айтсам, 11 класта жүргенде армандайтынмын осылай. Ал, қазір оның барлығы қайда жоғалып кеткені белгісіз.

Дегенмен, жазушы болсам қазақ мифологиясының негізінде қазақша фэнтези жазуға талпынып та көрер ме едім, кім білсін. Ондағы бөлек әлем, біз білмейтін, біле алмайтын, бірақ қиялыңмен ішіне еніп, басыңнан өткізе алатын шытырман оқиғалардан құралған әлемді құрастырып шығу - керемет!

Қой, армандауды доғара тұрайық. "Екпінге" рахмет, ескі арманымды есіме түсіріп алдым :)
Арманыңа жет, бауырым.
Arsik
2
0
рахмет, Жалғас, мүмкін 10 жылдан кейін жазарсың)) кім біледі...
менің сондай қабілетім бар болса, бүгінгі жастар жайында жазар едім, махаббаты да, әлеуметік тақырып жағынан, құндылықтары, көзқарастары, сосын жағымды мен жағымсыз кейіпкерімен міндетті түрде)) меніңше, біздің жастарға осындай тақырыпта әдебиет жетіспейді, қазақ жастары, әрине, "Жабайы алма", "Махаббат қызық, мол жылдар" секілді кітаптар оқиды, бірақ ондағы жастарды бүгінгі жастармен салыстыруға болмайды :( заманға сай әдебиет жоқ.
Aikona
2
0
Мен жазушы болсам...
Адамның ішкі ойына, өзіндік ойлау жүйесіне мән беретін шығармын)).
Менің баспагер болғым келетін сияқты))), шетелдердегідей авторлардың мықты қол жазбаларын сатып алып, жақсылап талдау жасап, халыққа танытып, кітап қылып шығарып дегендей)).
Қазір жастардың оның ішінде біздің менталитке келетін кітап жазар едім, жастар қазір басқа менталитет кітаптарын оқып, бастары шатасып бара жатыр, тек қазақбайлықта (ескі көзқарасты меңзейтін емес) емес нағыз қазақша жаңаша стильдегі кітаптар жазуға тырысар едім.
Әй мәләдес ей, осындай пікірлерің ұнайды ше.

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Зачем Forbes.kz пытается дискредитировать программу латинизации?

Зачем Forbes.kz пытается дискредитировать программу латинизации?

Буквально вчера заинтересовался одним любопытным сайтом. Не зря заинтересовался, взбесил он меня не по-детски. Да и не только меня. С этим хитрым сайтом был связан настоящий взрыв негатива в Казнете.
Rulan_Oteshev
13 сент. 2017 / 16:32
Дорога Алматы – Хоргос. Впечатления от первой поездки

Дорога Алматы – Хоргос. Впечатления от первой поездки

Если раньше путь до Хоргоса занимал около 5 часов по Кульджинской трассе, то сейчас время до границы с Китаем сокращается до 2,5-3 часов. Уже сейчас можно ехать по 4-полосной дороге с цементобетонным покрытием.
theYakov
15 сент. 2017 / 9:35
  • 5207
  • 12
Работа в Mc Donald's. Советы и лайфхаки для гостей

Работа в Mc Donald's. Советы и лайфхаки для гостей

За три месяца я поработала в трёх разных сферах. И сегодня, хочу поведать вам о работе в одной из богатейших компаний мира. Звучит значительно лучше, чем «Я работаю в Mc Donald’s».
madiNAtty
15 сент. 2017 / 12:44
  • 2888
  • 16
Фильм «Крылья, подаренные матерью» учит ценить своих близких в любых ситуациях

Фильм «Крылья, подаренные матерью» учит ценить своих близких в любых ситуациях

Вчера состоялся предпремьерный показ нашего отечественного фильма "Крылья, подаренные матерью", после просмотра которого защемило сердце - настолько правдоподобной казалась эта история.
Gulmira-I
14 сент. 2017 / 9:34
  • 2270
  • 0
Фотопрогулка по Алматы. Иностранцам не интересны наши стеклянные здания и моллы

Фотопрогулка по Алматы. Иностранцам не интересны наши стеклянные здания и моллы

Алматы - самый лучший город для меня, так как родной и самый близкий. Так как я много лет прожил за рубежом, могу сказать свою точку зрения, что надо делать у нас.
Ispanec
15 сент. 2017 / 6:20
  • 1925
  • 21
Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Вице-спикер Мажилиса Владимир Божко остановился на некоторых деталях известного конфликта в Астане возле строящегося «Абу Даби Плаза», затронув проблему «многочисленной сельской молодёжи»...
openqazaqstan
вчера / 13:16
  • 1818
  • 53
«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

По данным статистики 2017 года Казахстан занимает 4 место по самоубийствам. Говорить об этом - социальное табу. Мы игнорируем разговоры о депрессиях. Потому что нам страшно.
goribaldi
18 сент. 2017 / 15:45
  • 1880
  • 40
«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

Мужчины спокойно подчиняются логичным правилам, большинство женщин пытаются выторговать себе особые условия. Я убеждалась в этом много раз.
ValentinaVladimirska
18 сент. 2017 / 14:25
  • 1556
  • 26
Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Канело согласен на реванш, что неудивительно, Гена тоже "за". Все это было немного ожидаемо - эксперты отмечали, что промоутеры надавят на поединок, и захотят растянуть его на трилогию.
Trequartista
17 сент. 2017 / 0:15
  • 1949
  • 17