Тікелей эфир

Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)

«Кескіндеме поэзияға жақындай түсуде, өйткені фотография

оны тарихты баяндау міндетінен босатты»

Жорж Брак

12-сәуір мен 20-мамыр аралығында Астана қаласының әкімшілігі мен Қазақстанның Франция елшілігінің қолдауымен «Тәуелсіздік сарайында» Мишель Кастанье, Жозеф Чой, Анн Шарлотт Финель, Эрве Ик, Сәуле Сүлейменова, Ғалым Маданов, т.б. әлем елдерінің көптеген суретшілері қатысқан «Ультражад» көрмесі болып өтті.

Көрме кескіндеме мен фотосурет арқылы тарихтың байланысын көрсетуге тырысты. Негізгі жұмыстар фото-, видео- технологияларын қолдану арқылы жасалынған.

Енді көрмеге қысқаша фотосаяхат жасап көрейік.

Мынау париждік фотограф Наталия Ляхтың суреттері. Ол күнделікті өмірімізден тыс аспектілердің мәнін ашады. Оның көркем көзқарасы оптик, физик немесе психоаналитикке ұқсас: фото немесе видеокамераны телескоп, перископ, калейдоскоп, не болмаса микроскопқа айналдырады.

Наталияның "Ветровое стекло" атты жобасынан XIX бен XX-шы ғ.ғ басында түсірілген фотоларды автокөліктің айнасына орналастыру арқылы өткен шақ пен қазіргі кездің бір уақытта байланысқанын ұғынамыз. Көрермендерге айнадан қараған адамдардың көзқарастары мен көлік терезесінен көрінетін мегаполис көрінісі бір-біріне қарама-қайшы болып келеді. Фотосуреттерден бұл дүниеден өткен адамдардың рухы сезіледі.

Келесі суретші Лондонның Middlesex Университетінде оқыған, 2006 жылғы Вена Биенналінде Францияның атынан шыққан - Мишель Кастанье.

Оның қозғалмалы бейнелері көбінесе ескі әуесқой фотосуреттер коллекциясынан туылған. Бейнелері көп мағыналы, сыртқы көрінісі ойын болса, ішкі дүниесі мұңға айналады.

"Мен тура сөйлеп, ең жеңіл жолмен жүруге тырысамын. Дилемма іздеймін, әр түрлі эффектілерден бас тартамын. Мен қолданатын фотосурет қарапайымдылығы кейіпкерлерімді жан-жақты етіп көрсетеді". Мишель

Ал мынау /Ертеңге дейін/ атты суреттер топтамасы. Ғарышты бағындыру эволюциясының тарихын фотомен көрсетеді.

Францияның оңтүстігіндегі Родез қаласының суретшісі Сириль Хатт стереоскопиялық фотосуреттерінде көне кескіндеме туындыларын рельеф тәрізді арнайы тәсілдер арқылы түсірген, бедер елесін құрайды.

"Мадонна"

Ол қарапайым құралдар (сандық камера, принтер, скотч, степлер) және орасан зор шыдамдылық арқылы объективіне түскен қарапайым мотоцикл, көлік, аяқ-киім, электр құралдарын максимальды түрде жақындатып, осындай өнер туындысын жасап шыққан. Бір-біріне жапсырылған кішкентай суреттерден үлкен туындылар шығады.

"Гүл ұстаған бикеш"

Жозеф Чой - франко корейлік суретші, трансформация, транскрипция процессіндегі көне фото, видеоматериалдарды бір өлшемнен екіншісіне ауыстырып жұмыс істейді.

Оның "Адамдар" сериясы 1962 жылғы Кеннедидің Далласқа қайғылы сапарының видеоматериалдары әсерінен туылған.

Бұл жерде Жозеф топ ішіндегі кездейсоқ адамдарды таңдаған, көптеген бояу қабаттары, мөлдір шайыр, шілтерлер бізді белгісіз куәгерлерден алыстатып әкетеді.

Ирве Иктің көркемсуреті мутация процесіндегі заманауи адаммен қосақталатын реконструкция, рекомпозиция және қайта ұйымдастыруды зерттейді.

"Цирк"

Бұл процесс белгілі бір кезеңді анықтайтын стиль және тәжірибе арқылы, белгілі бір уақытты құрайтын психология арқылы біздің тарихқа деген қатынасымызға негізделіп құралған және осы шақтың көлемі, бедері және мәні болып табылады.

Ирве негативке қазіргі рейверлері мен XV ғ. фламандтық өрнектерінің кейіпкерлері атты екі көркемсурет қабатын бір-бірінің үстіне қояды. Оның көркемөнерінде нысан аз дәрежеде өз фонынан бөлінеді, ал көп жағдайда сыртқы және ішкі байланыстардың сәйкестілігі байқалады.

"Мені ұмытпа"

Көрмеге қойылған отандық суретшілердің туындыларына келейік.

Мәскеудегі Кинематография Институтының (ВГИК) өнер факультетін тәмамдаған суретші, түрлі объектілер мен инсталляциялар авторы, Венециядағы 54-биенналенің қатысушысы Ғалым Мадановтың "Аспанмен тілдесу" көркем шығармалар топтамасы 90 ж.ж. аяғында бүкіл Қазақстанға жасаған саяхаты кезінде жинақталған фотодеректерге сүйеніп жасалған.

Бұл шығармаларда ол фотосурет пен көркем суретті үйлестіреді, бірақ бұл топтамадағы көркемсуреттің фотосуреттен айырмашылығы - өзінің қанық түстерінен айырылған, тіпті елеске айналғандай. Мұнысымен ол түп-тамырынан қол үзіп, күші мен мән-маңызын жоғалту үстіндегі салт-дәстүрлерді еске салады. Ғалым философия магистрі, Алматыда тұрып, жұмыс жасайды.

Келесі жас суретші Ғайша Маданованың "Сана жалғыздығы" фототоптамасы "Кеңістік құжаттамасы" атты ірі фотожобаның бір бөлігі.

Фотосуреттер дүрбі көмегімен түсірілген, мұнда дүрбі жобаның концептуалды және эстетикалық негізін қалаушы маңызды құрал болып табылады. Дүрбі шеңберінің ортасына орналастырылған нысан үйреншікті ортасынан алынып тасталып, шеңбер ортасына бекітіледі. Бұл көрерменге сол көріністерді ойында үлгіленген басқа ортаға орналастыруға мүмкіндік береді.

"Ұялы телефонмен сөйлесіп тұрған адамды бақылап отырып түсірген суреттерім - оқиғаның нақты орны мен уақытын емес, сол жағдайдың эмоционалдық күйін, шиеленісін, өз ойыңды сараптаудан қашу сезімін жеткізеді. Маған адамның өзімен оңашада қалғанда өз-өзінен қашу үшін жанталасып, кез келген сылтау іздейтіндегі күйін есіме салады". Ғайша

Ғайша Маданова сәулет факультетін тәмамдаған. Алматыда тұрып, жұмыс жасайды.

"Қазақ шежіресі"

Сәуле Сүлейменованың бұл топтамасы қазіргі уақыт пен дәстүрдің қарама-қайшылық шеңберіне сыймайды. Қарапайым адамдар түрінің өзі қазіргі заманның сипатына еніп кеткен және де ол сипаттар әркез жағымды емес.

Ескі суреттердің жапсырма қабырғаларға топтастырылуында үлкен мән бар: заманның ағымы, ескіліктен бірден жаңамодерн заманға көшуі бейнеленген.

"Мен гараж, үй, шарбақ, қабырғалардың әр түрлі беттерін суретке түсіремін, онда адамдардың әр түрлі бояу, граффити, жазулар арқылы қарғыстар, махаббат сезімдерін білдіру түрлерінде өз іздерін қалдырған. Табиғат өзінің ізін ағаштардың көлеңкесі түрінде қалдырды. Және бұл фотожазықтықта мұрағатты және қазіргі фотосуреттерден бейнелер айқындалады. Осылайша уақыт пен кеңістік арасындағы ойын пайда болады". Сәуле

Көрме Астанада 6-шы рет көрермендеріне жол тартты, бұған дейін ол Стамбулда, Вологда, Вильнюс, Мәскеу, Санкт-Петербургта суретшілердің әр түрлі құрамымен қойылған. 2013 жылы Қастеев мұражайында Алматыда көрсетіледі.

Материалды дайындаған Айжан Кәрібаева

Алия Arsik
3 маусым 2012, 10:28
2857

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Zere
1
0
Сәуле Сүлейменованың суреттері ерекше екен...
T-Bag
0
0
ааа...будем знать))молодца)))

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Известный казахстанский бизнесмен становится первопроходцем и создает школу, о которой можно только мечтать. То, что мы, как взрослые, делаем в бизнесе, дети будут делать в этой школе.
Zhumanova
24 апр. 2017 / 16:29
  • 18049
  • 3
Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Я прекрасно понимаю тех, кто долго ищет подходящую квартиру - сама искала, потратила на поиск 1,5 года. Что, прежде всего, повлияло на мой выбор при покупке квартиры в новостройке Алматы?
Zhumanova
21 апр. 2017 / 10:04
  • 3658
  • 12
«Третья мировая война начнётся в мае 2017 года» – провидец из Португалии

«Третья мировая война начнётся в мае 2017 года» – провидец из Португалии

Провидец из Португалии по имени Горацио Вильегас считает, что новая мировая война состоится уже в текущем году. Считается, что португалец два года назад объявил, что Трамп станет президентом.
Seattle
21 апр. 2017 / 15:33
  • 3438
  • 12
«А ты покушала?» или Как завоевать сердце женщины простой заботой

«А ты покушала?» или Как завоевать сердце женщины простой заботой

Так как опыт хождения по свиданиям у меня немаленький, да и с интуицией давно дружу, я быстро отсеиваю тех, с кем будут проблемы. Как я это определяю? Очень просто.
Bonittta
22 апр. 2017 / 14:10
Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Всё ли так хорошо у жителей Казахстана? Почему-то наша страна сохраняет твёрдые позиции в первых строчках мировых рейтингов по числу самоубийств.
openqazaqstan
24 апр. 2017 / 16:54
  • 3071
  • 18
Депутат сената Айтимова: «Не нужно критиковать депутатов, так как вы сами их избирали»

Депутат сената Айтимова: «Не нужно критиковать депутатов, так как вы сами их избирали»

Наши депутаты известны не достижениями и работой, а своими высказываниями. Сегодня в СМИ вышла новость, где депутат сената Бырганым Айтимова ответила на критику народа.
tala03
20 апр. 2017 / 13:44
  • 2548
  • 20
Каждую ночь я жду его. Почти каждую ночь он оправдывает мои ожидания

Каждую ночь я жду его. Почти каждую ночь он оправдывает мои ожидания

Каждую ночь я жду его. Такая уж у него работа, он приходит поздно. Но почти каждую ночь он оправдывает мои ожидания. Когда его долго нет, признаюсь, я начинаю нервничать. Названивать и писать смс-ки...
DominaOmnium
21 апр. 2017 / 2:25
  • 2337
  • 11
Советы бывалого: выбираем надежную систему денежных переводов и хранения денег

Советы бывалого: выбираем надежную систему денежных переводов и хранения денег

Какую систему выбрать для денежных переводов внутри СНГ и как избежать потерь при девальвации. В общем, берегите свои кровно заработанные, помните...
Pablo13
20 апр. 2017 / 16:00
  • 2173
  • 19
Атбасарская дамба: кто так красиво сэкономил 137 миллионов?

Атбасарская дамба: кто так красиво сэкономил 137 миллионов?

История с разрушенной атбасарской плотиной получила интригующее продолжение. На официальном уровне говорят о 200 млн тенге, в то время как районный аким сообщил, что дамбу строили совсем за другие деньги.
openqazaqstan
20 апр. 2017 / 15:10
  • 2143
  • 14