• 196475
  • 88
  • 12
Нравится блог?
Подписывайтесь!

ГАЗЕТКЕ ШЫҚҚАН СҰХБАТ

Мұрат Насимов, «Болашақ» университетінің педагогика факультетінің деканы: «Рәміздер мәселесі кез – келген қоғам үшін өзекті»

Маусымның алғашқы аптасы ұлттық нақыштарымызды айғақтайтын мерекеден бастау алады. Елбасымыздың 2004 жылдың 4 маусымдағы №837 Жарлығына сәйкес, республикамызда 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні аталып келеді. Мерейлі мереке қарсаңында «Болашақ» университетінің педагогика факультетінің деканы, саяси ғылымдарының кандидаты Мұрат Насимовпен сұхбаттасудың сәті түсті.

- Мұрат Өрленбайұлы, биыл еліміздің ең киелі символдары саналатын – Мемлекеттік рәміздерімізге – 20 жыл толуда. Сіздің туған өлкеміз Қызылорданың белсенді тұрғыны ретінде Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдына орай мақалалар жазып жүргеніңіз белгілі. Осыған орай, Сіздің рәсімдерімізге деген құрметіңізді, көз – қарасыңызды білсек...

- Өткен жылы ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында жеке ой туындап, біраз ғылыми мақалалар топтамасын жасауды жоспарлаған болатынмын. Нәтижесінде ғылыми еңбектерім арнайы жоба бойынша журнал беттерінде жарық көрді. Ғаламторда қызу пікірталас жүріп, сынаған азаматтар болды. «Сын түзелмей мін түзелмейді» дейді халқымыз! Әрине, мұның барлығы мені қуантты. Себебі, бұл жасалған жұмыстарымның зая кетпегендігін, яғни, сұраныс барлығын танытады. Қорытындысында жазылған ғылыми мақаларымды топтастырған, «Тәуелсіз Қазақстан тарихы» атты оқу құралы баспадан шықты.

Ал, жалпы рәміздер мәселесі кез - келген қоғам үшін өзекті. Себебі, егемендікті бейнелейтін тәуелсіздік пен мемлекеттік идеологияның негізі болып Мемлекеттік рәміздеріміз саналады. Рәміздерді қастерлеп құрметтеу сол арқылы патриотизмды қалыптастыру әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз және мемлекеттік ішкі саясаттың маңызды бағыттарының бірі екені анық. Себебі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - тәуелсіздігіміздің символы! Бүгінгі күнде барлық қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің тұғырлы орындарында олардың орны ерекше.

Еліміздің қазіргі дамуындағы негізгі міндеттердің бірі - халқымыздың рухани дамуының деңгейін көтеру деп ойладым. Мұндағы басты өзекті мәселелер ретінде жастарды патриоттыққа тәрбиелеу саласында шешімін таппаған көптеген жайларға мән берілгені жөн. Патриоттық тәрбие – мемлекеттік билік органдары мен ұйымдарының азаматтық борышы мен конституциялық міндеттерін орындаудағы Отанына, халқына деген адалдығын қалыптастыратын жүйелі әрі мақсатты қызметі деп санаймын.

Еліміздің кез келген азаматы мемлекеттіміздің тарихын біліп, қазіргі рәміздірін тануы міндетті. Бұл әрбір азаматтың әлеуметтік және тұлғалық қалыптасуының көрсеткіші. Сондықтан мемлекет рәміздерін құрметтеуді қалыптастыру тұлға тәрбиелеудің құрамдас бөлігі болып табылады. Бірақ, елімізде өкінішке орай мұндай түсінік толық қалыптаспаған. Әйтпесе, мемлекеттік рәміздерге қатысты елімізде және шет елде орын алған оқиғалар болмас еді деп ойлаймын.

-Ұлттық нақышымыздың мерейтойына байланысты жастардың патриоттық сезімін оятатын қандай шаралар ұйымдастыру керек деп ойлайсыз?

- Қазақстан Республикасы Конституциясының 9 бабы бойынша: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді». Елбасы, Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев: Тәуелсіз мемлекетіміздің қыран қанатты көк шулан туы – қасиетті көк байрағы, «Құшағымыз бес құрлыққа ашық, әлемдік өркениет көшіне өз болмысымызды сақтай отырып ілесеміз» деген мағынаға беретін елтаңбамыз, «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» топтасып, тастүйін қимылдауға меңзейтін айғақ – нышан - әнұранымыздың қадір- қасиетін Елбасы былайша түйіндейді: «Біз тәуелсіздікті аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің белгілерін де ерекше қадірлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналар тұсы да осы!», – деп атап көрсеткен болатын. Демек, Ту мен Елтаңбада бейнеленген ұлттық ою-өрнек, қыран, көк түс, шаңырақ, пырақ халқымыздың басты құндылығы.

Жалпы қаламызда жастарға арналған түрлі акциялар көптеп өтеді. Бұл әрине құптарлық іс. Дегенмен, жұмыстардың шамадан тыс көп болуы кері әсерін беретін жағы да бар. Факультет деканы ретінде осы акцияларға өз студенттерімізді апарғанымызда, жастардың мұндай шаралардан жалығатынын байқаймын. Негізінде, шаралар ұйымдастыру дегенді саяси ғылымдарда «технологиялар» түсінігімен байланыстырылады. Ал, ол өз кезегінде біздің қоғамымызда осы саяси технологиялар тек науқан барысында жүретіндіктен, оны қабылдау мүмкіншілігі кемиді. Мемлекеттік рәміздеріміздің 20 жылдығы қарсаңында ғана шаралар өткізіп, кейін оны келесі мерейтойларға дейін қалдыру осы «науқаншылдықты» көрсетеді. Сондықтан шаралардың барлығы ретімен күнделікті жүруі керек.

Студенттер - ақпаратпен толық қамтылған ортаға бейімделген жастардың білімді бөлігі болып табылады. Жастар – бұл қазіргі қоғамдағы белсенділігі жоғары әлеуметтік база. Бүгінгі күнде студенттер еліміздің саяси өміріне кеңінен әсер ете алады. Жастар қазіргі шарттарда саясатқа қатысуы саяси жүйенің сипатына ықпал ету арқылы өзінің әлеуметтік мәртебесін жоғарылататынын түсінді.

Еліміздегі саяси ақиқат мәселелеріне объективті сипаттама беретін патриоттыққа тәрбиелейтін жаңа арнайы курстар енгізілуі қажет. Меніңше, мемлекеттік рәміздерге қатысты оқу-әдістемелік жұмыстар санын толықтырумен қатар, ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын хабарлар мен бағдарламалар санын көбейткенде дұрыс сияқты.

-Рәміздерді құрметтеу, қастерлеу тек мемлекеттік мекемелердің құзырында деген түсінікпен қарайтындар бары жасырын емес. Осыған Сіз қалай қарар едіңіз?

-Иә, бұл елімізде орын алған жағымсыз көзқарас. Алдындағы сөздерімде, мемлекеттік рәміздеріміз арқылы халқымызды патриоттыққа тәрбиелейміз деген болатынмын. Елбасымыз қазақстандық патриотизм сияқты ұлт табысының маңызды құрамдасына былайша тоқталған болатын: «Бұл өз Отаның мен жеріңе деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет, әркімнің өз күш-жігеріне деген сенімі мен барша қоғамның топтасуы. Бұл бүгін тұрғызылып жатқан өз еліңнің тарихына қатыстылықтың және оның болашағы үшін жауаптылықтың жоғары сезімі. Бұл әрбір қазақстандықтың табыстары үшін мақтаныш және қандай тұрғыда болғанына қарамастан өз салаңда табыстарға қол жеткізу ниеті. Және бұл табысты әркім Отанына бағыштап, әлемде оның даңқын асыруы, беделін көтеруі тиіс. Патриотизмді, әсіресе жастардың арасында, біздің балалардың бойында барша қоғамның ортақ күш-қуатымен қалыптастыру керек. Біздің әр азаматтың табысы және халықаралық тұрғыда мойындалуы – бұл баға жеткізгісіз капитал, барша қазақстандықтардың мақтанатын нәрсесі және байлығы екендігі сөзсіз. Осындай үлгілермен ұлттың рухын көтеру керек! Өз Отаныңның патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегіңде ұялату. Мен сіздерді осыған шақырамын». Сондықтан да ел рәміздеріне деген құрмет жүрегіміздің төрінен орын алуға тиіс.

Мемлекеттік рәміздердің құндылық ретінде халықтарды жігерлендіріп, ол үшін ұлы ерліктер жасалғаны тарихтан белгілі. Бұл турасында мемлекеттік рәміздерді қолданудағы халықаралық тәжірибемен де санасқан жөн шығар. Мәселен, американдықтар Конституция, Әнұран және Библияға үлкен құрмет көрсетеді екен. Мемлекеттік тулары әрбір үй мен дүкен жанында желбіреп, үкімет шенеунігінің көлігі мен қарапайым такси машиналарынан көруге болады. Әрбір мектепте оқушылар ту алдында ант қабылдап, сабақ алдында туды салтанатты түрде жоғарыға көтеру үшін сапқа тұрғызылады. Ал көршіміз Ресейде Президент жанындағы Геральдика кеңесі құрылып, жыл сайын бүкілресейлік «Ресей символдары: тарихы және қазіргі жағдайы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіп тұрады.

-Сұхбатымызды қалай түйіндер едіңіз?

-«Ерім деген ел болмаса, елім деген ер қайдан шығады?» дегендей, мен айтар едім, алдымен, еліміздің артықшылығын көрсететін көк байрағы – айбатты; қадірін арттыратын пырағы – қайратты; асқақ үні – ұранымен ел рухын көтерген авторлардың еңбегіне құрметпен қарауға жастарды баулуымыз керек. Себебі ондай үлкен еңбек – нағыз ел азаматынан ғана шығады. Жалпы айтқанда, жастарды сыни тұрғысынан ойлауға, жақсы істің қадірін білуге тәрбиелеуге тиіспіз.

-Әңгімеңізге рахмет, мерейлі мереке баршамызға құтты болсын!

Сұхбатты жүргізген: Ақтолқын НҰРЛЫБАЙҚЫЗЫ.

МҰРАТ НАСИМОВ Murat_Nasimov
ПРОСТОЙ ЧЕЛОВЕК
4 июня 2012, 12:53
1425

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
15 авг. 2017 / 17:21
  • 38607
  • 63
СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

Инцидент с пьяным киргизским гостем на борту Air Astana, наверное, остался бы только во внутренних сводках авиакомпании, если бы г-н Доган, не поднял громкий крик о государственном языке.
openqazaqstan
17 авг. 2017 / 14:43
Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Известный политолог России Андрей Карпов предложил сделать Алматы центром секс-туризма. Но для этого сперва нужно легализовать проституцию в стране.
tala03
13 авг. 2017 / 14:48
Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Националисты стали совсем другими. По-английски хорошо говорят, русскую классику цитируют. Очень современные, образованные, адекватные. А после Крыма в националисты уже чуть ли не любой казах готов был записаться.
Aidan_Karibzhanov
16 авг. 2017 / 16:52
«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

Из множества грустных откровений постепенно сложился перечень самых распространённых уловок охотников за нашими деньгами. В нём ожидаемо лидировали профессиональные попрошайки.
caravan_kz
16 авг. 2017 / 15:05
  • 1921
  • 2
Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Президент Назарбаев наконец-то разъяснил для всех, кто ещё не понял, очевидный вопрос, который всем в Казахстане очевиден. Елбасы повторил: на латиницу мы переводим казахский язык, и это не означает отказ от русского языка.
openqazaqstan
вчера / 16:23
  • 1728
  • 39
В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

Общая площадь парка составляет 25 гектаров. На территории предусмотрено устройство прогулочных дорожек, площадок для установки аттракционов и павильонов различного назначения, цветников.
zhasakmola
17 авг. 2017 / 17:13
  • 1752
  • 1
Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Многие способные выпускники без Алтын Белги готовились к тестированию, чтобы в честной борьбе попытать счастья на гранты без ущемления со стороны якобы "золотых" выпускников.
DanaJarlygapova
14 авг. 2017 / 14:35
Новый конкурс на грантовое финансирование – разочарование для казахстанских ученых

Новый конкурс на грантовое финансирование – разочарование для казахстанских ученых

Обсуждение новых условий началось ещё давно, но стоит ли ожидать качественного улучшения результатов научно-исследовательской деятельности, если система управления наукой не была модернизирована?
ermekuss
17 авг. 2017 / 12:23
  • 1535
  • 1