IIІ ArtBatFest заманауи өнер Фестивалі басталды

3155
0
0
12

25 мамырда Алматы қаласында IIІ ArtBatFest заманауи өнер Фестивалі басталды. Биыл үшінші рет өткізіліп жатқан фестивальдің тақырыбы — «2012: Жарық дүниенің басталуы». Ол түрлі жанрдағы ауқымды да әрта

25 мамырда Алматы қаласында IIІ ArtBatFest заманауи өнер Фестивалі басталды. Биыл үшінші рет өткізіліп жатқан фестивальдің тақырыбы — «2012: Жарық дүниенің басталуы». Ол түрлі жанрдағы ауқымды да әртарапты көркем туындыларды экспозиция алаңшаларына шоғырландыру, заманауи өнер шеберлерінің пессимистік, күңгірт дүниетанымға оптимистік, ашық образдарды қарсы қоюға деген ынта-жігерін біріктіру арқылы «Бізді жарқын болашақ күтіп тұр және әрқайсысымыз үшін ол бүгін басталады» деген энергетикалық, әрі мағыналық пайымдау шығарады. Бұл Фестивальдің басты идеясы болып табылады.


Бірінші ArtBatFest 2010 жылы бизнесмен, суретші мен өнер қайраткерлерінен құралған бастамашылар тобымен ұйымдастырылған еді. 2011 жылы Фестиваль халықаралық деңгейге көтеріліп, Қазақстаннан, Ресейден, Өзбекстан мен Израильден келген қатысушылар өз жұмыстарын ұсына алды.

Бүгінде Фестиваль бағдарламасы инсталляция, кескіндеме, графика, фото- және видеоарт, театр, перфоманс, түрлі музыкалық бағыттар сияқты жанрларды қамтиды.


Фестивальдің мақсаты:

1. Қазақстандық заманауи өнерді дамытуға жаңа екпін беру.
2. Қалаға Қазақстаннан, сондай-ақ шетелдерден де туристерді тартатын дәстүрлі, барлығы сағына күтетін мереке ұйымдастыру. Бұндай мерекелерге келетін жыл сайынғы миллиондаған туристер, еліміздің туристік инфрақұрылымын дамытуға зор үлесін қосады.
3. Осы оқиғаға және заманауи қазақстандық инсталляторларға, шығармашыл жастарға Халықаралық мәдени қауымдастықтың назарын аудару.
4. Халықты ауқымды түрде қазақстандық және шетелдік шеберлердің жұмыстарымен таныстыру.
5. Қалалық ортаны өзгерту процесіне қатысу.

Арбатқа барған кезде, өзге туындыларды былай қойғанда, көзіңе бірден түскен - қолына жалау ұстап, түрлі қимылдар жасап тұрған қыз бен жігіт. Олардың не істеп жатқандығын білу мақсатында жандарына жақындағанымызда аудармашысы: бұл өнердің жаңа түрі, Ұлыбританиядан келген Питер мен Люси бір-біріне белгілер арқылы хабарлама жеткізіп жатқандығын айтты.


Сонымен қатар, кез келген көрермен хабарлама жазса, Питер оны Люсиге белгі арқылы бір сәтте жібереді. Ал аудармашылар тиісінше оны екеуінің жанында тұрған тақтаға жазып қояды.

Андрей Люблинский, Professors тобы, Ресей:

Мен фестивальдің қатысушысымын. Өткен жылы мұнда біз орындықта отырған қызыл адам объектісін алып келген болатынбыз. Ал осы жылы абсолютті жаңа “Anonymous” атты жобамызбен келіп отырмыз. Бұл фестивальдің тақырыбына сай, әрі өте қызықты жоба. 26-сы оның премьерасы болады.

ArtBatFest 2012-ге келетін болсам, биылғы фестивальде өткен жылғыға қарағанда үлкен прогресс бар. Ол келесі жылы бұдан да үлкен масштабты қамтитын болса, таңқалмаңыз. Мен Санкт-Петербургтың тұрғыны ретінде сендердің қалаларыңда дәл осындай іс-шараның өтіп жатқандығына бір жағынан қызғанышпен де қараймын.


Биылғы фестивальдің ашылу мерекесінде заманауи музыкалық топтар ән айтып, би топтары би билеп, артынан театрлар мен перфомансистердің Карнавалы өтті.

25 мамыр мен 26 маусым аралығын қамтитын, алдағы бір айдың ішінде:

- Белгілі қазақстандық және шетелдік суретшілердің инсталляциялары Арбатта,  саябақтарда (Орталық мәдениет және демалыс саябағында, 28 панфиловшылар саябағында, Президент саябағында), Астана алаңының  маңындағы шағын бақтарда, Спорт Сарайының, Республика Сарайының, Оқушылар Сарайының, Ғылым Академиясының алдында, кейбір сауда-сауықтыру орталықтарында қойылады.
- Алматы галереяларында Фестиваль қатысушыларымен мастер-класстар және  шығармашылық кездесулер өтеді.
- Фотостендтер Арбат пен Астана алаңының маңындағы шағын бақтарға орнатылады. Ал суретшілердің тақырыптық көрмелері Алматы галереяларынан орын алады.

Материалды дайындаған:

Айнұр Ракишева, Айжан Кәрібаева

Ad

Rate post

12

Comments

Login to comment