место в рейтинге
  • 84731
  • 88
  • 13
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Соғылды соңғы қоңырау! Енді - ҰБТ!

Мұғалімнің өмірі оқу жылдарымен өлшенеді. Ия, тағы бір оқу жылын тауыстық. Соңғы қоңырау соғылды. Бірақ бүгіннен-ақ "өткен жылды қалай және неге жұмсадым?" деген өзіме-өзім есеп беру әдетім миымды шағып барады. Сонымен қоса алдағы өмірге деген жауапкершілік те қабаттаса қалқып кеп тұр. Менің сондай, алдыңғы күнді аңсап тұратын "ауыруым" бар енді. Ал алда ең алдымен төбесі көрініп тұрған - ҰБТ! Мемлекеттік маңызға ие ауқымды уақиға келіп қалды. Оның менің жеке басыма тікелей қатысы жоқ секілді, мен оған қатыспаймын да, жоламаймын да. Бірақ... қатысы бар. ҰБТ-ның  бәрімізге қатысы бар екенін мен сізге қартайған ұстаз ретінде айтамын. Сонымен... ҰБТ-2012 туралы алғашқы да, соңғы да қоңырау емес бұл мақала!

ҰБТ - бүкілхалықтық есуастану бейнесәті
(БІЛІМДІ ҚОРҒАУ СӨЗІМ)

ҰБТ сахнасының қатынасушылары - оқушылар, олардың ата-анасы, мұғалімдер, білімді ұйымдастырушы-басқарушылар,бақылаушылар және... бөтен кімселер - ҰБТ-ның айналасында шыбындай үймелеп, "бизнес" жасаушы паразиттер.

Жағымды кейіпкерлер:

1) оқушылар - өз біліміне ғана сенетін, жоғары баллдарды өзінің жігерлі де табанды,   адал еңбегімен жеңіп алуға ұмтылатын, өте ақыл-парасатты, дарынды, еңбекқор,    биік мақсатты балаларымыз;

2) олардың ата-аналары - осы балаларды биік адамгершілікке тәрбиелеген, олардың білім-тәрбиесіне   бар мүмкіндіктерді жасаған, өз балаларының рухына, біліміне, болашағына және адал жеңістеріне   сенетін өте мәдениетті де адал адамдар;

3) мұғалімдер - оқушыларға өз уақытын да, күш-қуатын да аямай білім-тәрбие беріп, ҰБТ-ға дайындауда   өз кәсіби-адамгершілік парызын адал атқарған жандар;

4) білімді ұйымдастырып-басқарушылар - ҰБТ-ның барынша сапалы да әділ өтуіне бар мүмкіндікті жасап,   шынайы білімді, ел болашағын сеніп тапсыруға болатын балалардың әділ іріктелуіне аянбай күш салып    жүрген іскер жандар;

5) бақылаушы органдар - ҰБТ-ның барынша заңды да белгіленген тәртіппен өтуін, өзінің    мемлекеттік мақсаттарын дұрыс орындауын жіті қадағалап, ҰБТ аудиторияларына видеобақылау жүйелерін орнатып,   аудиторияларға адал да саналы кезекшілерді іріктеп, тәртіп бұзушыларды тап басып, жазалап, ҰБТ-ның мемлекеттік   мәні мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген тұлғалар;

Жағымсыз кейіпкерлер:

1) оқушылар - ҰБТ-ға аз ғана немесе тіпті ешбір дайындықсыз, "құдай қаласа өтіп кетермін"   деген болжаммен бара салатын, адал еңбекпен, біліммен мақсаттарға жетуге боларына ешқашан сенбеген және   сенбейтін "батырлар". Осы "шайтандар" ҰБТ-да шпор, сотка тағы сол секілді құйтырқы айналма жолдардың   небір күтпеген, қатал, сұмдық, арам түрлерін қолдануға тырысатын. Қандай жолмен болсын, ұтып шығу. Тосқауыл   боларлық ешқандай ішкі адамгершілік, қоғамдық, психологиялық қағидалар жоқ бұларда. Тек... сырттан кейбіреулер   кедергі жасағысы келеді. Бірақ бұлар қорықпайды, әлі де қорықпайды. Осы кезге дейін қорықпайды!..

2) олардың ата-аналары - осы "шайтандарды" дәл осындай етіп тәрбиелеген. Бұларға дәл осы бір сәттік бұзып-жарып өту   ғана маңызды, сол үшін десаулықтарын да, ақшасын да, басқасын да аямайды. Бұлардың "сатып" алынған осы "жеңістің"   өз балаларының болашақ тағдырына қаншалықты теріс әсер ететінін, ал ел болашағы туралы тіптен де, ойлауға мұршалары   келмейді. ҰБТ бұлар үшін - соғыс, тек ату керек, жою керек. Білімге, адамгершілікке, ақыл-парасатқа, ел мен Отанға,   өз балаларының болашағына қарсы оқ атады.

3) мұғалімдер - оқушыларына сапалы білім беру орнына шпор сататын, ҰБТ-дағы "уақытша бизнестерінің" салдарын ойламайтын,   мұғалім кәсібіне қаракүйе жағып жүрген жауапсыз ересектер. Өз оқушыларына білім мен рух бере алмайтын, олардың    болашағына сенбейтін селсоқтар.

4)білімді ұйымдастырып-басқарушылар - мектеп директорларын, яғни мұғалімдерді, ата-аналарды, оқушыларды  "ақылы ҰБТ" тапсыруға қарай әдейі икемдейтін, "өмірде ақысыз ештеңе жоқ" деген шолақ пәлсәпамен ҰБТ-ны   өзінің жекеменшік базарына айналдыратын, ешбір ішкі адамгершілік, кәсіби, қоғамдық... тіпті ешқандай   қағидалары жоқ ("олар кімде бар?!." деп мазақ қылады) "іскерлер". Бұлар үшін ел қамы, болашақ дегендер  ертегі немесе ескі қалжың.

5) бақылаушы тұлғалар - "ҰБТ-ның арынды бизнесмендеріне" оңай, бірақ қымбатқа сатыла салатын, титтей де   мемлекеттік ұғымнан жұрдай, қоғамға қарсы әрекет ететін "ақша машиналары".

Дәл осы тұлғалар 1-15 маусым аралығында "ойналатын" екі апталық Қазақстандық ҰБТ-2012 калейдоскобында шыргөбелек айналатын болады. Осыған дейін жағымды кейіпкерлеріміз ұтып келеді деп сенеміз, өйткені біз жылма-жыл ҰБТ-ны сабырмен көріп, көтеріп келеміз, тіпті... оған үйреніп, бауыр басып та қалдық. Тек... жағымсыздары - бүкіл картинаны бүлдіріп тұр. Тағы қалай бүлдіріп тұр! Бір қарағанда, тіпті бүкілхалықтық есуастану бейнесәтін көргендей боласыз!..

Ол, жағымсыздарды, қалай жөндейміз енді?!. "Құнысты табыт туралайды" ма?!.

"Зиян ҰБТ-да емес, өздеріңде..." - деп сыбырлайды бір ішкі дауыс.

Ой-буй, ұмыта жаздаппын-ау - паразиттерді бармақпен езіп жойыңдар!

26 мая 2012, 21:49
2266

Loading...

Комментарии

Жазылғандардың бәріне келіссем де, одан басқа, тестке жақсы альтернатива жоқ сияқты. Адам факторын жоққа шығаратын емтихандар әлі ойлап табылмаған.
bk
0
0
Ия.
"Зиян ҰБТ-да емес, өздеріңде..." - деп сыбырлайды бір ішкі дауыс. - соңынан екінші қатар.

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

Министерство труда и соцзащиты провело через парламент очередной крайне неоднозначный закон, который может вызвать всплеск недовольства в стране.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 11:17
  • 28255
  • 21
Самый большой мошенник в стране: об эффективной схеме развода «Казахтелеком»

Самый большой мошенник в стране: об эффективной схеме развода «Казахтелеком»

История о том, как Народный провайдер наваривается на своих клиентах, намерено не отключая услуги, и беря лишние деньги за ненужные и не оказываемые услуги.
ligaspravedlivosti
17 нояб. 2017 / 19:12
  • 25087
  • 182
«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

Заранее отпишусь, данный пост не является попыткой оскорбить собственную нацию) Как говорится о вкусах не спорят, каждому свое.
Bonittta
16 нояб. 2017 / 14:28
  • 15218
  • 372
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
17 нояб. 2017 / 11:00
  • 11015
  • 56
Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Подтверждаются худшие предположения, циркулирующие в соцсетях. Периодические исчезновения детей в разных регионах Казахстана объясняются не только семейными проблемами и «синими китами».
openqazaqstan
16 нояб. 2017 / 15:46
  • 7710
  • 54
О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

В объективности выводов швейцарского банка Credit Suisse усомниться трудно – его экономические рейтинги относятся к самым авторитетным и их явно трудно упрекнуть в предвзятости
openqazaqstan
18 нояб. 2017 / 17:21
  • 6520
  • 83
Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Отдельные инициативы некоторых российских чиновников вызывают в Казнете приступы просто-таки гомерического ржача. Женщин в регионе – пруд пруди, а вот мужчин, с которыми они могли бы создать семьи, не хватает.
openqazaqstan
14 нояб. 2017 / 15:55
  • 2976
  • 18
Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Сегодня в прессу просочились детали скандальной сделки ЕНПФ с «мусорными» облигациями ТОО «Бузгул Аурум», о которой уже подробно рассказывалось в начале года.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 16:13
  • 3289
  • 21
Незамужняя женщина после 25 лет – «девальвирующийся актив»?

Незамужняя женщина после 25 лет – «девальвирующийся актив»?

Много блогеров, да и обычных пользователей на разных платформах и в реальной жизни говорят об этом. Некоторые поддерживают давление на девушек, кто-то защищает права девушек в этом вопросе.
Kduarova
15 нояб. 2017 / 19:27