Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
00:50, 26 мая 2012

Халықтың жазалаушысы болмаңыздар!

Blog post image

Белгілі театр режиссері Болат Атабаев Ақтаудағы сот процестерін жүргізіп отырған соттарға арнайы үндеу жасады. Ол соттарды қарапайым мұнайшыларды заңсыз түрмеге қамамауға, саяси репрессияларды жүргізуге көмек бермеуге және режимнің қол шоқпарына айналмауға шақырды. Төменде мәтіннің толық нұсқасын ұсынамыз.

Мен, Атабаев Болат Манашұлы, Қазақстан азаматы, адамдар тағдырын шешуге, оның қаншалықты деңгейде айыпты екенін және қандай түрде жазалау керектігін Конституциямен аса жоғары сеніп тапсырылған азаматтарға үндеу тастаймын.

Тоталитарлық билік жүйесі сот жүйесін саяси жазалау мен руаралық қақтығыстарды шешу құралына айналдырды. 2012 жылы жаппай қамаулар жүргізіліп жатыр. Тергеу кезіндегі заң бұзушылықтар, тергеудегі адамдарды азаптау, адамгершілікке жатпайтын әрекеттер көрсету, жабық түрде өтетін сот процестері мен тапсырыспен шығарылатын үкімдер күнделікті қалыпты жағдай болып кетті.

Мемлекет репресиялар мен қорқытудан мезі болды. Ал сіздер ар азабынан шаршамадыңыздар ма? Өйткені, дәл Сіздер бірінші болып заңсыздықтың негізін қаладыңыздар.

Дәл сіздердің аттарыңыз тарихта отандастарымыздың ар-намысын жерге таптатқанның үлгісі болып қалады. Қазіргі таңда ешкім өзін қауіпсіз сезіне алмайды. Президентке адал қызмет еткендермен саясаттан тыс жүрген адамдар түрмеге қамалды.
Әлеуметтік және діни араздықты қоздырды деген миға сыйымсыз айыптаулар бойынша адал азаматтардың кінәлі атануына басты себеп сарайдағы интригалар болып саналады.

Мұхтар Жәкішевке қатысты сот ісінің құпия түрде өтуі биліктің өз халқынан жасыратын құпиялары бар екенін білдіреді.
БТА Банкі бойынша соңғы сот ісінде еш кінәсі жоқ азаматтар кінәлі атанды. Бұл үкім өзінің кінәсін жасыру үшін тергеу мен сот істерін бақылауға алған нағыз ұрлықшылардың бұйрығымен шығарылды.

Ал шын мәніндегі қылмыскерлер Сіздердің қолдарыңызбен қылмыс жасап келеді. Биліктің жемқорлыққа толуы сіздердің заң өкілдерінен бірден заңсыздықтың бейнесіне айналдыңыздар!
Ойланыңыздар!

Өз тағдырымызды таңдаудың қиын екендігін бәрін білеміз. Бірақ, масқара болғанша, ар-ұятқа жүгіну әлдеқайда дұрыс. Сіздердің замандастарыңыз, кейінгі ұрпақтарыңыз сіздерді тек қол астындағы баскесер ретінде ғана емес, азаматтық іске да бара алатын адам ретінде есте қаласыздар.

Мен сіздерге өзімнің кінәлі еместігімді айтқым келеді. Сіздердің халыққа қарсы жасаған қылмыстарыңыз ескерусіз қалмайды. Сіздерді қорғаушы жоғары қызметтегі тұлғалардың бұйрығы астында жазаланбай қалмайсыздар. Елімізде бәрібір демократиялық жүйе орнап, әлі де әділ сот салтанат құрып, қалпына келеді.

Дәл осы жүйеде барлық қылмыстарыңыз үшін жауап бересіздер! Біз сіздерді халықтың жазалаушылары (баскесерлері) болмауға шақырамыз! Сіздер қазіргі билікті өзгерте алмасаңыздар да, олардың қанды қол қылмыстарынан аулақ бола аласыздар!

http://rukhpentil.org/?p=985

1
462
0