Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
4
11:01, 25 мая 2012

Неге а?

Неге? ...Неге адамдар қандай екенімізді білмей жатып, сыртымыздан теріс сөйлейді? Неге «маған бәрібір» деп болашаққа бей-жай қарайды? Неге тек өзінінің басын ғана ойлайды? Неге «өййй!» қол сілтеп, үмені «менің қолымнан келмейд» деп ойлайды? Неге айтқаныңды дұрыс түсінбестен, кінәлап, айыптайды? Неге өзіңнен кіші саған ақыл айтса, «сен маған үйретпеш» деп, оны менсінбейді? Неге біреу құлап немесе жығылып кетсе, күледі? Неге «мен сондай, мен мұндаймын» деп өзін төмендете береді? Неге жігіттер «қазір қыздардың бәрі бұзылған ғой» деп ойлайды? Неге қыздар ақ боз ат мінген ханзаданы армандайды, қарапайым болса да, рухани бай жанды емес?

Неге ақша су сияқты, құнсыз, неге үнемі керек болады да тұрады? Неге жастар өзінің ұнатпайтын әншісінің суреттерінің астына ұялмастан жаман сөздермен коммент жазады? Неге осы майл агентте ешкімге жауап жазбасаң, себебін білместен бірден «игнорировать» етеді немесе жігіттер жағы «боқ сөздер» жазып көңіл-күйіңді түсіреді? Неге адамдар тойға, қонақтыққа «бәрібір бәрі кешігіп келеді» деп ойлап, өзі де (әдейі) кешігіп барады? Неге автобустағы орта жастағылар «орын бер» деп, (сенін қандай күйде тұрғаныңа қарамастан) қасыңа жетіп келеді, неге жігіттер қыздарға орын бермейді? :) Неге кей қыздар біреумен ренжісіп қалса, өмірі көрместей боп, сол адаммен сөйлеспей қояды? Неге өткен күндер қайтып келмейді? Неге жеткіншектер «тез есейсек екен» деп армандайды? Неге басқа жан біреуге ұнайды да, мен оған ұнамаймын? :) Неге үнемі асығамызда жүреміз? неге қайдағы бір фильмге бола кейде эмоцияға беріліп, әртістерге жынданамыз?

Blog post image

Неге кез келген сатылымдағы заттар жылдан-жылға қымбаттап жатыр, арзандап емес?

Blog post image

Осылай айтып, тізе берсем, "Неге?" деген сұрақ көөөөөп менде. Неге? Неге? Тағы да неге?

 
4
1762
4