Асау жүрек махаббатты жаратты...

Dauren Kubeyev 2010 M01 7
1904
5
0
0

Асау жүрек махаббатты жаратты, Барша әлемге шапағатын таратты. Қазақ бала қазақ жерін сүймесе, Ата-анасы қай тесікке қарапты?! Қазақ жүрек қазақ сырын білмесе, Өз тілінде жыр әндетіп жүрмесе, Туған...

Асау жүрек махаббатты жаратты,
Барша әлемге шапағатын таратты.
Қазақ бала қазақ жерін сүймесе,
Ата-анасы қай тесікке қарапты?!

Қазақ жүрек қазақ сырын білмесе,
Өз тілінде жыр әндетіп жүрмесе,
Туған жерін анасындай сүймесе,
Ондай жанның отауына кірмес ем.

Мұндайларды қазақ жанды демес ем,
Өз еліме өзге ел жоқ теңесер.
Шала жансар адамдары болмаса,
Шүкір етем, қазақи жер, ел есен.

(с) Daure6

Оцените пост

0

Комментарии

0
жарайсың,
0
жақсы! неге минус қойғандарын түсінбедім
0
Пікірлеріңізге рахмет!
0
пай! Пай! қандай керемет! Маған ұнады
0
тамаша бауырым маган катты унады
Показать комментарии
Дальше