Иван Фенье: «Махаббат дертіне ұшырай білудің өзі бір бақыт»

Алия 2012 M11 2
2403
7
8
0

Мамыр айының 13-жұлдызынан бастап 19-на дейін Алматыда Еуропалық кино апталығы болып өтті. Апталық Еуропаның сегіз елін (Польша,Франция, Германия, Италия, Швеция, Латвия, Венгрия, Ұлыбритания)...

Мамыр айының 13-жұлдызынан бастап 19-на дейін Алматыда Еуропалық кино апталығы болып өтті. Апталық Еуропаның сегіз елін (Польша,Франция, Германия, Италия, Швеция, Латвия, Венгрия, Ұлыбритания) таныстыратын сегіз түрлі туынды ұсынған еді. Алғашқы күні көрерменге жол тартқан Венгрия елінің танымал кинотуындысы «Еркіндік, махаббат» (2006)  фильмі. Кристина Года картинаның режиссері ретінде танылса, басты рөлдегі кейіпкер Карчиді сомдаушы Венгрияның танымал актері Иван Фенье апталықтың ашылу салтанатына арнайы қеліп қатысты.

dailynews.kz

Американдық режиссер Сем Мендестің Оскар сыйлығын жеңіп алған «Jarhead» («Морпехи» 2005) фильміндегі теңіз жауынгері Пинконы білесіз бе? Жүйріктердің ішіндегі тұлпар секілді танылған фильмнің кейіпкері Пинконы сомдаушы венгерлік атақты актер Иван Фенье болатын. Бұл киноға түсу үшін Фенье Ирактағы әскерге жіберілетін жауынгерлердің әскери дайындығынан өткен болатын. Одан кейін де венгер халқының көзайымына айналған бірнеше картиналарда да актерлік қызметін атқарған. «S.O.S love» (2007), «Тоғыз жарым кездесу»(2008), «Венгрияда жасалған» (2009),  «Tour» (2009) және тағы да басқа фильмдерде ойнаған актерден сұхбат алудың сәті түсті.

- Қазақстанға арнайы ат басын бұруыңыздың себебін түсіндірсеңіз?


Иван Фенье 1979 жылы 15 маусымда Будапештте туылған. Актерлік шеберлікпен таныстығы Маргит Фёльдеши студиясынан басталған. Одан кейін «Жаңа Театр» студиясында оқып, жұмыс істеген. 2003 жылы Будапештегі Театр және кинематография өнері институтын тәмамдап, Йожеф Катона атындағы театрда да қызмет атқарған. Шекспир, Достоевский, Мольер,Чехов, Питер, Естерхази қойылымдарында рөлдерді сәтті алып шыққан.

- Шынымды айтсам, Қазақстанның орналасу нүктесін жобамен ғана білетін едім. Дегенмен, бұл елмен толық танысқаныма қуаныштымын. Қазақстан адамдарымен танысып білу мен үшін үлкен мәртебедей болды. Келу себебім - еуропалық кино апталығының тұсау кесеріне қатысу.

Өнер өлмейтін дүние болғандықтан, қашан да бағасын жоғалтпайды. Өнер Қазақстанда тірі екеніне қуаныштымын. Тауға өрмелеу спорт түрімен айналысатындықтан, тау мен үшін ерекше ұғым. Бір досым «Хантәңірін бағындырамын» деп бәсекеге түскен еді. 6995м биіктікті «бағындырамын» деп жүргенде, қар құлап, әзер дегенде аман қалған. Алып та, қаһарлы таудың орналасқан жеріне келуімнің өзі мен үшін бақыт. Қазақтар бұрынғы Моңғол хандығынан тарағандығы туралы хабардармын. Әсіресе, Орта Азияны жаулап алған қолбасшы – Шыңғысханның ерлігі таң қалдырады.

- «Еркіндік, махаббат» картинасындағы рөліңіз туралы айтар болсақ, оны қалай алып шықтыңыз? Картинаны өз көзқарасыңызбен таныстырсаңыз...

- Аталмыш фильмде мен басты рөлді сомдаймын. Кейіпкерімнің аты – Карчи Сабо. Ол ватерпол құрама командасының капитаны, лидері. 1956 жылғы революция кезінде оның мансабы, жарқын болашағы бұлыңғыр болып, ең ақырында сүйген қызы мен командасының арасынан біреуін таңдауға тура келді. Рөлді алып шығу маған  қиын бола қоймады. Себебі, өзім спортпен айналысқандықтан, кейіпкерімнің психологиясы мен жанына оңай кіріп алдым. Жанры мелодрама болғанымен, тарихи оқиға да қабаттасып, шығарманың өзектілігін арттырып, оқиғаны шиеленістіріп, күрделендіре түседі. Бір ұжымның қиналысы мен қуанышын көрермен ғана бағалай алады. Өзіме ұнағанымен, көрермен жүрегіне ой тастай алмаса, еңбек пен өнердің, шеберліктің текке кеткені.

- Басты рөлді сомдау бақыты сізге қалай бұйырды?

- «Рембо» фильмі продюссерлерінің бірі болған Эндрю Дж. Вайна картинаға басты рөлге актер керек екендігін айтқан соң сценарийді қарап шығып, келісім бердім. Кастингке белгілі венгерлік әртістердің барлығы шақырылды. Мыңның ішінде бір болып, кастингтен сүрінбей өтуім - бағымның жанғандығы болар.

- Сүйікті актеріңіз немесе идеалыңыз кім?

- «Әйел иісі», «Scarface», «The Godfather» сынды киноларда кейіпкерлерді сомдап, актерлік шеберлігінің мықты екендігін, өмір тәжірибесінің көптігін дәлелдеген – итальяндық Альфредо Джеймс «Аль» Пачино.

- Жеке басыңызға қатысты бір сұрақ - махаббатқа сенесіз бе? Сүйіктіңіз, балаларыңыз бар ма?

- Өнер адамы махаббатқа сенбеуі мүмкін емес шығар. Әрине, махаббатқа сенемін. Сенім мен үшін ең маңызды қасиеттердің бірі. Ғашық болып, сүйе білу, жалпы, махаббат дертіне ұшырай білудің өзі бір бақыт. Отбасын құрмағанмын.

- Осы жасқа дейін отбасыныңыз неге жоқ? Жасыңыз біразға келді дегендей...

- Осы жасқа дейін бойдақ жүруімнің себебі - шынайы махаббатымды кездестірмегенімнен болар. Ол жағын білмедім. Солай болды. Қазір бір сұлумен кездесіп жүрмін және мен оны өзгеге айырбастамаймын (күліп).

- Каскадерлікпен айналыстыңыз ба? Әлде қиын трюктерді дублер орындады ма?

- Өкінішке орай, біздің продюссерлер каскадерлікпен айналысуға, қылтимадан қылтимаға секіруге тиым салды. Егер маған каскадерлікпен айналысу керек болса, қиналмастан секіріп, жүгірер едім. Продюссерлеріміз түсірілім алаңындағы кез келген жағдайға жауап береді. Сол себепті де дублермен жұмыс жасауға тура келеді.

- Ата анаңыз өнерге жақын болды ма? Неге өнерді таңдадыңыз?

- Ата анамның өнерге жақындығы болғанымен, кино және театр саласында емес. Әкем түрлі фигураларды, ойларды келістіріп салады, ал анам – әнші. Отбасымызбен джазды сүйіп тыңдаймыз. Әке шешемнің өнерге жақындығы мені кино мен театр саласына әкелді. Бірақ институтқа түсу қиын болды. Екі рет түсе алмай, үшінші рет қайта тырысуымнан кейін институтқа түстім. Өнер саласын өмірлік кәсіп ретінде таңдағаныма өкінбеймін.

- Театрда қойылымдарда ойнайсыз, киноиндустрияға да үлес қосып жатырсыз.  Басқа қандай әуестігіңіз бар?

- Жан-жақты адаммын дей аламын. Тауға өрмелегенді жаным сүйеді. Биік шыңды бағындырған сайын өзіңе деген сенімің арта түседі. Фортепианода ойнаймын. Дзюдомен, йогамен айналысамын. Театрдан гөрі киноиндустрияны ұнатамын. Бұлардың барлығы менің хоббиім десем болады.

- Қазір немен айналысып жатырсыз?

- 2012 жылы «Шексіз әлем» атты сериал жарыққа шықты. Шығарманың бір ғана кезеңі түсірілді. Жалғасы бар деп үміттенеміз. Соңғы уақыттары актерліктен уақытша демалып, өзімді продюссерлік бағытта сынап көрмекпін. Фильм түсіргелі жатырмын және басты рөлде өзім ойнайтын шығармын.

- Бұл фильмге әртістерді қандай талаптар бойынша таңдамақсыз?

- Кино түсіру саласында шеберлік маңызды. Сценарий бойынша талаптарға сәйкес келу-келмеуі, актердің болмысы ұжымға ұнау-ұнамауы, рөлді  алып шығу мүмкіндігі деген сияқты талаптар бойынша таңдаймыз. Кейіпкерге актер таңдау жігіт өзіне қыз, қыз - жігіт таңдаумен бірдей екен.

- Сұхбатыңызға рахмет! Жұмысыңызға табыс тілейміз!

Сұхбаттасқан Рысгүл Мәтжанқызы


Оцените пост

8

Комментарии

1
Мадиярлар, жарайсыңдар!
1
Бірақ анда-санда картаға қарап тұрған дұрыс болар, Қазақстан - ірі мемлекеттердің бірі, оны байқамау мүмкін емес.
0
ия! дегенмен шығармашылық адамдардың өмірге деген қызығушылығы басқа қырынан болар сірә!
0
Мадиярлар?
0
венгрлер ғой. Қазақтар баламалап мадияр немесе мажар деп те атай береді. қазақтың мадияр руы мен венгрлер бір тайпадан тараған дейді ғой зерттеушілер.
Показать комментарии