Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:04, 23 мая 2012

Каппадокия – махаббат ордасы!

 

Blog post image

Қазір «31 арна» эфирінен беріліп жатқан «Әуе. Жер. Ғашық» телехикаясы оқиғаларының тартымдылығымен ғана емес, телетоптама түсірілген орынның табиғатының әдемілігімен де көрермен назарын өзіне аударды. Басты рөлді сомдаған – Бирче Ақалай мен Мұрат Уналмыш – телехикая түсіріліп жатқан Каппадокия жері туралы әсерлерімен бөлісті...

Каппадокия табиғатының әдемілігімен және ғасырлар бойы салынған жерасты қалаларымен, таудан қашалған ғибадат орындарымен әйгілі. Бұл табиғаттың өзі жасаған керемет орын.

Басты рөлдегі Хавваның рөлін сомдаған актриса Бирче Ақалай, Каппадокиямен өзінің арасында беймәлім тылсым байланыстың бар екенін айтады.
«Мен Стамбулды өте қатты жақсы көрем, одан тыс жерлерде жұмыс істеу маған қиын. Үнемі жұмыста болғандықтан, қалыптасқан әдеттерім бар. Түсірілім барысында мен үйімді қатты сағынамын. Алайда, Каппадокия жайлы орын екен, мен бұл жерден жаныма сая таптым. Бұл өте ерекше жер, тіпті оған бауыр басып кеттім.
Стамбулдан келгенім кеше және достарыма қашықтыққа бұрынғыдай қатты қиналмайтынымды айтам. Бұл орынды аралап көруге бұрын мүмкіндік болмағаны өкінішті. Стамбулға оралғанда осы өңірдегі үйлесім мен тыныштықты аңсай бастаймын»,-дейді актриса.

Бирченің өмірінде бұл аймақтың маңызы ерекше, өйткені дәл осы жерде хикаяның түсірілімі баысында ол болашақ жары – Мұрат Уналмышты кездестірді. Олардың хикаядағы махаббаты, шынайы өмірде үйлену тойымен аяқталды.

Blog post image

Мұрат Уналмыш (Юсуф) осы жердің тумасы, сондықтан да бала кезінен бұл өңірді жиі аралаған. Дарынды актер түсірілім жұмыстары басқа емес, дәл осы Каппадокияда өтіп жатқанына қуанышты.

«Менің пікірімше, телехикаяның табысты болуының негізгі себебі де осы. Мен, жақын маңда орналасқан Кайсериденмін, алайда Каппадокияның кереметін бұрын-соңды дәл осылай сезініп көрмеппін. Бұл шынында да өте әдемі орын, мен үшін маңызы да ерекше. Бұрын мұнда ата-анама еріп келетін едім. Ал түсірілім жұмыстарына келгенімде өзгеше бір тылсымды сезіндім. Бұл орынның айрықша жағымды қуаты бар»,-дейді актер.
Хикаяның режиссері Атил Инанш айрықша орында, айрықша өнер шеберлерімен жұмыс істеп жүргеніне сенімді. Атилнанштың ойынша, телехикаяның көрермендерді тартуына Каппадокияның жағымды қуатының да әсері ұшан-теңіз. Режиссер: «Менің тобымда тек кәсіби мамандар жұмыс істейді, оларға менің алғысым шексіз. Түрік телехикаяларының басым бөлігі соңғы жылдары Стамбулда түсірілді, қала да көрермендерді жалықтырып жіберді. Каппадокия – өте әдемі, ол көпшііктің назырына тұрарлықтай орын».

Топрақтың рөлін сомдаған Селен Сойдер де бұл өңірге ғашық екенін айтқан болатын. Дарынды актриса Каппадокияда жұмыс істегеніне қуанышты болғанын мойындаған еді.

Телехикаяның жалғасын дс-жм 21:30-да көріңіздер!

0
1133
0