Телемонтаж арқылы PR материалды берудің визуалдық әсері.

karlyga 2012 M05 23
738
0
1
0

 Телемонтаж арқылы PR материалды берудің визуалдық әсері.        Монтаж кино өнерінде, киноэпизод пен жалпы фильм тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында кинофильм кадрларын құрастыру тәсілі. Монтаждау...

 Телемонтаж арқылы PR материалды берудің визуалдық әсері.

       Монтаж кино өнерінде, киноэпизод пен жалпы фильм тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында кинофильм кадрларын құрастыру тәсілі. Монтаждау кезінде фильм мазмұны, бейнелеу құралдарының орнында қолданылуы, ішкі ырғақ ескеріліп отырады. Монтаж - фильмнің идеялық-көркемдік қасиетін ашудағы ең қажетті элементтерінің бірі. Режиссер Монтаж арқылы өтіп жатқан оқиғаның әрбір эпизодтарындағы мазмұнды көрінісін көрнекілендіріп отырады. Дыбыссыз кинодағы Монтаждың рөлі зор. Ол көп жағдайда дыбыс ролін атқарады. Кино өнерінде дыбыстың пайда болуына байланысты монтаждау тәсілдері арқылы бейне мен сөздің, музыка мен шудың үйлесімділігі сияқты жаңа проблемелар шешілетін болды. Монтаждық үлгіні дамытып, оны жетілдіру саласында Д.Вертов, А.П. Довженко, Л.В. Кулешов, В.И. Пудовкин, С.М. Эйзенштейн, С.И. Юткевич сынды кино қайраткерлерінің шығармашылығы тәжірибесі үлкен роль атқарды. Қазақстан кинематографиясындағы Монтаждың үлгілері Ш.Айманов пен О.Әбішев, т.б. шығармашығынан көрініс тапты.Телемонтаж арқылы PR материалды берудің визуалдық әсері көп. Мысалы:жарнама индустриясы мен PR саласында «ХАБАР» Агенттігі» АҚ продакшн мүмкіндіктері мол әрі нәтижелі. Мұндай мүмкіндіктер тапсырыс берушінің алға қойған мақсатына жетуіне септігін тигізеді. Өйткені Агенттіктің техникалық потенциалы мол (түсірілім павильондары, техникалық мамандар, камералар және т.б.) бар. Бүгінде техникалық мүмкіндіктерінің молдығына байланысты Агенттікте телетоптамалар, телевизиялық бағдарламалар, музыкалық клиптер, корпоративті және деректі фильмдер, дыбыс жазу, дубляждауға болады).

Оцените пост

1
Дальше