Ғаламтордың қыр-сыры

bolat1 2012 M05 28
826
0
1
0

Ғаламтордың қыр сиқырлары...

"Қазақстан" телеарнасы және Қазақ радиосы "Дала дауысы" атты мүшәйра өткізіп жатыр. Сонысы ең үздік әншіні табу мақсатымен жасалып отыр. Нәтижесінде кім болар екен деп қадағалап жүрмін, байқағаным кей бір әншілерге дауысты тіпті көп беріп жатыр.

Онысы қалай болуы мүмкін деп тексеріп едім, мүшәйра иелері бір қате жіберіпті. Соның кесірінен, білген адам қалаған әншісіне шексіз дауыс бере алады. Мәнісі былай. Ғаламторда "Cookies" (қазақшасы "қоқыс") деген ақпарат қолданылады. Соған қарап сервер келген адамның анығын тексереді. Мысалы осы парақты ашып, қасиеттерін ашасың.

Ол жерде "View Cookies" түймесін басып ары қарай кіресің.

Осы жерде барлық қоқыстар жазылған. Енді "Remove All Cookies" түймесін басып барлық қоқысты жоясың. Осы әрекетпен сен өзіңді қайтадан жаңа қолданушы ретінде мүшәйраға айтасың. Ол саған қайта дауыс беруге рұқсат береді. Мүшәйра иелері осы қате туралы білмеді ме, әлде қолданушылар қоқыс жинамайды деді ме, кім білсін... Осы мақаланы оқып олар өз қатесін түзеп, шынымен ең үздік әншіні табар деген үмітім бар!

Одан ары ғаламтордағы МР3 әндерін қалай көшіруге болады екен деп тексердім, мысалы осындай тамаша ауыл бар ғаламторда. Ол жерде әуенді тыңдауға болады, ал көшіруге болмайды, заң рұқсат бермейді. Дегенмен, ауыл иелері қате жіберді, содан сазды әуендерді көшіруге мүмкіндік пайда болды. Тіпті екі жолы бар.

Бірінші амалы: ғаламтордағы тегін таратылатын Freez Video Capture атты бағдарды көшіріп, монитор мен динамиктен естіліп көрсетіліп жатқанның бәрін көшіріп алуға болады. Одан ары оны тегін таратылатын Any Video Converter арқылы МР3 форматқа ауыстырып алуға болады. Жұмысы көп болғанымен, нәтижесі сенімді болады.

Екінші амалы: жаңағы ауылдың парағын ашып, HTML кодын (көдін :) ) тексеру. Бізге керегі МР3 құжаты болғандықтан оны код ішінен іздейсің.

Солай керек әуеннің қайда жатқанын табуға болады. Одан кейін өзің HTML параған жазасың осылай:

Енді осы парақты кез келген ғаламтор шолушы (браузер) арқылы ашып өлеңді көшіріп аласың. Тек ескерту керек біреудің затын рұқсатсыз алу, біздің заманда заңсыз деп есептеледі! Тек түсінбейтінім, мысалы мен рұқсатсыз ауамен дем аламын, жауынмен, жапалаған қармен, желмен пайдаланып жүрмін, осы әрекетім неге қылмыс болып есептелмейді екен?

Оцените пост

1