место в рейтинге
  • 212545
  • 181
  • 41
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қабанбай батыр, көзелім!

Қарақұлының Мұхаметшесі (Мұхаметжан) деген қария 1953 жылы бір кездескенімде: «Қарағым, бұрынғы даналар айтқан сөз еді, ата-бабаларымыз бізге жаттатты, енді сендер жазып алып сақтаңдар, түбі бір кәдеге жарар, «асыл пышақ қап түбінде жатпас», – деп бір тоқтап, одан әрі былай дегені есімде, – қазақ-қалмақтың жаугершілігі заманында үйсінде Сарышуаш жырау деген көріпкел әулие өтіпті. Жақынды жақыным деп өзіне тартпайды екен, алысты алыссың деп бетінен қақпайды екен. Бидің әділіне көшіп отыратын қасиетін қадірлеген елі алдынан батасын алып тарасатын болған. Қабанбай батырдың науқасы сал тартып жатыр дегенді естіп, Сарышуаш шешен елінің игі жақсыларын ертіп, көңілін сұрауға барады. Сонда осы толғауды айтады» – деп әңгімелеп еді. Сұңғыла қария 1964-1965 жылдары шамасында Жансүгіров селосында (Талдықорған облысы Ақсу ауданы) 100 жасқа тақап барып дүние салды. Әңгімеге Бүркітбек, Бұқпантай деген ақсақалдар да қатысып, толғаудың кейбір тұстарын толықтырып отырып еді.

 

Әбдікәрім ХАСЕНОВ,

Тарих ғылымдарының кандидаты

Уа, Қабанбай, көзелім,

Ескіден қалған көз едің.

Жақсы мен жайсаң жиналса,

Жылқыда қылаң, боз едің.

Батырлық, ерлік дегенде,

Жайылған жұртқа сөз едің.

Қайғы шеккен еліңнің,

Жылағанын жұбатып,

Қисайған көшін түзедің.

Айтып, айтпай не керек,

Күндерден күн озғанда,

Жатырмысың, есіл ер,

Тәңіріден тілеп тез өлім.

Қабанбай науқас дегенде,

Үш күн, үш түн ұйықтамай,

Өртенді, күйіп өзегім.

Сонда-дағы жарқыным,

Қусырма жақты сарнатқан,

Айтсам ба деп келіп ем,

Көңілге демеу – сөз емін.

Дулатқа салдым бір хабар,

Албанға жетті бір шабар.

Үйсіннің жиып кісісін,

Арыздасып қалсам деп,

Арқаға тарттым бір сапар.

Ат жалын жартып мінгелі,

Жорықта талай жүрістім.

Қалмақтағы Қалден хан,

Қалден ханмен ұрыстың.

Ақиған, астам ноянын

Ағып өтіп құлаттың.

Солқылдаған мырзасын,

Соғып өтіп сұлаттың.

Ат шашадан қан ақты.

Қан шашырап таң атты.

Қанға ұйып, күн батты.

Жамандарға жан тәтті,

Сараң байға мал тәтті,

Үйінен шықпай бұғысты.

Зарпыңа шыдамай,

Телімі шығып, тентіреп,

Аңыраған көп қалмақ,

Жөңкенің арғы бетіне,

Ереннің күнгей шетіне,

Қонысын тастап, ығысты.

 

Қол ағасы ер Қабаң,

Құжынаған Қытайы,

Қаптап топан суындай,

Жердің жүзін басқанда,

Заман ақыр болды деп,

Жан-жағына алақтап,

Хан Абылай сасқанда,

Бастырман деп жерімді,

Бермеймін деп елімді,

Есенгелді, ер Шоңай,

Ат шапшытып аспанға,

Жекпе-жекке шақырып,

Айбат шегіп, ақырып,

Кес-кестеп алдын тосқанда,

Қой дегенге қоймаған,

Жау бетінде ойнаған,

Қанды балта Тауасар,

«Қаптағайлап» қасақайып,

Шөбіне шауып барғанда,

Жылан жеп, жуа сасыған,

Күш-қайраты тасыған,

Когүн деген бір заңғар,

Кезегіне алғанда...

Үркер мен айдай тоғысып,

Қылыш, найза қағысып,

Жекпе-жек ұрыс салғанда,

Бұдан да жан қалмас деп,

Қалың қазақ қайғырып,

Күдер үзіп қалғанда...

Батагөйі ер Таңат,

Төске шапқан өр Таңат,

Ат қоюға оқталып,

Сабыр ғып, тағы тоқталып,

Бір суырып қылышын,

Қынына қайта салғанда,

Қытай, қазақ демігіп,

Қараумен көзі талғанда,

Жасаған ием жар болып,

Қапысына келтіріп,

Ер Когүнді өлтіріп,

Тауасар сынды батырың,

Басын кесіп алғанда,

Матайдағы Майлыбай,

Қасқарауда Молдабай,

Дулаттағы ер Бөкей,

Тәттібай мен Олжабай,

Керейдегі ер Жабай.

Көкжарлы Барақ, Тұрсыметбай,

Көтеріліп көп қазақ,

Ата аруағын шақырып,

Айқай-сүрең салғанда,

Қаракерей Қабанбай,

Ту түбінде тұрғансың...

Қу дауысты Құттыбай,

Бұқар жырау, Сарышуаш,

Кеңесіне мойын бұрғансың,

Шамырқанып, шамданып,

Қубасқа қамшы ұрғансың.

Қалың тобын қақ жарып,

Дұшпанды қойдай қырғансың.

Зарпыңа шыдамай,

Телім боп кәпір жосқанда,

Батырдың қарты Бөгенбай,

Қайратқа қайрат қосқанда.

 

Өткен күнде белгі жоқ,

Көнелерге қанықтай,

Балаларға танықтай.

Сол ерлерді көргенмін,

Жазмыштан озмыш жоқ деген,

Салғанына тәңірінің

Әу бастан-ақ көнгенмін.

......................................

Арғы атасы Сейілхан,

Сейілханнан тараған,

Сегіз арыс түрікпен,

Қызылбастан қыз даулап,

Балқан таудың басынан,

Арлы-берлі үріккен.

Қабанбайлап шапқанға,

Кақ айрылып жол берген,

Қабанбайдан келдім дегенге,

Атынан түсіп қол берген,

Жиделі-Байсын жайлаған.

Келелеп түйе айдаған.

Тоқсан баулы өзбек-сарт.

Самарқаны сансыз бап,

Бұқара-Шәріп арасы,

Қабанбай десе тақ ұрған,

Найза ұстаған баласы.

Дұғасынан тастамай,

Бата оқыған бабасы!

Ер Қабанбай, көзелім,

Ескіден қалған көз едің.

Байсалменен ойласам,

Қайратыңа бақ тұрған,

Абылай сынды төреңіз,

Қасыңа әкеп тақ құрған –

Тоғыз таңба Найманнан,

Тоғыз құйрық ту алып,

Тоғыз түмен қол шықса,

Қол ағасы – Қабанбай!

Алты шекті Арғыннан!

Алты құйрық ту алып,

Алты түмен қол шықса,

Қол ағасы – Қабанбай!

Тоқсан баулы өзбек пен,

Қол құйрықты, қыл жалау

Қанды телпек, сексен шоқ,

Қалмаққа жорық – жол шықса.

Күн көзіне сыймаған,

Ай жүзінде айылын жимаған,

Алаштың ауыр қолына,

Ағалыққа ұнаған –

Дарабозым – Қабанбай!

Қарындасқа қайырым,

Ата-баба ісі еп,

Көтеріліп күллі алаш

Ат құлағын теңесе,

Қаракерей Қабанбай,

Қол бастарлық кісі деп,

Өзіңді аға тұтынған,

Жұртыңа тіле амандық.

 

Уа, Қабанбай, көзелім,

Ескіден қалған көз едің!

Бұл науқастан сауықсаң, –

Еркелігін кешірген,

Ақ сүтін беріп өсірген, –

Қуанатын өз елің!

Бұл науқастан оңалмай,

Бақиға бет бұрсаң, –

Жау тиді десе жат алмай,

О шетіне бір шыққан,

Бұ шетіне бір шыққан,

Көкіректі кек кернеп,

Көз жасыңды мың сыққан –

Жылайтын тағы өз елің!

Ажалға берсін сабырлық,

Тәңіріден соны тіледім.

Айырылған соң тең-тұстан,

Мен қартыңда сән бар ма?!

Кеудеңнен ұшса шыбының,

Денеде сасық мән бар ма?!

Қолымнан сусын ұсынып,

Басыңда өзім тұрайын,

Мінежат қып құдайға,

Жаныңды қый деп сұрайын!

   
16 мая 2012, 17:29
1780

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Сарышуаш бабамыздың жыраулығы мен әулиелігі иісі Қазаққа белгілі еді ғой. Халқымыздың мынау жарық дүниеде "...Иә қалуы мен Иә қалмауы..." шешілген осынау ауыр заманды бастарынан кешірген - Қаракерей Қабанбай, Бұхар жырау, Сарышуаш әулие, Қожаберді батыр-ақын, Абылай хан, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай - аруақтарына тағзым ете отырып, сол уақыйғаларды көздерімен көрген, бұл асылдарымыздан қалған әр сөздің мәні ерекше құнды. Осыны ескеріп Сарышуаш жыраудың толғауын жариялап отырған Камал саған зор алғысымды білдіремін. Екінші бір ескерер нәрсе Қабекеңе арнаған Қожаберді батыр-ақынның дастанын іздестірсе аса құнды болар еді. Бұл саған айтар өтініш ?! Себебі, бүгінде әркім өз батырларын жариялап, барлығын "ҚОЛБАСШЫ" етіп жазатын ұятсыздық жайлап кетті ғой. Бұхар жырауды, Сарышуаш әулиені, Қожаберді батырдың айтқандарын естіген соң, олар осынау арсыз да,ыңғайсыз қылықтарын тоқтатар....
Совет-Хан Габбас(профиль)
0
Камал сенің Әулиелі ұлы Қолбасшы бабамыз Қабанбай-батырдың басына шырақшы болып келуіңді аса үлкен азаматтық десе болады. Бұл қызыметте жүйеленген ғылымый ізденістермен қаншама жаңалықтар ашып, бірталай жаңылтпаш деректердің шындығын анықтап отырғаныңды ғылымый жұмыс ретінде бағалау керек. Айта берсе бұл саладағы жетістіктерің мол. Рахмет айтушы ағаң : Жазушы, профессор Совет-Хан Ғаббасұлы.
Совет-Хан Габбас(профиль)
0
"Құбақалмақ заманы" аталған Жоңғар шапқыншылығының да шындығы әлі ашыла қойған жоқ. Іргеміздегі екі империяда жасырын от қарумен көмектесіп, "жабайыларды біріне бірін құрттырып", Ұлы даланы бөлісіп алу мақсатында болғандары әлі айтылмаған ақиқат. Міне, мұндай соғыста жүйеленген тактикасыз және бір орталыққа бағынған Қолбасшысыз жеңіске жету мүмкін емес. Қазақ халқының жер бетінде "иә қалу, иә қалмауын" шешкен осы ұлы Отан соғысының Үлы Қолбасшысы, тірі кезінде - Хан батыр -Дарабоз - Көкірек әулие - атанған Қаракерей Қабанбай батыр болатын. Олай болса, Тәуелсідігін алған Қазақ елі ешкімге жалтақтамай, Орыстар - Суворовын, Кутузовын, Француздар - Напалионын қалай құрметтеп марапаттаса, Қазақ та Ұлы Қолбасшысы Қабанбай батырды солай асқақтата марапаттауымыз керек-ақ. Мынау Астанада қойылатын ескерткішін шешкен азаматтарға алғыс айта отырып, жоғарыда айтылған мәселемен қоса, Қабекеңнің жатқан төбесінде, сол Жоңғарды жер жастандырған, Ұлы Отан соғысының мемориал ескерткішінн салуды ойластырған жөн. Сол замандағы Отаны үшін құрбан болған, күллі батырларымыздың жарқырай көрінгендері, ұрпақ үшін теңдессіз ескерткіш болар еді. Елімізге келген Шет Ел басшыларының тағзым етер қасиетіне айналса қандай керемет. Қадірлі шырақшылық қызыметіңді жан-жақты жетілдіріп отырған Камал бауырым, осынау айтылған ұсыныстар да кәперіңде болса екен...
Құрметпен: Жазушы-ғалым, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, проф. Совет-Хан Ғаббасұлы.
қанат тарбағатаи ауданынан , есенгелді, ер шоңай баижігіт, жумық , саты балаларыма?

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8756
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 3115
  • 15
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 3272
  • 37
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 3041
  • 51
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 2796
  • 9
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 2864
  • 31
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2315
  • 2
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2153
  • 18