место в рейтинге
  • 216539
  • 181
  • 42
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қаракерей Қабанбай батыр және Мамырсу келіссөздері

МАМЫРСУ – МАҚТАН МЕКЕНІМІЗ

 

1

Қазақ ұлтының басына әсіре зұлмат төккен «Ақтабан шұбырынды...» жылдарының жан күйзелтер жарасы, арада үш ғасыр уақыт өтсе де, біржола жазылып кете қойған жоқ. «Тұрымтай тұсына...» бас сауғалап кеткен заманда талай-талай асыл арнамыздан айырылып қалдық. Әлі күнге орны толар емес. Қалмақ басып алған өңірлердің топономикасы түбегейлі өзгерді. Ата бастау атауларымыздың орнын Тарбағатай, Мұқыры, Шаған, Шарға, Жоқай, Сәңгі, Сайхан, Боралдай, Шамалған, Уранхай, т.б. қазаққа түсініксіз сөздер басты. Жерімізге қылыш ойнатып, қан шаша келген қалмақты Қаракерей Қабанбай бастаған қазақ қолы талқанын шығара қуып, мекенімізден айдап тастағанша алды - жүз, арты - қырық жылдай уақыт өтті. Осы кезең тарихымызға айғыз-айғыз тыртық тастады. Көптеген аса маңызды нәрселерді ұмытқызды.

Тіпті, бертін шығысқа беттеген қазақ рулары Аягөз маңын қайта айналып қоныстана бастаған ХVІІІ ғасырдың жетпіс-сексенінші жылдары мен ХІХ ғасырдың алғашқы онжылдығында найман рулары орналасқан жерлерді де есте тұта алмай қалған жағдайлар кездеседі.

Осы тұста бүгінгі қытай мемлекетінің біздің қайсібір өңірлерімізге талас туғызып отырғаны ойлантады. Тіпті, жуырда бір газетке қытай мемлекетінің картасы жарияланыпты. Сол картада Ертістің сол жағалауынан тартып, Аягөздің сол жағалауы Балхаштың терістігінен талай жер Іле-Шу аңғары қытай жері деп көрсетіліпті. Алайда нақ осы қытайлықтардың өздері 732 жылы - жоңғар шапқыншылығынан 1000 жылдай бұрын, қазіргі Алтай, Барлық, Ұрқашар тауларының баурайларын, Сауыр тауының оңтүстігін бүгінгі найманның Шүйелері мен шөмекейлер мекендеп отырғанын жазып қалдырыпты. (Н.А.Аристов. Усуни и киргизы или пара-киргизы. Бишкек 2001г. 217-бет) Олардың қолына қалам ұстатып, ирегін қағазға түсірткізген қазақ емес. Ал бүгінгідей иектерін қышытуы олардың жоңғар хандығын басып алуымен ғана түсіндіріледі, қытайлар қазақ жерінің уақытша жоңғар басып алған аймақтарын да өздеріне қосып отыр. Бұны қазақ әдетте «басынғандық» дейді. Мұны тежемек қажет.

Кеңестік жүйе құлаған соң жұртымыз естен шығарды деген көптеген атаулар қайта жаңғырды. Ортамызға оралды.

Аягөз өңіріндегі Сергиопольді Мамырсу деп атапты бүгінгі жергілікті жұрт. Дұрыс-ақ. Дәл қойылған. Бұл Мамырсу да қазақ тарихында ерекше орны бар бұлақ. Алайда кейінгі жұрт бұл жерді 1829 жылға дейін аталарымыздың Қызылжар аталғанын да біле жүргені жөн. М.Тынышбаев дәл осылай жазып қалдырған. Жергілікті қауым «Мамырсу» деген атаумен өздерінің өткен тарихымызға бойлағанын көрсетіп отыр. Мамырсу – қазақ халқының 1758-1762 жылдарғы аса ірі дипломатиялық жеңісінің орны.

Ел жадында мынадай оқиға сақталып қалған. Қаракерей Қабанбай бастаған қазақ қолы қалмақтарды өз жерімізден асырып, Арқастан (қазіргі жоңғар қақпасы) ары қуды. Күш алған жаусақ бабаларымызды бастап келе жатқан Дарабоз бүгінгі қытай жеріндегі Бұратоладан (көне Боздаладан) аса Жыңға (көне Ардалаға) жете бере ат басын тежейді. Бытырап қашқан жауды жусатып салмай кейін оралады.

Хан батырдың бұл амалын Үш жүздің ханы Әбілмәмбет әупірімде түсіне алмай, хан кеңесінде:

– Ау, Қаракерей Қабабай, жасыған жауды жайратып салмай кейін қотарылғаныңды мына жұрт түсінбеді. Қалмақ жарасын жалап, жазылып, қайта шаппай ма? – деп сұрайды.

Сонда Үш Жүздің Бас қолбасышысы былай деген екен:

– Түсіндірейін ханеке!

Дарабоз Хан кеңесіне кейінірек қосылған Нарбота, Қасабай, Жәнібек, Баян, Райымбек секілді жас батырлар біле жүрсін деген оймен әңігмені әріден бастады.

Батырдың сол айтқандарын ХХІ ғасырдағы – қазіргі талдауға түсірсек ортаға мынадай жағдайлар тасталған еді. Ұйғырды бір-ақ сілкіп, қырғызды бір-ақ тартып табанына салған қалмақтың ашкөз хонтайжысы Суан Рабдан «Ақтабан шұбырынды...» басталған соңғы төртінші жылда – 1727 жылы дүниеден өтті. Орнын ұлы Қалден Серен басты. Ол да әкесінен аспаса кем емес, қанқұйлы еді. Өзгені де, өзін де аямайтын. Қалденнің беймәлім жағдайда өлгені – 1749 жыл. Соңында қалған жұрты таққа алдағы уақытта  тісқақты, жауынгер адамды отырғызбауға іштей келісіп, 13 жастағы Суан Дөржіні (Судан Дөржі Әжі-Нәжіміл) қонтайшылыққа көтерді. Сөйтіп, жұдырықтай жұмылған қалмақ іштен іри бастады. Қазақтың атқа қонар тұсы осы еді. Амал не, түстікті қалмақ басып жатыр. Батыс орысқа кеткен. Арқадағы алты арыс та тұтас көтеріле алмады. Терістіктен орыс көрінді. Қазақ шығысқа – қалмаққа бет алса, арттағы ел шабындыға түспей ме? Артын бақты.

Қалмақтың жауынгерлік түземі кеміді, сүлесоқтық ендеді. Шешесінің етегіндегі бала не істеуші еді? Бірақ қазақ көргенді Қалдан Сереннің де, Суан Рабданның да қолын басқарған арда қолбасшысы Сайын Бөлек те көріп отырған. Ақыры шыдамады. 1749 жылы бозбала Суан Дөржіні өз сарайында өлтіріп тынды. Сөйтті де, Сайын Бөлек сияқты қандысоқ қолбасылар Лама Дөржіні қонтайшы сайлады (расында да дауыс беру арқылы), оған Эрдени Лама Батур Хунтайши деген есім берілді.

Бұл алаш ұлына аса тиімсіз еді. Қалмақ қамданса алакөзденетіні – қазақ. Қаракерей Қабанбай батырдың жоңғар ішінде жасырын жүрген жансыздары жаңа сайланған қонтайшымен үнемі егесте жүрген, оның таққа отыруына үлкен қарсылық көрсеткен жиырма жастағы шонжар Әмірсананы, сонау 1741 жылдары Абылай қалмақта мырза тұтқында болған мезеттен көздей жүретін. Амалын тауып, Әмірсанаға қазақ жағының бүйрегі бұратыны жеткізілді. Лама Дөржі өлтірмей тынбайтынын түсінген Әмірсана Қалдан Сереннің туған жиені Дауашыны алып, қазаққа өтті.

Бұл енді күш алып, белсене бастаған Дөржіге ұнасын ба? Сайын Бөлек пен Шадыр Ноянды аттандырды. Мақсат – Дауашы мен Әмірсананы ұстап әкелу. Абылайға кісі салды. Ал Абылай болса, «Қазақ салтында иесінен қашып келген ит те қайтарылмайды» деп жауап берді. Қаракерей Қабанбай бастаған аламандар Сайын Бөлектің жасағын тас-талқан етіп, Тарбағатайдан асыра қуып тастайды. Тарбағатайда отырған Шондар ноянға андасы Әмірсананы аман-есен жеткізіп, Дауашыны қоса тапсырып, кейін қайтады. Жорық барысында Көреген Хан батыр Дауашыны да, Әмірсананы да әбден іші-сыртын ақтарып зерделейді. Сол мезеттерде қазаққа Әмірсана емес Дауашы қажет деген тұжырымға тіреледі. Оның бірнеше себебі бар. Алдымен – қалмақ қонтайшылары Шорос руынан сайланады. Дауашы солардан. Ал Әмірсана – хойт. Төрт ойрат аталатын қалмақ бұл дәстүрді қатаң сақтайды. Айтқандайын, ендігі екі рулары – хошот, дербет деп аталады.

Қаракерей Қабанбайдың және бір түйгені – Дауашы ұрда-жық, Әмірсанадай терең емес, саяз. Ұрыншақ. Бұл таққа отырса, жоңғар өзі-ақ құриды. Қазақ жағы Дауашы мен Әмірсанаға үйір-үйір жылқы, қару-жарақ, қалмақшаға жетік сарбаздарын да молынан берді. Қалмақты, қалмақтың  қолымен жоюға көшті.

Дауашы мен Әмірсана суыт жүріп, өздерін өлтірмек болып әскер бастап жүрген Шадырды үйінде ұстап, табанда өлтіреді. Оның да жасағын қосып алып, Дөржінің ордасына желдете аттанады. Лама Дөржі алаңсыз жатқан. Таң алдында, өз төсегінде Әмірсананың найзасынан өлім құшты. Төрт ойрат-шорос, хойт, хошот, дербеттің зайсан, нояндары Дауашы мен Әмірсананың шақыруымен сарайға жиналды. Найза, қылыш тіреліп тұрғанда не әңгіме, не талас шықсын, Дауашы хонтайжы болып сайланды.

Сөйтіп, 1945-1949 жылдар аралығында жоңғар тағында біріне-бірі қарама-қарсы үш адам отырды. Жұртын мезі етті. Бұл кезде қазақ ханы – Әбілмәмбет еді. Әбілмәмбет берекенің, ақылдың адамы, ұстамды, көпке құлақ қоятын. Абылайды үнемі көтермелеп, биліктің бір басын ұстатып қойған. Онысы «болашақ хан осы» дегені.

1730 жылғы Аңырақай соғысында қалмаққа тегеурінді тойтарыс берген қазақ қолы, нақ осы 1749 жылдан бастап жоңғардан күшін асырды. Десе де, ширек ғасыр маза көрмеген жұрт жаппай атқа қона алмады. Шешуші айқасқа әзірленіп жатты.

Дауашы өз қолымен жұртын жыртыстай қақ айырды, екіге бөлді. Тіпті, сүйеніші Әмірсанаға да «менмендіктің» құлағын қылтитты. Қытайға иек артты. Император Хун Лиге сый-сыяпат тиеген керуен аттандырылды. Бірақ ол Хун Лидің Цзюнь Цзи Чуға (құпия кеңеске) былай деп атап жазғанын білмеді: «Біз үшін ең қажетті адам – Әмірсана. Көз жазбаңдар». Тағы бірде император «Егер Әмірсана бізге мойынұсынса, әскеріміз келер жылы жоңғарға қарсы қозғалады» деген бұйрық шығарып тасаған.

Сонымен Әмірсана қазақтың да, қытайдың да, негізгі нысанасына айналды. Қабанбай адамдарының ақылымен хошоттың Бонжурын, дербеттің Немакуін серік етіп, Дауашыға ашық қарсы шықты. Ақыры 1754 жылғы шілдеде Әмірсананың өкілі қытай императорына жетіп, Әмірсананың мойынұсынғаны жөніндегі хатын тапсырды.

Қамыт кигісі келмесе де, қытайдың көмегімен таққа жетуді көксеген Әмірсана оңбай опық жеді. Қытай императоры Әмірсанаға бар-жоғы хоитардың ғана ханы етіп тағайындаған қағаз жіберді. Сондай қағаз Серен мен Бонжурға да жолданып, олар дербеттердің және хошоттардың басшысына айналды. Ал Шоростардың ханы аталмады. Себебі тереңде. Шорос ханы бар қалмақтың ханы болып саналатын дәстүр бар. Ендеше, бұдан былай  қалмақ дербес ел емес. Қытайға тәуелді төрт бөлек бодан.

Нақ осы кезде қазақ хандығы қалмақты ел аумағынан біржола тазартуы қажет еді. Қытайдың ата жауымызды бөлшектегені оған енді импраторлық тәртіп орнату үшін әскер төгіледі деген сөз. Ары қарай тосу қауіпті. Қаракерей Қабанбайдың аттанысы осындай стратегиялық мүдделіктен туған-ды. Ол мақсатына жетті де Дарабоз.

Қытай жаққа аса мұқият назар аударып, әр қадамын естіп, біліп отырған Бас Сардар 50 мың шерікті бастап, император Хун Лидің бұйрығымен Банди және Юн Чан жияңжүңдердің (генералдардың) Дауашыға қарсы жүргеніне таң қалмады. Осылай боларын ту баста болжаған. Шеріктер қалмақ шетіне жеткенше Арқастан асып, Жоңғар Алатауынан түстікке өткен Қаракерей Қабанбай қолы Бұратоладан (Бозадаладан) жауды бытырата қуып, Жыңмен екі ортаға жетті. Жетті де үш-төрт күн еру жасап, демалып, ат шалдырып кейін қайтты.

– Ұзын-ырғасы осы, ханеке! Қалмақпен мүйіз айқастырғанымызға отыз жылдан асты. Ел тозды, ер қажыды. Мына жұртқа бірер жыл тыным керек. Қалмақ өзін-өзі құртады. Оны қуа берсем қытайға кезігеді екенмін. Олармен шектесіп не барқадам таппақпыз? Ары кетсе арғы жылы біздің шепке қалмақты жалмап, өздері-ақ келеді, қалмақпен соғыс олармен шайқастың жанында баланың ойыны болып жүрмесін. Осыған сайланайық, осыған қару соғайық. Менің кейін қайтқан себебім осы. Алдағы қатер – атаусыз қатер...

Мына сөзге «еу» деп ешкім қарсы уәж айтпапты. Кеңескен көпшілік ертеңді ойлап егіліп, үнсіз қалыпты. Сәлден соң барып Бұхар Жырау данышпан тыныштықты бұзды:

- Ойпырмай-ай! Япыр-ай! Бір сөзінің шығыны жоқ неткен жансың Қабанбай! Сені мына жұрт көзің тіріде Көкірек әулие атаса, кеудеңдегі тасыған күшке, қайнаған қайратқа қаратты ма десем, жарытпай ойлаппын. Қуатыңнан ақылың асып жатыр екен-ау!

Қандыжан-Мамырсу бітімі аталып жүрген 1758-1762 жылғы қазақ-қытай келіссөздері Қаракерей-Қабанбай батырдың жау әскерін жайпап салуынан, Хан Кеңестегі стратегиялық жоспарынан туындады деген пікір айтсақ келісер ме еді. Хан батыр айтқандай-ақ Әмірсананың хатынан соң қытай әскері 1755 жылғы жазда Іле өңірін басып алды. Қашып жүрген Дауашы ұсталып, Бейжіңге жіберілді.

Ал бұдан әрі Әмірсана өмірінде күрт өзгеріс пайда болады. Ол Дауашыдан қалған хонтайшы мөрін кездейсоқ тауып алған еді. Сайланбаса да, Хун Ли бекітпесе де Әмірсана осы мөрді басып, хонтайшымын деп, қазақ, қырғызға хат жаза бастайды.

Қалмақ зайсандарының басын біріктіріп, енді жерін басып алған қытайларға қарсы азаттық күресіне шақырады.

Әмірсана бұдан былай қазақтың Хан Кенесі сияқты Ұлт азаттық қозғалысының көсеміне айналды. Мыңғұл тарихшылары оған қазіргі күнге дейін осындай бейнеде қарайды. Мұның айқын куәсі – Мыңғұл Халық Республикасындағы Жарголант қаласында атқа мініп, алға үндеп тұрған Әмірсанаға ескерткіш орнатылды. Бірақ бұл кейінгі оқиға.

1755 жылы Әмірсана Хун Лидің талап еткеніне қарамастан Пекинге бармады. Қыр көрсеткендей Бұротала жеріне ордасын тігіп, Сайрам көлге жайлауға шықты. Ал Бұроталаға орда тігу Жоңғар салтында жалпы қалмақтың хонтайшысы болуы деген сөз еді. Онымен қоймай тұрқы мылтық, зеңбірек, қылыш соға бастады.

Әрине, мұнысы қытайға ұнамады.

1756 жылы көктемде қытай үлкен әскери жорығын бастады. Әмірсана мұны күтпесе керек. Бұроталадан Арқас (Жоңғар қақпасы) арқылы қазақ даласына, Абылайханға қашады.

Осы тұста мынадай бір деректі айта кеткен жөн секілді. В.С.Кузнецов Әмірсанаға Нарбота батырдың шабуыл жасағанын жазады. Нарбота Әмірсананың қолын тас-талқан етіп, хонтайшы әзер қашып құтылады. Мұны Әмірсананың өз аузынан естіген Абылай: «Нарбота зерігіп жүрген ғой» - деп күледі.

Нарбота батырдың зираты Семей облысында, өткен жылдары қайта көтеріліпті. Үлкен жолдың бойында. Анадайдан мен мұндалайды.

Сөйтіп, Әмірсана Абылайға келіп паналайды. Бұл жөнінде В.С.Кузнецов, И.Я.Зяткин секілді ғалымдар ортақ пікір айтады. Ол мұнан соң сыныққа сылтау іздеп, қытайдың қазаққа шабуыл жасауын бастауы.

Меніңше тура осылай боларын Абылайхан да, Қаракерей Қабанбай да күткен сияқты. Ол қытай әскерінің қалмақ жері арқылы қазақ даласына бет алғанына еш мазасызданбады. Әскери кеңес шақырылады. Осы кеңес шешімі жөнінде В.С.Кузнецов былай деп жазады: «Қытай әскерін екі бағытпен қолбасылар Дардан мен Хадақ бастап келеді. Қазақ қолы да екіге бөлінеді. Оңтүстік-шығыс қолды хан Абылай, солтүстік-шығыс қолды Қабанбай батыр басқарады. Қабанбай батырмен бірге Әмірсана жүреді». Демек, соғыстың негізгі бағыты – Қабанбай қолы. Қытай бар күшін осылай төгеді.

Ұзамай-ақ солтүстік-шығыс қолды басқарған Қаракерей Қабанбай батыр мен Дардан әскері бетпе-бет келеді. Қазақтың тегеурінін ұқты. Алғашқы қақтығыстан соң Дардан кісі салып, өздерінің қазақпен соғысқысы жоқ, Әмірсананы қайтарса болды деген пәтуа айтады. Бұған Қабанбайдан «жоқ» деген хабар келеді.

Бұл үлкен соғысқа шақырумен пара-пар еді. Қытай жағы тосылып қалады. Қазақтан мұндай жауап келерін күтпесе керек. Ақыры артта қалған әскері жеткен соң Дардан бұйрық беріп, Қаракерей Қабанбай қолымен ұрыс салуға дайындалады. Дарабоз да ұшқыр, атты жасағын әзірлеп қояды.

Әмірсаныны іздеген қытай Абылай хан қолын не қылсын? Ендеше Хан кеңесі мұны да алдын ала елеп, екшеп ең қауіпті бағытты Қаракерей Қабанбайға тапсырған. Соған ғана сенген. Жеңілсек қытайға бодан болғанымыз. Қаракерей Қабанбай жеңілмеуі керек.

Қытай жағы кейіннен осы соғыстар жөнінде «Үш рет қақтығысып қалдық» деп жазыпты. Империялық саясат кейінгі ұрпағына жақсысын асырып, жаманын жасырып кеткені сөзсіз. Себебі, арада екі ай өте «Халхада көтеріліс шықты, Дардан әскерді алып кейін қайтты» деп жазыпты. Демек, үш рет киян-кескі соғыс болған. Ешкім де аянбаған. Дала соғысының, атты әскер тактикасының хас шебері Қабанбай әулие зеңбірек сүйреп, мылтық асынған шерікті сенделтіп тастаған. Олар амал жоқ, кейін шегінген ғой. Шыны осы-ау!

Қытай қазақтың тамырын басты. Көрді. Тырым-тырым, жақ-жақ қалмақ емес екен. Әбілмәмбет, Абылайдай хандары, Қаракерей Қабанбайдай батыры бар екен. Халқы шып-шырғасы шықпай соңдарында. Қытай қалмақ емес. «Тарт» десе шоқпар ала жөнелетін. Ежелгі мемлекет кеңірдектен алу қиын екенін тез ұқты. Қаракерей Қабанбай батыр сабасына түсірді.

Арада жыл өте 1757 жылғы 21 қыркүйекте орыстың Кяхта (Қияқты) бекінісіндегі дәрігер поручик Захаров былай деген дерек қалдырды: «Сегодня, 21 сентября 1757 года, от оспы скончался зенгорский (жоңғар) ноян Амурсана, 35 годо от рождения». Осы күннен бастап қалмақ дербес ел болудан қалды, табанға түсті. Кең далаға сыймаған, үш жарым ғасыр қан аңсаумен, маңайын қан қақсатумен жексұрын көрінген жоңғар жойылды.

Қытай саясаткерлері ендігі уақытта қазақты да тізеге салып, тепкілеп бауырға баспақ ойларынан айныды. Бейбіт келіссөздер қажет екенін екі жақ та ұқты. Міне, Мамырсу бойындағы келіссөз қазақ хандарының, батырларының аса ұтымды бейбіт саясат ұстауының жемісі еді.

Қытай деректеріне сүйенсек, екі келіссөзге қазақ жағынан Абылайхан, Бас батыр Қаракерей Қабанбай және Үш Жүздің ханы Әбілмәмбеттің баласы Әбілпейіз қатысады. Алғашқы 1758 жылғы келіссөз дала дипломатиясына құрылған саясат ұстанған қазаққа  ауыр болғаны рас. Сонда да қытайдың мылтық кезенуіне мүмкіндік берілмеді. Мамырсуда қазақ жағы соғыссыз жеңіске жетті. Ел аман, жұрт тыныш.

Ал 1762 жылғы келіссөздер қытаймен екі ортадағы мемлекетаралық қарым-қатынастарды біржола реттеп, қытай жағы қазақтың дербестігіне сенім білдірді, қол қойды. Шекарасымен тұтас ел екенін мойындады. Айдаһар аяғын тартты. Сөйтіп, Мамырсу бітімі бүгінгі қазақтың іргесін бекітіп берді біржола. Алды анадай болған осы келіссөздердің арты бүгінгідей Егемен Қазақ Еліне жеткізді. Еңбек бабалардікі. Ғажап! Керемет!

Ойлаймын – Дарданды далада дал-дұл еткен Қаракерей Қабанбай батыр екі келіссөзде де қарсы жаққа қорқыныш ұялатып отырған шығар.

Осының алдындағы жылы Қаракерей Қабанбайдың ұлы Едіге мен інісі Туматай Үрімжіге өздері отырған жерден 30 күн суыт жүріп жетіп, жылқы саудасын ұйымдастырған еді ғой. Сонау Арқадан, Есіл-Нұрадан Дарабоздың тапсыруымен қытайға қазақ сәйгүліктерін көрсетті. Бұл да сес қой.

Түптеп келгенде, Мамырсудағы келіссөздер қазақ халқының азаттығына, бейбіт өмір сүруіне, бүгінгі күнге сайын даласымен, тәуелсіз баласымен жетуіне негіз қалады. Келіссөзді жүргізген Үш Бабамыз да жұртының алқауына бөленді.

Мамырсу бітімінің жемісі де, жеңісі де осындай.

 

ІІ

 

Мамырсу жоңғар шапқыншылығы тұсында халқының алқауына бөленіп, аты ұранға айналған бір бабамыз – Қасабай батыр Шақарұлының есімімен де тығыз байланысты. Ата моласы осы бітім өткен маңайда. 1993 жылы ұрпақтары, жұрты туғанына 280 жыл толғанын атап өтіп, мола басына көрнекті белгі орнатқан еді. Қазір батырдың ел тәуелсіздігіне сіңірген ересен еңбегіне сай зәулім кесене салынып жатыр.

Халық арасындағы аңыздарда Қасабай батыр мөлшері 1713 жылдары әлде Сыр бойындағы Ұғырық өзенінің бойында, әлде Арқада туды делінеді. Ара-тұра Алакөлде де туғаны айтылады. Осылардың дұрысы Арқа сияқты. Себебі, Қасабай батырдың бүкіл руы – Қаракерейлер сол мезеттерде Арқада көшіп-қонып отырғаны тарихи шындық. Сыр бойында да дәл бүгін де найман тығыз отыр. Алайда олардың арасында қаракерейлер жоқтың қасы. Әлі де зерттелер. Ал Алакөл жайына келсек, бұл мүмкін емес. Жалпы, наймандар ғана емес, қазақ руларының Аягөздің сол жағалауына, Балхаштың түстігіне, Іле Шудан топтала өтуі 1810 жылдардан бері екеніне нақтылы дәлелдер келтіргенбіз. Осындай тұжырым жасаған Ш.Уәлиханов, Ж.Қасымбеков, М.Тынышбаев, Қ.Халиди, Н.Аристов, Т.Андреев, Н.Мыңжан секілді әлем тарихшылары мойындаған тарихшыларға күні бүгінге дейін қарсы шыққан ғалымдар жоқ. Бұларды ата тарихын зерттейтін жастар шығып жатса іздер жолын көрсету үшін айтып отырмыз.

Қасабай батырдың ерлік жолын көптеген дастандардан, ел аузындағы аңыздардан, әдеби шығармалардан кездестіріп отырамыз. Ж.Бекатаров ақсақалдың, Ж.Шантуовтың салиқалы мақалаларында, Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» романында атамыздың ел басына күн туған кездегі білгірлігі, жанқиярлылығы, жеке батырлығы сипатталады. Т.Сәдиевтің «Қасабай батыр» дастаны да оқырман тарапынан оң бағаланды.

Аталған дүниелердің барлығында Қасабай батырды Хан Батыр Қаракерей Қабанбай батырдың, қазақтың Бас Сардарының жанынан көреміз. Соғыс ісін әбден меңгерген, айтулы барлық тапсырмасын жеріне жеткізе тындырды.

Қасабай батырдың әсіре аты шығып, алаш жұртының көзіне түсіп, аты ұранға айналғаны 1749 жыл. Нақ осы жылы он жеті жасар Суан Дөржіні өлтіргізіп, таққа отырған Лама Дөржі өзінің арғы аталары Суан Рабдан мен Халден Серенге тартқан жаужүрек екенін көрсетпек ниетпен бейқам жатыр-ау деген қазаққа он мың қолмен аттаныс жасайды. Аса құпия дайындалған жорықты Қаракерей Қабанбай батырдың бас жансызы садыр Көлбай батыр қалмақ қазақ жеріне жеткенше Бас Сардарға хабарлап үлгереді.

Міне, Қаракерей Қабанбайдың басына тағы бір сын түседі. Сонда бабамыз жеделімде жиналған бес мыңдықты өзгеге емес, Қасабай батырға бастатып, жау алдынан шығарады. Бұл Дарабоздың Қасабайды батыр деп бағалауы ғой. Оның алымына, соғыс ісін толық меңгергені сенгені. Дөржі қонтайшы мен Сайын Бөлек қолбасшы қол алдынан Қаракерей Қабанбай батырдың бақан таңбалы, үш құйрықты Ақ Туын көре алмай аңтарылып қалады.

Бес мыңды Қасабай бастап шықса, Қаракерей Қабанбай батыр біртұстан жойқын қолымен келе жатуы мүмкін. Жоңғар осылай ойлап Дарабоздың бағытын іздеп екі күн ошарылады. Көз ілмей, түн күзетеді. Шаршап, шалдығады. Үшінші күн дегенде шапқыншылар қалың шаңды көреді. Бір беттен емес. Тұс-тұстан. Сан жоқ, Нөпір келе жатқандай. Ортаға атойлап Қасабай шығады.

– Жекпе-жек! Жекпе-жек!

Намыс шіркіннің алдында ақыл келте болады ғой кейде. Әлін білмеген Сіңгә деген ноян ат қояды. Оны Қасабай лезде аттан жұлып алып, ұрып жығып, бұл киімін шешіп алып, жалаңаш айдап тастайды. Екінші қалмақ та найза ұшында кетеді. Ар жағы қаптама соғыс. Діңкелеген, ұйқы жоқ, ұнжырғысы түскен қалмақтың тап ортасынан кірген Қасабай, жауды екіге жарып, оңай олжаға айналдырады. Бар-жоғы бес мың қолмен он мың қалмақты тас-талқан етеді. Дөржі қашып құтылады.

Бұл Қасабай батырдың бір майданы. Ш.Шәрәпиев жазып алған «Төрт батыр» жырында да Қаракерей Қабанбай батырдың қатарында Қасабай батыр айтылады. Нақ осы дастанда ерлігіне разы болған Қаракерей Қабанбай батыр Қасабай батырға арнай былай дейді:

...Байкөлден қуаладың торғауытты,

Үстіңе киіп алып, ақ сауытты!

Ал тағы бір жыршы С.Шиманбаевтың нұсқасында:

... Қасабай Байкөл жақтан келген еді,

Жайлауын Алтай таудың көрген еді.

Бұйрығын Қабанбайдың тиянақтап,

Сазайын ит қалмақтың берген еді...»

Осы жолдар Қасабай батырдың Алтай асып, Байкал көліне тығылған қалмақты жайратып келгенінен хабар береді. Ғажап! Жер қиян. Әрі-бері ең кемі бес мың шақырым. Алты-жеті айлық жол. Жігіттің жігіті ғана шыдас берер сапар ғой.

Ел аузындағы келесі бір дастанда Алтын Емелде соғысып жатқан Малайсары батырға бес мың қолмен көмекке келеді. Жауды жеңеді.

Екі оқиғаның алғашқысында Қасабай батырдың алдына мақсат қана қояды Қаракерей Қабанбай сардар. Қалған шешім Қасабайдың өзінде. Екі жарым мың шақырым жердегі оған Қаракерей Қабанбайдың берер көмегі жоқ. Ас-суы да Қасабай батырдың өз мойнында. Демек, Қасабай Шақарұлы өз бетінше дербес қимыл жасай алатын, майданды өзі шешетін өте үлкен тұлға.

Аңғарсаңыз, Қасабай батыр мыңбасыдан әлдеқайда жоғары, түменбасылыққа дейін көтерілгені көрінеді. Бұл жөнінде аңыздарда екі ұшты пікір жоқ. Бірауыздан.

Қ.Аманжолов пен А.Тасболатовтың «Қазақтың әскери тарихы» атты еңбектерінде «Ақтабан шұбырындыда» ат ойнатып, жау қайырып, аламандардың алдында жүрген 29 қазақ батыры аталады. Олар елі, жері үшін жанын қиған, өмірін сарп етуге даяр қаһармандар. Осындай Ұлы Бабалардың ортасынан Қасабай батыр ойып тұрып орын алыпты. Бірі Тарих ғылымдарының докторы, екіншісі әскери ғылымдардың докторы екі бірдей ғалым Қасабай батырдың қазақ халқының қаһармандық тарихындағы орнына нақ осындай ерекше баға беріпті.

Қасабай батырдың Мамырсу бітімі өткен аймаққа жерленуінің екі бірдей себебі бар. Біріншісі – дәл осы жерде екі жақты келіссөздер ұзын-ырғасы екі аптаға жуық созылады. Бұл 1758 жылғысы. Қазақ, әрине, қытай жағына күш-қуатын да байқатып, атан-жілік, аптал азаматтарын да көрсеткен ғой. Солардың арасында қырықтағы қыран Қасабайдың болғанына күмән қайсы?

Екінші, Аягөздің оң жағалауында Қасабай батырмен үзеңгілес Нарбота, Әлі, Шақантай батырлар да жерленген. Бұлар бізге белгілері. Олардан ілгері Ақтанберді жырау, Боранбай би де Аягөзден оң жағалауда бірқыдыру жерге қойылған. Ойланған, ХVІІІ ғасырдағы қазақ руларының нақтылы қонысынан хабары бар адам бұдан аты аталған бабаларымыздың 1810 жылға дейін дүниеден өткенін біледі. Одан бері болса Аягөздің сол жағалауында жатар ма еді? Аталарымыздың ұрпақтары бүгіндері негізінен Аягөздің сол жағалауында отыр.

Қасабай батыр ел ұраны. Соңына өшпес атын қалдырған халық қаһарманы. Бар өмірін болашақ ұрпағының сән-салтанатына арнаған бабамыз.

 

Камал ӘБДІРАХМАН,

Қаракерей Қабанбай батыр

кесенесінің шырақшысы.

Астана.

 
16 мая 2012, 17:25
1814

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Алматинский учитель поставил диагноз системе, частью которой является образование. Будучи успешным юристом, имевший степень МВА, он вдруг развернул траекторию своей карьеры, став обычным учителем.
Zhumanova
22 сент. 2017 / 16:26
  • 10689
  • 33
«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

Досталось и Скриптониту, который ранее опубликовал запись, о том, что больше не будет сниматься в клипе Гуфа и Тимати. "Я тебя ни о чем больше не попрошу, казах ты мой дорогой" - высказался рэпер.
tala03
21 сент. 2017 / 15:48
  • 4534
  • 12
«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

Мы не такие блатные. Да, нас унижают руководители, возомнившие себя ханами, часто наши права не реализуются в должной мере. И я всегда задавался, почему на самом деле нет нормальных условий и льгот...
WriterKz
23 сент. 2017 / 0:41
Астана перестает быть городом-музеем, или Почему я хотел бы жить в столице

Астана перестает быть городом-музеем, или Почему я хотел бы жить в столице

Наш главный город страны стал избавляться от уже вполне неуместных моветонных клише, которые громоздились над ней, как черное облако над Мордором.
tentser
22 сент. 2017 / 21:04
  • 2184
  • 74
Время забыть безумные траты молодости: навыки, которыми ты должен овладеть к 30 годам

Время забыть безумные траты молодости: навыки, которыми ты должен овладеть к 30 годам

Смысл бюджета в том, чтобы знать, куда ты, блин, потратил бабки. В том, чтобы в конце месяца, ты сел, почитал свои записи и понял, какой ты придурок. И принял уже наконец здравое решение, что куда идет.
Lesch
24 сент. 2017 / 21:03
  • 1582
  • 59
Дагестанские «миротворцы» борются за справедливость в Мьянме на улицах Москвы

Дагестанские «миротворцы» борются за справедливость в Мьянме на улицах Москвы

Парней начали осуждать за поступок в социальных сетях. Популярные группы Кавказа назвали выходку парней дикой, и пояснили, что они позорят нацию и религию.
tala03
20 сент. 2017 / 16:42
  • 1714
  • 53
Насколько вероятно стать долларовым миллионером в Казахстане

Насколько вероятно стать долларовым миллионером в Казахстане

Вообще, насколько это достижимо? Не вдаваясь в сложные рассуждения и дательные расчеты и так понятно, что это сложная задача - все-таки около 350 миллионов тенге по текущему курсу.
convoluted
вчера / 14:36
  • 1540
  • 42
Как КНДР «уничтожила» американские самолеты и авианосец

Как КНДР «уничтожила» американские самолеты и авианосец

Серию коллажей, показывающую как ракеты КНДР нанесли поражения американским самолетам, продемонстрировали в северокорейских СМИ.
tala03
24 сент. 2017 / 17:58
  • 1484
  • 10
Заметка №16. «Burger shop». Съесть и не обляпаться практически невозможно

Заметка №16. «Burger shop». Съесть и не обляпаться практически невозможно

Если честно, для нас формат заведения был в диковинку - раньше нам доводилось есть бургеры в сетевых ресторанах фаст-фуда или же в заведениях, где кроме бургеров подают еще много разных блюд.
zhanuska_checkedboe
19 сент. 2017 / 15:12
  • 1473
  • 16