Тікелей эфир

Қоңыр-сары көшелерден өзімді өзім іздедім

Құралай Болатханқызы Омар 1983 жылы 2 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Жамбыл ауылында дуниеге келген. Өскемен қаласында Жамбыл атындағы гимназия-интернатында білім алған. 2004 жылы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Оныншы халықаралық «Шабыт» фестивалінің бас жүлдегері.

Құралайдың блогы

Құралайдың "Халық сөзіне" берген сұхбаты

Анар Мұстафинаның Құралай Омармен кездесуі

«Жүрек назы». Әні: Роза Әлқожа, сөзі: Құралай Омар.
Оралхан Бөкейдің «Жылымық» әңгімесінің желісі бойынша.

Төменде ақынның «Ақ қар» атты жыр жинағынан бірнеше өлең.

Жылап тұрған аспан емес, мен едім,
Жанарыңның жасын отын сағынып.
Аңсағанда тамшыларды төгемін,
Көкке барып, бұлт жейдемді жамылып.

Тұнжыраған аспан емес, мен едім,
Жар бола алмас жалғыздықтан жабығып.
Айтшы, неге елесіңді өбемін,
Тәңір берген тағдырыма бағынып?

Күрсінген де аспан емес, мен едім,
Көкірегіме көзсіз көп мұң қамалып.
Әлде, жаным, «Сені сүйем» дегенім
Қалды ма екен жүрегіңе жамалып.

Жайнаған да аспан емес, мен едім,
Қиялымда құшағыңа жылынып.
Періште боп келіп еді жебегім,
Көрінбей-ақ, иығыңа ілініп.

***

Ақ қарыңды сағындың ба, қара жер,
Өткен күнге жете алмай өкініп.
Аяп сені ағаш деді: «Ала бер,
Мамығыма – қар»
...Қона алмады...
....Өтірік...

Ол алдады ұсынып көп ұлпаны,
Тұрақсыздар арман жырын төкпеді.
Көрінеді бұйра-бұйра бұлт, әні,
Олардан да әлде қайыр жоқ па еді?!

Шашын жайып аспан сақ-сақ күледі,
Ақ қар емес, тамшыларын лақтырып.
Лайсаң кешіп менің тәнім жүр еді,
Өңсіз жаңбыр арасында бақ құрып.

Түссізденіп барамын ба, Жер – Ана?
Қар сияқты ақ едім ғой (сұрағым)
Ақ мамықты қашты тағы жел ала,
Дәл мен сынды таппады ол тұрағын...

***

Жазымыштың құлымыз,
салғанына көндігеміз шарасыз.
Күн дөңгелеп, ай жылжыды жаңасыз,
Жалғыздығым жабықтырды іздедім,
Сізді қайдан табамын?!
Мені қайдан табасыз?..
...Тоқыраған көңілімді толтырып,
Тым алыстан
Қиялымның терезесін қағасыз,
Жанарымда үміт болып жанасыз...
Кім біледі,
Бәлкім сіз арманымда ғанасыз.

***

Тәкаппарлау талғамым...
Содан ба екен, тек жалғыздық жалғаным.
Арманым...
Телефонмен...
Үнсіздікке ұйыдық.
Сездіңіз бе,
Айтарымның езуімде қалғанын.

Тыныштықпен жасырдым...
Төзім – сары, жүрегімде жасыл мұң...
Алматының нөсеріндей
Жаудым дағы басылдым.
Сынығы деп асылдың,
Сүйкімді өмір - қиялымда тасылдым.

Жоқ бақытты іздесіп,
Әлемімде сіз жүресіз жүздесіп.
...Күз кешіп,
Жапырақтар сабағынан үзілді
«Сағынышым сіз» десіп.

***

«Бақытты бол,
Берілмей қайғы-мұңға...»
Айтып жатыр, демеп мені ән «сөйт» деп,
Сіз де алыс кеттіңіз-ау қам күйттеп.
Өмір тәтті болмағасын армандай
Отырамын амалсыздан кәмпит жеп.

Естігелі сүйгенімнің бітімін,
Таппай жүрмін көңілімнің күтімін.
Жүрегімді жылытар деп алданып,
Жұтам кейде темекенің түтінін.

***

Жолымды бөгеді, білмеймін, неше ырым?
Өзіме тиді-ау қырсығым, кесірім.
Айтылмай не мұңым, не сырым,
Телефон көзімнің жасына тұншықты.
Сіздегі үнсіздік – ақталу,
Мендегі үнсіздік – кешірім.

Солай-ау шамасы...
Жазымыштың жазуы -
Маңдайға сызғанға көндігу, бағыну.
Тыныштық тағы өлді ауыр дем арқалап,
Сіздегі күрсініс – жалғыздық,
Мендегі күрсініс – сағыну.

Аязға, мұзға да бергісіз,
Жүрекке сұп-суық ерді сыз.
Толқындар жеткізген үніңіз жауратты.
Сіздегі салқындық – үмітті жылыту,
Мендегі салқындық...белгісіз...

***

Жырың бола алмадым-ау жатталған...
Көктем келіп, құлпырғанмен бақтар, маң,
Қуанышын сыйламады, қайтейін,
Жанарымнан тамшылады тәтті арман.

Мөлдір үміт кірпігімде тізіліп,
Төмен қарай құлдилады, үзіліп.
Қиялыммен тұрғызып ем мұнара,
Көзімді ашсам, қирап жатыр, бұзылып.

***

Мұң басып кетті...
Мұнда қыс өтті.
Аппақ қар бүркеп тәнімді,
Сыңсыта салған әнімді
Жеткізе алмадым өзіңе.

Күлген көктем,
Гүлге үміт еткем.
Іздедім сені жасыннан бірақ.
Өрмелеп шыққан тасымнан құлап
Жете алмай өзіңе.

Жайнады жаз да.
Жайларым аз ба
Сағыныш тұнған кірпікте?
Қанатым сынған... үркітпе...
Жете алмай келем өзіңе.

Кімдерге  күлем?!
Күндерге күрең
Ұшамын самғап құспенен.
Кей кезде таң қап түс көркем
...Жетермін бәлкім өзіңе...

***

Сіз кеткелі
Моншағымды үзгенмін...
Өмірім – күз, көңілім – күз, күз – демім.
Сіз кеткелі бақыт жайлы
Ертегі ешкім айтпады,
Серік болған бізге мұң.

Күдік ояу, көзін жұмған үмітім,
Оятам деп ұмтылсам да күні-түн.
Сезімімді селт еткізер ешкім жоқ
Үні тың.

Ауыр-ауыр күрсінгем,
Ғұмыр кешіп жүрген сынды құр сүлдем.
Сіз кеткелі үнсіздікпен достасқам,
Сіз кеткелі бір сыр кем.

Қоңыр-сары көшелерден өзімді өзім іздедім.
Арта алмадым кінә және сізге мін.

"Ақ қар", Алматы, Жалын баспасы, 2008 ж.

Алия Arsik
1 қараша 2012, 20:55
4986

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

керемет жанды, сазды сөздер...яки біздің Цветаева
Сіз кеткелі үнсіздікпен достасқам,
Сіз кеткелі бір сыр кем.
Ия....... Сөздері жүректі тебірентердей-ақ екен............. Керемет! Жарайсыз!
Мен енди казир озгемин. Кете берем колынан устап озгенин. Сен жайлы ойламаймын мен енди. Себеби демим озге тым, МЕН ОЗГЕРДИМ!
Керемет! Іздеген дүниелерімді таптым)))) Рахмет!

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

В продвинутых государствах едва ли поймут, почему в столь развитом, успешном и преуспевающем Казахстане от имени и по заданию властей творятся такие зверства над животными.
openqazaqstan
24 мая 2017 / 12:12
  • 10120
  • 100
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
23 мая 2017 / 11:08
  • 9380
  • 32
Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Покупаешь в супермаркете продукты на 5000 тенге и банк забирает себе еще 30-50 тенге. То есть, продукты обошлись уже не в 5000, а в 5050 тенге.
ValentinaVladimirska
25 мая 2017 / 22:56
  • 7662
  • 21
Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Как ранее уже сообщалось из-за строительства БРТ в Алматы пострадают значительное количество деревьев. На прошлой неделе вырублены первые вязы и клён, - под расширение проезжей части на улице...
SKYFALL
24 мая 2017 / 17:20
  • 6623
  • 12
Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Коррупционные отношения вышли на такой уровень, что они уже начинают дискредитировать всю систему управления.
openqazaqstan
вчера / 13:45
  • 5314
  • 32
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
22 мая 2017 / 23:29
  • 4896
  • 32
Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Судья Алмалинского районного суда Куаныш Арипов ломает стереотипы отношения граждан к представителям Фемиды. Напавшему на полицейского экс-сотруднику алматинского акимата он назначил наказание выше...
Mirogloff
24 мая 2017 / 16:41
  • 3477
  • 9
Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Итак давайте сразу начистоту. Мне 29. Не замужем, никогда не была, детей нет. В душе я совсем не чувствую этот возраст. Каждый раз когда задумываюсь об этом больше чем на 3 минуты, меня накрывает...
user2017
23 мая 2017 / 10:57
Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Последний монолог Аблязова о «продолжении борьбы с режимом» и «ДВК-2», при всём желании, не выглядел как какой-то политический манифест.
openqazaqstan
25 мая 2017 / 13:53
  • 2818
  • 60