место в рейтинге
  • 83366
  • 88
  • 13
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Тұлғалық-бағдарлы оқыту жүйесіндегі оқушы тұлғасы

Қазіргі қоғам оқушы тұлғасының қандай болуын талап етеді?

  • Қазіргі күрделі қоғамдық қарым-қатынастарда өзінің дұрыс жолын тауып, өздігінен өмір сүре алуы,
  • Өз ой-пікірінің болуы, оны қорғап, жүзеге асыра алуы,
  • Өздігінен қажетті білім алып, кәсіп таңдауды жоспарлы түрде жүзеге асыруы,
  • Жалпы қоғамға пайдалы азаматтық позициясының болуы.

Біздің қазіргі балаларымыз қандай?

Жалпы, баланың жан дүниесі қазір үшке жарылуға мәжбүр. Отбасы – көше – мектеп. Өйткені бұл үш ортаның ара-қатынасы қазір негізінен қиын жағдайда.  Бұл үшемдік ауылда да айқын, бірақ әсіресе қала баласына өте ауыр салмақ салуда. Мұнда – бар өркениет.

Үшемнің өзегінде, тап ортасында – көше. Оны өмір немесе нақ әлгі өркениетіміз деп түсініңіз. Көшеде бәрі бар, бәрін көреді, есітеді, істейді. Жақсы нәрсе де, жаманы да. Оның балаға қатты әсер етуінің себебі – көшеде балалар еркін, өзімен-өзі, шынайы өмірмен жекпе-жек, бетпе-бет кездеседі. Өмір, жалпы алғанда, қызық қой, сондықтан бала сол қызыққа еркін құстай ұша жөнеледі.

Бірақ, өмір ойын емес екенін ол әлі білмейді. Өмірдің әрбір сәтінде шешім қабылдау, әр ісің мен сөзіңе жауап беру керек екені баланың қаперіне де кірмейді, біреуден ол туралы сұрағысы да келмейді. «Өмірден өз бетіммен» үйренемін дейді. Бұл баланың айыбы емес, адамның жаратылысының өзі сондай.

Өмір, жаймашуақ ағып жатқандай көрінгенімен, күрделі. Өмір-өзеннің арынды ағысында бір тал шөптей жоғалып не адасып кетпеу үшін бір маяк керек. Ол – ақ пен қараны, жақсы мен жаманды, пайдалы мен пайдасызды ажырату маягы. Мұны балаға тәжірибе, тәрбие, білім береді. Оның үшеуі де балада әлі өте аз немесе жоқ.

Қала өміріне жеке өз көзқарасымды айтып көрейін. Жалпы астарын айтсам.

Қала өмірі қаурыт, асығыс, әрбір сәті есептеулі. Сағаттай сартылдаған қатаң тәртіпті тіршілікте адамдардың бір-бірімен байсалды әңгімелесуіне, әрбір уақиғаны елеп, бағалауға да уақыты жоқ, зауқы да жоқ. Құжынаған адам болса да, бір-біріне бөтен, тіпті көршісін де танымайды. Тоқтауға мұрша жоқ, уақыт – ақша. Ақша табуға кедергінің бәрі мәнсіз, қажетсіз, күлкілі. Ал қалада ақша ағыны үлкен. Бас айналып, көз қарауытардай бар.

Күнделікті қатаң ырғақ біртіндеп жүйкені шаршатып, жалықтырып та жібереді. Бұл қатаң тәртіпті қыбыр-қыбырдың ішінде қазіргі адам көбіне бір жансыз механизм секілді, мысалы, компьютер, немесе банкомат, автомобиль, немесе жарнамадағы кока-кола дегендерден айырмасы да, артықшылығы да жоқ. Қала адамын «ауырды» не «қайтыс болдының» орнына, кешіріңіз, «бұзылып» не «сынып» қалды дейтіндей.

Қалада кім адам? Түрлі әлеуметтік қатпарлар бар. Түрлі тұйық орталар бар. «Кландар» десе де болады. Олардың ең ірілері – тәртіптілер мен қылмыскерлер, байлар мен кедейлер, ересектер мен балалар, зиялылар мен қарапайым қара, түрлі діндегілер. Әр топтың адамы өз ортасында ғана адами қарым-қатынасқа лайық бола алады. Ал топтардың өзара қарым-қатынасы... тек іскерлік, өз атымен айтсақ, ақшалық және саяси бағытта. Бұл тұста артық бір сөз, тосын қимыл-әрекет, өздік мінез болуы мүмкін емес. Қысқа сөз, жедел қимыл, бір жақты саясат. Сондықтан да қала тіршілігі қатаң, тікмінез.

Қаланың ең бір артықшылығы – адамның өркениетті өмір сүруіне барынша тұрмыстық, мәдени жағыдай жасалған. Әрине, оның да өз проблемалары бар, бірақ жалпы алғанда өмірдің сапасы жоғары.

Міне, қала тұрғынының менталитеті қалыптасатын орта. Қала баласы кішкентайынан осы менталитетті санамен емес, көре жүріп, түйсікпен бойына сіңіріп өседі. Сонда оның мінез-құлқы қандай?

Қала екпіні мен өркениетіне сай, баланың сөз-қимылы сергек, көңілі елгезек, мінезі ашық және еркін. Бірақ жүйкесі жұқа, тәни де, рухани да әлсіз. Қоғамдық құбылыстар және өркениет туралы ой-пікірлері бар, бірақ саяз, прагматикті, ісі де асығыс, уақыт алып-ұшырып барады. Ішкі рухани ізденістер артық уақыт өлтіру деп саналады. Сондықтан да баланың көңіл-күйі өте нәзік, толқымалы, қоғамдағы асқын «қыз мінезділіктен» «асқын қатігездікке» дейінгі аралықтағы әрекеттің бәрі күтпеген жерден жүз береді. Оларға бала өзі есеп бере алуы мүмкін емес.

Қала балаларының арасында өздері өмір сүріп отырған ортаның бар қарым-қатынастары жұмыс істейді – күшті мен әлсіз, бай мен кедей, ақылды мен ақымақ, білімді мен надан және т.с.с. Бірақ үлкендерге қарағанда әлдеқайда өткір, әлдеқайда ашық, әлдеқайда кешірімсіз-қатал өтеді, контрасты өте жоғары, өйткені баланың сана-сезімі, рухани дүниесі сыртқы селт еткенді қалт жібермей өткір қабылдайды. Тіпті ауыра-сыздай қабылдайды.

Сол қатынастарға байланысты балалардың арасында өзіндік тұлғалық түсінік-ұғымдар мен талаптары бар. Тұлғаға қойылатын талаптар да үлкендерге қарағанда әлдеқайда қатал, әлдеқайда жоғары. Тіпті бұл ортада қоғамдық қатынастар ашық, еш бояусыз жалаңаш күйінде, көзге таңбалағандай көрінеді десек жаңылыспаймыз. Жасөспірімдік максимализм деген осы шығар. Бұл қатынастарға кірген баланың жүйке жүйесіне орасан үлкен салмақтар түсетіні анық. Әсіресе, ауылдан көшіп (күшті урбанизация жүруде), ауыл менталитетін ала келген бала түгіл, ересектің өзі айрықша қысымға тап болары да анық. Ол кез-келген мезгілде, кез-келген жерден сыздауықтай «тесіп» шығатыны сөзсіз.

Ал енді «көше» өмірінің талаптарына қазіргі отбасы мен мектеп қаншалықты жауап бере алады? Жауап бере ала ма?

Қысқа қайырсақ – негізінен алғанда жауап бермейді.

Ата-ананың баламен толыққанды қарым-қатынас жасауына көбіне уақыт жоқ. Көп отбасының балалармен қарым-қатынас мәдениеті төмен не ол жоқ. Отбасы, көбіне, сыртқы қоғамнан, «көшеден» бір сәт оқшауланып, демалатын орын қызметін атқарады. Сондықтан да, отбасы мүшелерінің ақыл-кеңес құрып, тереңірек сұхбаттасып, күнделікті мәселелердің шешімін бірлесе ізденіп отыратын сәттері кем де кем десек, қателеспейміз. Мүмкін, осы себептен де көптеген отбасылар мен көшенің арасы өте алшақ, бала бір-бірінен өзге екі ортада қатар өмір сүреді. Оларға енді мектеп өмірі қосылады. Бұл, тіпті, басқа ғаламшар. Өйткені бұл жерде баяғы «коммунизм елесі» әлі жүр!

Бұл үшемнің бір-бірінен түбегейлі алшақтығын олардың негізгі құндылықтары мен ұғымдарынан сөзсіз аңғару түк емес. Отбасы – силастық, мейірімділік, тыныштық, бірлік. Мектеп – ұжымдық, сыншылдық, жарыс, білім, тәртіп. Көше – тобырлық, күш, байлық, ақыл-парасат, қулық, қатігездік, еркіндік. Қайсысы басым түсіп жатқанын өмірден өзіңіз шамалаңыз.

Міне, осының бәрі қазіргі баламыздың ішкі дүниесінде. Жақсысы да, жаманы да. Міне, балаларымыздың жалпылама бейнесі. Оны қазіргі өмірдің бір кейіпкері деп қарасақ, ол жағымды ма, жоқ, жағымсыз ба, өз ішіңіз сезіп тұр.

Әрине, заманға сай өте білімді де ақылды, дарынды да жігерлі балаларымыз көп, бірақ жалпы деңгей, олармен салыстырғанда, әлдеқайда төмен.

Баланы осы қым-қуыт қиындықтардан алып шығатын жол – тұлғалық парадигма.

Кішкентайдан тұлға тәрбиелеу. Электрондық оқыту осыған қызмет етеді, осыған жол ашып, қолайлы кеңістік жасайды.

Келесіде әңгіме осы жайлы болмақ.

(жалғасы бар)

11 мая 2012, 1:16
4047

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Алматинский учитель поставил диагноз системе, частью которой является образование. Будучи успешным юристом, имевший степень МВА, он вдруг развернул траекторию своей карьеры, став обычным учителем.
Zhumanova
22 сент. 2017 / 16:26
  • 9723
  • 17
«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

Досталось и Скриптониту, который ранее опубликовал запись, о том, что больше не будет сниматься в клипе Гуфа и Тимати. "Я тебя ни о чем больше не попрошу, казах ты мой дорогой" - высказался рэпер.
tala03
21 сент. 2017 / 15:48
  • 4321
  • 12
«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

Мы не такие блатные. Да, нас унижают руководители, возомнившие себя ханами, часто наши права не реализуются в должной мере. И я всегда задавался, почему на самом деле нет нормальных условий и льгот...
WriterKz
23 сент. 2017 / 0:41
Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Вице-спикер Мажилиса Владимир Божко остановился на некоторых деталях известного конфликта в Астане возле строящегося «Абу Даби Плаза», затронув проблему «многочисленной сельской молодёжи»...
openqazaqstan
19 сент. 2017 / 13:16
  • 2909
  • 64
Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Полицейский беспредел в Казахстане осудил российский блогер и путешественник Евгений Золотухин. На своей странице он рассказал, как встретился с казахстанскими полицейскими, и как они оставили не...
tala03
18 сент. 2017 / 16:58
  • 2076
  • 13
Астана перестает быть городом-музеем, или Почему я хотел бы жить в столице

Астана перестает быть городом-музеем, или Почему я хотел бы жить в столице

Наш главный город страны стал избавляться от уже вполне неуместных моветонных клише, которые громоздились над ней, как черное облако над Мордором.
tentser
22 сент. 2017 / 21:04
  • 1962
  • 72
Сеульское метро: инструкция по применению. «Остерегайтесь колясок и пожилых людей»

Сеульское метро: инструкция по применению. «Остерегайтесь колясок и пожилых людей»

Корейское метро полностью автоматизировано: здесь пользуются карточками TMoney, баланс на которых можно постоянно пополнять. Этими же картами можно расплачиваться в магазинах и столовых.
daminaishappy
18 сент. 2017 / 21:56
  • 1697
  • 4
Оправдан ли резонанс в среде киноманов? Скромное мнение о фильме «Оно»

Оправдан ли резонанс в среде киноманов? Скромное мнение о фильме «Оно»

"Оно" - восторженные отзывы, сборы, оправдавшие бюджет в пять раз, высокие оценки, и все это, лишь за 10 дней после старта в мировом прокате.
blogfreez
18 сент. 2017 / 17:07
  • 1754
  • 11
Дагестанские «миротворцы» борются за справедливость в Мьянме на улицах Москвы

Дагестанские «миротворцы» борются за справедливость в Мьянме на улицах Москвы

Парней начали осуждать за поступок в социальных сетях. Популярные группы Кавказа назвали выходку парней дикой, и пояснили, что они позорят нацию и религию.
tala03
20 сент. 2017 / 16:42
  • 1600
  • 40