Англия Кубогінің финалы

Алим Рахимбеков 2012 M05 3
991
18
6
0

Міне, шамалы ғана уақыт қалды.. Мен асығып күткен күн де жақындап қалды. Менің сүйікті командам Лига Кубогінің финалында ойнағанда мен бұлай асыға күтпеген едім. Себебін білмейм. Бірақ матчі көре...

Міне, шамалы ғана уақыт қалды..

Мен асығып күткен күн де жақындап қалды. Менің сүйікті командам Лига Кубогінің финалында ойнағанда мен бұлай асыға күтпеген едім. Себебін білмейм. Бірақ матчі көре алмай, 2 сағаттан астам подъезде журіп интернет қосам деп біраз қиналғаным есімде, интернет сымын ол матчқа бірнеше күндер қалғанда, әдейі істегендей, ұрлап кеткен жағдай орын алған.

Сонымен, 5 мамыр, Англиянын әйгілі Уэмбли стадионында, Англиянын ең көне кубогінің финалы өтеді.

Финалға, менің сүйікті футбол клубом - Ливерпуль, және менің ең жек көретін командам - Челси шыққан еді.

Енді кішігірім, ағылшынша айтқанда Preview

Маңызды ойыншылар:

Ливерпуль - Луис Суарез. Суарез, өткен аптада, Ливерпуль өз алаңында Норвичь Сити командасын қабылдаған ойында, жақсы мергендік пен қырағылық танытып, қарсыластардың қақпасына 3 гол соқты.

Челси - Фернандо Торрес. Ливерпульдің бұрынғы беделді ойыншыларының  бірі болған, Торрес, Куик Парк Рейнджерс командасына қарсы болған ойында 3 гол соғып, Челси жанкүйерлерін бір қуантты. Өзінің бұрынғы командасына қарсы болатын ойында, сөзсіз, Торрес барын салады.

Соңғы ойындардан кішігірім статистика:

Осы жылғы маусымда болған 2 ойында да, Ливерпуль Челси командасын тізе бүктіргені бар, бұл Ливерпульдің шамалы болсада, келе жатқан ойында фаворит екендігін білдіреді.

Екі команда да, чемпионатта болған сонғы ойындарында ұтылып қалды. Ливерпуль, өз ойында осы маусымдағы ең маңызды ойынды ұстай тұра, қосалқы құрамының ойыншыларымен және жас дарынды ойыншыларымен, өз алаңында лондондық Фулхэмнен 0-1 есебімен ұтылса, Челси болса, өзінің беделді, жұлдыз ойыншылармен ойнай тұра, өз алаңында 4-ші орынға белсенді тартыс жасап жатқан Нюкаслдан ұтылды.

Міне, ойынға арналган кішігірім алғы сөзім осындай.

Сіздерін де осы ойынға қатысты көзқарастарыңызды білгім келеді.

Жеңісті күндерде кездескенше ағайын! :)

Оцените пост

6

Комментарии

2
Ливерпуль АЛҒА! You'll never walk alone!
2
Алға, Ливерпуль!!!!!!!
1
Матч будет не легкий, но нам ведь не впервой, скаузеры! YNWA!
2
Pride - Passion - Belief

You'll never walk alone !
0
Менин ойымша Англия кубогин Ливерпуль командасы алады, ойткени олар бул сезонда Европа лигасынын зонасына кире алмады. Ал Челсиде али Чемпиондар Лигасы бар, олардын ойы толыгымен сол матча деп ойлаймын. Проход Ливерпуль - 2.05)
Показать комментарии