• 54310
  • 36
  • 5
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Ұлы жеңіс – ұрпаққа аманат!

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні. Осыдан 67 жыл бұрын, бұл күні адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғысы Ұлы Отан соғысы аяқталды. Екінші дүниежүзілік соғыс, біз үшін Ұлы Отан соғысына 6 материктің сол кездегі әлемнің дербес 60 астам елі қатысқан болатын.

Айбынды білек, жеңістеріне сенімді ыстық жүректері мен қайрат күштерімен кешегі жігіттер бүгінгі, өнегелі аталарымыздың арқасында 1945 жылдың 9 мамыр күні Ұлы мейрам – жаудың жеңіліп, соғысты жеңіспен аяқтадық!

Бүгінде Жеңіс күні мерекесі адамдардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш күні. Бұл қастерлі мейрамның мән мағынасы уақыт өткен сайын еш өшпек емес, себебі оның құндылығы  ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет боларлық жақсылық жеңген Ұлы күн!

Ендеше, бейбіт көк аспанды кейінгі ұрпақ үшін киелі болсын деп қан-майданға аттанған жауынгер аталарымызға кезек берсек.

Қазақ топырағынан Ұлы Отан соғысына бір миллионан астам ержүрек жауынгерлер қан майданға аттанған. Олардың көпшілігіне Вермахттың сақадай сай әскери күштеріне қарсы тұруға тура келді.

 

Давлетов Асылбек Жазизұлы


Ауылдан келген жас жігіттер кешегі қырмандағы жұмыстан бірден майданның алдыңғы шебіне түссе де, қазақ баласына сай ерліктерімен көзге түсті. Сондай батырдың бірі  Давлетов Асылбек Жазизұлы.

Асылбек  Жазизұлы 1925 жылы 10 қарашада бұрынғы Көкшетау облысы Көкшетау ауданы Сталин атындағы колхозда шаруалар отбасында дүниеге келген. Сол ауылдың 8 сыныптық мектебін бітіріп, 18 жасында 1943 жылдың 10 қаңтарында соғысқа аттанады. Жасына қарастан Асылбек  ата Карелия, III Украина майдандары құрамында жауға қарсы тұрды. Қалың орман арасында бекінген герман және фин қарулы күштерінен Карелияны босатуға Асылбек Жазизұлы Карелия майданының 13-ші Әуе Десанттық Бригадасының 99-шы Әуе Десанттық дивизия құрамында қатысты.

 

Ал 1945 жылдың қаңтарынан бастап Асылбек ата ІІІ Украина майданындағы 300-ші гвардиялық атқыштар полк құрамында Венгрия мен Австрия мемлекеттерін азат етті. Соғыстың бел ортасында жүрген бүгінгі ақсақал Асылбек Жазизұлы, 1945 жылдың көктемінде жарақаттанып, бір жарым ай Будафок госпиталінде емделуіне тура келеді. Госпитальдан шыға салысымен Асылбек Давлетов әскер құрамына қайта барар жолда Австрия мен Венгрия мемлекеттері арасындағы Шапрон станциясында Ұлы Жеңіс күнін қарсы алды. Асылбек ата Еуропада1950 жылдың мамырына әскери борышын өтеп, елге оралды.

Асылбек ата бүгінде екі мәрте «Ерлігі үшін» медалімен, І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Будапештті алған үшін», «Венаны алған үшін», «Германияны жеңген үшін» медальдарымен марапатталған.

Еңбек жолында  екі мәрте «Қызыл Ту Еңбек» орденімен, төрт мәрте «Құрмет белгісі» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Барлығы Асылбек атамызда жиырмадан астам медальдар мен ордендер бар. Қария бүгінде әскери жолдастарымен қазіргі таңдада араласып тұрады.

Асылбек Жазизұлының жұбайы Орынбасар Шайкенқызымен 1958 жылы  30 маусым күні шаңырақ құрған. Қазіргі таңда, Асылбек ата мен Орынбасар апаның жұптасқандарына 54 жыл толып отыр.  Бақытты шаңырақ 3 бала мен 3 немере тәрбиелеуде. Асылбек ата жастарға Хәкім Абайдың  «Бес нәрседен қашық болуға шақырған - Өсекөтірікмақтаншақеріншекбекер мал шашпақтықтан алыс жүруді өсиет етіп, талапты бар жасқа ақ батасын берді.

 

Дүйсенбаев Бижан

Киелі Маңғыстау топырағы әулие-әмбиелерімен ер жүрек батыр ұлдарымен әйгілі. Оның бірі Ұлы Отан соғысының ардагері Шетпе кентінде тұратын Бижан Дүйсенбаев атамыз туралы сыр бөліскелі тұрмыз.

Бижан Дүйсенбаев атамыз 1925 жылдың 13 тамызында Маңғыстау ауданы, Таушық аулында дүниеге келген. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары солақай саясат салдарынан Қазақ елін жайлаған ашаршылық Бижан ата отбасында айналып өтпеді. Ашаршылықтан бас сауғалаған Маңғыстау жұрты көрші, іргелес жатқан Түркіменстанға үдере көшті. Тілі ортақ, діні бір түркімен жерінде Бижан ата ержетіп,  не бары 17 жасында Красноводск облысы, Карабогаз гөл  аулынын 1942 жылдың 10 сәуірінде  комсомол жолдамасымен Кеңес әскері қатарына қабылданады. Қатарлас жолдастары арасынан жирақтығымен көзге түскен  Бижан Дүйсенбаевты басшылық сол жылы Ташкенттегі әскери байланыс училищесінің алты айлық дәрістерін оқуға жібереді. Училищені Бижан ата байланысшы-связист мамандығын бойынша сәтті оқып шығады. Бұл уақытта қан майдандағы соғыспен қатар, тыңшылар жүргізіп жатқан жасырын соғыс та толық жүріп жатты.  Фашистік Германияның абвер барлау қызметі Иран-Ауғанстан-Тәжікстанда арқылы тыңшылық әрекетпен қосымша ақпарат алуға көшкен болатын. Осы уақытта, Бижан ата Тәжікстан шекарасындағы Мұрған  қаласының шекара қызметіне барады. Бижан Дүйсенбаев 1949-1951 жылдың маусым айына дейін Тәжікстанның Мұрған қаласының шекара заставасы басшысына дейін  өседі.

9 мамыр күні Еуропада соғыс аяқталғанымен, Германияның Азиядағы одақтасы Жапон империясы әлі де болса соғыс жүргізіп жатты.  Бижан ата Жапонияға қарсы соғыста 4 ай қатысып, Манчжурияны, Қытайды азат етеді.

1947-1949 жылдары аралығында Қытай коммунистік партиясының ұлт-азаттық қозғалысына қатысып, қытайлық жолдастардың билік басына келуіне септігін тигізген кеңестер әскерінің құрамында болады. Елген оралған соң 1952 жылы Бижан ата Зоя Есжанова апамызбен отау құрады. Бүгінде Бижан ақсақал 3 ұл мен 2 қыз тәрибелеген және қаулаған немерелер мен шөбеле сүйген ата.

Бүгінде қарт қария Бижан Дүйсенбаевтың омырауы «Ерен еңбегі үшін», Украина мемлекеті марапаттаған «Ұлы Отан Соғысына 60 жыл», Ресей Федерациясы марапаттаған «Жуков атындағы медаль»,  «Ұлы Отан Соғысына 65 жыл», «Астана аласына 10 жыл», «Маңғыстауға  35 жыл», «Қосай Ата 500 жыл», «Ұлы Отан соғысының ардагері» медальдарымен толып тұр.

Атаның бүгінгі арманы елдің бейбітшілігі, тілі бөлек болса да, тілегі бір ортақ Қазақ елінің барша халқының аманшылығы мен бақытты ғұмыр кешуін тілейді.

 
Bakha Narym OtanshylZhas
3 мая 2012, 15:30
47164

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Бабалар аңсаған бейбіт ғұмырды біз бағалай білейік! Қазақ арасында ІІ дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен батырлар жетерлік. Бұл мақал соның айқын дәлелі!
Білектесіп, иық тірескен ержүрек кешегі жігіттердің арқасында бүгін біз бейбіт ғұмыр кешудеміз. Рахмет сіздерге абзал жанды ардагер қариялар!
чем всякие помпезные мероприятия проводить, лучше бы выделили достойное финансирование на поддержку героев Великой Отечественной!
Согласен. Наш Президент Н.А.Назарбаев неоднократно говорил об этом и давал соответствующие поручения.
Шын мәнінде біздің абзал жанды ардагер қарияларымыз үлкен ерлік жасады. Ел үшін, болашақ ұрпақ үшін жандарын берді. Ол кісілердің жасаған ерліктерін біз ұмытпаймыз.
Менің атам Ұлы Отан Соғысының ардагері. Отан үшін қасық қаны қалғанша соғысқандары туралы әңгімелейтін. Мен атамның Отан үшін, болашақ ұрпақ үшін соғысқа қатысқанына маөтанамын. Ол кісілердің ерліктері біздерге үлкен үлгі. Олар өз заманының нағыз патриоттары деп білемін!
афтору: фоток мало, текста много.
аташкам низкий поклон!
ияяяяяяяя елім деп еніреп жерім деп жан аямай шайқасқан аталарымыздың арқасы ғо бәрі....
менин какем керемет адам!

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор Уполномоченный по правам ребенка, как институт во всем мире стоящий на страже жизни и прав детей, в нашей стране будет выполнять представительские функции?
AliyaSadyrbaeva
вчера / 18:27
  • 6142
  • 5
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 3909
  • 58
Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Некоторые мои знакомые, мечтают уехать в Россию и побыстрее получить гражданство. Кому мы там сдались? Есть замечательная поговорка: "Где родился - там и пригодился".
Washington
вчера / 12:15
Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

За день до своей гибели прямо около памятника жертвам политических репрессий 1937-го Жампозов сказал жене, что он – жертва точно таких же репрессий.
openqazaqstan
24 июля 2017 / 10:18
  • 3104
  • 12
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2930
  • 2
Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Что касается парней, так это вообще отдельная тема. Они для меня загадка. Уже год пытаюсь понять ход их мыслей. Для нас, казахов, немного сложно понять, почему человек в 35-36 лет, до сих пор не нашел смысла жизни.
AASh
24 июля 2017 / 15:19
  • 1991
  • 18
Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Минувшие выходные для казахстанских туристов, рвущихся от алматинской жары к иссык-кульской прохладе, снова обернулись настоящим кошмаром.
caravan_kz
19 июля 2017 / 18:39
  • 1941
  • 4
Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Решили сделать топ-5 красивых актрис Казахстана. Очень долго спорили о первых трех местах и даже чуть не подрались. Было очень тяжело выбирать.
asdbqwe
20 июля 2017 / 14:24
  • 1974
  • 41
Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Самое грустное, что, как и всегда в таких случаях, скоро на Честера начнут изливаться потоки грязи - что он был наркоманом, или что-то подобное (как в случае со многими знаменитостями).
demonica
21 июля 2017 / 15:13
  • 1913
  • 51