Ай Өкінішті!!!!

aidos_22 2012 M08 9
306
0
1
0

Кеше бокстан олимпиада ойындарының ширек финалдары өтті. Қазақ  боксшыларынан  3-еуі шаршы алаңға шығып, тек соның 1-еуі ғана жартылай финалға өткені өкінішті. Бірінші болып 49-кг салмақ...

Кеше бокстан олимпиада ойындарының ширек финалдары өтті. Қазақ  боксшыларынан  3-еуі шаршы алаңға шығып, тек соның 1-еуі ғана жартылай финалға өткені өкінішті.

Бірінші болып 49-кг салмақ дәрәжесіндегі жерлесіміз Б. Жақыпов қытайлық Ши Миньге қарсы шықты. Қытайлықтан жерлесіміз алдын 5 рет  кездесіп  5 рет жеіңлген. Бірақ үміт болды, жерлесіміз жеңеді деген..... 1-раунд тең дәрежеде өтті, қалған 2-ші мен 3-ші раундта жерлесіміз қытайлықты қуып жүріп сабады. Соққылары да айқын болып жатты.... бірақ  есеп 13:10 қытайлықтың пайдасына....Төрешілердің қытайлыққа ұпайды қайдан алып қойып жатқанын түсінбедім, менің пікірімше жерлесіміз бол жолы ұтып еді!!! Төрешілірдің бүйрегі бұрды қытайлыққа......Ай Өкінішті!!!

Жакыпов Биржан

Келесі Болып 64 кг салмақтағы отандасымыз Д. Елеусінов көтірілді. 1-ши айналымда америкалық қарсыласын 19-9 қылып оңай ұтқан Даниярды ЧЕМПИОН болады деп ойладық. Оған себеп те бар еді: оның бойынан боксшыға тән жылдамдық, аяқта жүру, ауыр соққы т.б барлығы бар. Оның кешегі қарсыласы италияндық боксшы болды. Алғашқы 2 раундта Елеусінов қарсыласын жаңбарша жауған дөп соққыларының астына алды. Бірақ 2 раунд қорытындысы бойынша италияндық 9:7 есебімен алда тұрды. Төрешілер ұпайды қайдан қосып жатты?! Қарапайым көрермен ретінде бізге де теледидардан көз алмай қарап отырған бізге де көріну керек емес пе?! 3 раунда Данияр ұтылса ұтылған шығыр, алғашқы 2 раундты дұрыс есептегенде Данияр жартылай финалға шығатын еді! Ай, өкінішті...............

Оцените пост

1