• 69346
  • 12
  • 4
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Күзгі жапырақтағы жазулар

Менің жан дүнием күзде табиғатпен бірге ерекше мұңды күйге түсіп, терең ойға енеді. Ол ойларым көздің жауын алар қызылды жасылды, сарғылт түспен күзді күнгі жапырақтарға жазылғандай...

Жан дүниемді әдемілігімен өзіне тартып, байлап қойғандай болады да тұрады. Аздап жел соқса болды, мені қоршап алады. Кей жапырақтар желмен ұшып кетіп барады. Қай жапырақтағы ойымды тұсауға аларымды білмей дал боламын. Қайсысын қолыма алып, қайсысына көз саларымды білмеймін. әне, бір бір жапырақта асау жел кеудеме орден қылып тақты. Табиғаттан ерекше сый алғандай күйде бодым да, қайтадан ойға шомдым. Сөйтіп тұрғанда күздің тұманы келіп қол бұлғап, менің ойымды, жн дүниемді белгісіз күйге орады.тек адасып кетпесем болғаны, себебі дала да менің ойларымдай бұлыңғыр...

Күздің әр күні жан дүниемді беймәлім күйге бөлейді... кейде жаңбыр жауып, көңіл тамшысы жас болып ағып, сол жаңбырмен табысуға асығады. Кейде сол жаңбыр көңіл кірбіңін жуып шайып, тап таза қалпына қайта түсірсе екен деп ойлайсың. Аспан ашық болса да, кейде менің жүрегімдегі күдіктей болып, аракідік бұлттар да серуен құрып жүр. Бір ағаштан үзіліп түскен жапырақтай болып, менің тамыры нәзік үмітімнің үзілмеуін қалаймын. Салқын желмен бетпе бет келіп тұрып, жан дүниемдегі алаудың жылуы сейілмей, лаулап жана түскенін қалаймын...

Кей кездері жабырқау жанымды түсінгендей күн күліп қарап, сәулесімен басымнан сипайды. Ондайда өзімнің де шуақтай болып, айналаға нұр бергім келеді. Сонда да суық жел құлағыма сыбырлап, өз сырын асыға, жарыса, гуілдеп айта береді... біздің жан дүниемізді табиғат сезеді, біледі,көреді, өзімізге де айнадағыай етіп көрсете алады. әттең, ьіздің қауқарсыздығымыз ай. Бізді жақсы білетін табиғаттың сыры түгіл, тілін де білмейміз. Күздің сыры мол екенін білемін. Мүмкін, жарық дүние есігін күзде ашқаннан ба екен, мен де сыршылмын. Табиғатпен үнсіз сырымды бөлісіп, тілдескенді ұнатамын. Алайда, сұлу табиғаттың сәні кетіп бара жатқандай көрінеді маған...

Қыз жүрегі гүл. Аялап, баптап, мәпелеп, күтіп, қорғап отыру керек. Бірі үшін қиындық, бірі үшін құрмет. Сүйе білген адам үшін ләззат. Себебі қыз сүйген жүректің меншігі. Ал қыздың сұлу да сырға толы гүл жүрегіне қаяу түсірсең, күзі тез түсіп, лезде солады. Ал ұзақ ғұмыры үшін жылы сөзден су құйып отырған абзал. Бірақ ешуақытта қыздың гүл жүрегін жұлып ап, уақытша әдемілік үшін пайдалануға болмайды. Себебі ондай гүлді үзіп алып, аяққа таптау қорлық. өмірін қия кешірілмес әрі ақталмас күнә. Жаны нәзіктікпен көмкерілген сұлу да сымбатты, айналаға әдемілік нұрын берер гүлдерге жазда да күтім керек. Сонда ғана гүл жүректің табиғатында көктем де, қыс та, күз де тек жаз бейнесінде болмақ.

*****

Күн күліп көрінгенімен, суық ызғар бірден сезіледі. Күздің салқын лебі есіп, қыстың иек астында тұрғанын жар салып жеткізіп тұрғандай. Жақын арада қар жауып, табюиғатты құшағына алары белгілі. Аппақ, тап таза, пәк көңілді еске түсіріп, ерекше тазалықты көрсетері хақ. Қыздың аппақ арынан көрініс беріп тұрғандай. әне, бір адам сұлулықты байқамады да, астаң кестең етіп. Тап таза қардың үстімен өте шықты. Жылағым келді. Күн болып, жылулық сыйлағым келді. Қатыгез адам аяқасты еткен қарды ерітіп, ағып жатқан тау бұлағымен қосылып аққанын артық көрдім. Бұлақ та кіршіксіз таза, бұлақ та пәк. Біреудің аппақ қардай таза көңіліне дақ түскенде, көзінен жас шықса, ол да бұлақтай таза. Ниеті де ақ. Қыз үшін ең маңыздысы әрі құндысы ар тазалығы. Соны қорғап, қадірін білу, аялау тек сүйген жүрекке ғана оңай. Сүйген жүрек үшін ғана ерекше міндет. Сол үшін барша жандар таза ниетімен, пәк көңілімен шынайы сезімдерін жолықтырса екен...

*****

Ауа райы бүгін өте суық. Қатты әрі суық жел де бар. Көңілсіздік ұялатып, өзі де бірдеңеге ренжулі тұрған сияқты. Адамзатқа ренішін қатты жел арқылы айтып тұрған іспеттес. Тоңп қалдым.. табиғатпен жан дүнием үйлесіп тұрғандай. Күн жылы болғанда жаның тоңса, ең қиыны да сол шығар.  Ал табиғат көңілсіз болса, бізге неге әсер етпеуі керек?! Біздің көңіліміз табиғаттың әсерінен тез өзгере алады. Ал табиғат алдында біз жігерсіз, әлсіз, күшсізбіз. Ол жыласа, жұбата да алмаймыз. Біздің жан дүниеміздің табиғаты жер ана табиғатының кішкентай ғана бөліг. Осының өзі бізге жаратушы иеміздің құдіретін көрсетіп тұрғандай.

Поэзия сөздің сәулетті сарайы. Ол сарайда сырлы әлем, әдемі ой, әсем түйін тату тәтті өмір сүреді. Ең бастысы, ақын жүрегінің, жан дүниесінің көрінісін анық көруге болады. Терең ой сұлу сөз арқылы ақын әлемінің бір көрінісі болып, сол сарайдаң қабырғасына ілінген суретшінің әдемі туындысынждай болмақ. Қарап тұрып, көз алмай, сол әлемге оймен саяхат жасағың келеді. Поэзия сарайына кірсең, шығу тым қиынға соғады. Себебі ол қиыры жоқ, шексіз әлем.

Жаралы жүрек бақыт құсысың қайта қонатынына күмәнмен қарайтын сияқты. Бір күйіп қалған соң, тіпті шоқтың өзінен өрттен қорыққандай қашатын жандарды көрдім. Жүрек адам өмірінің қозғаушы күші. Ал оның жаралы болуы өмір жолының аур өтуіне итермелеуі мүмкін. Сенімнен айырылып, жаралы жүрек үміттен қашады. Бірақ көөзін де, көңілін де соқыр қылып, басқа адамдардың жүрегіне де терең жара салатынын байқамайтыны өкінішті.

*****

әдемілік қыздың өмірлік серігі. Қыз жүрген жерде әдемілік, әсемдік, сұлулық қатар жүреді. Алайда бет келбетімен қатар жан дүниесінің сұлулығын күте білген, құндылығын сақтай білген қыз үлкен бақытқа лайық жан. Себебі ол жан жағына нұр беріп, ішкі және сыртқы сұлулығының үйлесімі арқылы ғана басқаның жүрегіне, көңіліне жол табады.

әдемі әрі терең ой маған құс сияқты болып елестейді. Басыма келіп қонса, ұшып кетер ме деп қорқып, тапжылмай отыра кетемін. Қозғалсам, үркітіп аламын ба деп қорқамын. Сол үшін қағаз бетіне түсіруге асықпын.

 

Гүлнұр Қуанышбекқызы

 
29 апреля 2012, 13:40
7771

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Известный казахстанский бизнесмен становится первопроходцем и создает школу, о которой можно только мечтать. То, что мы, как взрослые, делаем в бизнесе, дети будут делать в этой школе.
Zhumanova
24 апр. 2017 / 16:29
  • 15863
  • 3
Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Я прекрасно понимаю тех, кто долго ищет подходящую квартиру - сама искала, потратила на поиск 1,5 года. Что, прежде всего, повлияло на мой выбор при покупке квартиры в новостройке Алматы?
Zhumanova
21 апр. 2017 / 10:04
  • 3532
  • 10
«А ты покушала?» или Как завоевать сердце женщины простой заботой

«А ты покушала?» или Как завоевать сердце женщины простой заботой

Так как опыт хождения по свиданиям у меня немаленький, да и с интуицией давно дружу, я быстро отсеиваю тех, с кем будут проблемы. Как я это определяю? Очень просто.
Bonittta
22 апр. 2017 / 14:10
«Третья мировая война начнётся в мае 2017 года» – провидец из Португалии

«Третья мировая война начнётся в мае 2017 года» – провидец из Португалии

Провидец из Португалии по имени Горацио Вильегас считает, что новая мировая война состоится уже в текущем году. Считается, что португалец два года назад объявил, что Трамп станет президентом.
Seattle
21 апр. 2017 / 15:33
  • 3211
  • 12
Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Всё ли так хорошо у жителей Казахстана? Почему-то наша страна сохраняет твёрдые позиции в первых строчках мировых рейтингов по числу самоубийств.
openqazaqstan
24 апр. 2017 / 16:54
  • 2811
  • 16
Меня вывели из себя ученики 8 класса. Я осознала, что не хочу быть учителем

Меня вывели из себя ученики 8 класса. Я осознала, что не хочу быть учителем

Когда я пришла в первый раз на работу, слышала как доносятся крики из разных кабинетов. Крики это были не детей, а учителей, которые не могут сдержаться, когда уже все силы иссякли...
teacher1210
19 апр. 2017 / 7:56
  • 2753
  • 61
Депутат сената Айтимова: «Не нужно критиковать депутатов, так как вы сами их избирали»

Депутат сената Айтимова: «Не нужно критиковать депутатов, так как вы сами их избирали»

Наши депутаты известны не достижениями и работой, а своими высказываниями. Сегодня в СМИ вышла новость, где депутат сената Бырганым Айтимова ответила на критику народа.
tala03
20 апр. 2017 / 13:44
  • 2506
  • 20
Стихия всё спишет. Почему дамба за 200 миллионов никого не спасла?

Стихия всё спишет. Почему дамба за 200 миллионов никого не спасла?

Наводнение в Атбасаре, размытые дороги, подтопленные сёла по всему Центральному и Северному Казахстану... Что происходит?
openqazaqstan
19 апр. 2017 / 15:20
  • 2484
  • 14
Каждую ночь я жду его. Почти каждую ночь он оправдывает мои ожидания

Каждую ночь я жду его. Почти каждую ночь он оправдывает мои ожидания

Каждую ночь я жду его. Такая уж у него работа, он приходит поздно. Но почти каждую ночь он оправдывает мои ожидания. Когда его долго нет, признаюсь, я начинаю нервничать. Названивать и писать смс-ки...
DominaOmnium
21 апр. 2017 / 2:25
  • 2223
  • 11