Болашақ үшін алғысымыз шексіз!

Arman Abdolla 2012 M04 29
2910
1
2
0

2012 жылғы 28 сәуірде Ұлы Жеңістің 67 жылдығына арналған «Болашақ үшін алғысымыз шексіз!» республикалық жастар акциясының бастауын алды. Акцияның мақсаты – өскелеі ұрпақ бойында азаматтық және...

2012 жылғы 28 сәуірде Ұлы Жеңістің 67 жылдығына арналған «Болашақ үшін алғысымыз шексіз!» республикалық жастар акциясының бастауын алды.

Акцияның мақсаты – өскелеі ұрпақ бойында азаматтық және патриоттық сезімді қалыптастыру, ҰОС мен Тыл еңбеккерлерінің өзекті мәселелеріне қоғам назарын аудару болып табылады.

Аталған акция «Болашақ бүгінен басталады» республикалық науқаны аясында ұйымдастырылып отыр. Шараны ұйымдастыруға бастамашы болған Қазақстан жастарының Конгресі мен Қазақстан студенттерінің Альянсы болып табылады.

1-9 мамыр аралығында еліміздің түкпір-түкпірінде қазақстандық жас азаматтар Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін күнделікті қажетті заттарды, тамақ, гигиена құралдарын сатып алуға, үй шаруашылына қол ұшын беруге, мәдени шараларды ұйымдастыруға және оған ардагерлерді қатыстыруға қолдау көрсетеді. Бұл біздің жеңімпаз ержүрек ерлеріміз үшін жасалған кішкентай ғана көмегіміз.

 

Қазақстан жастарының үндеуі!

Болашақ үшін алғысымыз шексіз!

 

Олар бізбен бірге өмір сүреді. Біреу сенің туысың, ал біреуі көршің. Олардың жүріп өткен жолы, төккен тері, жасаған ерлігі біздің олардың құрметтеуге міндеттейді және олармен біздің мақтануымыз керек. Себебі, біз қазірдің өзінде жеңімпаз ерлермен бірге өмір сүрудеміз. Бүгінгі ардагерлер – жай адамдар емес. Олар қатысқан сұрапыл соғыс, бүкіл елдің тағдырын шешті.

Олар оққа кеуделерін төсеп, өлімге бастарын тікті. Олар майданға аттанып бара жатып, бір-ақ мақсатты ойлады. Ол келер ұрпақ үшін Жеңісті қолдан бермеу болды. Олар жеңді. Олар біз үшін күресті, біз үшін жеңіске жетті. Елді қайта қалпына келтірді. Біздің әкелеріміз бен аналарымыз өсірді, жеткізді.

Бүгінгі күні ешкімде бізден діл осындай жеңісті талап етіп жатқан жоқ.  Ол үшін біздің аталарымыз күресті. Олар біз үшін бәрін жасады. Бізге тыныш өмірді сыйлады. Алғ қазір олар тек бізден жай жылылық пен қамқорлықты, үнемі назарда болғанды ғана сұрайды. Бұл бір қарағанда онша көп немесе қиын шаруа емес. Олар біздің бақытты болашағымыз үшін бәрімізге әлдеқайда көр нарсені берді, өздерінің өмірінің, өздерінің жастық шағын сыйлады.

Жастық шақты қайта оралтуға болмайды. Әр жыл өзінің дегенін алуда. Жыл сайын қаншама ардагерлерімізді арамыздан таба алмай жатамыз, жыл сайын олардың саны азайып барады. Ал қазір олар біздің қолдауымыз, көмегімізге зәру.

Арамызда бірде бір ардегеріміз қалмаған күн туады. Біз сол жылдардағы ерлік көрсеткен ардагерлер, жеңіс бізге қалай келгендігі туралы естеліктер біздің жүрегімізден жоғалғанын қаламаймыз. Қазір біз тек бір-ақ нәрсені қалаймыз. Осы өмірде тірі, біздің арамызда жүрген ардагерлерімізге көмек көрсетіңіздер. Біз олардың ерлігін тек 9 мамырда Жеңіс күнінде ғана еске алмауымыз керек.....

 

Сіз не істей аласыз:

- Қажетті заттарды сатып алуға көмек көрсетуге.

- Үй шаруашылығына қол ұшын беру.

- Мәдени бағдарламалар мен шараларды ұйымдастыруға және қатыстыруға.

- Мамыр мерекесінде ардагерлердің кездесулерін ұйымдастыруға қолдау көрсетуге.

- Майданда бірге болған ардагерлердің бір-бірлерімен кездесуіне бару үшін жол ақысын көтеруге және т.б.

 

Қосылыңыздар!

P.S.

*Толық ақпаратты Қазақстан жастарының конгресі және Қазақстан студенттерінің Альянсы сайттарынан 2012 жылдың 2 мамырынан бастап біле аласыздар.

Оцените пост

2