• 70476
  • 12
  • 4
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Тәлкек тағдыр. Қамыққан қарт.

Уақытпен жарысып, жүйіткіген поезд терезеснен қазақтың кең даласына қарап, ой үстінде жатырмын. Көзімді емдететін уақыт жетіп, оқу үрдісінің қызған шағында үйге жол тартып барамын. Қарттар үйіне барып, журналистік зерттеу жүргізгім келіп еді. Ұстазыма айтып көргенде, оның қуана-қуана тапсырма бергені көз алдымда. Енді міне, күтпеген жерден, ешкімге ескертусіз жолға шықтым. Тапсырма орындаусыз қалатынына ұялып, өзім сол қарттардың қмірін өз көзіммен көре алмайтынымды өкінішке балады.

Кенет бір ойдың қылаң қағып, қол бұлғап келе қалғаны. Ол қариялардың тағдырлары бөлек болғанымен, мұңы бір көрінді маған. Семейдегі қарттар үйінің тыныс тіршілігімен танысуға бел будым. Қыс кезінде ерік Жолжақсынов жргізген «Өмірде болған» атты бағдарламадан сол қамыққан қарттар туралы көріп, көзіме жас алған едім. Ал өз көзіммен көрсем, толқып, нендей күйде боламын деген қиялмен қалама да жеттім.

Көз емдеу орталыына барып, күнделікті ем алуды ұйғардым. Емханада жатпайтыным жақсы болды.. сол маңда қарттар үйі бар еді. Шыға салысымен, сол жолға түстім. Жақындаған сайын денемнің тітіркенгенін, көңілімнің құлазығанын сезіп келемін. Қарттар үйіндегі тағдыр... ол қандай?!

Кәрінің бары – игі. Сол қариялардың тасбаур тағдыр, безбүйрекбала кесірінен жаттың жанында, жылы қабақсыз, жақынның мейірімінсіз жатқаны өкінішті. Елбасы Елбасы .Ә.Назарбаев та «Қартын ардақтай білген елдің рухы үстем, шаңырағ биік» деген сөзі есіме түсті. Ал қартынан бас тартқандардың шаңырағы шайқалмай, анасын айдалаға тастап, тыныш өмірге ие болып па?! Атасын аңыратып, армандарына жетіп пе?!

Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, еліміздегі қарттар үйі 67ге жетіп, онда 12мың адам тұрып жатыр екен. Олардың көп бөлігі ШҚО-да (11 қарттар үйі, 2380 орын) жұмыс істейтін көрінеді. Одан кейінгі орында Ақмола облысы (10 қарттар үйі, 1103 орын) және Қостанай облысы (9 қарттар үйі, 1129 орын) тұр екен. Бұрынғы КСРО тұсында ХХ ғасырдың 50-60 жж құрылған бұл нысандар ауқаты төмен, еңбекке жарамсыз адамдардың тұрмыс деңгейін қолдау мақсатымен жұмыс істей бастапты.

Қазақ үшән қарттай үйі ұлттық санаға сыймайтын ұғым еді. Бүгінде біз аты үрейлі бұл үйлерден үрікпейтін де болдық. Сол үйлерде тоғытылып жатқан қарияларымыз тағы бар.

Ойдан ой шыққан сайын адымдап, межелеген жеріме де жетіппін. «Тәуекел!»,-дедім де, өз-өзімді қолға алып, аулаға кірдім. Ақыл мен парасатқа толы сөз саптайтын ақ әже мен аталар жүр серуендеп. Көңілсіз көрініс... сағынышқа толы өмір. Біреуіміздің немереміз емес пе екен деген мол үмітпен көз тастады маған. Мен ғимаратқа кірдім. Әкімшіліктегі әңгіме былай өрбіді:

-         Сәлеметсіз бе! Мен әлеуметтік жұмс мамандығында оқиымн. Сіздерден тәжірибеден өткім келеді.!, - деп сасқанымнан жаттанды сөзіді зуылдатып айтып шықтым.

-         Мммм. Өз балалары бағусыз қалдырғандарға жат адам да қарайласуға құлшынады ма екен.. мм. Қызық. Студенттер де қашқақтайтын еді ғой. Қайда оқисың?! – деді директор сұсты қабақпен.

Мен астанадан келгенімді жасырып қалдым. Қаламдағы бір жоғары оқу орнының атын атадым.

-         Күніне 2-3 сағат қолың бос болғанда келіп жәрдемдес. 103 бөлмедегә Айжамал апайыңды тауып ал. Саған жетекшілік етсін, - деді. Айтқандарын бұлжытпай орындадым.

Дүниеге келер бір рет,

Даррия кеуде, тау мүсін.

Құрышан құйған құдырет,

Қарттарым, аман-саумысың, - деген Сағи ақынның теңдессіз теңеу, тамаша тілегімен «тәжірибемді» сол күні-ақ бастап кеттім.

Мұндағы қамкөңіл жандар өздерін бақытты сезінетіндерін айтқанымен, кірпіктерінің астындағы кірбіңді жасырулары мүмкін емес. Жәудіреген жанар. Өз балас өзегінен тепкен ата-ана. Күтімді қажет ететін қариларды қажетсінбеген балалар. Кеудемдң өксік өртеп, өкініш кернеді.

Қарттарымыз күніне 4 мезгіл тамақтанады. Мекемеде арба саны да жеткіліксіз екен. Көбі ескі. Көрерінен көрі жақын тұрған арбалар деем де болады. Асханаға дұрыс қозғала алмайтын қарияларымызды кезекпен апарамыз. Бірде амантай дейтін атамен тілдескенде жүрегімнің жүрегімнің жұлым жұлым болғаны әлі де есімнен кетпейді:

-         Е, аман бол, қызым!, - деп бастады ол сөзін. Мында безбүйрек бала мен келін кесапатынан келгендер көп. Жалғыз қалғанарға қарағанда, баласы барлар көппіз. Мен ұлымды, немеремді сағындым. Пенсиямды алуға келіп кетеді сонда бір көріп, қуанып қаламын. , - деп көзіне жас алды. Алтынбек ағаның мынадай бір өлеңін оқығаным бар еді:

Әкең де осы жерде өлер енді,

Тәңірдің жазуына көнер енді.

Уа, жалған, сағынам ғой, тым болмаса,

Алып кеп, иіскетші немеремді.

Пацғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Аллаһ разылығы – ата-ана разылығында, Аллаһтың ашуы – ата-ананың ашуында жатыр»,-деген. Қартын төрінен кетірмеген қазаққа өркениет қарияны қазына деп қадірлеген дәстүрді бұзған дерт ала келгендей.

Ұндағы кейбір қариялар өзінен де кінә іздейді. Болат ата тәрбиені ақсатып алдым – ау шамасы деп налиды. Бұл күн тәжірибемнің үшінші күні болатын. Бөлмелерді жинастырып, анаған бір, мынаған бір көмектесіп жүрмін. Кенет дәрігерер келгенін көріп, бір жамандықты сезгендей болдым. Мен тілдескен амантай ата өмірден озыпты. Көзіме жас келді. Ал айжамал апайым болса жарама тұз сепкендей болды: «балаларына телефон шалып едік, өздерің жерлей салыңдар» депті жетесіздер деп ашуланды. Тәтті қиялмен немересн бір сүюді армандап сырын шерткен атамның оқиғасы қатты батты. Жүрегім жылады. Ертеңінде директорға барып, кім екенімді айтп, жұмысымды тоқтаттым. Ол кісі болса, қай қарттар үйінде болғанымды, өзінің аты-жөнін айтпауымды ғана өтінді. Ал мен жабырқау жаныммен жауап қайтармадым. Шынымен де рухани байлықтың, жан сұлулығының кемігені ме?!

Мен бұл 3 күнде көп нәрсе көрдім. Пейілі пәс, жаны жүдеу жандарды көрдім. Жаның жабырқайды. Бағасыз байлық. Безбүйрек бала. Маңғаз мағынасыздықты көрдім.  Сауапсыз, қайтарымсыз мейірім көрдім. Көкірек қарттардың айдыны шығып төрімізді отырудың орнына қарттар үйінің босағасына телміруде. Қарты бардың-қазынасы бар. Сол қазынаны қажетсіней, атасыз үйлері – батасыз, анасыз үйлері – панасыз қалса да, жалтыраған байлықтың артында жүрген ұрпақ барын білдім. Болашақ бұлыңғыр көрінді. Себебі қартайғанда қараусыз, балаларының бағуынсыз қалған қаракөз жәудіреген көп жанар көрдім. Өркениетпен өркендеген сайын, рухани байлықтан суалып бара жатырмыз ба әлде?! Таз таранғанша, той тарқайдының кебін киіп қалмасақ болғаны...

Гүлнұр Қуанышбеккызы

29 апреля 2012, 13:21
5109

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Қарапайым тілмен ұғынықты жеткізіпті. Мен шынында таң қалам. Қалай ғана әке-шешесін қажетсінбейтін жандар бар екен мына өмірде? Өмірде түрлі сылтау іздегенімен Алланың алдында не деп жауап берер екен? Әлде қарттар үйіндегі жандардың да өмірден алған ащы сабағы ме пе екен деген ой оралады.

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Покупаешь в супермаркете продукты на 5000 тенге и банк забирает себе еще 30-50 тенге. То есть, продукты обошлись уже не в 5000, а в 5050 тенге.
ValentinaVladimirska
25 мая 2017 / 22:56
  • 13096
  • 24
Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

В продвинутых государствах едва ли поймут, почему в столь развитом, успешном и преуспевающем Казахстане от имени и по заданию властей творятся такие зверства над животными.
openqazaqstan
24 мая 2017 / 12:12
  • 10710
  • 102
Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Как ранее уже сообщалось из-за строительства БРТ в Алматы пострадают значительное количество деревьев. На прошлой неделе вырублены первые вязы и клён, - под расширение проезжей части на улице...
SKYFALL
24 мая 2017 / 17:20
  • 10021
  • 14
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
23 мая 2017 / 11:08
  • 9821
  • 32
Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Коррупционные отношения вышли на такой уровень, что они уже начинают дискредитировать всю систему управления.
openqazaqstan
26 мая 2017 / 13:45
  • 8279
  • 34
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
22 мая 2017 / 23:29
  • 5095
  • 32
Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Судья Алмалинского районного суда Куаныш Арипов ломает стереотипы отношения граждан к представителям Фемиды. Напавшему на полицейского экс-сотруднику алматинского акимата он назначил наказание выше...
Mirogloff
24 мая 2017 / 16:41
  • 3931
  • 9
Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Итак давайте сразу начистоту. Мне 29. Не замужем, никогда не была, детей нет. В душе я совсем не чувствую этот возраст. Каждый раз когда задумываюсь об этом больше чем на 3 минуты, меня накрывает...
user2017
23 мая 2017 / 10:57
Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Последний монолог Аблязова о «продолжении борьбы с режимом» и «ДВК-2», при всём желании, не выглядел как какой-то политический манифест.
openqazaqstan
25 мая 2017 / 13:53
  • 3207
  • 62