Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:16, 29 апреля 2012

Күнгейінен көлеңкесі көп «Агент»…

Blog post image

-         Әділет, жүр тамағыңды іш. Таста агентіңді, - деген анамның дауысын естідім.

Ас үйге барсам, бәрі жиналып қалыпты. Тек інімнің қолы бос болмай шықты. Қасына барып ұзық тұрдым. Ол болса мені елер емес. Ертеңгі күні тағы анамның ескерту айтып жатқанын естідім.

-         Әділет, сабағыңды қара. ЕНТ-ңа дайындал. Ертең сені «агент» асырайды ма, әлді интернетің оқытады ма?! – деді анам ашулы үнмен. Інім болса қалжыңға басып:

-         Бір қызбен танысып отырмын, - деді. Сіңілім де қалыспай:

-         Қыздар деген көп қой сенде, қайтесің?! Ертең тестіңді дұрыс тапсырмасаң, солар менен таяқ жейтін болады онда, - деп «өтірік» қорқытты.

«Заманына қарай адамы» демекші, әр заманның өзіндік талаптары бар екені рас. «Кешегінің» құрдастары бүгінгі күннің ұрпақтарына реніш білдіретін де жөндері бар. Алайда, адамммен қатар заман талаптарының да өзгеріп отыратынын естен шығармаған жөн. Кітаптан кешегі жастардың өмірін оқып отырып, қызығатынымды жасыра аламаймын. Киіз үй, алтыбақан, ақсүйек, жиын - той, отырыстар. Серілік құрған жігіттер, ұяңдыққа көмкерілген бойжеткендер. Ұлттық нақыштағы осындай көріністер еріксіз өзіне тартқанымен, мұндай өмір бізге тек қазыналы кітап сөздері арқылы ғана таныс.

Ал бұгінгі жаһандану заманында ғаламтор көп нәрсенің орнын басып, жақсы жақтарымен де, жаман жақтарымен де ерекше орынға ие болып отыр. әсіресе, «агент» ауылында танысып, «онлайнда» отау құруға бел байлағандар қанша десеңізші.

Бас кезінде тек алыстағы жақындарыңмен тіл табысып, хат алмасуды жеңілдетуге, ақпарат алуда зор мүмкіндік сыйлағанмен, «агент» ендігі кезекте танысу бекетіне айналғандай. Күнделікті қарбалас тіршілікте басқасына уақыт жетпесе де, агентке кіріп шықпай кету ыңғайсыздық болып кеткен сияқты. Табысқан жастардың танысу тарихын сұрай қалсақ, «агент» дегенді жиі еститін болдық. Суреттегі келбеті ұнап жатса, «тізіміңізге» енгізіңіз де, қалағаныңызша тілдесе беріңіз. «Жүрек» тұрса, мүмкіндігіңіздік жоқтығы деп біліңіз. Ештеңе етпес, себебі сізбен «әңгімелесуге дайын» статуста отырған қанша адам бар. Жүздеспей, тек тілдесіп жүріп - ақ бауыр басып қалуыңыз ғажап емес. Сондықтан сол жанды іздеп, «агент» ауылына жиі атбасын бұрып тұруыңыз әбден ықтимал. «Құлағымен сүйетін» қыздарға раушан сыйлап, жүзіңізге күлкі ұялап, телефон нөмірін біліп, кейін жүздесуге көндірсеңіз, жеңіске жеткеніңіз. Жүздесудің өзі жеңіс. Себебі адам көп жағдайда өтірік күліп, шын жылайды. Ал оны «агенттің» ар жағынан көре алуыңыз екіталай. Адамның ақылы сөзінде, ал мейірі көзінде демекші, тек жүздесу соңында ғана жеңісіңіздің жемісін көруге үміттене беріңіз…

Иә.. расымен «агенттің» тілімен сөйлесек, бәрі өте жеңіл көрінеді екен. Өмір болған соң сан қилы оқиғалар, әртүрлі жағдайлар болып жатады. Агент тегі жалған «жүректі» сыйлаймын деп, кейін опық жеп жүргендерді немесе өмірлік жарын тапқандарды кездестіру қазіргі таңда қиын емес. Алайда «агент» әлемінен де басқа тіршіліктің бар екенін ұмытпаған абзыл.

Құдайдың бізге берген, алайда адамзат көп жағдайда қадірін біле бермейтін екі сыйы бар екен: бірі денсаулық, екіншісі бос уақыт. Алдаркөсенің шайтандарды алдып, «әлаулайлым бітсе, халаулайым бар» дегеніндей, бір танысыңмен тілдесіп болсаң, екіншісі амандығыңа «алаңдап» шыға келетін, енді біріне әдейілеп ат басын бұруыңа тура келетін агент жүйесінің «аранында» уақытыңды қалай құрбан етіп жібергеніңді өзің де байқамай қаласың. Сондықтан, сол бос уақытымызда «агент» ауылын аралап, ғаламтордың «көшелерін» кезіп жүріп-ақ уақыт сияқты баға жетпес құндылығымыздың құнын жоғалтып алмасақ болғаны…

Гүлнұр Қуанышбекқызы

0
368
0