Иман ізде - хит

VseProSSto 2012 M04 28
757
11
2
0

таза ислам туралы өлең: "Қайнарынан бастау алып дін Исламның, Білімге талап қойған мұсылманмын! ...

Қайнарынан бастау алып дін Исламның,

Білімге талап қойған мұсылманмын!

Сақал қойдым - сақалым Абайдікі,

Сталинге ұқсап мұрт қоюға қысылғанмын.


Терроризм дегенге қатысым жоқ,

Ондай жынды, аурулармен шатысым жоқ!

Дін Ислам құптамайды бұл қылықты,

Ол түгіл құптамайды сопылықты!


Сопылықтың жаршысы Исматулла,

Ән айтып, зікір салып Джип мініпті.

Депутаттың біреуі джип әперген,

Қалың жұртқа мазақ болып, күлдіріпті.


Жаспын мен, енді ғана ес білгендей,

Бірақ Аллам көп нәрсені білдіргендей.

Мұсылман болғаныма қуанамын,

Ақ құс ұшқан, бау-бақшаға дәл кіргендей.


Тұрса да жағдай сонша құты қашып,

Қорықпашы бауырым, шошымашы!

Сонда да білім ізде, иман ізде,

Алланың қайырынан құр қалмашы!

Оцените пост

2

Комментарии

0
имандылық туралы жаза қойған,
мұсылманның ұлымын таза болған!
өзгелерден сұрамаймын еш нәрсені
қолдау күтем иманжан қазағымнан!
0
иманы бар қазақ қалмаған шығар...
1
Қаймағы бұзылмаған қайран дінім,

Қаймағың быт-шыт болды қайдан бүгін?!

Құбылаға бет алып қол қусырып,

Сәждеге жығылатын қайда күнім?



Сатпаймын, сатқан емен дінімді мен,

Өлмейтін, өшпейтұғын күнім білем.

Таппайтын күнде тыным, түнде тыным,

Мұсылман Мұхаммедтің үмбетімін.



Бәрі рас айтқанының Ақ Алламның,

Құмменен топырақтан жаралғанмын.

Құдайдың құлымын мен – мұсылманмын,

Денемде түйірі жоқ арам қанның,

Ақиқатын аңсаймын ақ арманның.
------------------------------------------------(М.Мақатаев)-------------------------------
0
айтыс ұйымдастырсақ қалай болад бауырлар? давайте кім бастайды)))))))
Показать комментарии
Дальше