Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:35, 22 сентября 2012

Жамбылдық "жасотандықтар" көше спортын жандандыруды қалайды.

"Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партиясы Жамбыл облыстық филиалының, облыс әкімдігі денешынықтыру, спорт және туризм басқармасының қолдауымен "Жас Отан" Жастар қанаты ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде көше спорты фестивалін ұйымдастырды. Партия облыстық филиалынан бет алған "жасотандықтардың" шара өткізілетін орын Сүлейменов көшесі бойындағы М.Х.Дулати ескерткішінің алдына бет алуы.

Blog post image

Бүгінгі күні «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, оларды бұқаралық спортпен шұғылдануға шақыру жұмыстарымен тығыз айналысуда.Бұл өз кезегінде қазақстандықтардың денсаулығын күшейту, физикалық және дене еңбегінің артуына елеулі үлес қосатындығы анық.

Blog post image

Көше спорты фестивалінің ашылу салтанатында жастардың атынан сөз алған "Жас Отан" ЖҚ белсенді мүшесі Айсана Бизатханова жастарды барынша спортпен шұғылдануға шақырды. Сондай-ақ, спорт денсаулық кепілі, сондықтан ауырып ем іздегенше ауырмаудың жолын іздейік деп Айсана жастарға үндеу жолдады.

Blog post image

Қазіргі таңда бұқаралық спорт арасында көше спорты жақсы дамуда. Олардың ішінде жасөспірімдер арасындағы ролик, скейтбордпен сырғанау, стритбол және т.б. түрлерінен ілгерушілік байқалып отыр.

Blog post image

Суретен байқап отырғандарыңыздай, аталмыш спорт түрлерінен жарысқа қатысуға ниет білдіргендер өте көп болды. Алайда "жасотандықтар" жарысқа қатысуға ниет білдірген барлық жастардың өз күштерін сынап көруге мүмкіндік берді.

Blog post image

Көше спорты фестиваліне қатысуға, көруге, тамашалауға Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық, Тараз қалалық филиалдарының басшылығы, "жасотандықтар", облыс әкімдігі басқармаларының басшылары, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығы, жоғары және жалпы орта оқу орындарының студенттері мен оқушылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келді.

Blog post image

Сондай-ақ, аталмыш шарға Тараз мемлекеттік педогогикалық иниститутының сымпатты да, сыпайы барабаншы қыздары өз үлестерін қосты.

Blog post image

Шара барысында стритбол және брэйк-данс биінен жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында жарыстар өткізілді.

Blog post image

Қызықты да, әсерлі өткен аталмыш шараның қорытындысында ұйымдастырушылар жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен медальдар және кубоктар тапсырды.

Blog post image

Құрметті жастар! Барлықтарыңызды көше спортын жандандыруға атсалысуға шақырамын. Спорт адамның өмірі және көтеріңкі көңілі екенін еш ұмытпайық жас достар.

0
1620
0