Табиғатпен астасқан тәтті сезім (Мөлтек сыр)

Салтанат Сүгір 2012 M04 28
699
0
1
0

«Ертеңгі күн қар жауар...» Міне, осындай ойға желпініп, серуендеп шықпақ болдық. Серуендегенде де күнделікті сәттердегідей емес, өзгеше бейнеде болатынына сендім. Солай болды да... Өзіңді сүйгенді...

«Ертеңгі күн қар жауар...» Міне, осындай ойға желпініп, серуендеп шықпақ болдық. Серуендегенде де күнделікті сәттердегідей емес, өзгеше бейнеде болатынына сендім. Солай болды да...

Өзіңді сүйгенді сүйе білу – жүрек пен жүректің табысқаны секілді, өзіңді сүйгенге көңіл бөлмеу – күннің көзін бұлттың бүркегені секілді. Ғашық жүректі әлдилейтін жан керек қой қашанда. Алғашқыда сүйген жанның жүрек қағысын ести алмағаныммен, кейіннен маған арналған әрбір сөзі құлағыма жаңғырық болып естілетін болды. Бұл қандай дауыс мені еліктіріп әкететін?

Кинотеатрға кино көруге барғанымызбен, бейне бір өзге әлемге сапар шеккен кейіпке ендік. Киноны көргеннен емес, бірге тамашалағаннан жүректерге шаттық нұры себілді. Сезім шіркін, бір тулатады-ау жүректі.  Сол күні күздің салқын самалы бойымызды жайласа да дес бермедік. Себебі, кеудеде ыстық жүрек бұлқынып жатыр... Ерке Есілдің сылдырына көз тұндырып тұрған сәтте, суда қалқи жүзе жүріп, сүйіспеншілік ләззатымен балқыған қос үйректі көзіміз шалды. Неткен сәйкестік, неткен шынай образ. Табиғат жаратылысының бізбен тілдескен үнсіз, бейнелі сыры. Олар да бір-біріне «салқын болса да, судың беті қатпай жатып, серуендеп алайық»деп жатқандай. «Жүрегіне махаббаттың нұры түскен жанның жай жұрттан өзгешелігі – оның айналасының бәрі күліп, қуанып тұрғандай күйде болады»-деген Әзілхан Нұршайықовтың сөзін жүрекпен ұғынып жатқандаймын. Шынымен солай ма екен деп ойлайтынмын. Бірде көңіл су тасқынындай арнасынан асады, бірде көңіл мөлдіреп аққан бұлақ болады. «Ертеңгі күн қар жауар» деп топшылағын ой орамы шынайы өмірде көрініс тапты.

 

Салтанат Сүгір

Оцените пост

1