место в рейтинге
  • 67201
  • 110
  • 10
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Біз кімдерге еліктеудеміз?

«Балапан басына, тұрымтай тұсына» тура келген аумалы-төкпелі заман, ғарыштық жылдамдықпен дамыған жүйрік жылдар да өз дегенін істеуде. Өз дегенін жүргізуге асыққан уақытқа аш құрсақ, тар заманның жастары да шет елдің жылтырағына қызығатының көргенде жүрегім баяу ғана соғады. Отбасыда берілетін тәрбие құндылықтары сақталмауға айналды.Әрине, таяқтың екі ұшы болатыны да белгілі.  Бойымызда саф алтындай рухани қазынаға толы, қасқыр емген қазақтың текті ұрпағы екенімізді ұмытпағанымыз жөн. Алайда Батыс Еуропа жаһандану саясатымен кез-келген кеңістікті бағындырып келе жатқаны соншама, дүниежүзілік өркениет мәдениет мұхитына барып құйылып жатқанын бірі байқаса, бірі аңғарып та жатқан жоқ. Талаптары тау бұзатын, жалындары от жандыратын жастарды тәрбиелейміз деп, өз қолы өз аузына жетпеген сарыүрпек балапандарды  өсіріп жатқан жоқпыз ба осы? Өркениетті елдің қатарына алдамшы бояуға еліктеумен емес, баба сөзінің нұрымен, ана сөзінің мейірімімен қанаттанып ұшып, қиядан-қияға самғап, заңғар биікке шыға аламыз. «НТК» телеарнасынан беріліп жүрген «Дом-2» реалити шоу өзіндік келбетін көрсетем деп, келеңсіз жайттармен көгілдір экранға телміріп қарап отырған жастардың санасын улайда. Аз ғана уақыт ішінде тұтанған ұшқыннан лапылдаған алауға айналары ақыл сенгісіз жайт. Осылайша табыс табу мақсатындағы шоулар қоғамымызға етене ене берсе, «орамды нәзік сезім », «махаббат шұғласы» сөзінің өзін ұмытып қалмасымызға кім кепіл? Жастардың көпшілігі  «махаббатқа» сенбейді. Соның әсерінен болу керек, қыз балас болашақ ана, қарындас ретінде қараудан қалды. Жатақханадан күнделікті көретін жайт, вахтершылардың көзінше бір-біріне ынтыққан ұл-қызды көреміз. Сонда ұятты ұмытқанымыз қалай? Бүгінде басым көпшілік тыңдарман шетел музыкасына тәуелді екені жасырын емес. Батыстың ойы: «Арсыз болмай – абыройлы болмайсың». Осы ұранды жадына тұтқан Пюссикат Доллс, Бритни Спирс, Мадонна, Бейонс  секілді әртістерге жастарымыз қызығып, жалаңаштанып жүруді сәнге айналдырып алған. Жұлдыздар жарқылының негізгі мақсаты не деп бас қатырып жүргенде, орнын басар ізбасарлары сахна төріне шығып жатады. Өзіміздің де ән айтса көмейінен бал таматын М.Беспаев, Р.Рымбаева, Қ.Әбділдина, Қ.Тунтеков т.б. әншілерімізді бағалай алмай жатқанымыз ба? Дарынның қарымын байқау керек емес пе еді? Жас жеткіншектеріміз «Oops», «Cool girl», «Лиза» журналдарын бас көтермей оқып жатқанына қынжыласың. Әлде біз жастарымыздың бойына әдептілік  иірімдерін бойлата алмай жатыр ма екенбіз? Мен көркем әдебиетпен сусындап, ескілік сарқыншақтарымен де байығым келеді. Шолпысы да, сыпайы күлкісі де сыңғырлаған Қыз Жібек, Тоғжан, Шұғаларды оқығанда тәтті үміттің лебі кеудемді қыттықтап кетеді.

«Ынсап, рақым, ар-ұят табылмаса,

Өлген артық,  дүниеге былғағаннан» деген Шәкәрім атамыздың ұлағаты әрқашан көкірегімде сайрап тұрады. Қазақтың ұлттық киімін кимесек те, кіндігімізді  жауып, етегімізді түсіріңкіреп жүрсек, соның өзі ұтымдырақ болар еді. «Әдемі киім кию де имандылық», - деген Мұхаммед (с.ғ.с) хадисін жаттап, көкейімізге түйсек, ұлы жаңалықтар әкелген  буынның маңдайы жарқыраған, тамыры тереңге кеткен көш басында келе жатқан өкілге кіреміз. Нағыз  нар туғандар  елін, жерін өркениет өріне өрістетеді. Рух керуенін бастайды. Өмір толқыны талай рет жағаға жаңқадай лақтырса да, өрге ұмтылып, айдынға қарай жүзе білген елімізге жарқын болашақ күтіп тұрғанына сенемін! Сол жолда аянбай бар күш-жігерімді, маңдай терімді төгемін!

Салтанат Сүгір

«Қазақ әдебиетіне» жарияланған

   
28 апреля 2012, 15:00
822

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Жалпы қазақтар мұсылман да емес қой, әншейін көзбояу ғой... өтірік құран оқытып, ертесіне ақтан ұратын қазақтар ғой, қай жерге де көз тіксен, барлық жерде көзбояу. Исләм діні түгілі, өзіміздің салт дәстүрімізді сақтамай-ақ жүрміз ғой.
Әр адам өз жағдайын ойлауда...ұлттық идея, ұлттық философия жоқ болғасын осындай бәлеге шалынамыз. Менің ойымша сәл болсада ұлтшыл болу керек қой, ғыдықбастар сияқты жүре бермей. ол біріншіден, ал екінші жақтан қарасақ, тамақ үшін әр жерде көшіп қонып жүрміз, Алматы ма, әлде Астана ма, соның кесірінен келесі буын ұрпақтарға дұрыс тәрбие тимеуде, менің ойымша, мысалға ал әке шешесі жұмысқа кетті дейік, оны қарайтын, тәрбиесіне назарын аударатын кім бар дейсің? Әрине көшеде қаңғып, тентіреп, жүрген, әлде түрлі қаң төгіс фильмдерді көріп өскен балалардан не шығады?

Кейде, күлемін да, осы "я искажаю своя язык" дегенге қарқылдап күлгім келеді, не деген чукча едіңдер деп, беттері болса қап қара, чукчасымақтар, қазақ тілі түгілі, орыс тілін жетіп білмейді де.
Жалпы қазақтардың баршасына топырақ шашқаныңыз қызық екен. Өзімізді өзіміз бағаласақ жат бізден түңілмейді. Әрөқайсымыз қоғамымыздың өзгеруіне себепші бола білсек етті...Қатты сөйлеп, эмоцияға салынғаннын гөрі суық ақылға бой беруге үйренуге талпынсақ қой, шіркін! Сыпайы сөйлей арқылы да адамнын шамына тиюге болатынын ұмытпайықшы!
топырақ шашуға құқығым бар, бірақ... қалай өмір сүріп жатырмыз, сол қалпында болсын. Ешкім ешкімге қарыз емес, не істесе өздері біледі.

жоғарыда менің жеке ойым болған негізі.
Менің ойымша деген сөздің өзі дұрыс емес. Меніңше дегеніңіз дұрыс болар...
оның несі дұрыс емес екен? айтар сөзің жоқ па басқа?
Ақымаққа сөз айтқанша айдаладағы шошқаны баққан жақсы.
:)

қазақтар шошқа болып жүр қазір...
Сөзіңіздің бір ұшы өзіңізге тиген соң айтып жатқан боларсыз...
солай болса екен...
Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер дегендей Жақсы сөз – жарым ырыс дейді халқымыз. Жақсы сөз естісең, жанын жадырап сала береді. Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады, тек қана жақсылыққа жеткізеді, бақытқа кенелтеді, қуанышқа бөлейді. Жылы сөз адамдарды татуластырады, достастырады. Жақсы сөздерді бір біріне жиі айту нәтижесінде өзара сыйластық артады Менім өз бікірім қазақтың үлкен болашағына сенемін
Сену арқылы болашаққа талпынып, жаманнан жиіркеніп, жақсыдан үйрену туса игі.

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Как казахстанцы могут получить кусок международного рынка аутсорса?

Как казахстанцы могут получить кусок международного рынка аутсорса?

Сокурсник Илона Маска инвестировал в образовательные проекты, и теперь хочет создать в Казахстане рабочие места на глобальном рынке аутсорса.
Zhumanova
18 мая 2017 / 13:38
  • 51574
  • 23
А-ля Астана: новый город начали строить на левом берегу Сырдарьи

А-ля Астана: новый город начали строить на левом берегу Сырдарьи

Свершилось! Сегодня в Кызылорде приступили к застройке левобережной части Сырдарьи. Через 10 лет на месте этого пустыря будет шумный и современный новый город, наш престижный деловой Левый берег!
socium_kzo
17 мая 2017 / 17:39
  • 5077
  • 8
Пристань для обиженных людей. Как Жарылкап Калыбай Родину поменял

Пристань для обиженных людей. Как Жарылкап Калыбай Родину поменял

Этот несомненно талантливый, яркий, достаточно харизматичный журналист приобрёл себе много поклонников в среде оппозиционно-либеральной интеллигенции. Теперь они вновь, стоя, аплодируют своему кумиру.
openqazaqstan
17 мая 2017 / 16:01
  • 4509
  • 57
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
сегодня / 11:08
  • 4224
  • 18
Кого нам ждать: обнародована культурно-развлекательная программа EXPO-2017

Кого нам ждать: обнародована культурно-развлекательная программа EXPO-2017

Рианны не будет (как и ожидалось, в общем-то). Зато будут Мумий Тролль с Би-2, Эрос Рамазотти, 30 Seconds to Mars, и даже почему-то Limp Bizkit. А также фестивали J Azzia и "The Spirit of Tengri".
Clair-de-la-Lune
18 мая 2017 / 1:19
  • 3798
  • 8
Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Попасть в притоны на алматинском проспекте Сейфуллина, которых, как бы ни старались полицейские, меньше не становится, теперь можно, только зная явки и пароли.
Mirogloff
19 мая 2017 / 13:25
  • 3680
  • 30
Нью-Йорк – другая планета. Дороги тут переходят, как в моем родном Чимкенте

Нью-Йорк – другая планета. Дороги тут переходят, как в моем родном Чимкенте

Тут нет безвкусицы, нет осуждающих взглядов на меховые тапки под вечерним платьем. Тут все одеваются как дети. Нацепили и пошли. Тоже самое и о волосах.
miyatov
17 мая 2017 / 11:09
  • 3160
  • 8
Как я погрузилась в общажный мрак – это место сделало из меня монстра

Как я погрузилась в общажный мрак – это место сделало из меня монстра

Попрощавшись с уже полюбившейся мне маленькой раздолбанной квартиркой, где соседки слезно умоляли меня остаться, я погрузилась в общажный мрак. Но тогда я этого еще не знала.
AutumnRain
17 мая 2017 / 10:07
  • 3351
  • 63
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
вчера / 23:29
  • 2791
  • 29