Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
-2
03:10, 09 июня 2012

Көрген түсім.

«Бастау» атты киносындай , түс иә басы жоқ иә аяғы жоқ, тек белгілі бір сәттер ғана болды, менің көрген түсім біртүрлі болды, кеше.

Ұйықтап жатсам, біз театр операсында труппа жинап жатырмыз, сүйтіп, біздің арасымызда екі ағайынды қаранәсілді жәгіттер бар, олар бір арияны орындап жатыр, арияның аты «Сүгір»

Сахна жалтырлап тұр, сап сары, ала қызыл, білмедім бір круиздердегі кемелердің холлдарына ұқсайды екен. Ортасында форшеттер бар, түрінен қарағанда лауазымды адамдар отыр екен, қымбат шараптар, закускілер. Холлдың ортасында әдемі әрленген сары бағаналар да бар, үстелдер сол бағаналардың арасында орналастырылған, у-шу, гугу, адамдар тамақтанып, бір нәрсені тойлап жатқандай көрінді.

Өзімнің труппамның жартысымен, бағаналардан алшақтау жерде отырдым, қабырғаның қасында орташалау, яғни онша лауазымды емес, біз сияқты плебейлер отырады. Бірде, қолыма шегіртке секіреді, бокалымның ішіне де кіріп кеткен екен, иығыма отырды, қасымда отырған орыс жігіт оны түсірмек болған, шегіртке секіріп кетті, сосын қайтып қолыма жармасты, қолымды шағып жатыр екен. Оң қолымен оны өзім түсірмек болдым, шегіртке ұшып кетті, қайтіп назарымды сахнаға аудардым.

Менің труппам бірінші партияны ағылшынша реппен бастап, «эй иәиә иә эй» деген қайырмасынмен аяқтады, кейін фортопиано қосылып екінші партия ойнатылды, онда олар нағыз тенорлер секілді бар дауысын қосты, фортопияноның үні өшіп, «Сүгір» аты ариясының да үні тез өшті, қарап жатсам менің труппамдағы ағайынды қара нәсілді жігіттің үлкені жөтеліп қалған екен.

Сөйтіп мен үстелдің басынан тұрдып да:

-Корзинаны алып шық, алып кетейік оны,- , деген екенмін, корзина кір киім салатын доңғалағы бар корзина екен,

-Бол , тез, - деді, қасымды тұрған бір орыс жігіт сөзімді қолдады.

Корзинаны бүткіл труппамен, алып шықтық, сол қара нәсілді жігітті алып кету үшін сахнадан. Корзинаны алып келе жатырмыз, ағайынды қара нәсілді жігіттердің үлкеніне:

-Корзинаға жат, басыңмен жат, - дедім, әлгі мавр, басыңмен суға секіргендей секірді ішіне, екі аяғы көрініп жатыр екен. Жарты жолда корзина оң жаққа құлады, бір бірімізге қарадық.

Әлгі мавдың екі аяғынан, ауру сияқты адамды алып кеттік, закулисасы сахна төрінде екен, фортопияноның қасынан өтіп баспалдақ алдыңа келдік, қара нәсілді жігіт коридордан өтіп закулисаға өзі кірді, біз болсақ артынан жөнелдік.

Коморканың іші тар емес, үлкен екен, әшекейлермен безендірген үлкен бөлме, ортасында үстел тұр, менің труппам бірнәрсені тойлап жатыр екен. Білмедім сәтті қойылымды ма, әлде басқа бір нәрсені ме, түсінбедім. Біреулері тост айтып жатыр екен.

Қасыма бір ақ шашты жігіт келіп:

-маған рок-н-ролл ойнауды көрсетші,- деді. Электр гитарасын алып, былай да былай секіріп көрсеттім, бірақ өзім ойнау білмеймін, фонограмма қойылады деп ойлаппын.

-2
1567
2