место в рейтинге
  • 218417
  • 181
  • 42
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Аруақтарды алаламайық

Маңызды бір мәселе тұрғысында Сіздермен пікір алыссам деймін.

Тәуеліздікке қол жеткелі бері қазақ халқының бұрындар айтыла бермейтін талай-талай Ұлы Тұлғалары ортамызға қайта оралды. Атын атасаң атылып кетер ата-бабаларымызбен табыстық. Қариялардың аузынан,жыр-дастандардан ғана құлағымызға сіңісті болған хандарымызды , билерімізді,батырларымызды аңыздан аршып,нақтылы тарихи тұлғасымен жастарға тапсыру бағытында үлкен жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар болашақ ұрпақты қазақы патриоттық рухта тәрбиелеу үшін, ата-бабаларының басына барып, өткенімізге құрмет көрсетуі үшін,аруақ сыйлаған салт-дәстүрімізді сақтап,немере-шөберелерімізге жеткізу үшін ұлт болып асар салып, мұражайлар ашылды,кесенелер тұрғызылды. Бұл шараларға бойында қазақ қаны бар Алаш баласы түгел атсалысты. «Ойбой,бұл дұрыс емес» деген уақапшылар да ара-тұра құлақ қылтиытты. Бірақ оларды кім елеп,ескерсін. Қазақ керуені көше береді.

Ел арасындағы осындай құлшыныспен қатар әрекідік «әттеген-айлар» да кездесті. Жалпы алғанда бұл да қалыпты нәрсе. Ірі істің кемшін тұстары кездесе береді ғой. Біртіндеп түзете жатармыз. Абайсызда,жақсы ниеттен кеткен олқылық орнына келер.

Бірақ,қасақана жасалған тұс та бар. Оны да айту қажет.

Астанадан 30 шақырым жерде қазақ халқының мақтанышы,Ұлы Қолбасшы Қаракерей Қабанбай батырдың құлаған көне кесенесінің орнына қараса көз сүйсінер жаңа кесене салынды. 2000 жылы Ел Президентінің қолдауымен Қайрат Сатыбалды бас болып,алты айда тұрғызылды. Қайраттың бұл ісіне ел разы. Алладан қайтсын .Қайрат бауырымыз бұдан соң да игілікті шаруа атқарды. Кесененің Президенттік мәдениет орталығына балансқа алуына қамқорлық жасады. Осы тұста айта кетейік,Қайраттай азаматқа кесенені көтеру туралы ой тастап, ұсыныс жасаған Иманғали Тасмағанбетов екен. Қайрат осылай дейді.

Сөйтіп, кесенеде 2004 жылдан 2007 жылға дейін екі адам жалақы алып қызмет еттік. Осы жылы директор қайтыс болды да бір Университеттен «босаған» ректор ағамыз директор болып келді. Келе сала марқұмның артын қазып, Есеп комитетіне арызданып,тексеру бастатты. Жағамызды ұстадық. Мұндайды өмірі естімеппіз. Аруақтың артынан шам алып түсу қай меселеге сыйсын,қазақ баласына жат қылық қой. Тексеру ол кісі ойлағандай былық-шылық таппаған сияқты. Үнсіз қайтып кетті. Содан соң маңайыны шүйілді, кесенені баланстан шығаратынын маған ресми түрде мәлімдеп.

Есеп комитеті талап етті. Арыздарыңды беріп,кетіңдер. Тек өкпелемеші,-деп «жылы» сөйледі.

«Сенген қойым сен болсаң» Дегенін істедік. Құдай бар! Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам. Кесенеге оралғаным сол еді,Есеп комитетінің басшылары зиярат етіп келді. Олар ешкімге ешқандай талап қоймағанын,жазылған актіде кесене жайлы сөз жоқ екенін айтып,актімен танысуға шақырды. Бардым,көрдім. Директор өтірік айтыпты.

Мен шырақшы болған он бір жылдың ішінде Қаракерей Қабанбай батырдың кесенесіне бір-ақ рет қиянат жасалды. Оны кеудесін қаққанда қи борайтын осы академик істеді. Мұны да біле жүрейік. Атын. Жақында өзін тағы «босатыпты». Барған жерінде опа табар ма екен? Бір Университетке кафедра меңгерушісі болған секілді. Көзін ашып-жұмып отырады да. Тек, аруақтармен атыса кетер қиястығы жастарға  жұқпаса екен дейік.Өзімен кетсін.

Қалай ойлайсыздар, жетпістің ортасына жетіп қалған «ағамыз» аруақтармен неге алысты? Қаракерей Қабанбай батырдың кесенесін Қаракерей Қабанбай батырлар қорғап қалған мемлекеттің бюджетінен шығарғанда нені көздеді,нені басшылыққа алды? Аталып отырған «геройды» таныдыңыз ба? Ол кісі бұрындар қазақ руларының арасына сына қағып,қазақты қазаққа айдап салған арандатушылық жасап па еді?

 

Қалай ойлайсыздар, қазақ халқы «Хан батыр», «Дарабоз», «Көкірек әулие», «Қаракерей Қабанбай» деп басына көтеріп,алқаулап,атын ел ұранына айналдырған бабамыз жатқан қасиетті орын мемлекеттің қамқорлығында болуы қажет пе? Солтүстік Қазақстан облысындағы Шапырашты Қарасай батырдың кесенесінде бес адам жалақы алып қызмет істейтін көрінеді. Мәшһүр Жүсіп Көпей әулие «Қазақта Қаракерей Қабанбайдай батыр болған емес...»деген еді. Тарихи ақиқаты да осы. Ендеше,Қаракерей Қабанбай батыр кесенесін Астана қаласының немесе Мәдениет Минстрлігінің бюджетіне енгізуге жәрдем жасауға ат салысыңыз. Көрейікші,сөзіміз кімнің құлағына жетіп,қолымыздан келер ме екен? Жолын таба алсаңыз осы жағдайды Мемлекет Басшысына баяндаңыз. Президентіміз «Қаракерей Қабанбай батыр Астананың қорғаушы періштесі» дегенін ел айтып жүр.Мүмкін,үлкен кісі көмек қолын созар.

25 апреля 2012, 11:05
1406

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Камал ! Сенің мынау жанайқайыңды оқып, қатты қапаландым. Бірақ осындай арсыздыққа барып жүрген адамның аты-жөнін жазбаған соң, жалаң өсек-аяаң тәрізденіп тұр. Бұл жайында мәдениет министрлігі біле ме ? Осы жайында анық та ашық етіп газет бетіне жариялауыңды сұрар едік.
Білгініз келсе, ол - Мырзатай Жолдасбеков. Мәдениет министрлігі хабардар.
Сонау "АҚТАБАН ШҰБЫРЫНДЫ..." заманының куәгерлері САРШУАШ-әулиенің тоғауы мен Бұхар-жырау айтқан,
- "...Бүгін түсте естідім,
"Қабанбай ауру" дегендні.
Құлазып көңілім қобалжып,
Жетімсіреп жыладым.
....................................
Бұл дүнинің қарты едің,
ӘУЛИЕНІҢ арты едің,
батырлардың мәрті едің,
Айналайын, Қабанбай,
Қайда болар тұрағың ? - дегенде "от жаққан жерде" болатынын айтып, бүгінгі "КЕСЕНЕСІ" тұрған бүкіл аймақты, кезінде "АҚМОЛА" атандырғаны тарихтан белгілі ғой. Аруғын құрметтеп, тарихына немқұрайлы қарағандардың қателігін, бүгінгі азаматтығы мен парасатын Ел білетін, бауырымыз Дархан Мыңбаев мырзаға хабарлассаң, Камал айтып отырған мәселең шешілетініне әбден сенемін. Менің берер кеңесім осы !..

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Наступил долгожданный момент и мы смогли заселиться в собственную квартиру. А потом началось... Все знакомые, родственники, даже коллеги и соседи родителей вспомнили о нашем существовании.
Idealovnet
14 окт. 2017 / 20:38
  • 8866
  • 82
Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Продление перерывов, втыки от менеджеров, борьба за стенды, кучкования, как мы друг-друга прикрывали, защищали от гостей. Все эти события доставляли радость, и каждый день на работу я приходила...
madiNAtty
14 окт. 2017 / 22:34
  • 6112
  • 23
О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

У нас была особенная атмосфера, мы постоянно были вместе, читали треки, летом часто поднимались в горы. Гуляли пешком по ночному городу, иногда до утра. Снимали хату и представляли совместную жизнь...
Dominator-kz
14 окт. 2017 / 22:29
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2768
  • 30
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

История из моей жизни. Я вспоминаю эти отношения и сама не могу понять - как так произошло? А дело в том, что вы и сами не заметите. Это наступает плавно и динамично.
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 14:17
«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

Аким Шымкента Габидулла Абдрахимов нашёл решение накопившихся проблем городского транспорта. Все ключевые работники акимата некоторое время будут сами ездить на автобусах.
openqazaqstan
18 окт. 2017 / 10:53
  • 1659
  • 31
Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

"Яндекс.Лицей" зашел в казахстанские школы. План - учить бесплатно программированию, формировать себе кадры и выйти на мощность 10 тысяч школьников в год.
Zhumanova
18 окт. 2017 / 8:36
  • 1449
  • 11