место в рейтинге
  • 82733
  • 88
  • 13
Нравится блог?
Подписывайтесь!

"Электрондық оқыту" деген не? (жалғасы)

Ал ескі білім беру жүйесіне біздің балаларымыз симай жүр. Сиюы мүмкін де емес. Олар жаңа заманның ұрпағы.

Міне, осы тұста білім беру жүйесіне уақыт жол сілтеді. Ол – электрондық оқыту жүйесі. Ендігі осы әңгіменің жалғасы -

Тұлғалық-бағдарлы оқыту жүйесіндегі мұғалім тұлғасы

Әрине, мұның бәрі менің жеке түсінігім екенін естен шығармағайсыз.

Тұлғалық-бағдарлы оқыту үшін алдымен мұғалімнің өзі заманға сай өзгеруі тиіс. Тұлғалық деңгейге өсуі оның кәсіби құзыреттілігінің алғы шарты болады. Әйтпесе... ол «істей» береді, бірақ оқушы оны мой-ын-да-май-ды! Мүмкін, қазіргі мұғалім қауымының басым бөлігінің ең бірінші осал тұсы осы – тұлғалық ұсақтық деп сеніммен айта аламын. Бұл мұғалімнің –

  • Тұғырлы заманауи дүниетанымының жоқтығы немесе ескірген дүниетанымы;
  • Шынайы өмірді білмеуі, оған бейімсіздігі, одан шеттеп қалуы;
  • Білім-тәрбиесінің төмендігі;
  • Ізденгіштіктің, өзіне талапшаңдықтың өте төмен болуы;
  • Үй-іші, ошақ қасына, мектеп қабырғасына тұйықталып қалуы;

Міне, осы ұсақтық мұғалімнің тұлғасын оқушы алдында кішірейтіп, өзін жігерсіздендіреді, өз ісіне және өмірге сұлықтыққа, бейқамдыққа байлайды. Әсіресе тумысынан ақыл-есі, сана-сезімі жоғары, тұлғалық нышандары бар балалар, немесе көшені («өмірді» деп түсініңіз) жақсы білетін және ғаламторда мекендейтін ерте есейгендер мұндай мұғалімдерді менсінбей кетуде. Мүмкін, сондықтан да болар, мен өзімді «мұғалім» деп атағым келмейді, бұл атау өзін қорлап алған секілді. «Ұстазбын» деймін. Осы атымды ақтауға тырысамын. Енді бұл атты да қорлап алмасақ деп секемденемін.

Бұл ұсақтықта тек мұғалім қауымын айыптауға болмас, жалпы қоғамның өзі, өркениеттің өзі ұсақтанып кетті. Ертеректе ұлылар болушы еді, олар бүкіл адамзаттың алдына ұлы мақсат-мұраттар қоюшы еді, ақиқатқа жол сілтеуші еді. Ал қазір... ұлылардың бәрі «құлап», ешқандай «кумирлерді» мойындамайтын заман, ақиқатты айтатын ұлылардың айныған заманы, ұлы бастылар тек «ақырзаманды» төндіреді де отырады. Тек бүгінгі күнімен ғана өмір сүретін, ешкімді ешкім тыңдамайтын, біреуге-біреу құлақ аспайтын заман қайнап тұр, демігіп тұр. Бір сәт саябырлап, айналаға бажайлай қарап, ақ пен қараны аңдап алуға мұрша жоқ, уақыт жоқ. Дүние асығыс. Қайда асығады, неге асығады, білмеймін...

Оқушының және жалпы халықтың алдында құрметін көтеру үшін, кәсіби мойындалу үшін мұғалім тұлғасын түбегейлі тіктеу кезек күттірмес мәселе болып тұр.

Мұғалім тұлғасы деген оның –

  • Адами және заманауи кең дүниетанымы, өз ой-пікірінің болуы;
  • Қоғам өміріне белсенді көзқарасы мен іс-әрекеті;
  • Кең де терең білім-мәдениеті;
  • Ізденгіштігі, шығармашылдығы;
  • Ірі мінезділігі, жігер-ыждахаттылығы.

Тұлғалылық киім емес, сатып не киіп ала салатын, оны әрбір мұғалім өзі жасайды. Не үшін? Жақсы табыс табу үшін, отбасыңа лайықты жағыдай жасау үшін, кәсіби бақыт табу үшін, мәнді өмір сүру үшін. Өмірде өзіңе лайықты орныңды айқындап, сол орында өз құрметіңе ие болып, ар-ұятыңның алдында ұялмай-қысылмай жүру үшін тұлға болу міндет.

Ескі білім беру жүйесі мұғалімді барынша қысып тастаған:

  • Идеологиялық тұйықталу – ой-пікірдің шектелуі, шолақ дүниетаным;
  • Психологиялық тұйықталу – сыртқы өмірден оқшаулану, оқу-тәрбиенің ұсақ, үй-іші тірлігіне, ойынға айналуы, бала психологиясының («балабақша») шеңберінде қалу, ақпараттық-коммуникациялық қабілеттердің жойылуы;
  • Қағазбастылық – еркін шығармашылықтың шектелуі, әрбір минут, сағатқа дейін жоспарлау мен есеп берулер арқылы іс-әрекетті сірестіріп тастау, жалған іскерлікке жол ашу;
  • Авторитарлық басқару – қорқыту-үркіту арқылы мәңгүртке айналдыру, ерік-жігерді шектеу.
  • Материалдық шектеу – аз табыс арқылы тұрмыс тауқіметіне жегіп қою, сол арқылы мұғалім кәсібінің рухани бағасын да түсіру.  Мұғалімдік істің абырой-құрметін төмендетіп ұстау.

Мұндай өте терең қыспақтан сананы түбегейлі босату үшін, меніңше, жаңа заманауи білім беру жүйесіне өткеннің өзінде, әлі бірнеше ұрпақ ауысуы керек болады-ау. Ол алдыңғы ұрпақтың қанына сіңіп кеткен. Өздеріне «бәрі жөн» сияқты болады да тұрады. Жалпы орта білім жүйесіндегі педагог қауымының үштен екісі жаңаша ойлап, жаңа өмірге ұмтыла бастаса, соның өзі жүйенің өз міндетін дұрыс атқаруына жеткілікті болар ма еді.

Оқу-білім саласындағы қызметкерлер мен педагогтардың бүтіндей дүниетанымы мен менталитетін өзгерту қажеттілігін шет ел эксперттері анықтап берді ме, 2010 жылы ғой деймін, білім министрі де өз баяндамасында бірталай ауыр мәселелердің басын ашып тастады, әйтеуір, елімізде педагог құзыреттілігін, яғни тұлғасын көтеру бағытында жаңаша қозғалыс бар. Дүниежүзілік білім рейтингімізді көтеру керек қой. Мұғалімдердің білімін, құзыреттілігін көтерудің интеллектуалдық мектептер негізіндегі жаңа әдіс-тәсілдері, мұғалімдердің ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін талап ету, электрондық оқыту жүйесін енгізу әрекеттері осының айғағы секілді.

Бірақ...

Шет елден келген «біздің тәрбиешілеріміз», қандай алтын басты болса да, сізді өзгерте алмайды-ау, әріптес, егер өзіңізде талап болмаса! «Адам бір боқ тасыған боқтың қабы» деп жүре берсеңіз...

Менің сізге көмегім – ұстаздардың «Е-оқу» интернет-қоғамдастығына кіріңіз, тұлғаңызды биіктетуге күш салыңыз, ой-пікір шеңберіңізді кеңітіңіз, замануи іс-әрекет жасаңыз. Ол үшін қоғамдастықтың мына төмендегі логотип суретін тышқанмен бір шертіңіз.

"E-oku" интернет-қоғамдастығы

Келесі мәселе - қазіргі білім жүйесіндегі оқушы тұлғасы.

(жалғасы бар)

25 апреля 2012, 8:54
2349

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
15 авг. 2017 / 17:21
  • 38680
  • 63
СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

Инцидент с пьяным киргизским гостем на борту Air Astana, наверное, остался бы только во внутренних сводках авиакомпании, если бы г-н Доган, не поднял громкий крик о государственном языке.
openqazaqstan
17 авг. 2017 / 14:43
  • 10512
  • 173
Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Известный политолог России Андрей Карпов предложил сделать Алматы центром секс-туризма. Но для этого сперва нужно легализовать проституцию в стране.
tala03
13 авг. 2017 / 14:48
Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Националисты стали совсем другими. По-английски хорошо говорят, русскую классику цитируют. Очень современные, образованные, адекватные. А после Крыма в националисты уже чуть ли не любой казах готов был записаться.
Aidan_Karibzhanov
16 авг. 2017 / 16:52
Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Президент Назарбаев наконец-то разъяснил для всех, кто ещё не понял, очевидный вопрос, который всем в Казахстане очевиден. Елбасы повторил: на латиницу мы переводим казахский язык, и это не означает отказ от русского языка.
openqazaqstan
18 авг. 2017 / 16:23
  • 2453
  • 44
«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

Из множества грустных откровений постепенно сложился перечень самых распространённых уловок охотников за нашими деньгами. В нём ожидаемо лидировали профессиональные попрошайки.
caravan_kz
16 авг. 2017 / 15:05
  • 2016
  • 2
В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

Общая площадь парка составляет 25 гектаров. На территории предусмотрено устройство прогулочных дорожек, площадок для установки аттракционов и павильонов различного назначения, цветников.
zhasakmola
17 авг. 2017 / 17:13
  • 1876
  • 1
Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Многие способные выпускники без Алтын Белги готовились к тестированию, чтобы в честной борьбе попытать счастья на гранты без ущемления со стороны якобы "золотых" выпускников.
DanaJarlygapova
14 авг. 2017 / 14:35
Новый конкурс на грантовое финансирование – разочарование для казахстанских ученых

Новый конкурс на грантовое финансирование – разочарование для казахстанских ученых

Обсуждение новых условий началось ещё давно, но стоит ли ожидать качественного улучшения результатов научно-исследовательской деятельности, если система управления наукой не была модернизирована?
ermekuss
17 авг. 2017 / 12:23
  • 1709
  • 1