Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
3
11:24, 24 апреля 2012

Қазағыма

Сыйласа егер әр қазақ өз тарихын,

Салт-дәстүрін терең бойлап қараса шын,

Қазіргі болып жатқан шатасудың,

Ажыратып алар еді ақ-қарасын.


Ең алдымен жүректерге қарасаңыз,

Біз қазақ адалдыққа таласамыз,

Абыройды төгуге қорыққаннан,

Ар-ұятты сақтауға тырысамыз.


Бірақ қазір құндылықтар ауысқан күн,

Ақшалы мен қалталы табысқан күн,

Ары менен намысты ұмыта сап,

Дүние мен мүлікке тартысқан күн.


Рухани байлық деген сөз жоғалды,

Иман десе қазағың шошынған күн,

Абайларға еліктеп сақал қойсаң,

Бетіңе тік қараудан тосылған күн.


Туылған қорқынышсыз  асылдан кім?

Туды ғой имандылар қысылған күн.

Жамандықтан қайтарып жақсы айтсаң,

Дейді саған “күнәхар кім, мұсылман кім”?


Қайтейін қазағымның қонақжайын,

Тұрса егер дастарханда арақ дайын,

Шәй беріп, айран берсең “ойбай, ұят!”,

Арақ ішу шаруа ғой қарапайым!


Осы ма салты менің қазағымның?!

Осы ма кең шырқауы азат елдің?!

Биік болсаң дәлелде қайран қазақ,

Тек кетпесін бір беті парағымның...

 
3
262
1