Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
05:33, 25 апреля 2012

Туристтер

Жақында Будапештте болдым. Түбі ғұндар болған мажарлар, әскери жетістіктерін ұмытпауда. Еуропаның ортасында тілдерін, ұлттық айырмашылықтарын сақтап қалған мажарларға мақтау тән. Бір төбенің үстінде садақшы көрдім. Айналасында кәдесый(жаңа ғана сөздіктен қарадым) сатушылары. Екі еуроға бес рет атқызады. Жалғыз-ақ қана. Бірақ сонда да, қатты қызықтырды.

Бізде де сондайды жасағанда ғой, шіркін! Киіз үйлерден алаң құрып, соларда кәдесыйларды сатып, ұлттық тағамдарды ұсынып, асық сияқты ойындар ойналса ғой!

Бәйгеалаңдар құрылып, бәйге, қыз қуу, көкпар, аударыспақ секілді ат спорты да қайта келсе! Қазіргі жаһандану заманында, менімше, тілімізді, салт‒дәстүрлерімізді сақтап қалсақ игі еді. Туристтерді қызықтыратын бірталай нәрсеміз бар емес пе?

 
1
542
0