Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
10:47, 21 апреля 2012

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы

БАҚ менеджменті және жарнама кафедрасы 2001 жылы журналистика факультетінде құрылған. Қоғамдағы менеджментке, жарнама мен қоғаммен байланыс, медиа ұжым және өз ге ҚР мамандыққа деген сұранысы бойынша құрылған.

Blog post image

Заманауи әлемдік нарық қатынасы, әсіресе, бүгінгі қиын уақытта, коммуникациялық қарым-қатынастың әрқилы болуын талап етеді, сондай-ақ өзіндік идеяның шығармашылық көрінісін керек етеді. Кафедра даярлайтын мамандардың арасында қоғам мен іскерлік ортада, бұқаралық ақпарат коммуникациясы арасындағы ақпаратты сапалы жеткізу мәселесі шешіледі. Соның қатарында:

- БАҚ менеджері
- Экономист-журналист
- Бизнес-журналистикаға шолушы
- Продюсер
- Жарнама агеттігінің жетекшісі
- Паблик рилейшнз бойынша маман
- Компания, корпорация және баспасөз орталығының қызметкері
Қалыптастыру өнерінде жоғары дәрежелі мұғалімдер БАҚ пен олардың ұжымы, серіктестері және ұйымдармен байланыс орнатуды меңгерген.

Blog post image

Кафедра мамандану курсын негізгі 3 траектория бойынша қалыптастырады:
- Паблик рилейшнз (қоғаммен байланыс)
- Эдвертайзинг
- Коммуникациялық менеджмент

Оқу барысын меңгерген түлек төмендегі машықтануы  тиіс:
- Негізгі РR-құралдар мен қолдану;
- Маркетингтік және аудиовизуальды коммуникацияны орнату;
- Жарнама өндірістерін ұйымдастыруы;
- Пресс-конференция, «дөңгелек үстел», форум, пресс-тур және басқа да         PR-іс-шараларын өткізу;
- Әртүрлі жағдайдағы ақпараттық үлг іжасау
Кафедра көптеген PR ұйымдарымен тығыз қарым-қатынасты, сол жерде студенттер өндірістік тәжірибеден өтеді, сонымен қатар, тәжірибе барысында «дөңгелек үстел», конференция, семинарлар ұйымдастырылады. Студенттер үшін өндіріс орны ретінде баспасөз орталықтары, қоғаммен байланыс бөлімдері, жарнама агенттіктері, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар болып табылады. Кафедра мүшелері ғылыми, өндірістікіс-шараларға белсене қатысады. PR-ға байланысты БАҚ менеджменті және жарнамаға қатысты жиындарда ғылыми кеңесші ретінде қатысады.

 

- Қоғамның болып жатқан оқиғаларға көзқарасын қалыптастырып, оны басқарғыңыз келе ме?

- Ірі отандық немесе шетелдік компанияның баспасөз қызметіне басшылық жасағыңыз келе ме?

- Жарнамалық роликтер жасауға немесе өзіндік жарнама агенттігін құруға құлшыныс бар ма?

- Онда Сіз дұрыс таңдау жасаңыз – PR, ол Сіздің болашағыңызды айқындайды!

Қоғаммен байланыс және жарнама кафедрасы 5В051400 – қоғаммен байланыс мамандығы бойынша әлеуметтік білімдер магистрлерін даярлайды. Мамандар даярлау жөнінде № 0137355 АБ Мемлекеттік лицензиясын ҚР БҒМ 03.02.2010 ж. берген, бұйрық № 924.

Оқуға түсу үшін талапкерлер ҰБТ тапсырулары қажет болады: таңдау бойынша 4-ші емтихан – ГЕОГРАФИЯ, 5-ші емтихан (бейіндік) –ГЕОГРАФИЯ.

Оқыту түрлері: грант, келісім-шарт.

Оқыту екі тілде жүргізіледі – орыс және қазақ тілдерінде, шетелдік европа және шығыс тілдері оқытылады.

Екінші жоғары білім негізінде 5В051400 – Қоғаммен байланыс мамандығы бойынша сырттан оқу түрі жұмыс істейді. Оқыту серзімі – 2 жыл. Оқыту екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі, оқу түрі – келісім – шарт. Қабылдау ұсынылған құжаттар және әңгімелесу негізінде жүргізіледі.

Біздің мекен-жайымыз: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, (Тимирязев, 46), КазҰУ, журналистика факультеті, 219 каб.

Телефон: 377-33-40, қосу 13-44.

Факс: 377-35-14.

Веб-сайт: www.kaznu.kz

0
2097
0