Тікелей эфир

Аптаның қызықты материалдары #12

ГАМЛЕТ. ӨМІР – АБАҚТЫ


Америкалық жазушы Курт Вонненгут айтады: «Гамлеттің» ұлы шығарма болатын себебі, принц корольді өлтірді – жарайды. Өзі өлді – жарайды. Дегеніне жетті ме, жетсе, ол игілік пе – білмейміз. Біздің мына тіршілігіміз де сондай. Мен де о дүниеге бара қалсам, аспан канцеляриясындағы «кісілерге» келесі сұрақты қояр ем: «Тыңдашы, осы біздің өмір сүргеніміз өзіміз үшін – игілік пе, жоқ па?» (жалғасы).

Күй мерекесі

Биыл Алматыда мәдениет жылы жарияланған. Осы жылы қаламызда көптеген мәдени шаралар өтетініне анық сенуге болады. Бүгін сағат кешкі жетіде Құрманғазы атындағы консерваторияның Үлкен залында күйші әрі композитор Қаршыға Ахмедияровты еске алу кеші өткен болатын. Жұмыстан шыға салып кеш өтетін жерге асықтым. Кеш өтетін жерге жақындай түскенде сыртта күй атасы Құрманғазының "Сарыарқа" күйі естілді. Ғимаратты қоршаған қалың адам. Жақындап келсем, беті жабулы ескерткішті байқадым (жалғасы).

«Өмірді мынау, қалқам-ау, мәңгілік деме»

1990 жылдың қоңыр күзі. ҚазМУ-дың филология факуль­тетінің студенті атанған бақытты қауым Алматы облысы, Шелек ауданының «Қазақстан» кеңша­рына жүзім теруге келген бетіміз. Бір-бірімізбен енді танысып жа­тырмыз. Ән айтатындар, айтыскерлер бірден омыраулап, «қы­рып» барады... 

Келесі күні сымбатты сары жігіт келді. Кеше автобустан қа­лып қойып, бүгін жеткен беті екен. Танитындар: «О, Біржан кел­ді!» деп шуласып жатыр. Маң­ғаз. Үстінен қымбат әтір иісі бұр­қы­райды. Аяғын сәл сылтып ба­са­ды екен. «Әскерде Ауғанстанда болған. Оқ тиген шығар...» деп жат­ты біреулер. Ақын Бауыржан Үсеновтің туған інісі екен (жалғасы).

Ұлы туындыларды көру үшін Парижге баруымыз керек пе?

Жұртты мұражайларға қалай тарту керек, қалай әкелу керек? Ол үшін онда құнды дүниелер, керемет жәдігерлер тұруы лазым. Сонда ғана халықтың мұражайға деген қызығушылығы артады. Осы бір кемшін дүниені дөп басқандай Елбасы: «Әлемдік маңыздағы бір-екі картинаға қол жеткізу керек. Бізде оларды орналастыратын залдар, сарайлар бар. Жарайды, Лувр бермес, Лондон бермес. Мәскеу бере алады. Біз Санкт-Петербордың Эрмитажы­мен келісе аламыз. Астаналықтардың дәрежесін көтеру керек. Сондай картинаны қойыңдар, адамдарымыз келсін, тамаша­лап жүрсін. Египетпен мәмілелесуге болар еді» деп өз ойын ортаға тастады. Қапысыз айтылған дүние, керемет бастама. Келіспеске болмайды (жалғасы).

"Біз" студенттер театры "Миллион раушан гүл" атты мелодрамалық қойылымының тұсауын кесті

4 сәуір Ө. А. Жолдасбеков атындағы сутденттер сарайы алдында күндіз дүркіреп тұрып наурызға арналған іс-шара өтті де, кешке сағат 18.00-де осы сарайдың  үлкен залында университеттің "Біз" студенттер театры кезекті жаңа "Миллион раушан гүл" атты мелодрамалық қойылымның тұсауын кесті. 2006 жылы құрылған театр 2007 жылы сәуірдің 4-де "Адаспаңдар!" атты қойылыммен тұсауын кескен болатын. Содан бері тәй-тәй басып "Той", "Кешіріңіз, сізді ажал күтіп тұр!", "Бағдаршам" және "Ол көктем оралмайды" атты қойылымдарды сахналап үлгерді.  Жақында ғана алты жасқа толған жап-жас театр алтыншы спектаклін дүниеге әкелді. Бұл жолы да жылдағыдай театр сүйер жастар залды толтырып, жылдағыдай әсер алып, жылдағыдай  ерекше көңіл-күймен тарасты (жалғасы).

Сталинді сескендірген басылымдар кітапқа айналды

Биыл – тарихи даталарға толы жыл. Соның ішінде әсіресе қазақ баспасөз тарихының алғашқы қарлығаштары «Қазақ» газетіне 100 жыл болса, 1922-1923 жылдар аралығында Ташкент қаласында небәрі сегіз саны жарық көрген «Шолпан» журналына 95 жыл толады екен. Айтулы оқиғаларға іс жүзінде үн қатып, нақты игі қадамдарға барған Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы ХХ ғасыр басында, 1920-1926 жылдар аралығында жарық көрген «Ақ жол» сынды тегеурінді газет пен «Шолпан» журналының жинағын шығарды. Кеше Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада аталған жинақтардың тұсаукесері болды (жалғасы).

Еске алу кештері Табылды Досымов атындағы бард-ақындар фестиваліне ұласса деймін...

5 сәуір күні Ақтөбе қаласындағы Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияның ғимаратында қазақтың тұңғыш бард-ақыны Табылды Досымовты еске түсіруге арналған «Мен қазақпын» атты кеш өтпек. Біз осы кешті ұйымдастырушылардың бірі, Табылдының көзі тірісінде ерекше сыйласқан ағасы, Бижан Қалмағанбетовпен әңгімелескен едік.

– Би аға, талап оң болсын!

– Әумин. Біз, бірнеше жігіт Табылдының көзі тірісінде оның Ақтөбеде шығар­ма­шылық кешін өткізуді жоспарлап едік. Тағдырдың жазуы шығар, енді, міне, еске алу кешін ұйымдастырғалы жатырмыз...

– Иә, Табылдыдай дара талантқа көзі тірісінде қандай құрмет көрсетсе де жарасар еді ғой...

– Әрине. Бірақ адамның дегені бол­майды екен... Бірақ «Өлгеннің артынан өл­мек жоқ», енді оның артында қалған ән­дерін халыққа жеткізу керек. Сол тарапта жасалып жатқан жұмыстардың бір тіні – осы кеш (жалғасы).

Алия Arsik
30 қазан 2012, 7:11
1116

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

В ближайшие годы в Центральной Азии будут проживать восемь миллионов китайцев, считает заведующий отделением востоковедения национального исследовательского университета высшей школы экономики.
kurmanovainur
23 июня 2017 / 11:23
  • 40748
  • 35
Акимат должен прекратить уничтожение парка имени 28 гвардейцев-панфиловцев

Акимат должен прекратить уничтожение парка имени 28 гвардейцев-панфиловцев

Жители Алматы крайне возмущены действиями акимата Алматы, который на днях инициировал строительные работы на территории Парка 28-ми гвардейцев-панфиловцев.
SKYFALL
вчера / 17:30
  • 9387
  • 3
Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Изучив ошибки предшественников и собрав воедино новейшие идеи онлайн-банкинга, Kaspi Bank наконец выпустил... свое мобильное приложение!
niyazov
20 июня 2017 / 15:05
  • 8796
  • 8
Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Как одним критичным постом зарубежному журналисту Джеймсу Палмеру удалось вскрыть сразу несколько гнойников казахстанского общества.
anotherblogger
21 июня 2017 / 0:39
  • 6873
  • 63
В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

Недавно один знакомый задал вопрос: «Я сейчас выступаю как свидетель по одному делу. У меня забрали удостоверение личности (УЛ) в РУВД и не вернули обратно. Так можно?». Я сразу задалась вопросом...
asselsabekova
21 июня 2017 / 10:17
  • 3165
  • 10
Где отлично провести летние месяцы с пользой для здоровья и кошелька?

Где отлично провести летние месяцы с пользой для здоровья и кошелька?

Я обратил внимание, что в случае с уникальными природными зонами Павлодарской области применима поговорка: «что имеем – не ценим», а ведь они легко могли бы стать международными курортами.
Muzalevskiy
23 июня 2017 / 22:57
  • 3025
  • 11
Это «колхозное сооружение» вредит имиджу города. Я, как алматинка, против!

Это «колхозное сооружение» вредит имиджу города. Я, как алматинка, против!

Почему эту трубу не проложили под землей? Она обезображивает улицу, как дикий багровый шрам от раны, зашитой равнодушным, криворуким и ленивым хирургом, обезображивает лицо.
ValentinaVladimirska
23 июня 2017 / 12:10
  • 2501
  • 35
Инструкции по сопроводительному письму и собеседованию, которые подойдут всем

Инструкции по сопроводительному письму и собеседованию, которые подойдут всем

Наткнулась на статью Ассоциации юристов Новой Зеландии, в которой они дают советы выпускникам юрфака по поиску работы. Статья меня поразила, поскольку там описано все до мелочей, а их советы подойдут абсолютно всем.
asselsabekova
20 июня 2017 / 16:10
  • 2755
  • 8
На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

Очень живописная и бюджетная поездка вдоль всего берега по Иссык-Кулю! Мы, две обаятельные девушки, поехали вдвоем, подготовленные к совершенно автономной жизни в палатке, и ни разу ничего не...
yelenasergiyenko
22 июня 2017 / 13:20
  • 2695
  • 23