---
title: "25.02.2015"
description: "2015 жылдың 25 ақпанында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Аген..."
author: "anticorruption_tz"
published: "2015-03-20T00:50:47+00:00"
modified: "2015-03-20T00:50:47+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/25-02-2015-483262"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/25-02-2015-483262/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 25.02.2015

> 2015 жылдың 25 ақпанында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Аген...

2015 жылдың 25 ақпанында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің және облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама талаптарын сақтау туралы мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесу өтті.Мемлекеттік сатып алу мәселесі өте бір күрделі мәселе екендігі баршамызға белгілі. Осы мемлекеттік сатып алуда жіберген техникалық қателіктің өзі сыбайлас жемқорлыққа соқтырып жатады. Осының нәтижесінде қаншама жауапты қызметкерлер сыбайлас жемқорлық сипатында тәртіптік жауапкершілікке тартылып жатса, қаншасы жұмыстарынан айырылып жатыр. Бұл ащы да болса шындық. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу саласына, жалпы алғанда барлық сала бойынша Заң талаптары күшеюде. Ол, өткен 2014 жылдың соңына қарай бекітілген «Нұр Отан» партиясының «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы» және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен қабылданған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында» көрініс тапқан. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру үшін «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама талаптарын сақтау» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Қабылбеков Камал Қожахметұлы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігі қаржылық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының төртінші бақылау бөлімінің басшысы Қожахметов Ғалымжан Нұрахметұлы, Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының талдамалық жұмыс және сапаны бақылау бөлімінің басшысы Жолымбетов Бауыржан Ермекбайұлы, Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Абдрахманов Ғани Керімтайұлы баяндама жасап, Заң талаптарын түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, кездесу соңында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің басшысы Қожабаев Мақсат Аманқұлұлы мемлекеттік органдардың басшыларына қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу саласында, жалпы алғанда Заң талаптарын бұлжытпай орындау әрбір мемлекеттік органның бірінші міндеттері екендігін және бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін атап өтті. Кездесуді облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков қорытындылады.

![25.02.2015](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruption_tz/F86pNfC6zp5Dgfncm0s82dWe1n1TXE.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/25-02-2015-483262](https://yvision.kz/post/25-02-2015-483262)