• 88990
  • 158
  • 21
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Өлдің, «Шпион», қор болдың...

Бізге Борис Акунин деген лақап атпен танымал жазушы Григорий Чхартишвилидің «Шпиондық романы» экранизацияланады деген ақпарат басқаны қайдам жеке өзімді фильмді тағатсыздана тосуға мәжбүр қылды. Ұлы Отан соғысының күтпеген сәтте басталуы мен кеңестік әскердің оған дайын болмауы туралы ерекше нұсқа ұсынатын шығарма кино мамандары тұрғысынан жаман түсірілмес деген үміт болған. Кешеге дейін...

Әрине, ауызды құр шөппен сүрту дұрыс болмас, әуелі «ТриТэ» студиясы түсірген "Шпионның" әлеуетті тұстарын атап кетсек.

Қор болған сюжеттің кінәлі кейпін бірнеше фактор, атап айтсақ, актерлар ойыны, шын өмірде жоба күйінде қалып, аяқсыз қалған КСРО астанасының келбеті, бірді-екілі арнайы эффект аз да болса ақтап ала алды. Мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссариатының (НКГБ) аға майоры Октябрьский болып ойнаған Фёдор Бондарчук алғашқы минуттарда алды жалпы көрерменнің, арты кітапты оқығандардың жынына тиюі мүмкін, бірақ, шығарма желісі мықтылығының арқасында тек-ақ «түзеліп» кетеді.

Фильмнің әрін кіргізгендердің бірі басты рөлде (Егор Дорин) ойнаған Данила Козловский болды деп ойлаймын. Аңғалдау, Кеңес одағына жан-тәнімен берілген жас чекистің келбеті жақсы шыққан. Шығармада суреттелген еңгезердей, сымбатты, шапшаң қимылдайтын, жылдам ойлайтын әскери адамның бейнесі Козловский арқылы фильмде дәл көрсетілген сияқты.

Соғыстың алдында іргетасы ғана қаланып үлгерген, ақыры салынбай қалған Кеңестер Сарайының экрандағы сипаты, коммунизм көсемдерінің алып мүсіндері, сол кездегі адамдардың киім-киістері, жүріс-тұрыстары, өмірі де шынайы суреттеледі.

Бірақ, кітаптағы сөзді экрандағы кадрға айналдыруға тырысқан авторлардың басты кемшілігі жоғарыда келтірілген, бірқатар фильмдер үшін сөзсіз басты жетістік болып саналатын жағымды тұстарды жуып-шайып кетті. Ол – Акунин шығармасындағы ең сүбелі, нағыз драмалық сипаттарға ие, кейіпкерлердің бітім-болмысын ашып көрсететін тұстардың «Шпионда» көрініс таппауы.

Мәселен, кітапта Егор Дориннің тыңшы «Вассерге» ғашық болып, арбауын түсіп қалған, ақыры отанын сатуға мәжбүр болған чекист Ираида Петраковичтің тұтқынында болатын жері бар. Күні-түні тар төсекте қол-аяғы байлаулы жатқан Дорин Ираиданы жан-тәнімен жек көретін болады, бар ойы, санасы оны өлтіріп, бастығына (Октябрьский) бір ауыз хабар жеткізуге келіп саяды, бірақ, ептеп есі ауыса бастайды, ашығады, көзіне түрлі бейнелер елестеп, Ираиданың келуін асыға күтеді, тамақ әкелуін аңсайды, дәретханаға шығарса екен деп тілейді. Ақыр соңында, қу сүйегі қалған Дорин едендегі алақандай тесік (неге арналғанын ішіңіз сезетін шығар) арқылы қашып шығады.

Немесе тағы бір көрініс. Нарком (халық комиссары, прототипі Лаврентий Берия) телефон арқылы Доринмен сөйлескен соң (бұл әңгіме барысында Егор Октябрьскийді сатып кетеді), келіп бас кейіпкермен көзбе-көз жолығады. Бұл үшеудің неге сенетіні, қандай өмірлік ережелерді басшылыққа алатыны және шығарманың шарықтау шегіне жететін тұсы – осы.

Бірақ, өкінішке орай, шығарманың әрін келтіріп тұрған бұл сәттерді фильмнен таппайсыз.

spy

Әрине, монитор бетіне «түскен» сипаттау солғын болып көрінер, бірақ, «Шпиондық романды» оқып, «Шпионды» көрген адамның мендік пікірмен келісетініне сенімдімін.

Жекелеген көріністердің жап-жақсы түсірілгеніне қарамастан, тыңшылық сюжет желісі толықтай құрастырылмаған. Кімнің не істегенін, қайда қандай оқиғаның қалай орын алғанын меңгеріп әкету қиын. Қиюы қиыспаған құрақ көрпе сипатындағы фильм Акунин шығармашылығымен, ерекшелігімен, кейіпкерлерімен тікелей таныспаған көрерменді тығырыққа тіреуі мүмкін.

Әжептеуір бюджеті (192 00 000 рубль), сценарийге негіз әбден бола алатын түпнұсқасы («Шпиондық роман», Борис Акунин), мықты актерлары (Данила Козловский, Фёдор Бондарчук, Владимир Епифанцев, Сергей Газаров, Виктор Вержбицкий, Виктория Толстоганова) бар фильм тұтасынан құйылған салмақты оқиғаға емес, ана жер, мына жерден жұлынған жамау сәттерге ғана ие болды. Өкінішке орай…


Киностан.кз

Dinmukhamed Ziyadin aliziyadin
18 апреля 2012, 15:55
991

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Ресейлік киноларды ұнатпаймын, сүйкімсіз еді олар...фантазиялары жоқ, сценарийі төмен дәрежеде, жалпы олардың режиссерлардың өрелері тар екені көрініп тұр екен да...
бір көруге тұрарлық...кинолар ғой

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
15 авг. 2017 / 17:21
  • 38096
  • 62
Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Известный политолог России Андрей Карпов предложил сделать Алматы центром секс-туризма. Но для этого сперва нужно легализовать проституцию в стране.
tala03
13 авг. 2017 / 14:48
Американцы хотят напасть на КНДР, но не знают, где находится эта страна

Американцы хотят напасть на КНДР, но не знают, где находится эта страна

В США 75% жителей считают, что КНДР является "критической угрозой" для их страны. Авторы популярного американского шоу Джимми Кимела решили проверить жителей США, знают ли те, где находится КНДР.
tala03
10 авг. 2017 / 16:48
  • 2693
  • 64
Ограбление года: 3 млн долларов и 50 тысяч евро украли у казахстанского экс-министра

Ограбление года: 3 млн долларов и 50 тысяч евро украли у казахстанского экс-министра

КТК: "У жителя Алматы украли… 3 миллиона долларов! В деле, которое расследует сейчас местная полиция, удивляет всё – и внушительная сумма, и фамилия пострадавшего..."
SamJamKZ
10 авг. 2017 / 11:43
  • 2427
  • 43
Учителям, владеющим английским языком, повысят зарплату на 200%

Учителям, владеющим английским языком, повысят зарплату на 200%

В Казахстане началось поэтапное внедрение трехъязычного образования. По данным МОН РК, с 2017 учебного года начнется внедрение трехъязычия в 5-х классах.
tala03
10 авг. 2017 / 15:20
  • 1986
  • 31
Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Команда алматинских школьниц выиграла главный приз международного конкурса Technovation Challenge 2017 по разработке мобильных приложений.
yviNews
11 авг. 2017 / 16:38
  • 2265
  • 5
Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Многие способные выпускники без Алтын Белги готовились к тестированию, чтобы в честной борьбе попытать счастья на гранты без ущемления со стороны якобы "золотых" выпускников.
DanaJarlygapova
14 авг. 2017 / 14:35
Сколько дней казахстанцы отдохнут на День Конституции и Курбан айт

Сколько дней казахстанцы отдохнут на День Конституции и Курбан айт

Многие уже сейчас планируют отпуска и праздничные выходные. Сколько дней отдыха будет в этом году в честь Дня Конституции и мусульманского праздника Курбан айт?
yviNews
11 авг. 2017 / 15:08
  • 1224
  • 0
На EXPO через Балхаш и Боровое своим ходом

На EXPO через Балхаш и Боровое своим ходом

Мы объехали по кругу озеро Иссык-Куль, о чем повествует предыдущий пост, и вернувшись из поездки подумали, а почему бы нам не рвануть на наше озеро, не менее прекрасное?
yelenasergiyenko
13 авг. 2017 / 13:13
  • 1218
  • 6