место в рейтинге
  • 29013
  • 3
  • 6
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Еуропа,ТМД елдеріндегі қоғаммен байланыс

Еуропа,ТМД елдеріндегі қоғаммен байланыс

Еуропа елдеріндегі жұртшылықпен байланыс.

Еуропада қоғаммен байланыс саласындағы алғашқы қызметтер екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды,бұл өз кезегінде Англия мен Франциядағы қоғаммен байланыс саласының интенсивті дамуының негізін қалады.Сэм Блэктің пайымдауынша,дәл осы әскери ақпарат пен басқа да әскери қызметтер министрлігінің жұмысы Ұлыбританияда пиар саласындағы мамандандырылған мамандардың көп бөлігін дайындауға мүмкіндік берді.Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімдер бірінші кезекте муниципалды құрылымдарда пайда болып,әскери насихаттаушылардан құралды.[4]          Жұртшылықпен байланыстың Батыста (алдымен АҚШ-та, кейіннен Еуропада) қоғамдық өмірдің дербес саласы ретіндегі қалыптасуының шоқтықты кезеңі постиндустриялық қоғамның іргесі қаланған 1960 жылдармен тұспа-тұс келді. 1970 жылы жұртшылықпен байланыс дербес пән ретінде университеттер мен колледждердің оқу бағдарламаларына енді, жұртшылықпен байланыс қызметі «өзіне көңілі толатын» әрбір фирмада пайда болды. Жалпы алғанда қазіргі таңда жұртшылықпен байланыстың институционалданғаны және тығыз бірлігі бар халықаралық жұртшылықпен байланыс қауымдастығы жөнінде сөз қозғауға болады.
Еуропадағы жұртшылықпен байланыс өызметі америкалық жұртшылықпен  байланыс теориясының ықпалында болғанымен,кейіннен өзіндік төлтума ғылыми мектептер қалыптаса бастады.Германияда жұртшылықпен байланысты қоғамдық күштерді біріктіретін құрал ретінде бағалаған ерекше тұжырымдама өмірге келді.Жұртшылықпен байланыстың негізгі міндеті ретінде жекелеген субъектілердің қоғамда дұрыс бағыт-бағдар мен ақпарат алуына жәрдемдесу,өзіндік пікірін қалыптастыруына жәрдемдесу қарастырылды.Жұртшылықпен байланыстың француздық мектебінің өкілдері адам факторы есепке алынатын өз принциптері мен технологияларын жасауға ұмтылды.Корпоративтік мүддені ілгері жылжыту принціпі басым америкалық жұртшылықпен байланыс тұжырымдамасынан осындай айырмашылығына байланысты ол «сенім стратегиясы»деген атауға ие болды. «Социалистік лагерьде» болуына байланысты батыстан кенжелеп қалған Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде ұлттық жұртшылықпен байланыс ассоциацияларының құрылуы 1990 жылдармен тұспа-тұс келеді. Олар:
1990 жылы-Венгрия мен Словенияда;

1994 жылы–Польшада;

1996 жылы – Болгарияда құрылды.

Чехияда жұртшылықпен байланыс 1990 жылдардың басынан дами бастағанымен, чех пиаршыларының салалық ұйымы – Чех Республикасы PR агенттіктерінің ассоциациясы 1996 жылдан жұмыс істеуде. Сөйтіп, Орталық және Шығыс Еуропа әлемдік жұртшылықпен байланыс қоғамдастығының ажырамас бөлігіне айналып келеді. Әлбетте, аталған нарық АҚШ пен Батыс Еуропа нарықтарымен салыстырғанда әлдеқайда жас. Алайда бұл нарық жедел өсіп келеді және оған қазіргі таңда әлемдік нарықта байқалып отырған негізгі үрдістер тән. Солардың бірі – жаһандану. Ғаламдық жұртшылықпен байланыс желілері түрлі елдерде жұртшылықпен байланыс агенттіктерінің офистерін толық құқықты филиал немесе өкілдік есебінде қарамағына алуда немесе акцияларын иемденуде. Бұл әлемнің барлық елдерінде дерлік байқалып отырған үрдіс болып табылады.
Дегенмен, 1990 жылдардың басындағы жедел даму қарқыны толысу, яғни жұртшылықпен байланыстың мәнін жете түсіну үдерісімен қатарласа өрби алмады, көптеген елдерде PR-дың этикалық кодекстері болмады. Батыс Еуропадағы, Солтүстік Америка мен Азиядағы кәсіпқой жұртшылықпен байланыс мамандарымен қарым-қатынас әлсіз болды. Сөйтсе де 10 жылдық кезең ішінде жұртшылықпен байланыс технологиясы баспасөз релиздерін жазып, таратудан дағдарыстық менеджмент және инвесторлармен байланыс сияқты мамандандарылған коммуникация деңгейіне дейін көтерілді, ал журналистермен қарым-қатынас маркетинг қырларын түсінуге, жұртшылықпен байланыс кәсіпқойларының еңсе тіктеп, агенттіктерінің қаз тұруына жәрдемдесті.Жаңа мектептердің қалыптасуымен қатар әлемдік жұртшылықпен байланыс қоғамдастығының шоғырланып, топтасуы жүзеге асты, салада жұмыс істейтін кәсіпқойлар бірлестіктері құрылды, кәсіби мінез-құлық кодекстері әзірленді. Мәселен:

1948 жылы Public Relations Society of America (PRSA) – Америка жұртшылықпен байланыс қоғамы құрылды.
1953 жылы Халықаралық сауда палатасы PR жөнінде комиссия құрды.
1954 жылы PRSA алғашқы PR этикалық кодексін түзді.
1955 жылы Лондонда Халықаралық PR ассоциациясы (ІPRA) құрылды.
1959 жылы Еуропалық Паблик рилейшнз конфедерациясы (СЕPR) құрылды.
1961 жылы ІPRA кәсіптік мінез-құлық және PR этикасын қабылдады.
1978 жылы Паблик рилейшнз саласындағы кәсіби мінез-құлықтың Еуропалық кодексі қабылданды.
1994 жылы жұртшылықпен байланыс жөніндегі Ресей ассоциациясы (РАСО) «Кәсіби абырой кодексін» қабылдады.
2008 жылы Қазақстан Республикасының Жұртшылықпен байланыс жөніндегі ұлттық ассоциациясы (ЖБҰА) Қазақстан Республикасының жұртшылықпен байланыс саласындағы кәсіби және этикалық принциптері кодексін қабылдады.
Жұртшылықпен байланыстың Еуропадағы дамуының стратегиялық модельдері осы аймақ елдеріндегі жалпыға ортақ бірігу тенденцияларымен сайма-сай келеді.

ТМД елдеріндегі жұртшылықпен байланыс. Сарапшылардың пікірінше, бүгінгі таңда тек Ресей, Украина мен Қазақстан PR нарықтары ғана қалыптасып үлгірген. Бұл орайда Ресей нарығы зияткерлік әлеуетінің молдығымен ерекшеленеді. Ресей пиаршыларының тұңғыш кәсіби бірлестігі – жұртшылықпен байланыс жөніндегі Ресей ассоциациясы (РАСО) 1991 жылы ЮНЕСКО, IPRA және CERP сияқты халықаралық ұйымдардың қуаттап, қолдауымен құрылды. 1997 жылдан бастап РАСО жұртшылықпен байланыс жөніндегі Еуропа конфедерациясының (CERP) мүшесі болып табылады. Ресей Журналистер одағы, РФ Сыртқы істер министрлігі жанындағы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университеті (МГИМО), Ұлттық жарнама ассоциациясы РАСО құрылтайшылары болып табылады.
РАСО бүкіл ел аумағын шырмап жатқан күрделі құрылымға ие. Бүгінде оның құрамына 140-тан астам мүше-ұйымдар кіреді (PR-агенттіктер, бизнес-құрылымдар мен өндірістік холдингтердің PR-департаменттері, мемлекеттік, коммерциялық емес ұйымдардың, БАҚ-тардың жұртшылықпен байланыс бөлімдері, ірі жоғары оқу орындары және т.б.). РАСО-ның бүкіл ел көлемінде аймақтық бөлімшелері мен өкілдіктері бар, Ассоциацияның құрылымын қалыптастыру, жаңа мүшелер қабылдау әлі жүріп жатыр.
Соңғы кезеңде ғана РАСО мүшелігіне «Бритиш Американ Тобакко Россия», «Кока-Кола ЭйчБиСи Евразия» компаниялары, Новолипецк металлургия комбинаты, «АДАМАС Столичный» зергерлік зауыты, «Росбалт-Центр» Ақпарат агенттігі, РФ Көлік министрлігінің Федералдық Жол агенттігі, «АВТОВАЗ» ААҚ жұртшылықпен байланыс дирекциясы, «Нестле Фуд» компаниясы және басқа көптеген ұймдар мүшелікке өтті. Өткен жылы РАСО-ның Иркутск, Ярославль және Пермь өкілдіктері құрылып, белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ РАСО-ның Орал және Солтүстік Батыс бөлімшелерінің құрамына жалпы алғанда жүзден астам ұйым кіреді, олар Ассоциацияның ұжымдық мүшелері болып табылып, өз федералдық округтерінің аумақтарында өкілдік етуде.РАСО-ның Волга бойы федералдық округінде, Воронежде, Тверьде, Ростовта, Кабарда-Балқарда, Владивостокта, Сочиде, Калининградта, Уфада бөлімшелері мен өкілдіктері ашылады.

 
17 апреля 2012, 0:48
1973

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 3051
  • 36
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Если вам нет 35 лет и у вас нет своего жилья, то есть интересная гос.программа. Нишевая программа - молодые семьи Алматы до 35 лет, семья - это как минимум 2 супруга без детей.
DanaJarlygapova
19 окт. 2017 / 16:21
Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

История из моей жизни. Я вспоминаю эти отношения и сама не могу понять - как так произошло? А дело в том, что вы и сами не заметите. Это наступает плавно и динамично.
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 14:17
Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Борьба с оборотнями в погонах идёт не один год, но без особого эффекта. Это даёт повод подробнее поговорить о нашей полиции и её проблемах. Как относятся к полицейским казахстанцы?
voiceQZ
20 окт. 2017 / 18:42
  • 2451
  • 41
«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

Аким Шымкента Габидулла Абдрахимов нашёл решение накопившихся проблем городского транспорта. Все ключевые работники акимата некоторое время будут сами ездить на автобусах.
openqazaqstan
18 окт. 2017 / 10:53
  • 1890
  • 36
Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Я проработала во многих компаниях и повстречала очень много разных интересных людей. Исходя из моих наблюдений, могу описать несколько категорий работников. Может, речь пойдет о ком-то из вас…
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 17:51
  • 1866
  • 18
Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

"Яндекс.Лицей" зашел в казахстанские школы. План - учить бесплатно программированию, формировать себе кадры и выйти на мощность 10 тысяч школьников в год.
Zhumanova
18 окт. 2017 / 8:36
  • 1722
  • 17