Тікелей эфир

Анар Мұстафина. Жүрегімде қалған блог.

Анар Мұстафинаны қазақ интернетінде көбінде "Ақзере" деп біледі. Сонау 2007 жылдан бастап Ақзере махаббат, поэзия, әлеуметтік мәселелер, кино, психология сынды тақырыптарды блогында жиі көтеріп, көптеген оқырманның сүйіп оқитын авторына айналды. Бүгін Анардың жұмысы интернетпен тығыз байланысты. Бұл материалда танымал блогшы сырларымен бөлісіп, ойларын ортаға салды.

__________________________________________________________________________

Жобаларым жайында

Менің мамандығым негізі - информатик. Мұғалім болуға талпындым, бірақ колледжде өткен жарты жыл тәжірибем талпынысымды бірден басты. Мұғалім болу үшін басынан ештеңеге алданбай, басқа жерде жұмыс істеп көрмей, сарыуыз балапандай бірден мектепке бару керек екен. Сол кезде салыстыратын да ештеңе болмайды. Ұстаздық - менің таңдауым деп жүре бересің. Ал мен ол кезге дейін газетте техникалық редактор сияқты қызмет атқардым. Сол кездері интернетте ұзақ уақыт отыруға жол ашылды. Блог жүргізушілікке қызығушылығым оянды. Сол үш жылдық қызығушылығымның арқасында қазір өз орнымды тапқандай әсердемін. Қазіргі кезде Massaget.kz ұлттық порталында контент-менеджер қызметін атқарамын. Блоггерлермен, интернет пайдаланушыларымен жұмыс жасаймын. Жұмысым қаншалықты қызық болғанымен, соншалықты қиындықтары да бар.

Өмірлік принциптерім

Қазақта сөз бар ғой: “Көштің алды болма - көз тиеді, арты болма - сөз тиеді”, соның ортасында жүруді қалаймын. Өмірде орын алып жататын барлық құбылыстардың шегі бар деп қабылдаймын. Кез келген ауыртпашылықтың да, қуаныштың да шегі болады. Соны естен шығармауға тырысамын. Әрдайым әділеттілікті қалаймын. Кейбір кездері әділетсіздікке ұшырасам, көрсем, оң мен солын айыруға, объективті пікір айтуға тырысамын. Достар жайлы айтар болсам, баянды достық әрбір адамның басына бұйыра бермейтін сияқты. Достар да уақыт өте келе, ортаның ауысуынан және т.б. факторларға байланысты ауысып отырады. Және бұл қалыпты нәрсе. Кез келген жағдайға философиялық тұрғыда қарайтын, түсінігі мол азаматтарды жақсы көремін, сыйлаймын, барынша сондай адамдармен дос болуға тырысамын. Негізі көп нәрсеге араласа бермесең, толғандыратын мәселе де азаятын сияқты. Сондықтан мен көп ашыла бермеймін, көп нәрсеге араласудан да қашқақтап жүремін. Кейбір жағдайларда, кейбір адамдарға ғана болмаса. Сол себептен көбі мені жабық, қатал адам ретінде қабылдаса керек, бір отырыстарда ашық-жарқын күліп, қалжыңдай бастасам, мені аса танымайтындар таң қалып жатады.

Махаббат жайында ойларым

Бұл өмірде бір нәрсеге бір нәрсе себепкер болатын сияқты. Менің өмірімде бір қайғылы махаббат болған. Сондай ішкі ауыртпашылығыммен арпалысып жүріп, блогқа келдім. Алғаш оған “Ақын... Періште... Махаббат...” деген ат қойып, жаныма жақын жазбаларды, өлеңдерді жариялай бастадым. Жазбаларым сол кездегі көңіліме сай - сезімге толы, шынайы, әсерлі болған сияқты. Қазірге дейін кейбір оқырмандар хабарласып, солай деп жатады. Осы блог арқылы көптеген адамдармен таныстым, қазіргі жұмысыма да блогымның әсері болды. Өзіме ұнайтын, жалпы өмірлік бағытымды таптым десем де болады. Ең бастысы, өмірлік махаббатымды таптым деп ойлаймын.

Мен және кино

Фильмдер қарауда менің басқалардан ерекшелігім жоқ сияқты. Қарапайым, терең мағыналы, әсерлі фильмдерді ұнатамын. Кино біткен соң бір 10 минуттай түсініксіз меланхолияға салатын фильмдер. Соңғы кездері мюзикл жанры қызықтырып жүр. Сондай бір әсерлі мюзиклді көрініс тамашаласам деген арманым бар. Бір демалыста мюзикл жанрындағы фильмдердің үздігін көріп шықсам ба, деп ойлап жүрмін.

Жақсы көретін жазушыларым

Шыңғыс Айтматовты оқығанды жақсы көремін. Бірінші себебі, оқуға жеңіл, екіншіден, оқиғалар жүрек тебірентерлік болып келетіндіктен шығар. Оқуды бастап, соңына қалай келгеніңді байқамай қаласың. Өмірімде қатты күйзелген сәтте махаббат жайлы көптеген кітаптар оқыдым. Көбін өз өміріңмен байланыстырасың, әлбетте. Жалпы сондай кездері кітап оқысаң да, фильм қарасаң да, ән тыңдасаң да бәрі сен және сенің махаббатың жайлы айтып жатқандай әсер болады. Бұл бір жағынан жақсы. Адамды ойға жетелейді, түсінігін молайтады, бір жағынан кітап оқып, ой-өресін дамытып қана қоймай, біліміңді де нығайтады. Жалпы жауапсыз ғашықтық жақсы нәрсе болып қалды ғой.

Махаббат поэзиясы туралы

Поэзияға деген махаббатым сол жауапсыз махаббаттан туындады. Бірде Құралай Омардың өлеңін оқып, “Құдай-ау, дәл мендей ойлайтын, дәл мендей қайғыратын адам бар екен-ау” - деп, қайран қалғаным бар. Сөйтіп, блогыма бірнеше өлеңдерін жарияладым, одан кейін оқырмандардың үлкен қызығушылығын байқадым. Қазақ жастары поэзияны жақсы көреді екен. Осы сұраныстың арқасында ұсыныс пайда болды. “Мой Мир” әлеуметтік желісінде “Махаббат поэзиясы” атты қауымдастық аштым, онда 10 000-ға жуық оқырман жиналды. Әлі күнге дейін өлеңдер жарияланып, оқырмандар оқып тұрады. Wordpress блогтұғырындағы поэзия блогым да оқырмандарға сарқылған емес. Бірақ қазір поэзиялық блогтар жүргізбей кеттім. Әлі де әдемі өлеңдер кейде оқып қаламын, бірақ менің көңіліме сәйкес болмағандықтан, жүректен шығармай, автоматты түрде қоя салғым келмейді. Менің бұл тақырыптан дәуренім өткен сияқты.

Сүйіп тыңдайтын музыка

Мен философиялық (әдетте бұл халық әндерінде кездеседі) әндерді жақсы көремін, тыңдап отырып, ой салатын әндер. Бір кездері жылауық өлеңдерді жақсы көрдім. Алдында айтып өткенімдей, оның да дәурені өтті. Одан кейін корей поп-музыкасымен ауырдым. Әлі де қалтафонымда көбіне к-pop әндері. Тілін түсінбесем де, әуені, аранжировкасы, өңделуі мықты болып келеді. Жалпы ән тыңдағанда өнерге тамсана отырып тыңдағанды ұнатамын. Қазіргі кезде қазақ эстрада музыкасы бір орында тоқтап қалған сияқты көрінеді. Бірінің әнін бірі айтып, халық әндерін алай да, былай да жұлмалап, білгендерінше шырқап жүр. Одан қалса, шығыс әуеніне салып, той нұсқасын жасай салады. Ізденіс, талпыныс жоқ. Содан кейін ана тілімізде ән тыңдамайды, білмейді дейді. Жақсы музыка да жоқ емес, бар, бірақ бірең-сараң.

Қазақ қызы менің көзіммен

Шынымды айтсам, белгілі бір стандартты айта алмайды екенмін. Кейбір қыздар өздерінше қазақ қызының образын жасауға талпынады, аса ұлтшыл, аса тәрбиелі, аса инабатты боламын деп, жасанды болып қалғандарын байқамай қалады. Олар өз дегендерін дұрыс санап, басқалардың теріс қылықтарына сынмен қарайды. Меніңше, бұл дұрыс емес. Қазақ қызы болғанымен, сен де жеке адамсың. Оң мен солды ажырата алар санаң болса, болғаны. Адами тұрғыда қарайтын болсақ, өзіме сабырлы, білімді, істі тиянақты орындайтын, көп сөзі жоқ, басқаны тыңдай білетін, басқалармен сыйласа білетін, өз ойы, өз көзқарасы қалыптасқан қыздар ұнайды.

Кәріс сериалдары

Бір сөзбен айтар болсам, кәріс сериалдары - бұл идеология. Қыз бен жігіт қалай дұрыс қарым-қатынас құру керек, жігіт қызды қалай сыйлауы керек, үлкендерге құрмет, кішіге ізет, бауырмашылық, қиыншылықтан өту, жеңу, жастарды білімге талпындыру, әділетсіздік жазаланып, әділеттілік орнауы. Жалпы ертегі қосылған реализм десе де болады. Сонысымен ұнайды. Әрбір сериалдан бір ой түйіп шығуға болады. Сонымен қатар, сериалдарды түсірудегі шеберлік, актерлер, музыка, видео көркемдігіне саң мың рет тамсану.

Биылғы қыс

Қыс бойы проектімен жұмыс көп болды. Контент жасау оңай дүние емес екені өздеріңізге мәлім. Әсіресе қазақша контентті. Жастарымыздың талғамына сай дүниені табу қиын. Сондай зерттеулермен, ізденумен, жұмыс істеумен өтті.

Армандарым

Менде стандартты армандар болса керек. Әрбір қыз баланың арманы - бақытты отбасын құрып, ана болу. Қолға алған Massaget.kz проектіміз сәтті іске асса, қазақ жастарының жиналып, білім алмасатын орнына айналса деймін. Жалпы қазақтардың білімді, саналы, мәдениетті болғанын қалаймын. Соған үлес қосуға тырысамын.

Кейіпкердің фотосы: Әлия Сембай

Алия Arsik
30 қазан 2012, 14:15
2969

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Aikona
2
0
Нағыз қазақ қызы- Анар! Көп қыздардың блог әлеміне келуіне түрткі болған Анардың жазбалары шығар. Әрқашан айтар ойың, жазар жазбаларың терең мағыналы, ой салатындай бола берсін! Құрбым, арманыңа жет! Әлия, суреттер керемет!
уаййй супер!!! Анточка/Арсик фотосет супер шыққан!!!)))
# 1 қазақ блогсферасындағы Аруымыз :)
ООО! Анар, шығармашылығыңмен ұштас болған қызметің өркендей берсін! Күштііі! :)
Ақзере жүрекжарды сұхбатыңызды оқып шықтым, құрбы қыздарға үлгі көрсетіп алдыңғы қатарда осылай жайнап жүре бер. Қаламың ұшталып, өнерің өрге баса берсін, әрқашан бақытты бол.
Әдемі пост, авторға рахмет :)

Көптен мазалап жүрген ойыммен бөліссем Анар ренжімес :), бұрынғы Зерені сағынам. Бұрын Зере қандай еді? Пікірлерінде шындық мен айқайлап тұратын. Кісінің көңіліне тиеді-ау демей, жаманын жаман, жақсысын жақсы дейтін. Сол айтқан шындықтары біраз кісіге ой салды дер ем. Жамандықтан арылуға, жақсы адамның одан сайын өсе түсуіне түрткі болатын :). Сол Зере қайта оралса екен :))
Zere
1
0
Альтруизмым мен максимализмым қаншаға жетті, соншалықты жаздым, айттым-ау деймін. Өмірге реалистік көзбен қарайтын да уақыт келеді ғой. Енді "соңғы толқын — інілер" келіп, миссия жалғаса береді деген ойдамын. ))
Арманың орындала берсін. Қайда кетті десем, Массагетте екенсің ғой. Жұмысыңның қиын-қызық тұстарын ашып айтсаң
Көпшілікпен тікелей жұмыс әрдайым қиын болатын сияқты. Біреуге ұнаған нәрсе екіншісіне ұнамайды. Көп сын айтылады, оның бәрін қабылдап, өзіңнен өткізуің керексің. Сосын тағы ізденіс. Бірақ басқа жағынан өзіме қызық. )
Меніңше сынның қай түріне болса да дайын боп барған сияқтысың. негізгі жұмысымен сабақтастыра талай сайттың төрін тоздырған Зереге не тұрады ол.:)
Іздену жағы да өзіңнен қалған тірлік, ерінбесең. Өзіңе қызық жұмыс болса ұзағынан болсын.
Тастай батып судай сің демеймін, одан да биік белестерді бағындыруыңа тілектеспін. Массагетте кездескенше!
ПС. Жұмыс-жұмыс деп спортзалды тастаған жоқсың ба?
Сен мені менен жақсы білесің ғой әйтеуір ))
Сенен жақсы тануын қайдам, бірақ талай виртуал атакалардан аман қалғаныңа қарап, сені әлжуаз дей алмаймын.
:D
керемет. сенің блогың менің алғашқы блогпен таныса бастаған тұсыма сәйкес келеді, пионер, қықы :)
Zere
1
0
Рахмет, достар! ))
Мда... Керемет. Өзге адамның өмірі - интим, өзгелерге қызық)))
Жарайсың, Анара! Армандарың орындалсын!
Ақзеренің айнадағы бір мөлтек проекциясы. Мөлдіреп тұр.
Ақзере - ерекше қыз. Нәзіктік пен қайсарлықтың, жұмсақ мінез бен батылдықтың шоғыры сияқты маған. Бір көргеннен ғашық болғам))))
Ох, Анар, Анар...
арманың өте дұрыс, арманына жет!
Zharaysin! Ne degen syikimdi kazaktin kizi edin, sinilim!
қателспесем zhastar.biz ден көрдім ау деймін !
Zere
0
0
Solai.de шығар? Мен сонда басынан соңына дейін жүрдім. )) zhastar.biz-ге араласа алмай кеттім.
Қарындасым қазақ қыздарының барлығы болмасада көпшілігі сен сияқты ой толғаса, еңбек етсе және ақылына қөркі сай болса Ұлтымыздың Ұлылығы биіктер еді. Бақытты бол.
Anarany algaw Aizere dep tanityn edik. Kein aliyadan onyn Anara ekenin b ildim. ia, Anaranyn jazbalary bir lirikaga, sezimge toly bolatyn. ar jazbasyn asyga kutetinmin.
Material ote keremet wykkan. Jaraisyndar. Anar, tipti jansyz suretterdin ozi senin jan duniennin kandai ekenin aitpasa da korsetip tyr. Aliyuwa respect!
Zere
0
0
Барлықтарыңызға көп рахмет! Сіздер де аман болыңыздар. )
сен де аман жүр
Жалпы блог, қазақ интернетіне сіз арқылы көзімді аштым десем жалған айтқандығым емес. Алғаш блогыңызды көріп тамсанып едім, тіпті Туиттерге де тіркелуім сізді оқып тұру үшін болатын. Алдағы уақытта да сіздің тұрақты оқырманыңыз боламын, өзгермеңіз.
Zere
0
0
Уау, недеген сөздер! Рахмет! ))
Zere, сізге шығармашылық табыстар тілеймін! Арманыңызға жетіңіз
Өте қызықты, жақсы пост болды.
Көптеген қазақ қыздары үлгі алуға болатын қыз екен. Ең бастысы, салмақты да, сабырлы сияқты. Романтикаға толы екен жазбаңыз ...
Анар, қазақ блогтарының ішінде жүрегіме ең жақын, үндес болғаны сенің блогың екен. Тіпті мазмұнын саралай келе, авторына ғашық та болдым.УАқыт келе өзіңмен таныстым.
Алға қойған мақсаттарың орындала берсін. Шығармашылығыңа тек қана табыс тілеймін.
Алия, фотосессия керемет!

Анар-Гүлістан.
Жаксы араласып турмасам да, кунде сойлесип журмесем де, сен сиякты адамнын бар екенин билсем, сенде бари жаксы екенин билсем болды, я спокойна )
kausar
1
0
Жақсы ойлар айтыпсың, Ақзере. Әсіресе, қазақ қызы туралы пікіріңіз ұнады. Қазақ қызын бір стандартқа салып, өлшеп, пішуге қарсымын. Ал, Ұстаздық туралы айтқаның ойландырып тастады, бәлкім, кейбір педагогиканы бітірушілердің мектеп табалдырығын аттамай жатып қашып кететінінің бір себебі де осы шығар.
P.S. Дорамалардағыдай, "Файтиң!" деймін.
Ойларың, көзқарастарың ұнады. Шығармашылық табыс тілеймін!

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Наступил долгожданный момент и мы смогли заселиться в собственную квартиру. А потом началось... Все знакомые, родственники, даже коллеги и соседи родителей вспомнили о нашем существовании.
Idealovnet
14 окт. 2017 / 20:38
  • 8728
  • 82
Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Продление перерывов, втыки от менеджеров, борьба за стенды, кучкования, как мы друг-друга прикрывали, защищали от гостей. Все эти события доставляли радость, и каждый день на работу я приходила...
madiNAtty
14 окт. 2017 / 22:34
  • 6040
  • 23
«Bank RBK» банкрот? Почему мы не можем распоряжаться собственными же деньгами?!

«Bank RBK» банкрот? Почему мы не можем распоряжаться собственными же деньгами?!

Мы не можем выдать зарплату, оплатить по счетам или как-то иначе распорядиться нашими же деньгами! У физ.лиц, насколько мне известно, ситуация не лучше - при нас люди не могли снять свои деньги с депозитов.
daniyar4422017
13 окт. 2017 / 15:46
  • 3615
  • 12
Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

У нас была особенная атмосфера, мы постоянно были вместе, читали треки, летом часто поднимались в горы. Гуляли пешком по ночному городу, иногда до утра. Снимали хату и представляли совместную жизнь...
Dominator-kz
14 окт. 2017 / 22:29
О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2703
  • 30
Когда почти все уехали в «А-города», стоит ли жить в Шымкенте?

Когда почти все уехали в «А-города», стоит ли жить в Шымкенте?

Город имеет особую ауру - очень густая энергетика, думаю, это от того, что он со всех сторон окружен "местами силы". Шымкент напоминает мне старенького доброго мудрого дедушку-аксакала.
Bonittta
13 окт. 2017 / 15:15
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
«На пути к успеху всей семьей»: как супруга Кайрата Нуртаса наконец вышла в свет

«На пути к успеху всей семьей»: как супруга Кайрата Нуртаса наконец вышла в свет

Зачастую казахские селебрити выходя в свет, привлекают внимание и обьективы камер только к своей персоне, оставляя свои вторые половинки в тени неизвестности.
gulshat87
13 окт. 2017 / 17:56
  • 2094
  • 6