Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
02:21, 16 апреля 2012

Хижаб: Сән бе, әлде парыз ба?

Blog post image

Бүгінгі таңда қоғамымызда пікірталас пен дау-дамай туғызып жатқан өзекті мәселелердің бірі – хижаб. Қала түгіл, ауылдардың өзінде бет-аузын тұмшалаған қаракөз бойжеткендеріміздің жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткені үйреншікті құбылысқа айналды. Мемлекетіміздің «Дін еркіндігі» саясатына жол беруі, айналып келіп өзімізге таяқ болып тиіп  жатқандай ма, қалай?

Бірнеше ғасырлық тарихы бар хижаб кию салты негізінен ХVI ғасырларда Үнді елінде пайда болып, ғалымдар мен шенеуніктердің, соның ішінде ер адамдардың киім үлгісі ретінде саналған. Ал, кейбір деректерге сүйенер болсақ хижаб Орта Азия елдерінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың  бас кезінде пайда болған екен.

Демек, парсының «фараджи», өзбектің «параджи», түріктің «фередже» деп жүрген паранджасы мен хижабтың шығу төркіні бір болғаны ақиқатқа ұқсайды.  «Бүгінгі күні арабтың ұлттық киімі саналып жүрген осынау хижаб «мұсылмандар еліне басқа халықтан келген», – деп тұжырымдайды зерттеуші ғалым Шейх Мұстафа Галайини өз еңбегінде («Ислам: Дух Цивилизаций»). Әрине, Қасиетті Құран Кәрімде (сүре 24:31-32) әйел баласына әурет жерлерін жауып жүру парыз етілген. Ал, мұны бүгінде хижабқа бұрып алып жүрміз бе, әлде шынымен де бетті тұмшалау бізге жүктелген парыз ба?

Өмірқұл Айниязов (әнші): – Мен өзім сәждеге бас ұрып, намазға жығылғанға қарсы емеспін. Жалпы, дініміз Ислам болғаннан кейін оның шариғаттарына мойынсыну мұсылманға парыз. Сондықтан да апа-жеңгелеріміздің орамал тартып, әжелеріміздің басына жаулық салғанын құптаймын.

жалғасы мында

Гүлдана САТОВА

1
1454
0