место в рейтинге
  • 82652
  • 88
  • 13
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Махаббаттан... қорықтым

Жігіт-қыздың арасындағы шынайы махаббат сезімі туралы қазақ эпос жырларын, үнді киноларын, "1001 түн" ертегілерін және дүниежүзілік ақын-жазушылардың шығармаларын оқып-көріп өстік. Қазірдің өзінде махаббат сезімін шынайы жеткізе білетін киноларды көріп отырып, қатты әсерленіп, көзіме жас алатын сәттерім де болады. Олардың уақиғасы емес, сезімнің тереңдігі мен тазалығы әсер етеді. Ол менің әлі де тірі жан екенімнің бір бұлтартпас белгісі шығар. Ал жастық шақта махаббат туралы толғануымыз да табиғи еді. Әркім-ақ өз жұбын жазбай тапқысы, әлемдегі ең күшті де адал махаббатты сезінгісі келеді.

***
Мен бірақ... шын махаббаттан қорықтым. Жастайымнан ойшылдау болғаннан ба, сол кездерде-ақ бұл туралы оқыған-тоқығанымды қорытындылап, "махаббаттың алаулап тұрған от екенін, күйдіріп-жандырып жіберуі мүмкін екенін" түйсіндім. Өз жеке басымның сондай махаббатқа іштей дайын да екенін сездім. Өзімнен қорықтым. Жас болсам да ақыл тоқтатып, "шын махаббат - ауру" деп шештім. Онымен аурудан қорықтым.
***

Әрине, мен де махаббат, достық және ата-ана мен бала, іскерлік сияқты адамшылық қарым-қатынастардың адал да шынайы болғанын қалаймын. Бірақ жігіт-қыз арасындағы махаббаттың орны тіптен бөлек деп таптым. Мүмкін "шын" емес, "алапат күшті", "алапат қуатты" дегенім дұрыс шығар, білмедім. Олай десең, "әлсіз махаббат" дегеннің өзі жоқ нәрсе?!.

***

Меніңше, шын махаббат - өрт. Тілсіз жау. Оның шарпуына шалдыққан қыз-жігітті заматта ақыл-есінен айырып, есалаң етіп қояды. Оларда енді тіл-сөз жоқ, көз-құлақ жоқ. Қайда жүрсе де қос ғашық бір оттың алауында, бір-бірін жүрекпен түйсініп, жүрек тылсымымен ғана тілдеседі, ұғынысады. Мына қым-қуыт дүниеңді бір-ақ сәтте тәрк етіп, тек өздеріне ғана берілген тылсым да сиқырлы сезімнің құшағына еніп кете барады. Құдай бойына өмір-тірішілікке деп силаған қызу қаны тек махаббат деп, тек бір-біріне деген ынтызарлықпен қайнайды, тұлабойларын күйдіріп-жандырып барады. Қос ғашықтың бірегейлігі, жекедаралығы жоғалады, адам мен адамның Алла бөліп қойған шекарасы аяусыз алауда жанып түседі. Сондықтан да, шын махаббат пендешілікке көзсіз, оған ғашықтардың ақыл-есі де, мәдениет-білімі де, бай-кедейлігі де, сау-жарымжандығы да ешбір кедергі бола алмасы анық. Шын махаббат - көзсіз махаббат. Шын махаббат - көзсіз батырлық. Өзіңді өзің оққа тосу, отқа тастау. Осы сөздерді жазып отырып-ақ көңілім босап, "шын сүйгендер қосылмайды" деген сөз еске түсіп, жүрегі құрғыр сыр беріп тұр.

***

Табиғат апаты сияқты махаббат та сұрап келмейді әрине. Бірақ оған әркім-ақ дайын бола бермейді. Махаббатқа да қабілет, талант-дарын қажет. Айрықша сезімтал, айрықша жанкешті, батыл жүрек керек. Көзбен көз түйіскенде алапат махаббат алауы іштен лап беруі тиіс. Оған орасан ішкі рух, энергия, қуат жұмсалуы тиіс. Жүрек мұхиттай толқындап тасуы тиіс. Өмірден безуі тиіс. Мұндайға дайын пенденің өзін Алла айрықша және сирек жаратса керек-ті. Әйтпесе бәріміз әлдеқашан махаббат алауында жанып кетпес пе едік...

***

Мен неге қорықтым?.. Мен өмірді сүйдім! Өмір бәрінен де үстін! Өмірге деген махаббат бәрінен де күшті, бәрінен де алапат болуы табиғи. Қыз-жігіттің махаббаты соның бір бөлшегі ғана. Адам мен адам бір-бірін өмір таразысы арқылы сүюі тиіс. Бір-бірін өмірмен қоса, өмірдің ішінде сүюі табиғи. Олай болса, махаббат ессіз де, көзсіз де болмауы қажет. Қыз-жігіт бір-бірін ес жоғалта емес, қайта ақылмен, өмірдегі қабілет-қасиетімен, артық-кемімен бірге сүюі тиіс. Періште болып ұшып кету үшін емес, адам болып бірге өмір сүру үшін махаббат тұғыр болуы тиіс. Берік тұғыр.

***

Сүйгендердің бірінің тұлғасы екіншісін жұтып жібермеуі керек, қайта бір-бірінің тұлғасын даралатып, бұрынғыдан да жарқылдатып, аша түсуі тиіс. Екі адамның сүйіспеншілігінің астарында жалпы адамзатына деген махаббат пен құрмет тасқындап тұруы тиіс. Тиіс, тиіс, тиіс... Ия, тиіс болатын нәрсе көп. Өте көп.

***

Бұл - Жер бетіндегі махаббат. Шын махаббат - аспандағы. Мен осылай ажыраттым. Жастарға осы екеуінің аражігін ажыратып алыңдар деген кеңес берер едім. "Сүйдім-күйдім", "күйдім-жандым", "буынып-асылып" дегеннің бәрі осыны түсінбеушіліктен екенін, жасанды сезімнен, әртістік екенін ескерткім келді.

***

Жер бетіндегі тірішілік иесіне тән шынайы махаббатқа жолығыңдар, бір-біріңнің өміріңді, пендешілігіңді құрмет тұтып, өмір отын алаулатыңдар, айналайындарым менің. Өмір мұхитында қос аққудай жұптарыңмен жүзіңдер!

 
14 апреля 2012, 23:59
1243

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
15 авг. 2017 / 17:21
  • 38120
  • 62
Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Известный политолог России Андрей Карпов предложил сделать Алматы центром секс-туризма. Но для этого сперва нужно легализовать проституцию в стране.
tala03
13 авг. 2017 / 14:48
Американцы хотят напасть на КНДР, но не знают, где находится эта страна

Американцы хотят напасть на КНДР, но не знают, где находится эта страна

В США 75% жителей считают, что КНДР является "критической угрозой" для их страны. Авторы популярного американского шоу Джимми Кимела решили проверить жителей США, знают ли те, где находится КНДР.
tala03
10 авг. 2017 / 16:48
  • 2708
  • 64
Учителям, владеющим английским языком, повысят зарплату на 200%

Учителям, владеющим английским языком, повысят зарплату на 200%

В Казахстане началось поэтапное внедрение трехъязычного образования. По данным МОН РК, с 2017 учебного года начнется внедрение трехъязычия в 5-х классах.
tala03
10 авг. 2017 / 15:20
  • 1998
  • 31
Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Команда алматинских школьниц выиграла главный приз международного конкурса Technovation Challenge 2017 по разработке мобильных приложений.
yviNews
11 авг. 2017 / 16:38
  • 2275
  • 5
Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Многие способные выпускники без Алтын Белги готовились к тестированию, чтобы в честной борьбе попытать счастья на гранты без ущемления со стороны якобы "золотых" выпускников.
DanaJarlygapova
14 авг. 2017 / 14:35
Сколько дней казахстанцы отдохнут на День Конституции и Курбан айт

Сколько дней казахстанцы отдохнут на День Конституции и Курбан айт

Многие уже сейчас планируют отпуска и праздничные выходные. Сколько дней отдыха будет в этом году в честь Дня Конституции и мусульманского праздника Курбан айт?
yviNews
11 авг. 2017 / 15:08
  • 1245
  • 0
На EXPO через Балхаш и Боровое своим ходом

На EXPO через Балхаш и Боровое своим ходом

Мы объехали по кругу озеро Иссык-Куль, о чем повествует предыдущий пост, и вернувшись из поездки подумали, а почему бы нам не рвануть на наше озеро, не менее прекрасное?
yelenasergiyenko
13 авг. 2017 / 13:13
  • 1233
  • 6
Как бы ни был красив Шираз, он не лучше казахских раздолий

Как бы ни был красив Шираз, он не лучше казахских раздолий

Посетить далёкий иранский город Шираз мне хотелось лет с девяти. Историю в 5-6 классах у нас преподавал учитель музыки, было очень весело, но самой истории на уроках не было.
theYakov
12 авг. 2017 / 12:17
  • 1141
  • 6