место в рейтинге
  • 955896
  • 1002
  • 38
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Құрсабаев Мұхамедрахим. "Атамекен" ұлттық тәрбие бағдарламасы (толғау)

«АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ ЋАҚЫНДА 

Атамекен, айналайын – асыл кітап
Біреуге бар,  біреуге жоқ, маған жұмбақ
Танымыңнан  талпынысым тынбас мәңгі
Қалың ойлар жүрегімді жатыр  тырнап

 

Бағытыңнан - жаңа өмірге аяқ бастым
Түсіне алмай арасын дос пен қастың
Сан сынаған, сан құлаған өткелдерден
Мың күн іздеп, бір күнде жауап таптым

 

Сенен көрдім, жұлдызды, ақ таңды да
Бала кезде жете алмаған сағымды да
Қиындық пен қызықтың соқпақтарын
Құдай берген қыс, көктем, жазымды да

 

Іздеп едім Қарақолдың төскейінен
Малдан басқа халқына бақ келмеген
Азды-көпті еңбегіне қанағат қып
Жерінен домбыра үні, ән кетпеген

 

Сені көрдім балалардан жәудіреген
От шашқан қой көздері мөлдіреген
Көрдім жыртық қараша үйдің иесінен
Қара нан мен ақ сүтінен нұр төгілген

 

Көріндің сен, анамның мейірінен
Әкемнің теңдесі жоқ пейілінен
Кеме тосқан қария мен әжелерден
Жүздерінен сырлар мен мұң төгілген

 

Сені іздедім ата-баба жырларынан
Ұрпағына талай ғасыр болған алаң
Таным – тарих, дін, мәдениет, күй – аңыздан
Теңдесі бұл жалғанда табылмаған

 

Сияр  саған, тарихым да, арманым да
Өзім жайлы, өмір жайлы жазғаным да
Шерлерім мен тебіренген мұңдарым да
Теңеуге сөз жетпейтін жырларым да

 

Ал, енді тыңда мені, асыл ұрпақ
Тебірендім мен бүгін бабама ұқсап
Алла, тәңір, әруақтар қолдауымен
Таным нәрі шұғыласын шашсын тарап

 

Қаншама асыл мұра жатыр жұртта
Арманы ед,  бабалардың игілік қылса
Керегі аз, ескі деген кітаптардың
Оқымай жатып құлыным, бетін жыртпа

 

Таным, тәлім – түбі жоқ шексіз қайраң
Десе де талай бабам, дүние жалған
Қандай күйде болса да – ата дәстүр
Тең келмейтін дүниеде – асыл мұраң

 

Ұлттық тәлім-тәрбие – іргетасың
Тамырланған тарихыңмен қара тасың
От пенен бұғаулардың арасынан
Болашаққа ұрпақ қалай жаратасың

 

Өркениет тәрбиесіз өркендемес
Тәлімсіз бөлек ұрпақ өскен емес
Ұлы Дала төсіндегі ағаштарды
Рұхсатсыз ата-бабам кескен емес

 

Ғылымсыз – мәдениет өркендемес
Ғұламалар өмірге қайта келмес
Ашып ғылым жұмбағының жаңалығын
Мен аштым деп, мақтанып  көрген емес

 

Өткенді білмегенге болашақ жоқ
Бар мақсатың болмау керек көңілім тоқ
Ата тарих – ана тілді ұмытқаның
Кеудемізді тесіп өткен қатерлі оқ

 

Жұмыр жердің тарихы сырға толы
Күн тесіне апарар оның жолы
Таңдануға тоймаған пенде бабам
Үйренер де, жиренер өмір бойы

 

Таным-тәлім – Жер Ананың нәтижесі
Кешірімді бәрімізге бар қатесі
Тарих пенен мәдениет -  жемісі оның
Ұлы дала, асқар тау мен бетегесі

 

Тал бесіктен тәрбие басталған – ды
Әр ұрпақтың жүрегінде сақталған – ды
Өмір соңы өкініш болғанымен
Салт – дәстүр боп, ел ішінде жатталған – ды

 

Жер бесікке жеткен жерің әлі жұмбақ
Болса да, бірде қатты, бірде жұмсақ
Көзді ашып-жұмғанша өтер ғұмыр
Керемет тәрбие ғой - ұғын ұрпақ

 

Тәрбие талай дүние байланысы
Қиналған пенделердің толғанысы
Мың қиналып, мың әрекет жасасаң да
Орындалар Алланың қылған ісі

 

Бабаларым – көк аспанмен тілдескен
Жүгірген аң, ұшқан құспен сөйлескен
Адамзаттың ұшқыр ойы жетпеген
Ғұмырнама әлемімен кеңескен

 

Тәңіртау мен Ұлытау аңғарында
Қаратау мен Тарбағатай сайларында
Ең алғашқы адамдар ғұмыр кешті
Көктегі Тәңіріне жалбарына

 

Таным нәрі басталды Тәңіртаудан
Аса алмаған қиясын ешбір адам
Тал бесіктен жер бесікке жеткен бабам
Айтар талай ұрпағым дүние жалған

 

Тәрбиенің күшімен ұрпақ өсті
Тас балтамен арыстанның басын кесті
Кесіп өтпей үлкендердің алдарынан
Көктегі тылсым күшке тағзым етті

 

Тамғалы, Семізбұғы, Арпаөзен
Алғашқы ұрпақтардың көзін көрген
Тәңірқазан, Құдайкөл, Арыстанды
Мекендеген көне бабам жер ежелден

 

АллаТәңір – Жаратушы  болғаны анық
Қасиетті Құран-Кәрім – алтын қазық
Әулие –әруақ, періштеге тағзым етіп
Талай уақыт келеді сеніп халық

 

Нұх Пайғамбар – Құтқарушы ғаламның
Қыдыр Ата – жебеушісі адамның
Күн нұрынан жаратылған  - Ұмай Ана
Тірегі мен тілекшісі баланың

 

Мұхаммед пайғамбардың болғаны анық
Ілімі мен иманына  пенде зарық
Халқын сүйген қасиетті азаматтың
Құдіретінен алған талай адам жарық

 

Таным нәрі басталды Алла – Тәңірден
Күн мен түнді жаратқан бір – ақ сөзімен
Қуанса Құдірет – жарқыраған ай-күндей
Түнерсе бұлттай, төгілген жасы жаңбырмен

 

Көне таным Құдіреттен басталды
Себеп қылып Ай, Күн, Жер мен Аспанды
«Неге»  деген мәңгілік адам сұрақтары
Бабалардың жұрттарында сақталады

 

Сенім тағлым, ұрпақ үшін әлі жұмбақ
Тамыры қалып, кетсе де бұтақ қурап
Қос қайшылық ақиқатын тани алмай
Талай ұрпақ көрінгеннен жүрер сұрап

 

Таным кілті – Адам Ата, Хауа Ана
Нұх пайғамбар, Анақарыс, Құдыс баба
Бірде адам, бірде надан ұрпағына
Қорғай жүріп, беріп келед әлі бата

 

Көшпенділер дүниесі әлі жұмбақ
Қаћары мен ұлылығы болған сабақ
Алтын адам алқасы  - жұмбақ болып
Ғасырлардан шақырады қолын бұлғап

Түркі еліне сан жәмиғат таң қалады
Жауларының шаңырағы шайқалады
Әруақты бабалардың есімдері
Тас жазуда мәңгілік сақталады

 

Көнетүркі сынатас жазбалары
Мұра болып мәңгі бақи жаңғырады
Аманатын бабалардың жалғастырар
Ұрпақтардан  ұрпақтарға ғасырларды

 

Дін  - тәрбие діңгегі деп айтқан бабам
Өтсе де, талай таудан, талай жолдан
Тани алмай, жеткізе алмай ғылым ойын
Жер – Көктің Құдыретіне тағзым қылған

 

Жер-Су Ана, Аспан Ата, Көк Құдырет
Тәлім менен таным нәрін сеуіп келед
Бірде қырлы, бірде сырлы бұл өмірге
Таңданудың өзі ұрпағым бір керемет

 

Дастарханда достасқан талай адам
Ассадағы, қашсадағы бұл жалғаннан
Айтылған талай ғасыр бата – тілек
Үлкен – кіші ұрпағын келед жебеп

 

Әр ұлттың тарихы мен мәдениеті
Тәлім менен танымның жан дүниесі
Пәлсапа, Әлемтану, Ғұмыртану
Шаңырағы, тұғыр, уық керегесі

 

Тәрбие жайлы айта берсең әңгіме көп
Мақал-мәтел, жұмбақ, аңыз, айтыс, ертек
Талап, тілек, ақыл – ой, әдіс-тәсіл
Көнеден бізге жеткен мұра асыл

 

Түсіндіру, ұғындыру, зеку, баулу
Алдырған Отан үшін қолға қару
Ой мен істен туындаған нәтижелер
Мақсат, мұрат, табандылық өрге жүзер

 

Нағыз адам – Ел намысын биік қойған
Көпке пана, ћас жауына болған қорған
Баю үшін елін-арын сатқан ұрпақ
Күйік болып кеудемізде мәңгі қалмақ

 

Жалқаулық, мақтаншақ пен қатыгездік
Масылдықтан талай ғасыр азап шектік
Арамза мен аңқау қалай жарылқасын
Жазықсыз сөккен елдің қабырғасын

 

Тәрбиенің түпнамасы – ащы шындық
Шындықты биік ұста - ұрпақ ту ғып
Еңбегіңмен танылсаң ел таңырқар
Ұрпақ айтар ұрпағына, сені жыр ғып

 

Көпшіл болсаң шарықтар абыройың
Халқын саған өзі-ақ жасар асыр-тойын
Тәуба менен қанағат шын еңбекте
Көтеретін сені шексіз зеңгір көкке

 

Орман-дала, өзен-көл, тау мен далаң
Бабалардан қалған саған асыл мұраң
Кетпеген қарапайым қасиеті
Халқыма әлі күнге қайран қалам

Бабаларым білген аспан, жұлдыздарды
Шешкен талай ақыл-оймен жер жұмбағын
Жер-су, ит- құс, өскен орта, тау мен мұздар
Бабам қойған атаумен мәңгі қалар

 

Балқытып алтын, көне сақтар алқа тақты
Кен ашып, Вавилонды таңырқатты
Қалың қол мен атты әскерді көрген дұшпан
Үлкен қауіп төнетіндей қатты састы

 

Тәрбиесі- сақтардың қатал тәртіп
Жастайынан атқа отырған садақ тартып
Кіші сыйлап, үлкендерден бата алған
Көрмеген жауларынан ешбір жасып

 

Есіктегі  - Алтын адам  қорғанында
Сенбейді әлі кейбіреулер болғанына
Сырға толы Ұлы тарих беті ашылды
Мәдениеті кемелденген заманында

 

Сақ сауыты – көне Әлемді өрнектейді
Ұрпағыма тарихым керек дейді
Алтын табақ көмкерген сақ жазуы
Көне ғасыр құпиясына жетектейді

 

Сақ абызы – данышпан Анақарыс
Парсы, Грек, Мысырға болған таныс
Пәлсапалық таным-білім мұралары
Көне баба тағлымының арналары

 

Әйел патша атанды - Тұмар Ана
Жауынгерлер ішінен шыққан дара
Қаймықпай қарсы шапты жауларына
Әкесінің найзасын қолға ала

 

Ғұн Патшасы – Еділ, Мәди, Адакер
Аты шулы болды әлемге жаћангер
Рұм ел бұғып, Қара қытай қаймығып
Қорғандарын қорыққаннан салған кез

 

Сақ еліне Ескендір шапқан талай
Үстемдігін орнатуға терең бойлай
Үндістанға бұрылуға мәжбүр болды
Сырдария өзенінен өте алмай

 

Сақ-Ғұндардың – мұрагері батыр Түрік
Қаћарынан қалған әлем талай үркіп
Тасқа қашап көне түркі әріптерін
Қалдырған мәңгілікке мұра етіп

 

Қыдыр Ата, Ұмай Ана, Қорқыт ата
Ұрпағына мәңгілік берген бата
Қапаған мен Күлтегін есімдерін
Өмір – бақи ұрпағым есте сақта

 

Түркі елінен ғылым, білім, бастау алды
Талай жұрт басын шайқап, қайран қалды
Византия, Халифат, Үнді, Қытайға
Жолбарысы Тұранның ойран салды

 

Китаб-Қорқыт, Оғыз- нама, Құтты білік
Түпсіз терең, тұңғиық, тұнық мұхит
Диуани лұғат, ћәм Хикмат, Қабус-нама
Теңдесі жоқ, баға жетпес, мұра дара

 

Әл-Фараби, Бируни, Баласағұн
Әлі күнге бермей келед,  дала тағын
Әзірет Сұлтан, Қашқари, Әз-Қайқауыс
Жазбалары ғибратлы, шексіз таным

 

Әбу Әли, Иүгінеки, Әбу-Райхан
Ілімдері жаратылған асыл тастан
Көрғұлы, Майқы бидің жазып кеткен
Кітаптары орны толмас мәңгі дастан

 

Қорқыт Ата қобызы – күңіренді
Үніменен бүкіл әлем гүлге енді
Домбырасы  - Кетбұғанның шалқығанда
Жер құлпырып, жан дүние тебіренді

 

Түркі елі – Тәңір дінін тұтынады
Тәңіртаудан Күн көзіне ұмтылады
Көк аспан мен От анаға тағзым етіп
Түркі халқы көп пәледен құтылады

 

Ислам діні Тәңірдің орнын басты
Ғылымымен шындықтың бетін ашты
Екі діннің басын қосқан Құран-Кәрім
Ұлы Рухтың мұсылмандық нұрын шашты

 

Араб-Түркі медресесі таным нәрі
Бас иген құдыретіне жасы-кәрі
Көне менен жаңа өмірді жалғастырып
Жол көрсетіп болашаққа келеді  әлі

 

Ғылымға жол басталды – медреседен
Жаңалықтар бастау алды сол  дәуірден
Ғұламалар дәріс оқып шәкірттерге
Атақ- даңқы тарап жатты жерден – жерге

 

Ұлы дала шаңырағы шайқалғанмен
Хандық үшін ала ауыздық байқалғанмен
Ұлттық  таным-тәлімінің дүниесі
Өзінің қасиетінен танған емен

 

Қазақ деген атпен хандық құрылады
Кең даланы құдай бізге бұйырады
Ұлттық ойлау, сөйлеу, таным мәдениеті
Әкелді жаңа заман кереметін

 

Асанқайғы, Қайқауыс, Баян жырау
Қалдырған өсиетін мың жылдарға – ау
Қазтуған, Шал, Жиембет, Ақтамберді
Даласына қазақтың бақ әкелді

 

Марғасқа, Үмбетей мен Доспамбеттер
Дүниенің жалғанын айтып кеткен
Өтейбойдақ, Жиренше шешендерім
Тарихымда қайталанбас кемеңгерім

 

Төле, Қазыбек, Әйтеке, Бұхарларым
Өткір тілмен талай бұзған жау қамалын
Әз-Жәнібек, Есім, Қасым, Абылайхан
Сақтай білген, ел іргесін әккі жаудан

 

Бабыр, Хайдар, Қадырғали жазбалары
Ұлттық білім атақ-даңқын асырады
Абай, Шоқан, Ыбырай, Құрманғазы
Танымдары - болашаққа шақырады

 

Мақал-мәтел қазақтың жан-дүниесі
Ой танымы, жыр пернесі, сыр жүйесі
Ырым- тыйым, ұлағатты нақыл сөздер
Қазағымның сарқылмас қасиеті

 

Ахмет, Сәкен, Ілияс, әз-Шәкәрім
Шашқан бізге ғылымның ұлттық нәрін
Әлихан, Міржақып, Мағжан, ер Мұстафа
Таным менен тәлімге берген бата

 

Ғабит, Мұхтар, Жүсіпбек, Мұхамеджан
Ұлттық Рух пен танымның нұрын шашқан
Қаныш, Әлкей, Бауыржан, Жаяу Мұса
Сырларыңды ұрпаққа айтар, кімдер ұққан?

 

Ата-ана – тұңғыш таным баспалдағы
Медресе- білім арна шатқалдағы
Бекет, Ыбырай, Маман, Сейтен мектебінен
Ұлттық тәлім-тәрбие басталады

 

Ұлттық тәлім-тәрбие – асыл мұра
Ұласқан дәуірлерден ғасырларға
Бүркіт сынды жетелеген қырандарын
Қол жетпес, арман асу сапарларға

Тәрбие түрі- қазақта бөлінбеген
Оқытудан баланы ешкім ерінбеген
Кең даладай – кең болған ұлы бабам
Өмір бойы өмірден үйрен деген

 

Ұлы дала заңдылығы болды міндет
Ат үстінде домбыра ойнап, жаумен күрес
Ән айтып, киіз басып, бұйым жасап
Бүркіт сал, тоқым қағып, бесік түзет

 

Дала заңы – тәрбиенің бесігі еді
Тәубә, шүкір деп аталар десіп еді
Болашаққа жол тартқан таным көші
Бабалардың берген бізге несібесі

 

Үлкендердің алдын бала кескен емес
Қарт адамды ешкім мазақ еткен емес
Ақымақ, сүйкімсіз боп елді тонап
Ата-ананың абыройын төккен емес

 

Қариялар болған абыз, дана шешен
Әже деген ертек айтып, мейір төккен
Он саусақтан қыздардың өнер тамып
Күн туғанда, ер жігіттер суды кешкен

 

Қонақ күту – дара дәстүр, дала салты
Құрметтеген қонағын дала халқы
Талай ғасыр тарихымда өтсе дағы
Өзгермеген қасиетті, тұр сол қалпы

 

Әкенің айтқан сөзі атқан оқтай
Арқаңа таңба салған қызыл шоқтай
Шешенің нұрын шашқан ақ жүзінен
Жұлдыз, күліп, Ай туып, Күн төгілген

 

Ата-баба аманаты – шексіз таным
Күрес деген – болса да құрбан жаның
Жас пенен әжім басқан әже көзі
Ұрпағымды сақтай гөр деп, егіледі

 

Білсең ұрпақ, ұлттық тәлім тарихы осы
Талма, танба, көп ізден, оқы-тоқы
Алтынды сала берсең қазан толмас
Өткенді білмей өскен - ұрпақ оңбас

 

Қанша қорлық – қазағым көріп келді
Ел-жер үшін қасық қанын төгіп келді
Талай ғасыр өткелінен өтіп келген
Мұраң үшін ұрпақ күрес кезі келді

 

Жоспар еді ұлтымызды мешеу қылу
Бұғаулап қызын-ұлын күң,құл қылу,
Білімменен ар-намысың бойда тұрса
Қатер менен қауіптерді оңай -жығу

 

Өткен тарих – жадымызда жатталды
Ұлттық таным атажұрттан басталды
Жас ұрпаққа – аманатты жеткізу
«Атамекен» – атауымен аталды

 

Сексен алты желтоқсанның ызғары
Есіме алсам жаралы жүрек сыздайды
Сана менен ар – намысты шыңдады
Тұңғыш ұлттық идеяны шығарды

 

Желтоқсаннан ызғар алған ұлттық ой
Талай жанның жүрегіне салды жол
Бүкіл әлем өзгергендей көрінді
Ақ ордаға жиналғандай қалың қол

 

Бозбалалар бірінші болып жиналды
Қолдарына «Атамекен» ту алды
Тегеурінінен ағын судай тасыған
Тәрбиесі – коммунистік құлады

 

Шолаққорған – Созақ жері еңбекші
Көмбеге алтын, ұрпағы жетті бірінші
Ту ұстаған – Сыр мен Торғай ұланы
Қалың қолмен жасағы жетті, екінші

 

Болады деп, бұлай ешкім ойламады
Жоғарыдан – бастаманы қолдамады
Ұлтшылдыққа апаратын теріс жол деп
Маңайына жаңа ағымның жоламады

 

Мектеп біткен, балабақша, оқу орны

«Атамекен»  Ісіне қолын созды
Ұлттық таным нәрінен қуат алған
Әр күні мол істерге толы еді

 

Тоқсан бірде келді елге  - тәуелсіздік
Шықты ауылдың даласына егін бітік
Талай ғасыр тосқан, солғын қазақ жүзі
Бәйшешектей құлпырды реңі кіріп

 

Ұлттық тәлім-тәрбие күшіне енді
Ата-бабам ойлағаны енді келді
Талай уақыт әділетсіз жапа шеккен
Айналайын, әруақ қолдап, шындық жеңді

 

Ел басқару – жаңа өмірде өзгермеді
Өртейді әлі әділетсіздік өзегіңді
Шындық пенен ана тілді түсінбеген
Жаңа ұрпақтың бағы жанып өрге жүзді

 

«Атамекен» идеясын тұншықтырды
Бұрмалап, пайдаланып, былықтырды
Өркендеген қазақты көре алмаған
Жауларын, оңай жерден қарық қылды

«Атамекен»  жүректен орын алып еді
Ұрпақ үшін – мәңгілік жалын еді
Ұрпағым деп еңіреген тәлімгердің
Жүрегінде алау болып жанып еді

 

Амал қанша, түсінбей келед әлі Үкімет
Бұйрықсыз – «Атамекен» болушы ма ед
Бәйтеректің,  бүршік жарып шөлде өскен
Тамырларын балталап шауып келед

 

Қайталаған «Атамекен» шықты қаулап
Тамыры жоқ, өңкей шірік саңырауқұлақ
Аты да көп, заты да көп, ұғымы тар
Бағдарлама - бүгінде кетті тарап

 

«Атамекен» – нағыз мектеп ашсам дейді
Білімімен барша жұрттан ассам дейді
Іші күйген санасыз кейбір надан
Қол-аяғын «кісендеп» қойсам дейді

 

Деп айтад «Атамекен» - жаман әдет
Билігіміз бір тиын боп қала ма деп
Тоқтатқанмен «Атамекен» қозғалысын
Орнына басқа идея таппай әлек

 

Қазақ тілі- қалды тағы жетімсіреп
Ботадай екі көзден жас мөлдіреп
Тепкісіне,  түсіп жаңа заманның
Қайран тілім, тағы да сен алдандың

 

Ағылшын мен орыс тілі – арыстан
Қазақ тілі – сәл-ақ кіші балықтан
Қысымменен амалсыздан ығысқан
Арашала, ана тілді – апаттан

 

Оқу менен тәрбие жайы осылай
Шыңда білім, бекер қарап отырмай
Жас ұрпақтың тағдыры үшін күреске
Кіріс бала, атыңды сал атойлай

 

Зердеңді сал, заман қатты өзгерген
Жалшыларды бай алдына өңгерген
Жалшы байғұс болмау үшін ұмтылғын
Жол табуға аласапыран өмірден

 

Тыңда балам - компьютер деген пәле бар
Игере алсаң, бәлкім бағың ашылар
Ұстаз бабаң Ыбырай атаң айтқандай
Іздегенің – іздемей-ақ табылар

 

Төрт тіл бар – аса қажет қазақ үшін
Ағылшын, орыс, қытай, ана тілің
Жанұшыра күш салайық , үйренейік
Ел жетпеген биіктерге – біз жетейік!

Бар байлығы қазағыңның тоналуда
Бұл байлықтың індеті – жоғарыда
Қаруланып білімменен майданға шық
Айдаћардай қомағай жауыңды жық!

 

Атамекен алғышарты - өскен қазақ
Ата тарих өкініші – үлкен сабақ
Медресесін «Атамекен» тәмәмдасаң
Талап қой, мұратқа жет, жаңалық аш

 

Мақсатқа жету үшін – медресе аш
Іріктелсін әр ауылдан дарынды жас
Сыпайы бол, зерек бол, тыңда үлкенді
Жалқаулықпен көпшілікке болма мазақ

 

Өзегінен - қырық бір бұлақ бастау алар
Ұрпақтың қанып  ішер астауы бар
Білім менен танымның майданына
Бастайтын, аспандатқан ақ Туы бар

 

Шежіреден бастау алар «Атамекен»
Ғибратымен ұрпағына нұрын сепкен
«Салт-дәстүр»  – қазағымның қайнар көзі
Теңеуге жетпеген еш  адам сөзі

 

«Шаћарым» – жұртта қалған алтын ошақ
Тарихқа апаратын бізді бастап
«Жібек жолы» – әлем халқын табыстырған
Адамзаттың салған тұңғыш – алтын соқпақ

 

«Сөнбес жұлдыз» – кемеңгер даналарым
Ғибратына мәңгілік табынамын
«Толғау»  деген – көнеден бізге жеткен
Ата-бабам жолдаған дастандарым

 

«Асыл мұра» – сарқылмас ұлт байлығы
Мәңгілікке,  қағылды  алтын қазығы
Бар әлемнің әуені – «Домбыра-Дастан»
Мың бір түрлі сиқырлы үннен құралған

 

«Наурызым» – жаңа өмірдің дәнекері
Халқына, қарсы алған бақ әкелді
Бағыт бар, заты ерекше – «Зергер» деген
Өмірді - өмірменен өрнектеген

 

«Төрт түлік» – молшылық пен ел іргесі
Құт кетпеген халқымның берекесі
Ұлттық ойын – «Көкпар» тарту, бір қазына
Құдайдың еншілеген – қазағына

 

«Дулыға» – батырлардан қалған мұра
Жеткен бізге ғасырлардан – ғасырларға
Қазағымның бойы толған мол – «Қасиет»
Қасиетіне ұрпағым, мың тағзым ет

«Ас»  бағыты – дастарханның ажары
Табылмайтын көңілді адам, дастарханнан табады
Бабалардың  айтқан  бізге   - «Өсиеті»
Тілеген шын көңілмен ақ ниеті

 

«Зерде»  бағыт – ақыл-ойдың асқар шыңы
Парасаттың маржандары ақтарылды
«Құсбегі» – далаға тән аңшы салты
Ерекше қастерлеген қазақ халқы

 

«Қыз бен Жігіт»  ежелден елдің көркі
Бұлжытпай орындаған бата сертін
«Заман – ай», жерім-ай, деп қорғап келген
Табиғатын, өзен-көлін ел ертеден

 

«Алыстағы бауырлар» – сағынышым
Айырылған туыстарын кімдер қисын
«Достықты» – талай адам жүр ту ғып
Орнатып жер-әлемге бейбітшілік

 

«Ардагер» – арыстарым, қаћармандар
Ұмытпайды сендерді ешкім, жер – жаћанда
«Ою -Өрнек» - ұлттық таным құпиясы
Болмыс пенен болмастың құбыласы

 

«Бейнелер Сыры» - өнердің бәйтерегі
Жас ұрпаққа бүгінде ең керегі
Тәрбиенің негізі – «Ата-Ана»
Ұлы көшті жалғастырған ғасырларға

 

«Шариғат-Құран» – адамзаттың тірегі
Имандылық барша жұртқа тілегі
«Қайырымдылық»  жасасаң сен – «Сәбиге»
Нұр мен бақыт толар сенің үйіне

 

«Сауда»  бағыт – жаңа заман талабы
Үйрен-жирен болса да, көп азабы
Дүнияның – «Ғұмыры мен Ғаламы»
Адамзатқа терең ойлар салады

 

«Ана Тілі»  – ар-намысы адамның
Тірегі де, жүрегі де, санаңның
Жыл он екі ай, мүшел жас, жыл қайыру
Көнемұра – «Күнтізбегі Тұранның»

 

«Жақсылық»  болсын – бәрібір – жамандық та
Қос қайшылық ортақ болған бар халыққа
«Жас Қыранын» - баулыған шыңға бүркіттей
Талмай қанат, ұрпағым биік қалықта

Дүниенің тұтқасы – «Әлем діні»
Адамзаттың татулығы – ең керегі
Игілікке айналса – «Ілім – Білім»
Қызғалдақтай құлпырар жердің жүзі

 

«Атамекен қоғамы»  – Орда құру
Медреседен – нағыз ғалым болып шығу
«Тәңір-нама» – көнетүркі танымы
Көк аспанға мәңгілікке жазылды

 

Тәуелсіз Қазақстан – «Қазақ Елі»
Аман бол деп, саған Алла, бата берді
Ұлы Тұран – астанасы «Түркістан»
Баршамызға бақыт-байлық ала келді

   

Атыңнан айналайын – алтын ұрпақ!
Толғауымды Атамекен – жаздым арнап
Ата-бабаң айтқандары – енді аманат
Әкетерсің өзің енді, әрмен жалғап

 

Жаңа бағыт «Неоқұлық-Неотәлім»
Жаһандану ұрпағының жайы мәлім
Техногенез заманында ғұмыр кешер
«Постхомо» тұлғасы бөлек таным

 

Жалғасы бол - сен, бабалар жазбалары
Ашылмаған алтын сандық қазбалары
Әр дәуірдің қилы өмірін елестетер
Шын жырлар – ғасырларға жалғасады

 

Нұрыңнан – жан өзегім ақтарылды
Ұрпағым - бүгін қайта атқа отырды
Қорамсақ пен сүңгі орнына – кітап ұстап
Қақ жарып, шауып келед - қара қылды

 

Құр Ауылдан – Атамекен Ордасын
Ақсақалдар – ақ батасын жолдасын
Ұрпақ үшін - арнаған адал ақ ісіңе
Алла жар боп, әруақтар қолдасын

Mr_Kursabaev
14 апреля 2012, 12:26
4700

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор Уполномоченный по правам ребенка, как институт во всем мире стоящий на страже жизни и прав детей, в нашей стране будет выполнять представительские функции?
AliyaSadyrbaeva
25 июля 2017 / 18:27
  • 10891
  • 6
Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Некоторые мои знакомые, мечтают уехать в Россию и побыстрее получить гражданство. Кому мы там сдались? Есть замечательная поговорка: "Где родился - там и пригодился".
Washington
25 июля 2017 / 12:15
Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

За день до своей гибели прямо около памятника жертвам политических репрессий 1937-го Жампозов сказал жене, что он – жертва точно таких же репрессий.
openqazaqstan
24 июля 2017 / 10:18
  • 3457
  • 12
Если вам отвечают на казахском языке – ситуация с точки зрения законодательства

Если вам отвечают на казахском языке – ситуация с точки зрения законодательства

Я своим постом не собираюсь критиковать кого-либо, что люди знают или не знают казахский или русский язык. Я выражаю своё мнение с точки зрения законодательства о языках.
Advokot
25 июля 2017 / 13:50
  • 3330
  • 31
Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Что касается парней, так это вообще отдельная тема. Они для меня загадка. Уже год пытаюсь понять ход их мыслей. Для нас, казахов, немного сложно понять, почему человек в 35-36 лет, до сих пор не нашел смысла жизни.
AASh
24 июля 2017 / 15:19
  • 2390
  • 23
Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Самое грустное, что, как и всегда в таких случаях, скоро на Честера начнут изливаться потоки грязи - что он был наркоманом, или что-то подобное (как в случае со многими знаменитостями).
demonica
21 июля 2017 / 15:13
  • 2067
  • 51
Алматы глазами астанчанки: «У вас жара за 30! Вы не то, что южные – вы Африка!»

Алматы глазами астанчанки: «У вас жара за 30! Вы не то, что южные – вы Африка!»

Все дороги ведут в Алматы. Хотелось бы поспорить, учитывая, как я насмешливо провожала друзей или коллег, которые покидали родную Астанушечку и переезжали «на юг».
SogdiK
21 июля 2017 / 18:25
  • 1936
  • 34
Хан Ордасы – ставка Жангир-хана. Здесь была открыта первая в Казахстане типография

Хан Ордасы – ставка Жангир-хана. Здесь была открыта первая в Казахстане типография

Ханская ставка Жангир-хана в селе Хан Ордасы Бокейординского района Западно-Казахстанской области - это одно из самых интересных исторических мест Казахстана.
theYakov
26 июля 2017 / 5:34
  • 1535
  • 4
СказQAZ о королеве ночного города. Казалось, ничто не могло прошибить её оборону

СказQAZ о королеве ночного города. Казалось, ничто не могло прошибить её оборону

- Ты задолбала быть такой прекрасной!.. Пьяный в доску романтик еле держался на ногах. Девушка, сидящая за столом, даже не удостоила его взглядом. Охранники нежно вытолкали его из заведения.
Aks_Ras
26 июля 2017 / 12:09
  • 1539
  • 3