• 1562
  • 2
  • 2
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Kony 2012 -Stop Kony

Әлемді шулатқан Кони

Джозеф Кони есімін біреуі таныса, екіншісі одан хабардар емес. Оның аты, әсіресе, жақында ғана дүрілдеп шығып отыр. Ағымдағы жылдың 5 наурыз күні әлемнің ірі YouTube сайтында есімі аталған Кони туралы, оның жасаған іс-әрекеттері туралы жарты сағаттық “Кони 2012” атты бейне ролик жарияланды. Фильмді Американың Сан-Диего қаласында орналасқан арнайы Invisible Children Inc (Көрінбейтін балалар) құқық қорғау ұйымы жасап шығарды. Фильм режиссері ретінде осы ұйымның басшысы Джейсон Рассел танылды. Бұл қысқа бейнефильмді көргендер саны күннен күнге өсіп отыр және қазірдің өзінде оны 87 милионнан астам адам көріп үлгерді. Сонымен бар жаһанды шулатқан Кони есімді адам кім?

Invisible Children ұйымының хабарламасы бойынша, Джозеф Кони әлемнің ең надан қылмыскері көрінеді. 1987 жылы Африканың Уганда мемлекетінде көтерілістік топты басшылықа алып, оның атын «Lords`s Resistance Army» - «Құдайдың қарсы армиясы» деген атқа өзгертеді. Кони бірінші кезекте өзін Қасиетті рухтың бейнесімін деп жариялап, Уганда астанасы Кампала қаласындағы үкіметті құлатқысы келетінін айтып, аталған көтерілістік ұйымының басшысы болды.

«Құдайдың қарсы армиясы» ұйымы өмір сүрген кезінен бастап-ақ өзінің қатал да қатігез, жабайы сипатымен , қатаң тактикасымен ерекшеленді. Кони мен оның қол астындағы әскері адамзатқа қарсы іс-әрекеттерді жасай бастады. Атап айтқанда, жас балаларды ұрлап, олардың көбін өзінің әскер қатарына қосты. Ал кейбір балаларды тіпті құл етіп ұстады да. Ең жаманы, ондағы түскен балаларға зорлық- зомбылық көрсетіп аямады. «Құдайдың қарсы армиясы» әр ұсталған азаматқа адам сенгісіз зорлық көрсетіп, балалардың дене мүшелерін, атап айтқанда, мұрнын, ернін, құлақтарын кесіп, тіпті, келдекпен өлтіріп те жіберген. Соңғы 26 жыл ішінде Джозеф Кони отыз мыңнан аса балаларды ұрлап, екі миллионнан аса адамды орындарынан ығыстырған екен.

Кони 2012 фильмінде угандалық Джейкоб есімді бала ерекше көзге түсті. Оның ағасын бірнеше жыл бұрын Кони әскері жауыздықпен өлтіреді. Осыны айтқан Джейкобтың қазіргі күні, болашағы бұлыңғыр күйде. Нақты осындай оқиғалар Угандада қаншама. Осының барлыға да адамзатқа қарсы қимылдар деп түсіндірілуде.

Бұл Кониды зерттеп отырған «Көрінбейтін балалар» ұйымының сайтында орналастырылған ресми мәлімдемесі. Ұйым қара құрлықтағы бұл жанжалға тоғыз жыл жұмыстарын арнап келеді. Ал АҚШ Қорғаныс кеңесшілерінің айтуынша, қатігез Кониды тоқтатып, «Құдайдың қарсы армиясы» ұйымдасқан тобын қарусыздандыру қажет. Айта кететін жөн, барлық әлемдік әлеуметтік желілерде – Facebook, Twitter, YouTube, Vimeo сияқты адам көп отыратын сайттарда Кони жайында алуан пікірлердің толастамуы, оның одан да асатын белсенділігі мен белгілі болуына үлкен әсерін тигізді. Тіпті, басқа бейне роликтерге де Конидің есімін үлкен қаріптермен жазып, оны танытқысы келетіндері өте көп. Фильмді көретіндердің негізі - жастар жағы. Әсіресе, АҚШ, Еуропа мен Азия елдерінің жастарының басты тақырыбы да осы Кони жайында. Осы ретте неліктен «Көрінбейтін балалар» ұйымы Кониды күллі адамзатқа әйгілі еткісі келеді деген сауал туындайды. Бұл сұраққа анық жауап та бар. Ол «Кониды тоқтату» деп аталып жүр. Интернеттегі «Стоп Кони» деген тіркес кең ауқымда таралып жүр. Бұл тұрғыда Көрінбейтін балалар ұйымының жазуы бойынша, Джозеф Кониды «атақты» етудің бірнеше мақсаттары бар. Ол, ең алдымен, халықаралық сотқа Конидың тұтқынға алуының керегі. Бұл үшін қоғамның қолдауы қажет. Бар адамдар Конидың жиырма алты жыл жасаған жат іс-әрекеттерін білсе, оны, әрине, тоқтатады. Интернетті алып кеткені сонша, Кони әлемдік БАҚ-тарды да бей-жай қалдырған жоқ.

Кониге қарсы кампания атынан әлемдік жұлдыздар да атсалысып жатыр. Олар – Джордж Клуни, Анджелина Джоли, Рианна, Опра Уинфри, Тейлор Суифт, Ким Кардашиян сияқты белгілі азаматтар. Сонымен бірге, Американың саяси тұлғаларынан да Джорд Буш, Кондолиза Райс, сенатор Джон Керри және басқалары Конидың ұсталуын қолдайды. Осындай атақтылар Кониге қарсы шараларға атсалысып тұрса, халық та қолдайды, әрине.

Үстіміздегі жылдың 20 сәуірінде Америкада Кониды тоқтатуға бағытталған насихаттық шаралар өтеді. Онда түрлі қалаларда Джозеф Конидың суреттері, постерлері ілініп, Кониды одан ары белгілі болуын жоспарлап отыр.

«Көрінбейтін балалар» ұйымы түсірген “Кони 2012” фильмінің 5 сәуір күні тағы екінші бөлімі шықты, ол Kony 2012: Part II – «Beyond Famous» (Кони 2012: ІІ бөлім – «Танымалдылықтың артында») деп аталады. Жиырма минуттық ролик ұйым шығарған фильмнің бірінші нұсқасына сын көзбен қарау мақсатымен түсірілді. Сондай-ақ, «Құдайдың қарсы армиясы» тобының ереуілдері жайында және олардың Угандадан басқа елдерге әсерінің бары екенін көрсетеді. Осы уақытқа дейін екінші бөлімді бір жарым миллионнан аса адам көрді.

2005 жылы Гаагадағы Халықаралық Қылмыстық Сот Джозеф Кониды адамзатқа қарсы қылмыскер деп мойындады. Бүгінгі күннің өзінде Кониды тұтқындау үшін Африкаға америкалық жүз маман тартылды. Алайда, қазір ол адамның қайда екенін нақты ешкім айта алмайды. 2009 жылы Кони мен оның жақтастары Угандадан Орталық Африка Республикасына, Суданға қашып кеткен. Угандадағы билік те Кониды жан-жақтан іздестіруде.

«Kony 2012» бейне фильмі осы жылдың 31 желтоқсан айында соңына жетеді. Ал оған дейін Кониды арнайы мамандар ұстап алуы қажет, осы жылда, әлбетте. Бірақ қалай болса да ол жұмыстың орындалуы қиын болып тұр.

Ақбота Күзекбай

AkbotaKuzekbay
13 апреля 2012, 22:40
553

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

Министерство труда и соцзащиты провело через парламент очередной крайне неоднозначный закон, который может вызвать всплеск недовольства в стране.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 11:17
  • 27888
  • 19
Самый большой мошенник в стране: об эффективной схеме развода «Казахтелеком»

Самый большой мошенник в стране: об эффективной схеме развода «Казахтелеком»

История о том, как Народный провайдер наваривается на своих клиентах, намерено не отключая услуги, и беря лишние деньги за ненужные и не оказываемые услуги.
ligaspravedlivosti
17 нояб. 2017 / 19:12
  • 21727
  • 174
«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

Заранее отпишусь, данный пост не является попыткой оскорбить собственную нацию) Как говорится о вкусах не спорят, каждому свое.
Bonittta
16 нояб. 2017 / 14:28
  • 14900
  • 371
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
17 нояб. 2017 / 11:00
  • 10632
  • 53
Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Подтверждаются худшие предположения, циркулирующие в соцсетях. Периодические исчезновения детей в разных регионах Казахстана объясняются не только семейными проблемами и «синими китами».
openqazaqstan
16 нояб. 2017 / 15:46
  • 7524
  • 54
О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

В объективности выводов швейцарского банка Credit Suisse усомниться трудно – его экономические рейтинги относятся к самым авторитетным и их явно трудно упрекнуть в предвзятости
openqazaqstan
18 нояб. 2017 / 17:21
  • 5991
  • 82
Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Отдельные инициативы некоторых российских чиновников вызывают в Казнете приступы просто-таки гомерического ржача. Женщин в регионе – пруд пруди, а вот мужчин, с которыми они могли бы создать семьи, не хватает.
openqazaqstan
14 нояб. 2017 / 15:55
  • 2935
  • 18
«Men in black» по-казахски: «сотрудники» плевать хотели на Закон о СМИ

«Men in black» по-казахски: «сотрудники» плевать хотели на Закон о СМИ

Бесцеремонные попытки силовиков помешать работе журналистов демонстрируют, в каком правовом государстве мы живём. Разбить телефон, угрожать, бить – всё это для «сотрудников» в порядке вещей.
openqazaqstan
13 нояб. 2017 / 19:02
  • 2581
  • 33
Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Сегодня в прессу просочились детали скандальной сделки ЕНПФ с «мусорными» облигациями ТОО «Бузгул Аурум», о которой уже подробно рассказывалось в начале года.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 16:13
  • 3255
  • 21