Аптаның қызықты материалдары #11

Алия October 29, 2012
2507
8
5
0

Интернеттегі демалысыңыз қызықты өтсін деген ниетпен әдеттегідей осы аптаның қызықты мәдени материалдарын ұсынып отырмыз.

Интернеттегі демалысыңыз қызықты өтсін деген ниетпен әдеттегідей осы аптаның қызықты мәдени материалдарын ұсынып отырмыз.

ЖАУҺАР (НОВЕЛЛА)

Біз ол кезде құрбым Жауһар екеуміз қаланың шетінде пәтер жалдап тұратынбыз. Түнгі клубқа, таныс жігіттер шақырған кештерге бармай, үйде кітапқа көміліп жатып, болашақ ханзадамыз туралы қиялдаймыз. Кафеде танысқысы келген жігіттерге мойын бұрмай екеуден екеу отырамыз. 
– Өмір өтіп барады. Ал біз түк те тындырған жоқпыз. Сонда өмірге не үшін келдік? – дейді ол бетіме сұраулы жүзбен қарап. 
– Өлу үшін. 
– Жоқ, мен өмірге өмір сүру үшін келдім. Бірақ... білесің бе, мен ылғи да өзімнің бейітімнің басында жылап отырамын. Әлден соң үйде отырғанымды сезінем де қорқыныштан селк етемін. 
– ?.. 
– Неге үндемейсің? 
– Мен өзімді ұйықтап жатып, ояу жатқандай, ояу жатып, ұйықтап жатқандай сезінем. Күн суық күні ыстықтап жүрем, ал ыстық күні тоңып жүрем (жалғасы).

«МАРКЕС ҚАЙДА, ДИДАР ҚАЙДА?» ДЕСЕК ТЕ...

Әдебиетіміз озайын деді ме, тозайын деді ме? Қазір белді буынға айналып келе жатқан орта буын өкілдері түрлі экспериментке бара бастады. Солардың жазғандарын оқығанда әлгіндей сұрақ еріксіз алдан шығатын болды. Осы сұрақтың арасында жазушы Дидар Амантайдың әсіремарапатталып, сонымен қатар тұқырта сыналып жүрген «Гүлдер мен кітаптар» атты романы да бар. Ақиқатына жетсек пе деген тілекпен белгілі мәдениеттанушы, әдебиеттанушы қаламгерлер Әлия Бөпежанова мен Әмірхан Балқыбекті пікірталасқа шақырған едік (жалғасы).

Жүрегімді жарып шыққан сырым бұл...

Болса да нәзік гүл өңім, 
Өсірдің еркек баладай. 
Қыз деуді, әке, білемін, 
Көңілің жүрді қаламай.

Қалмадым елі қасыңнан, 
Мен болдым қызың, ұлың да. 
Үйір ғып қойдың жасымнан 
Қамшыға, асау құлынға.

толығымен

Алып қашса – тойлармыз, қыздарымыз отырып қалмасын деп ойлаңыз...

Азулы ақын, рухты кеуде, балуан бітім иесі Иманжүсіп­тей серінің осы бір өлең жолын білмейтін қазақ жоқ шығар. Әй, қайдам-ау, бірақ бүгінде қазақта осындай батырдың болғанын білмейтіндер көп-ау, оның ерлігін, өрлігін қайталау жайлы айтпағанда. Айтпағымыз – Иманжүсіп жайлы емес, нақты оның «қыз алып қашқан» ерлігі, өрлігі хақында. Үндемес пе едік, егер таяуда елордада кілең әйелдер бас қосып, «Қазақстанда қыз ұрлауды қылмыс деп тауып, қатаң жазаға тарту керек» деген мәселе көтермегенде. Әрине, егер елімізде қыздар мен ерлер саны тең болса, кәрі қыздар мәселесі жоқ болса, оң жақта отырып бала тауып, оны тастап кету мәселесі деген болмаса, бәлкім, мұны қолдауға болар ма еді (жалғасы).

Рақышевтің «*****»

Ал, жарайды, зиялының бәрі жалтақ, сорлы, екіжүзді, сатқын болсын. Олардың бәрін бір жерге жинап, өртеп, күлін көкке шашып жіберейік. Сонда кімің бар? Кім батыр? Кім адал? Кім жаужүрек? Кім парасатты? Жаңаөзен туралы кино түсірмек сіз ғана ма? Желтоқсан туралы бірінші болып «Қызғышқұс» деген кәсіби кино түсірген Талғат Теменов те қанша қарадүрсін, ардың-гүрдің сөйлесе де, осы уақытқа дейін «бәрің боқсың» деген сөзді айтқан жоқ (толығымен).

Қазақтың некелесуі «Мендельсон маршынсыз» өтпей ме?

Қазақ қызы ұзатыларда жұртымен сың­су айтып қоштасса, оны қайын жұрты құтты ор­нында шашу шашып, беташар айтып күтіп алады. Қыз ұзату, келін түсіру, құ­дан­далы болу кезінде бұлардан басқа да айтылатын ән-жырлар – бір төбе.

Бүгінгі таңда үйленуге қатысты жо­рал­ғылар заңды неке қию рәсімінсіз өтпейді. Осы ретте біздің жас жұбайларымыз неке сарайының табалдырығын қай әуенмен аттап жүр деген ой келеді. Әрине, жарты әлем­ді жаулаған «Мендельсон мар­шымен!» (толығымен).


Оцените пост

5

Комментарии

1
"ЕКПІН" - жастарды толғандырғаның жөн !
0
Керемет. мәліметтерді қайдан алдың?
0
Мендельсон маршы несімен кедергі бола қалды екен?
0
әр материалдың сілтемесі бар.
0
мүмкін сәукеле киіп, қазақша стильде тұрмысқа шығам деген қыздарға сол марш "не в тему" ойналады))
Показать комментарии