Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
4
06:14, 10 апреля 2012

Хат

Blog post image

Электронды поштамнан мына бір хаттарды тауып алдым.

**.**.11

«Аяулым! Жанарың жадырап, күлімдеп, қоянның құлағындай етіп қос саусағыңды көрсетіп тускен (ағылшынша V белгісі) суретің ғана сақталыпты телефонымда. Сол суретіңе жиі-жиі қараймын. :) Қанша күн, қанша түн өтті. Әйтсе де сені әлі сүйеді екенмін. Сағындым. Иә, білем. Хабарсыз кеттім. «Мені барібір сүйеді. Қайда кетеді. Өзі іздеп келсін» дегенім рас. Маған кешірім жоқ. Мейлі не десең де, тіпті, кешірме! Бірақ, хат жазып тұршы!!! Хаттарыңның қанаты талмасын. Ең болмаса, мені ұмытпағаныңды, бір кездері саған  ең асыл жан болғанымды сезініп жүрейін».

 

Xman.

 

(Хатқа жауап)

**.**.11

«Өзің айтпақшы арада қанша күн өтті. Түн де. Алайда мені есіңе түсіріп, хат жазғаныңа таң қалып отырмын. Ескі мұң қажытып, жүрегің егесіз қалғанда ғана мені есіңе түсірдің бе деп қорқамын. Өмір қызық екен.  Иә, бір кездері сені жүрегімнің бөлшегі, тағдырым, тынысым, тәп-тәтті түсім деп санағанмын. Қазір ойланып қарасам, олай емес екен. Мен тек сол кезде сені емес, сен туралы ойларды ғана ұнатыппын ғой. Сол себептен болар саған ұнауға тырыспадым. Іздемедім. Күттім, бірақ сағынбадым.

...Көзің, көзіңнің қарашығы...сол ғана есімде еді. Өйткені көзіңнің қарашығына ғашық едім. Маған қарай бергеніңді қалайтынмын. :) Бірақ көзіңе тіке қарай алмаушы едім ғой, есіңде ме? Сол кезде неге қарай бермедім екен... Енді сол көзіңнің қарашығын да ұмытыппын».

 

Рокси.

 

Бұдан кейін де хаттар келді. Бірақ бірде-біреуіне жауап жазбаппын. Білмеймін. «Ешкімі қалмаған соң ғана маған қайта хабарласып тұр ғой» деген ой мазалаған болар. Мүмкін сенбеген шығырмын. Енді бұл қылығым дұрыс па, бұрыс па, ойланып отырмын...

 
4
1068
2