PR этикасы және кәсіби стандарты.

Қоғаммен байланыс саласы– барлықсалалармен тығыз байланысты. Әрбір салада қалыптасқан мінез-құлық қағидаларымен кәсіби біліктілік деңгейі бар.Осындай қағидалар мен шарттардың жиынтығынәдеп немесе...

Қоғаммен байланыс саласы– барлық
салалармен тығыз байланысты. Әрбір салада қалыптасқан мінез-құлық қағидалары
мен кәсіби біліктілік деңгейі бар.Осындай қағидалар мен шарттардың жиынтығын
әдеп немесе этика деген жалпылама атаумен атаймыз.Этика кәсіби моральдың
құрылымын зерттейтін ғылым , моральдық нормаларды ұстану – ең бір қажетті
қасиет.қай салада қызмет етпесін адам ең алдымен адамгершілік қағидаттарын
берік ұстанып,еліне қызмет ете білуі керек. БАҚ арқылы қоғамның көзқарасы,
оқиғаны түсінуі үнемі өзгеріп отырады.  Қойылатын
моральдық талаптың қиындығы жоқ, тек талапты дұрыс пайдалана білу қажет.Менің
ойымша PR маманы өзінің жұмысын алға бастыру үшін
көзбояушылыққа,екіжүзділікке,сатқындыққа жол бермеуі тиіс.Қоғаммен байланыс
орнату барысында тілі майда,сөзі жұмсақ,жүзі жайдары болуы керек.Сонымен қатар,PR
маманы барлық әдеп нормаларын меңгерумен қатар үлкен психолог бола білуі
керек:қоғамда әртүрлі адамдар,адамадар тобы болады,әртүрлі пікірлер мен
мінездер тоғысып отырады,ал ПР маманы осы механизмді басқарып отыратын тетікке
айнала білуі керек.Осы мақсатқа қабылданған кодекстер қызмет етеді.Алайда,
егжей-тегжейлі қабылданған кодекстің өзі PR маманының аяқ-асты тап болған
оқиғасына түсінік бере алмауы мүмкін. Бұл кезде тек PR маманының кәсіби этикасы
мен ар-ұяты ғана маңызды рөл атқаруы мүмкін. PR маманының этикасы – қоғамда,
әлеуметтік ортада БАҚ өкілінің ұстанымымен, қызметімен, сондай-ақ, белгілі
тұлғалар, ұжымдық топтармен арадағы қарым-қатынастармен тікелей байланысатындықтан
оның кәсіби шеберлігіне де ықпал етуші негізгі фактор бола алады. Қоғам және
халық арасындағы үлкен жауапкершіліктің өзі PR маманына  моральдық-этикалық және имани игі қасиеттерді
игеруін талап етеді. PR маманы  этикасының қалыптасу негізіне келсек, ол өз
халқының озық дәстүрінен нәр ала отырып, имандылыққа бой түзеп, қоғамдық
мейірбанды да салауатты ортада тәлім-тәрбие алып, өсіп-жетілуге тиіс.

PR маманы - шындыққа сүйене отырып,
дұрыс мәліметті халыққа жеткізуші. Пиар маманының мінез – құлқы мен әдебінің
жоғары дәрежеде болу маңыздылығы оның атқаратын қызметі мен үнемі қоғаммен
байланыс пен қатынаста болуымен анықталады.PR маманының атқаратын функциялары:

v   Жазу машығы

Шешендік  өнер

БАҚ-пен қарым қатынас

Зерттеу жүргізіп отыру

Маркетингтік  қарым-қатынас  
Тұтынушымен, мемлекетпен, қоғаммен, инвесторлармен
қарым-қатынас

PR-ға қатысты заңдарды түсіну, өзгерту,анализ жасау

Веб - сайттар жасау және жаңа медиамен жұмыс жасау

v   Іс-шаралар өткізу.

Пиар мамандары бірінші кезекте,
жемқорлыққа бармайтын, көрсеқызарлық қасиеті жоқ, халықтың мүддесі мен қамы
үшін қызмет атқаратын адал азамат немесе азаматша болуы тиіс.

PR-маманының кәсіби
мінез-құлқының кодексі түрлері  :

· 1961 г. – Кәсіби мінез-құлық және этика
Кодексі

· 1965 г. –тарихқа
халықаралық Publik Relations (IPRA)ассоциациясының моральдық кодексі ретінде
енген Афина кодексі, 1968 ж.Тегеранда өзгертілген.

· 1978 г. – ПР
саласында қызмет ететін тұлғалардың кәсіби біліктілігінің стандарттарын  анықтап берген ПР-дағы кәсіби мінез-құлықтың Лиссабондық
(Еуропалық) кодексі , 1989 ж. толықтырылған.

· 2001 г. – қоғаммен
байланыс саласындағы кәсіби және этикалық талаптар туралы Ресейлік кодекс

Қоғаммен байланыс саласы бойынша Халықаралық
Ассоциацияның кәсіби мінез-құлық Кодексі

Кодекс 1961 жылы Венецияда Халықаралық ассоциацияның
бас ассамблеясында қабылданған.Бұл кодекс ассоциацияның барлық мүшелеріне
міндетті болып табылады.

I. Жеке және кәсіби адалдық

Жеке бастың адалдығын 
жоғары адамгершілік қағидалары мен жақсы беделді сақтау деп түсінуіміз
керек.Кәсіби адалдыққа конституцияны,ережелерді дәл осы кодексті сақтау жатады.

II.Тұтынушылар мен қызметкерлермен қарым-қатынас
IPRA әрбір мүшесінің басты міндеті-қазіргі
және бүрынғы тұтынушы және қызметкерлермен адал қарым-қатынасты ұстап отыру.

2.IPRA мүшесі мүдделі жақтардың келісімінсіз бәсекелес
немесе араз топтардың   мүддесін
қорғамауы керек.

3.IPRA
мүшесі оған қазіргі немесе бұрынғы тұтынушылар сеніп тапсырған құпия     мәліметтерді сақтауға міндетті.
IPRA мүшесі тұтынушыны қорлайтын әдістерді
пайдаланбауы керек.

5.Тұтынушы мен жалдамашы үшін өз міндеттерін орындау
барысында IPRA мүшесі тұтынушы немесе жалдамашының өзінен басқа адамдардан
сыйақы не болмаса басқа да құнды тартуларды алмауы керек.

6. IPRA мүшесі тұтынушы
немесе жалдамашыдан сыйақысы белгілі бір нәтижеге жетуге тәуелді болуын
сұрамауы керек және осы мақсатпен ешқандай келісімге отырмауы керек.

III. Қоғаммен және БАҚ-мен байланыс
IPRA мүшесі өзінің
кәсіби қызметін қоғамның мүддесімен сәйкестендіріпжәне тұлғалардың мәртебесіне
сыйластықпен қарай отырып жүргізуі керек.

  1. IPRA мүшесі БАҚ мәртебесіне зиян келтіру
    мақсатын көздейтін қандай да бір іспен айналыспауы керек.
  2. IPRA мүшесі қасақана түрде жалған ақпарат
    таратпауы керек.
  3. IPRA мүшесі кез-келген жағдайда өзі қызмет
    атқаратын ұйым жайлы жан-жақты және нақты ақпарат беруге міндетті.
  4. IPRA мүшесі жарияланған мақсаты басқа ,бірақ
    шын мәнінде жасырын түрде немесе тұтынушылардың,жалдамашылардың мүддесіне
    қызмет ететін ешқандай ұйым құрмауы керек,осындай ұйымнан пайда көрмеуі керек.

IV. Әріптестермен
қарым-қатынас

IPRA мүшесі әріптесінің кәсіби мәртебесі мен
жұмысына қасақана зиян келтірмеуі тиіс.Алайда басқа адамның этикаға сай емес
әрекеті мен осы кодексті  бұзғаны жайлы
дәлелі болса,IPRA кеңесіне осыны мәлім етуі керек.

  1. IPRA мүшесі
    жалдамашы және тұтынушымен жұмыс барысында басқа IPRA мүшесінің орнын басып
    алуға талпынбауы керек.
  2. IPRA мүшесі осы кодексті ұстану мен оны
    орындауы барысынды басқа да әріптестерімен бүрлесіп жұмыс атқаруы керек.

PR саласындағы кәсіби мінез-құлықтың
Еуропалық кодексі(Лиссабон кодексі)

Ресми түрде 1978 жылы сәуірде Лиссабонда CEPR-дың Бас Ассамблеясымен қабылданған.Бұл
кодекске 18 ұлттық ассоциация қол қойған.(15 еуропа елі)

I бөлім. PR қызметкерлерінің
кәсіби біліктілігінің критерийлері мен нормалары

1 Бап

Ұлттық
Ассоциацияға ережеге сай қабылданған әрбір кәсіби мүшесі осы кодексті ұстануға
міндетті PR саласының өндірістік қызметкері болып табылады.

ЧАСТЬ II. Жалпы кәсіби
міндеткерліктер

2
Бап

PR қызметкері өзінің қызметі барысында адам құқығы
декларациясының принциптерін,ақпарат алудың тұлғалық құқығын жүзеге асыруға
мүмкіндік беретін сөз бостандығы мен баспасөз бостандығын сыйлауға міндетті.

3 Бап

PR саласының маманы өзінің қызметінде
адалдық,зият,ниеттестік көрсетуі керек.Ақпаратты жалған деп есептесе оны
пайдаланбауы керек.Дәл осылай сақтық танытып кодекске сай келмейтін жұмыстардың
әдістерін қолданбауы керек.

4 Бaп

PR
саласындағы барлық қызмет ашық түрде жүргізілуі керек,оңай танылуы керек,шығу
тегі анық көрсетілуі тиіс.

III Бөлім. Арнайы кәсіби міндеткерліктер

Әріптестері- PR саласы мамандарының қатысында

17
Бап

PR саласының маманы өзінің әріптестерімен адал емес
бәсекелестіктен сақтануы керек.Жұмыс барысындағы әрекеттер мен сөйлеген сөздері
әріптесінің абыройы мен қызметіне нұқсан келтірмеуі керек.

Оцените пост

5