место в рейтинге
  • 81078
  • 88
  • 13
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Парақордың жан дүниесіне көзқарас

2008 жылы "Сарыағаш" газетінде басылды

Парақор – қазіргі біздің мемлекетте ең «атақты» да «жұмбақ» тұлға болып тұр. Мұны Елбасыдан бастап, бүкіл ел толық мойындады. Онымен ымырасыз күрес жарияланды. Күтпеген тұстан күтпеген тұлғалар пара алу кезінде ҰҚК қызметкерлерінің құрығына түсуде. Жазалануда. Бірақ...одан көңілде қуаныш жоқ. Өйткені ұсталған парақор ең соңғысы емес, ең соңғы болуы мүмкін де емес екенін бәріміздің ішіміз сезеді.

Оған қоса, парақор бөтен емес, өз ішімізден өсіп -жетіліп, қалыптасып, орнығуда, парасын алуда. Оған әбден үйреніп, «етіміз өліп» қалғаны соншалықты, оған параны алдымен өзіміз қыстыруға бейім тұрамыз, «маған жақсылық істеді» деп рақымет айтамыз, арам қолын қос қолдап қысамыз. Әрі-беріден кейін одан...қорқамыз. Өйткені парақор қызметкердің қаншалықты арамза, қатігез, кекшіл екенін де білеміз. «Пара бермедің бе, ертең зияны тиері сөзсіз». «Оны ешкім де тоқтата алмайды». Бұлар – қазіргі көпшіліктің қанына сіңіп, бұлжымас сеніміне айналып қалған қағидалар. «Оу, ол болмаса, тірлігің қалай тынады! Оның барына құдайға шүкір! Өмірдің заңы осындай!» деп, небір «ақылшылардың» парақорды қорғаштай бастағаны қашан!

Сонда парақор деген кім өзі? Ол соншалықты ірі, батыр, ақылды тұлға ма?!.

Оның ең айқын қасиеті – екі жүзділігі. Тіпті, құбылмалы, сайқал мінезділігі. Неге екенін, ол параны жасырын алады, тірлігін көзден тасада, тығылып істейді. Соған қарағанда тірлігінің заңға қайшы, қоғамға зиян екенін білсе керек. Ұялып тұрған жоқ, ұят деген ұғым онда түбегейлі жоқ, тек сәл де болса қоғамнан және заңнан сескенеді. Елді сайқалдана алдап, көрер-көзге жап-жақсы адам болып, өзінің сасық ниеттері мен тірліктерін бүркемелегісі-ақ келеді. Кейде, есірген кезде, заңды тура белден басып, пасықтығын батырлық етіп көрсетеді, елді қатігездікпен, бетпақтықпен езіп, қорқытып алғысы келеді, қорқыныштан үні өшіп, көзі көр болып қалса дейді. Онысы іске асып та жатыр. Кейде ісіп-кеуіп, ақылшысынып, көсем де болып кетеді.

Одан кейін – парақорда адамгершілік, әділдік, адалдық, ұят деген сияқты түпкі адамшылық қасиеттер түбегейлі жоқ. Бұл қасиеттердің мәнісін ол кейде өте жақсы түсінуі де мүмкін, өйткені «ең жақсы адамның ролін» ең жақсы актердей-ақ ойнайды, бірақ оларды өзіне ең қажетсіз де қауіпті ауру деп қабылдайды, қанына «бөгде тірішілік» араласқандай, тұлабойы тік тұрып, кері тебеді. Тіпті, адамшылыққа микроб көргендей, тым жоғарыдан, менсінбей қарайды. Парақор айналасындағы өзі сияқты «екі аяқты жәндіктерден» ешбір мән-мағына, мазмұн күтпейді де, іздемейді де. Ол адам баласына деген менмендіктің ең шырқау шегінде, яғни цинизмнің биігінде отыр.

Мұның бәрін ол «ішімде, ешкім көрмейді, білмейді» деп ойлайды, бірақ оның бар тірішілігі оның бар болмысын жариялап, айқайлап тұрады. Оның бар нәрсені тиынға шағып, күйбең тірішіліктің әрбір ұсақ-түйегіне шұқыланып, түрткіленіп жүретін іс-әрекеттері, ешкімге сенбей, барлық адамдарға күдікпен қарай, қорқа айтатын жасанды да зымиян сөздері мен қылықтары оның қуыс кеудесі мен сасық пиғылдарын паш етіп тұрады.

...Мүмкін адалдық, адамгершілік, әділдік дегендеріңіз әншейін теориялық принциптер шығар? Өмірде оларды орындау не орындамау әркімнің өз еркінде сияқты ғой?! Оларды орындамағанның да ешнәрсесі қирап, бүлініп жатқан жоқ! Өмірдегі шындық, күнкөріс бұл принциптерге бетпе-бет келгенде принциптер қарсы тұра алмай, қақырап кетіп жатыр ма? Неге түпкі адамшылық қағидалар осыншама әлсіз, жігерсіз, бейшара күйге түсті? Түбінде мұндай принциптердің кімге және неге керегі бар? Ешқандай принципсіз де өмір өтіп жатыр – адам мен адам кездесті де, келісті, әрбір нәрсені, жанды да, жансызды да, саудалап, нақты ақшамен бағалап, сатып жатыр. САТЫП ЖАТЫР! САТЫЛЫП ЖАТЫР! Осы принцип жеңіп тұр, осы принцип жөн бе?!. Бұл – қазіргі өмірдің өзегінен жарып шыққан БАС ПРИНЦИП!

...Дейін десеңіз – Бүкіл адамзат жаралғалы неге бұл қағидалар, яғни «адалдық», «әділдік», «адамгершілік», «ақиқат» деген ұғымдар алға тартылады, адамзатына, қоғамға ең маңызды, ең қажетті қасиеттер, қымбат дүниелер ретінде бағаланған? Қайдан шыққан бұл сөздер?..

Ойпырмай! Өз сұрақтарым өзіме түрпідей тиюде! Оларды қоюдың өзі үлкен күпірлік, күнә, шектен шыққан менмендіктің, яғни цинизмнің шарықтау шегі секілді! Бірақ...оларды мен емес, мына өмірдің өзі алдымызға қойып отыр. Парақорлар әулеті қойып отыр. Көкейдегі дақ – тірішіліктің ойығы. Күніміз осыған жетті.

Л.Толстойдың өз заманындағы аристократтық (ақсүйектік) өнер жайында айтқан сөзі бар – «Искусство с ума сошло. Искусство дошло до крайнего цинизма в отношении к собственному народу». Цинизм деген менмендіктің ең шарықтау шегі, адамшылық параличі. Сол сияқты - қоғамның бас көтерер қауымы, шенеуініктері (ақсүйектері деңіз) адамгершілікке деген, яғни қарапайым өз халқына қатысты цинизмнің шырқау шегіне жетіп тұр! Елбасының әкім, шенеуініктерге «Халыққа жақын болыңдар! Халыққа есеп беріңдер!» - дегенінің өзі осы нәубетті аңғарғандықтан болса керек.

Жеке адамдардың қателескені еш нәрсе емес, көптің алжасқаны, оның ішінде елдің қызметінде жүрген топтың алжасқаны, құрдымға алып барады.

Шенеуініктердің, байлардың да арасында адал, таза азаматтардың көптеп барына өз басым әлі сенемін, бірақ араларында пасық парақорлардың мұншалықты тайраңдағанына солар тікелей жауапты деп санаймын.

Ал енді елдің жауапкершілігі ше?

Міне – мен, қалың қараорманның қарапайым өкілімін. Ел – айналамда, күнделікті қасымда. Халықтық сана, яғни кеңірек және ұзақтан ойлау қалыптаса қоймады. «Осы халықтығымызға зиян-ау, келешек ұрпаққа кесірі тиеді-ау, бүгінгі біреуден жеген арам асым ертең-ақ ұрпағымның қақ желкесінен шығады-ау» демей, кейбір жігіттер бір күндік кесепат тірліктерге, ұят істерге шамырқанбай, жиренбей қол ұруда. Ар-ұят, намыс деген аяқ астында қалуда. «Халық өзіне сай басшыларды «жасап» немесе «тілеп» алады!» Мұны мен ойлап тапқан жоқпын. Парақорды да өз қолымен, «қолдан жасап» алады! Сөйтіп параны да өзі береді, арқасын да қамшыға өзі тосады, ар-ұятын да өзі сатады. Сондағысы – бір күндік тірлігін тезірек тындыру. Парақорды білмегеннен немесе ұстай алмағаннан емес, оның қаншалықты қауіпті екенін, жау екенін, іштен жегі құрт екенін түбіне жете түсінбегеннен, бейқамдықтан, надандықтан ел өзін-өзі қорлайды. Бұл – келешекке атқан оқпен тең.

Әрине, «балық басынан шіриді». «Басы анадай болса, басқаға не дау...» деп талайларға ақталуға болар, бірақ...Біз ел емеспіз бе?!. Мен мәселені турасынан қоямын – ЕЛ ТҮЗЕЛМЕЙ...ЕШКІМ ДЕ, ЕШНӘРСЕ ДЕ ТҮЗЕЛМЕЙДІ!!!  Басшы-бақыбайларың да осы елдің баласы, оларды да тек ел тура жолға салады. Міне елдің жауапкершілігі.

Ал параның мәнісіне келсек, пара – еңбексіз табыс. Ол еңбектің қадірін жоққа шығарады. Адамды ең бірінші қажеттілік – еңбектен алшақтатады, азғындатады. Өз табиғатынан айырады. Еңбексіз жеген нан – арам.

Пара – өз адамшылығын сату. Параны аз немесе көп деуге болмайды. Бір тиын параның өзі адамшылықтан жұрдай етеді. Парақорлық – адамгершілік саудасы. Яғни адамшылықты сатып, біртіндеп аңға айналудың белгісі. Орта ғасырдағы бір-бірін қалай болсын солай қылышпен шауып кете беретін заман. Бірақ қазіргі қылыш – пара. Бір-біріне атып жатқан тас – пара. Оқ – пара. Пара – жаппай қырғын. Пара – адамды тірідей сою. Білдірмей, ауыртпай өлтіру. Парақорлық – қоғамның адамгершілік санасының, рухының төмендігінің, адамшылық тұлғасының ұсақталуының белгісі.

Парақордың шын пасық бейнесін ашып, затына сай масқаралап, келекелеп, ел алдында ақиқат жиіркенішті де бейшара кейпін айқын көрсету қажет. Жаппай қоғамдық ақпарат құралдары жұмыла, сатира мен карикатура, өткір тіл парақорды басты нысанаға айналдырып, сүйегінен өткізе соққы беруі тиіс. Сонымен бірге, бұл пасық құбылыстың елге, әрбір жеке азаматқа, әсіресе жас ұрпаққа, олардың болашағына қаншалықты зиян және ақыр-соңы неге алып баратынын жан-жақты да тереңдей ашық талдап, елге насихаттауды күшейту керек шығар. Шынын айту керек, ел әлі мұның шын парқына барған жоқ.

8 апреля 2012, 22:18
809

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Иә, кейде парақорлардың барлығын жоқ қылса, ел басқарушы шенеуніктерсіз ел қалай болар еді деп ойлаймын.

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

В ближайшие годы в Центральной Азии будут проживать восемь миллионов китайцев, считает заведующий отделением востоковедения национального исследовательского университета высшей школы экономики.
kurmanovainur
сегодня / 11:23
  • 26543
  • 9
Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Изучив ошибки предшественников и собрав воедино новейшие идеи онлайн-банкинга, Kaspi Bank наконец выпустил... свое мобильное приложение!
niyazov
20 июня 2017 / 15:05
  • 8094
  • 5
Кайрат Келимбетов об азербайджанской инвестиции: «Вернется и «тело», и проценты»!

Кайрат Келимбетов об азербайджанской инвестиции: «Вернется и «тело», и проценты»!

Мы записали уникальное интервью с Кайратом Келимбетовым. Предлагаю вам посмотреть первую часть, где мы постарались по возможности поставить все точки на «I» именно по Азербайджанскому вопросу.
Zhumanova
19 июня 2017 / 12:00
  • 5848
  • 7
Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Как одним критичным постом зарубежному журналисту Джеймсу Палмеру удалось вскрыть сразу несколько гнойников казахстанского общества.
anotherblogger
21 июня 2017 / 0:39
  • 5544
  • 56
Долговое рабство: почему казахстанцы берут кредиты под 1330%

Долговое рабство: почему казахстанцы берут кредиты под 1330%

Эти кабальные займы никакой пользы для экономики не несут, при этом ухудшают финансовые возможности населения, пополняют ряды новых неплательщиков, тем самым создавая социальную напряженность в...
Armanjan
18 июня 2017 / 15:43
  • 3822
  • 28
Инфантильный миф о «молодом народе Казахстана» опасен. В 21-м веке ни у кого нет форы

Инфантильный миф о «молодом народе Казахстана» опасен. В 21-м веке ни у кого нет форы

Терпеть не могу миф о том, что мы "молодой народ, окруженный старыми нациями" и у нас еще есть время на развитие. Это чушь! Мы что - на миллион лет позже эволюционировали из обезьян?
Aks_Ras
18 июня 2017 / 10:16
  • 3062
  • 18
В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

Все помнят Медузу и ЖЖ. Теперь в этот "особенный" список попал сайт Foreign policy. Предполагается, что причиной блокировки стала нелицеприятная заметка Джеймса Палмера об EXPO в Астане.
Seattle
19 июня 2017 / 15:40
Инструкции по сопроводительному письму и собеседованию, которые подойдут всем

Инструкции по сопроводительному письму и собеседованию, которые подойдут всем

Наткнулась на статью Ассоциации юристов Новой Зеландии, в которой они дают советы выпускникам юрфака по поиску работы. Статья меня поразила, поскольку там описано все до мелочей, а их советы подойдут абсолютно всем.
asselsabekova
20 июня 2017 / 16:10
  • 2134
  • 6
В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

Недавно один знакомый задал вопрос: «Я сейчас выступаю как свидетель по одному делу. У меня забрали удостоверение личности (УЛ) в РУВД и не вернули обратно. Так можно?». Я сразу задалась вопросом...
asselsabekova
21 июня 2017 / 10:17
  • 1862
  • 10